24-тақырып. Есімше мен көсемше категориясының шақтардың жасалуына қатысы Есімше мен көсемше жұрнақтарының көбісі етістіктің шақ категориясының жасалуына қызмет етеді.
Өткен шақ
Осы шақ
Келер шақ
Бұрынғы ө.ш.
Жедел ө.ш.
Ауыспалы
ө.ш.
Нақ о.ш.
Ауыспалы о.ш.
Болжал
ды к.ш.
Мақсат
ты к.ш.
Ауыспалы к.ш.
-ып
-іп -
-п
-ған
-ген
-қан
-кен
Екен, еді
-ты
-ті
-ды
-ді
-атын,
-етін
-йтын
-йтін
-ып
-іп
-п
-а
-е
-й
-а
-е
-й
-р, ар-,ер,-с
-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек
-а
-е
-й
Барыпты, келіпті, оқыған, жазған,
т.б.
Барды, келді,т.б.
Баратын, келетін,
т.б.
Оқып отыр, келе жатыр
Барады, келеді, оқиды
Келер, барар, бармас,
т.б.
Келмек, жазбақ, алмақ, т.б.
Барады, тұрады,
т.б.(мезгіл мәнді сөз қатысады)
2."КВН" ойынының шарты 3 турдан тұрады: топты ұйымдастыру; үй
тапсырмасы; шығармашылық кезең. тур бойынша әр топ өздерін таныстырады. турда оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді. Әр топ есімше, көсемшесі бар мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтып талдау жасайды.
25-тақырып. Негзігі етістік пен көмекші етістік Етістіктер білдіретін мағынасына, соған сәйкес сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрлі: негізгі етістік және көмекші етістік болып бөлінеді. Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып баласынан сұрады.
Білдіретін мағынасы жағынан және соған (мағынасына) байланысты атқаратын қызметі жағынан бұл етістіктер бірдей емес. Келе деген етістік — лексикалық мағынасы бар сөздер, сондықтан олар тікелей сұраққа жауап бере алады және сөйлем мүшесінің қызметін де атқара алады: басты қимыл келу, сұрау, арқалану, табу, бару, қалану: не істеп?— келе (жатып), не істеді?— сұра-ды, не істе?— арқалан, тап, бар, қалан — бәрі де баяндауыш.
Ал жатып деген етістіктің лексикалық мағынасы толық сақталмаған: әрі келіп, әрі жатуға болмайды ғой, бұл жерде әңгіме жатуда емес. Бұлар жеке тұрып сұракка да жауап бере алмайды, сөйлем мүшесі де бола алмайды. Сөйтіп, бұл сөздер лексикалық мағынасынан айырылып, екінші сөздің жетегінде ғана қолданылады: жатып — келе жатып колданылган.
Сөйтіп, жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер негізгі етістік деп аталады. Өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, толық мағынасы жоқ, тек негізгі етістіктер мен есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.
Қазақ тілінде етістіктердің біразы әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде қатар жұмсала береді. Жоғарыда берілген сөйлемдерде жатып, болма, болсаң дегендер көмекші етістік болса, қонақтар жатып қалыпты, сен үйде болма, үйде болсаң, жұмыс істе деген сөйлемдерде олар — негізгі етістіктер. Керісінше айтқым келеді, таудан асып барады т. б. дегенде келеді, барады — көмекші етістік те, айтқым, асып — негізгі етістіктер.
Қазақ тілінде тек төрт етістік бар. Олар: е (еді, екен, емес) , жазда, ет, де (деп, десе, деген, дер). Бұлар тек қана көмекші етістік мәнінде ғана қолданылады, негізгі етістік болып жұмсалмайды, өйткені бұлар — лексикалық мағынасынан бүтіңдей айырылып қалған етістіктер. Мысалы: ол әлі күнге дейін ұмытқан емес. Арман аттан құлай жаздады. Елші сөйлесуге келген екен. Ол бұрын жақсы оқыған еді.
Қалып етістіктер
Көмекші етістіктер
Отыр, тұр, жатыр, жүр
Е(еді, екен,емес), жазда, де(деп, десе, деген, дер), ет
Қарап отыр, келе жатыр, ойнап жүр, сөйлеп тұр,т.б.
Келген екен, құлай жаздады, жалп етті, т.б.
"Мені түсін" ойынының шарты бойынша 3 топтан оқушылар шығып бір
автордың шығармасындағы кейіпкерлер бейнесін сомдап береді және де жұмбақтап сұрақ қояды. Келесі топ жұмбақтың шешуін тауып, сол кейіпкер бейнесін сомдап көрсетеді. 26-тақырып.Дара, күрделі, құранды етістіктер
Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.
Күрделі етістіктер
Күрделі етістіктердің түрлері:
Құранды етістік
Құрама етістік
Сараламалы етістік
Суреттеме етістік
Тұрақты етістік біз осылардың ішінен құранды етістікті ғана қарастыратын боламыз
Құранды етістік
Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.
Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.
