Сөзформа – сөздің өмір сүру тәсілі. Сөзформаға тән белгілер. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері, негізгі және туынды формалар
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
а)Күрделі сөздердің белгілері: семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, фонетикалық факторлар.
ә)Күрделі сөздердің түрлері.Сөздің негізгі түрлері. Құрамына қарай жалаң және күрделі сөздердің болуы. Жалаң сөздер: негізгі және туынды түбір. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір. Негіз түбірлер, оларға тән белгілер, қасиеттер. Негізгі түбірді ажыратудың принциптері(синхрониялық тұрғыдан). Негізгі түбір және түбір морфема.Негізгі түбір сөздердің буын құрамы.
б)Туынды түбір, типтес туынды түбірлер. Туынды түбір тудырудағы жұрнақтардың қызметі, жалғаулардың қатысы.
в)Күрделі сөздер – лексика-грамматикалық еденицалар. Негізгі белгілері: семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, фонетикалық факторлар. Күрделі сөздерді фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінен ажырату жолдары.
г)Күрделі сөздердің түрлері: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, құрама сөз.
Біріккен сөз басты белгілері, оларды күрделі сөздердің өзге түрлерінен ажырату мәселесі. Кіріккен сөздердің пайда болуындағы фонетикалық факторлардың маңызы, олардың орфограммасы, зерттелуі.
Қос сөздер, сипаттары, түрлері: қайталама және қосарлама қос сөз. Қайталама және қосарлама сөздердің фонетикалық, морфологиялық және семантикалық сипаттары. Қос сөздердің орфограммасы, зерттелуі.
Қысқарған сөздер және олардың түрлері, жасалу жолдары, жазылуы мен айтылуы.
Дәріс жоспары
1.Күрделі сөз, оған тән белгілер.
2.Күрделі сөздің түрлері.
Дәріс мақсаты: Студенттерге күрделі сөз және оған тән негізгі белгілерін теориялық тұрғыдан таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |