Морфология саласын кесте, сызба түрінде оқытудың тиімділігі
Кіріспе
Қазақ тілін оқушылар бойына сіңіру, сол арқылы қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің ғана емес, барша ұстаз қауымының да абыройлы міндеті. Егер қазақ ұлтының патриот азаматтарын тәрбиелегіміз келсе, тәрбиеленуші ең алдымен қазақ тілінің бар қасиетін бойына сіңіріп, уызына жару керек. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың “Бала ең алдымен өз ана тiлiнде ойлауы, сөйлеуi, бiлiм алуы шарт” деген сөзі әр қанша көп тілді меңгерген полиглотқа да қатысты деп ойлаймын.
Қазақ тілі білімінің үлкен бір саласы - морфология. Оқу материалының көлемі жағынан да, ұғым- теорияның әралуандығы мен молдығы жағынан да морфологияға артық уақыт бөліп, барынша мол материалды меңгерту- қазіргі заман талабы болып отыр. Себебі, бір жағынан ҰБТ-ге дайындалу барысында оқушылар үшін ең бір мол сұрақтар дәл осы морфология саласынан болса, бір жағынан морфологияда алған сапалы білім синтаксисты оқыту кезінде жеңілдік әкелетінін өзімнің біраз жылдық тәжірибемнен байқадым. Мәселен, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлерін оқытқанда бағыныңқы, басыңқы сыңарлардың тұлғасы басты белгі болып табылады. Сөйлем түрлері, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөлемдердің өзара қатынасын танытқанда морфологияны жақсы меңгермейінше, оқушылардың қабылдауына, есте сақтауына ауыр болатынын көріп жүрміз. Сол себепті оқыту жолына, ақпаратты молынан және ұзақ есте сақтайтындай етіп, оқушылар өздігінен ізденіп меңгеруіне жеңілдік болу үшін дәл осы морфология саласы бойынша күнделікті орындап жүрген жаттығулар мен тапсырмаларды өзгеше етіп ұсыну ойымда жүрді. Осылайша осы шағын жұмысымды қолға алдым.
Түсінік хат
Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер - білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі . Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызмет зор. «Морфологияны кесте, сызба арқылы оқыту» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, ҰБТ –ге дайындық, емтиханға дайындықта нақты, білімін қалыптастыру мақсатында жасалды. Негізгі мақсаты- қазақ тілі пәні бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.
«Морфологияны кесте, сызба арқылы оқыту» курсының мақсаты- ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер;
-оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, машықтары мен дағдыларын дамыту,
-теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:
-оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 3 сағаты бақылау мен тест жұмысына, 1 сағаты кіріспеге арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде, А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» \морфология\, М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \синтаксис\, Хасанов С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., шалабаевБ. «Кестелі грамматика» , Салқынбай А., Абақан Е., «Лингвистикалық түсіндірме сөздік»атты еңбектері, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 2/2008, 5/2009, 6/ 2009, 2/2011, 1/2012, 3/2012, нөмірлері пайдаланылды.
Курстың жүргізетін жұмыс түрлері мынандай;
1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану.
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу.
3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу.
4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың даңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу.
5. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Курс бағдарламасын оқығаннан кейін оқушыдан күтілетін нәтиже:
-салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
-практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу.
-саутты жазу, саутты сөйлеу, -өзіндік ой дербестігінің болуы;
«Морфологияны кесте, сызба арқылы оқыту» курсы бағдарламасының мазмұны .
Барлығы - 34 сағат.
Апталық сағаты - 1
1. Кіріспе сабақ.. Тіл білімінің салалары.
Фонетика, лексика, морфология ,синтаксис,пунктуация туралы ұғым- тү
сініктерін кеңейту.
2. Морфологияның зерттеу обьектісі.
3-тақырып. Сөз таптары туралы. Сөздердің мағынасына, түрлену түлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуы
4-тақырып. Сөз құрамы туралы, сөз тұлғасы Сөз бөлшектерінің өзіне тәнн мағыналарының болуы.
