Оқу-үйретім үдерісін жақсарта жетілдіру (рационализация) принципі игерілуі тиіс құбылыстардың мән-мағыналық белгілерін ұқтыруды көздейтін материалдардың мазмұнын дәріс мақсатына, шәкірттер мүмкіндіктеріне сәйкес нақты құрылымға келтіру, құрылым түзуде оқу-үйретім материалы бөліктері арасындағы ішкі байланыстарды ескеру, өтілетін материал көлемін анықтауда қажеттілік және жетімділік принциптерін сақтау.
Тұлғалық бағдар принципі. Оқу-үйретім, тәрбие жұмысын атқаруда тұлғаның аса күшті сапаларын пайдалануды қажет етіп, әр баланың дамуы мен өзіндік дамуын мейлінше қолдап-қуаттап, тұлғалық мәнді қатынастардың барша аймағын тәлім-тәрбие үдерісіне қосу арқылы іске асып барады.