Көріп отырғанымыздай етістңк негізінен дара, күрделі, ұранды болып бөлінеді. Күрделі етісік пен құұранды етістіктің айырмашылыығ мен ұқсастығы оларды толық түсініп талдауды талап етеді.
Есім сөз бен көмекші етістіктің тіркесінен тұрады бір ғана күрделі сөз қызметін атқарады
Сана, оқы, үйренді, түйеді, т.б.
Санап тұр, оқып келеді,үйреніп жүр,т.б.
жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал, сәлем бер т. б
2. Әпер, апар, түрегел, т,б, кіріккен етістіктер де күрделі етістік негізі бар.
3. "Бетпе-бет" ойынында 1 оқушыны жүргізуші етіп сайлап, 1 топтан 3 оқушыны "Бетпе-бет" студиясына қонаққа шақырады. 3 топтың оқушылары өзге топтан келген қонаққа сұрақ қояды. Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады. 27-тақырып.Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері Үстеудің түрленуіндегі ерекшелік Үстеулер құрамына қарай дара үстеулер және күрделі үстеулер болып екіге бөлінеді. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеулер жатады.
Негізгі үстеулер—қазіргі кезде құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер. Мысалы: жылдам, тез, т.б.
Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайынан -рақ, -рек, -ырақ, -ірек және -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам—жылдамырақ, тез—тезірек, т.б.
Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.
Түбірмен сіңісіп, көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар:
1. барыс септіктің көнеленуімен қалыптасқан үстеулер: бірге (жүр), кешке (қайт), босқа (жүрме), зорға (көтерді), текке (ұрысты), т. б.;
2) жатыс септіктің көнеленуімен қалыптасқан үстеулер: баяғыда (болыпты), аңдаусызда (сөйлеп қалды), қапыда (қалды), т. б.;
3) шығыс септіктің көнеленуімен қалыптасқан үстеулер: шалқасынан (құлады), кеңінен (әңгімелесті), шетінен (біледі), тосыннан (сөйледі), т. б.;
4) көмектес септіктің көнеленуімен қалыптасқан үстеулер: жөнімен (айт), кезекпен (бар), шынымен (ойлады), ретімен (жүрді), т. б.
Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады:
1) сөздің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: жаздыгүні (жаздың + күні), таңертең (таң + ертең), ендігәрі (енді + гіден + әрі), биыл (бүл + жыл), бүгін (бұл + күн), т. б.;
2) сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: жоғары-төмен, анда-санда, жата-жастана, енді-енді, әрең-әрең, қолма-қол,бет-бетімен, қолды- қолына, т. б. ;
3) сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеулер: күні бүгін,
ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, қаннен-қаперсіз, күн ілгері, күн ұзаққа, т. б.
1."Біріне-бірі үйрету" ойыны.Ойын шарты бойынша әр топқа тапсырма беріледі. I тапсырма бойынша біреуі мұғалім болып сол тапсырманы оқиды, екінші оқушы жауап береді. II тапсырмада орындарын алмастырады, яғни зат есім, сан есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің түрлері туралы айтып, мысалдармен дәлелдеп беруі қажет. Оқушылар схема-таблицамен жұмыс істейді. 28-тақырып. Үстеудің мағыналық түрлерінің кейбір ерекшеліктері
Мезгіл үстеуі
қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпентіркесіп қолданылады
қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенінкөрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді.
Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді.
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді
таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым(қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б
Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін(қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті
құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады: босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
қосымша:1. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
2. Күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса(терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
29-тақырып. Еліктеу сөздер
Айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: тырс еті, шорт сынды, дүңк етті, арбаң-арбаң, сарт-сұрт, ыржың-ыржың, т.б
Еліктеуіш сөздер.
Табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: Боз күрең өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап. Ырғалып қарға қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті.
Еліктеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ол ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, топ ете түсті, қор ете қал-ды, т.б. еліктеуіш сөздер қайтала-нып та, қосарланыи та жұмсалады. Он-дайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді. Мысалы: тарс-түрс етті, ырс-ырс етеді.
Бейнелеуіш сөздер—табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. Бұл мысалдағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі сақтамай-ақ тез сәлем беруін білдіріп тұр.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт ете түсті, жалт қарады, т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, т.б.
Еліктеу сөздер құрамына қарай дара және күрделі түбір болып келеді. Дара еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды түбір түрінде болады.
Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-әрекетк тікелей
еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тырс, т.б.
1. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнағы арқылы жасалады:
а)негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс-аң, балп-аң, жылт-ың, томп-аң, быж-ың, т.б.
ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, т.б.
б)осы жұрнақ арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің түбірі қазіргі кезде жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардын түбірін түбірлес басқа сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арбаң (арби), ербең (ерби) жарбаң (жарби),т.б
3.Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан
немесе қосарлануынан жасалады. мысалы: борт-борт, гүрс-гүрс, бүрсең-бүрсең, адыраң-едірең, т.б.