5-тақырып. Түбір мен қосымша. Сөздің негізгі мағыналы бөлшегі мен түрлену қасиеті, қосымшалардың түрлері мен қызметтері.
6-тақырып. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақ. Жұрнақтарың жаңа мағына тудыру мен сө мағынасын түрлендіру қызметтері. (осы тақырыпты оқушы төменгі сыныптардан бері өтіп келе жатса да туынды сөзді табу кезінде, қатыстық сын есімдерді айыра білу кезінде тығырыққа тірелетінін көріп жүрміз. Оның себебі- дер кезінде мән беріп түсінбеген немесе ұмытқандықта деп ойлаймын.)
7-тақырып. Зат есімнің реңк мән тудырушы жұрнақтары. Қазақ тілінің бір ерекшелігі бір сөздің өзі бірнеше реңк мәнде жұмсалуы, соған орай түрлі реңк беретін жұрнақтары.
8-тақырып. Зат есімнің түрленуіндегі кейбір ерекшеліктер (көптік жалғаулардың мәні тәуелдеулі сөздің түрленуі)
9-тақырып. Жалғаулардың түрлері . Жалғаулардың грамматикалық мағынасы. грамматикалық мағына сөйлемде лексикалық мағынаның үстіне қосылуы, грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігінен жеке тұрып қолданылмауы.
10-тақырып. Тұлғасы бірдей жалғаулар мен жұрнақты айыра білуге жаттығулар. Қосымшалардың да омонимдік, синонимдік сипаттарынын болуы,
11-тақырып. Дара, күрделі сөз, күрделі сөздің түрлері. Сөздердің бір түбірден де, екі немесе одан көп түбірден де жасалуы, олардың ерекшеліктер мен түрлері
12-тақырып. Күрделі сөзді сөз тіркесінен айыра білуге жаттығулар. Сөз тіркесі мен тіркескен сөздер сыртқы жағынан ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері бар екені туралы
13- тақырып. Қос сөздердің ерекшелігі. Олардың жасалуы, емлесі, бірге жазылатын қос сөздер
14-тақырып. Ма, ме, ба, бе, на, пе сұраулық шылаулар мен болыссз етістік жұрнақтарын айыра білу.
15.-тақырып. -да, -де, -та ,-те жұрнақтары мен жалғаулары, осы тұлғалас шылаулар
116-тақырып. Сыртқы тұлғасы бірдей тұлғалардың әр түрлі қызметі мен мағынасын айыра алмай жататын кезі көп ұшырасады. (Мәселен, -ды, -ді, -ты, -ті, тұлғалары септік жалғау ретінде де, жіктік жалғау ретінде де, жұрнақ ретінде де, күшейткіш шылау ретінде де кездеседі.)
17-тақырып. Зат есім мен сын есімнің кейбір назар аударуды қажет ететін түсініктері. Зат есімдердің көптік жалғау қабылдаған кезде білдіретін мағыналары, сын есімдердің зат есімнің орнына жүруі.
18-тақырып. Есім сөздер, олардың өзіндік ерекшеліктері сөздердің морфологиялық белгілеріне қарай түрленуі, есім сөздердің өзіндік ерекшеліктері
19-тақырып. Сын есімнің мағыналық түрлері
20-тақырып. Сан есімнің мағыналық түрлері. Сан есімдердің мағыналық түрлерінің жасалуы, жұрнақтары мен тіркесу қабілеті
21-тақырып. Есімдік оның басқа сөз таптарының орнына жүруі.
22-тақырып. Есімдіктердің мағыналық түрлерінің түрлену кестесі.
23-тақырып. Етіс жұрнақтарының салт етістік пен сабақты етістік жасауға қатысы.
24-тақырып. Есімше мен көсемше категориясының шақтардың жасалуына қатысы.
25-тақырып. Негзігі етістік пен көмекші етістік.
