84. Егер... Ойынға 5-6 адам қатысады. Ойын бастаушы өзі «егеp...» – деп бір сөйлемді бастайды да, жалғасын ойыншылардың біреуіне жалғастыр дейді. Ойыншы сөйлемнің жалғасын ойын басқарушының құлағьна сыбырлап айтады, енді ойын басқарушы: «Онда...» – деп тағы екінші ойыншыға құлағын тосады, ол өз кезегінде сөйлемнің аяғын ары қарай жалғастырады. Ең соңынан басқарушы барлығының айтқан сөздерін көпшілікке естірткенде қызық сөйлем шығады.
Мысалы: бірінші ойыншы «Егер... оны көрсем» десе, екінші ойыншы: «Онда... менің басым ауырады» – дейді т.с.с.