15.3 Жеке-дараландыру технологиясын қолдануда жас ерекшеліктерін ескеру. Тұлғалық бағдарды ұсынудан жас және жеке ерекшеліктерді ескеру жаңаша тарапымен еленеді.Күтілетін мүмкіндіктер мен жуық аралықтағы болашақ нақтамаланады.Адамгершілік және әлеуметтік сапалардың қалыптасуы үшін ең қолайлы мүмкіндіктер кіші мектеп жасында қаланады.Жасы неғұрлым кіші болоған сайын тәрбие жеңілдеу келеді,бала өз тәрбиешісіне неғурлым көбірек сенсе,ересек беделіне күмәнсіз бойсынады. Осыдан кіші мектеп және ерте жас оспірім жасында ұнамды әдеттерге тәрбиелеу,балаларды тәртіпке,еңбектенуге,қоғамдық әрекет-қылыққа шақыру аса қиындық тудырмайды.Жоғары жастағы жас өспірімдер нақты жағдайдағы пайдалы еңбек, айқын міндет шарттарын тура түсінеді,белсенді де ынталы.Алайда белсенділік,дербес әрекетке ұмтылыс педагог тарапынан үйлесімді де ұтымды ұйымдастырылуы қажет. Жоғры сынып шәкірттерінің бойында өзбетінше қызмет әрекеттерін жасауға деген үлкен құлшыныс бар. Осы ерекшелікті сүйеніш етумен оларда өрелі адамгершілік мұраттарын, жауапкершілік, борш сезімдерін дамыту мүмкін. Тәрбиенің болашақ нәтижелерін болжай тұрып, есте сақтайтын жәйт: жасына қарай жүйке жүйесінің икемдесу қабілетінің кемуі, сырттай ықпалға психологиялық қарсылықтың көтеріле түсуі және сензитивтік кезеңдерінің қайталанбастығынан біршама сапалардың қалыптасуында жасөспірімдердің күтілген мүмкіндіктері азая бастайды.Темпераменттің сырттай аса жарқын көрінісі кіші жастағы балаларда көрініс береді. Жас ұлғауысына қарай тәрбие және қуат ала бастаған өзіндік бақылау мен қадағалау темпераменттің көптеген көрініс белгілерін жұмсартып, елене бермейтін халге келтіреді.