26-тақырып. Дара, күрделі, құранды етістіктер
27-тақырып. Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері Үстеудің түрленуіндегі ерекшелік
28-тақырып. Үстеудің мағыналық түрлерінің кейбір ерекшеліктері
29-тақырып. Еліктеу сөздер
30-тақырып. Сөздердің морфологиялық белгілеріне қарай түрлері Көмекші етістік, көмекші есім,
31-тақырып. Шылаулардық түрлері ,қызметтері, ерекшеліктері
32-тақырып. Одағайдың түрлері мен ерекшеліктері
33-тақырып. Бақылау тест.
34-тақырып. Морфологиялық талдау
Тақырыптық - оқу жоспары.
№
|
Өтетін тақырыбы
|
Барлық сағаты
|
Мерзімі
|
Мерзімді түзету
|
Жұмыс түрі
|
1
|
Кіріспе сабақ . Казақ тіл білімінің негізгі салалары
|
1
|
|
|
Лекция
|
2
|
Морфологияның зерттеу обьектісі.
|
1
|
|
|
|
3
|
Сөз таптары туралы
|
1
|
|
|
|
4
|
Сөз құрамы туралы, сөз тұлғасы
|
1
|
|
|
|
5
|
Түбір мен қосымша
|
1
|
|
|
Талдау
|
6
|
Сөз тудырушы жұрнақ, сөз түрлендіруші жұрнақ
|
1
|
|
|
Талдау
|
7
|
Зат есімнің реңк мән тудырушы жұрнақтары
|
1
|
|
|
|
8
|
Зат есімнің түрленуіндегі кейбір ерекшеліктер (көптік жалғаулардың мәні тәуелдеулі сөздің ттүрленуі)
|
1
|
|
|
|
9
|
Жалғаулардың түрлері . Жалғаулардың грамматикалық мағынасы.
|
1
|
|
|
Тест
|
10
|
Тұлғасы бірдей жалғаулар мен жұрнақтар
|
1
|
|
|
Леция
|
11
|
Дара, күрделі сөз, күрделі сөздің түрлері
|
1
|
|
|
|
12
|
Күрделі сөзді сөз тіркесінен айыра білуге жаттығулар
|
1
|
|
|
|
13
|
Қос сөздердің ерекшелігі
|
1
|
|
|
|
14
|
Ма, ме, ба, бе шылаулары мен болымсыз етістік жұрнақтары,
|
1
|
|
|
|
15
|
да, де, та ,те жұрнақатары мен жалғаулары, осы тұлғалас шылаулар
|
1
|
|
|
Әңгіме
|
16
|
-ды, -ді, -ты, -ті тұлғалы қосышаларды айыра білу
|
1
|
|
|
|
17
|
Зат есім мен сын есімнің кейбір назар аударуды қажет ететін түсініктері
|
1
|
|
|
|
18
|
Есім сөздер, олардың өзіндік ерекшеліктері
|
1
|
|
|
Әңгіме
|
19
|
Сын есімнің мағыналық түрлері
|
1
|
|
|
|
20
|
Сан есімнің мағыналық түрлері
|
1
|
|
|
|
21
|
Есімдік оның басқа сөз таптарының орнына жүруі
|
1
|
|
|
|
22
|
Есімдіктердің мағыналық түрлерінің түрлену кестесі
|
1
|
|
|
Өздік жұмыс
|
23
|
Етіс жұрнақтарының салт етістік пен сабақты етістік жасауға қатысы
|
1
|
|
|
талдау
|
24
|
Есімше мен көсемше категориясының шақтардың жасалуына қатысы
|
1
|
|
|
Талдау
|
25
|
Негзігі етістік пен көмекші етістік
|
1
|
|
|
Тест
|
26
|
Дара, күрделі, құранды етістіктер
|
1
|
|
|
Талдау
|
27
|
Үстеу. Үстеудің құрамдық түрлері Үстеудің түрленуіндегі ерекшелік
|
1
|
|
|
Талдау
|
28
|
Үстеудің мағыналық түрлерінің кейбір ерекшеліктері
|
1
|
|
|
Зерттеу
|
29
|
Еліктеу сөздер
|
1
|
|
|
Зерттеу
|
30
|
Сөздердің морфологиялық белгілеріне қарай түрлері Көмекші етістік, көмекші есім, шылау
|
1
|
|
|
Зерттеу
|
31
|
Шылаулардық түрлері ,қызметтері, ерекшеліктері
|
1
|
|
|
Зерттеу
|
32
|
Одағайдың түрлері мен ерекшеліктері
|
1
|
|
|
Зерттеу
|
33
|
Морфологиялық талдау
|
1
|
|
|
Талдау
|
34
|
Бақылау тест
|
1
|
|
|
|
3-тақырып. Сөз таптары туралы
Сөзді топтастыру принципі үш түрлі болады: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.
Сөз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы, зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.
Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызметі деп аталады.
Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз
тудыру тәсілі мен түрленуіне, грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.
4- тақырып Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі "салған із" немесе "сапар" деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі "серік" деген мағынаны беріп тұр. Бүл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындагы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалган. Соңғы -қа бөлшегі бүл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып түр..
Сөйтіп, сөздің түлғасы деген ұғымга түбір жэне қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді.
Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы, үй, әке, бала, т. б.), қосымшалы түбірден де (мысалы, маңдай-ша, өнер-паз, біл-ім, т. б.), екі түбірден де (мысалы, некен-саяқ, жақсы-жаман, аққу, Марқакөл, т. б.) қүралады.
5- тақырып
Сөздің бастапкы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастъщ, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бүлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір магынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанган -дас, -тьщ(жолдастъщ деген сөзде), -ын, -щы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген сөзде), -ін, -ген(көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке түрганда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тың, -ын, т. б. косымшаларда ешбір мағына жок. Кей косымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа магына қосады. Мысалы, жол - із я сапар болса, жолдас - жолга бірге шығатын адам я серік дегенді білдіретін жаңа мэнге ие болған сөз; мектеп - оку окитын орын болса, -тер деген косымша сол мектептің біреу емес, көп екенін гана білдіреді.
Қосымша екі түрлі: журнақ және жалғау. Жүрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жүрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жүрнақтар жэне сөз түрлендіруші жүрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оган жаңа магына беретін жүрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тық, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен -тық, және -ын мен -шы жүрнактары жаңа сөз тудырып түр.
Осындай жүрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады Сөйтіп, жол, сау деген сөздер - негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастьщ, сауын, сауыншы деген сөздер - ту-ынды түбірлер.
Бір сөзге бірнеше жүрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған эр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі - өн.
6-тақырып. Сөз тудырушы жұрнақ, сөз түрлендіруші жұрнақ
Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұрнақтың екі түрі бар: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар.
Өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы: ән-ші, заман-дас, етік-ші, ерін-шек.
Өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де болса жаңа мағына үстейтін, бірақ негізгі лексикалық мағынаны өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші деп аталады. Мысалы: үй-шік, кітап-ша, қызыл-дау, сұр-ғылт. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады.
Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады.
Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.
Жұрнақ
Сөз тудырушы
Сөз түрлендіруші
Сөз тудырушы жұрнақтар:
Зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар
|
Сын есім, сан есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар
|
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
|
Сын есім тудыратын жұрнақтар
|
Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар
|
Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
|
Сын есіім, сан есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар
|
Басқа сөз таптарынан, еліктеуден, үстеу, одағайдан тудыратын жұрнақтар
|
Сөз түрлендіруші жұрнақтар: есімше, көсемше, рай, шақ
7-тақырып Зат есімнің рең мән тудырушы жұрнақтары
Есімдерден
|
Етістіктерден
|
|
-шы, -ші: (етік+ші, балық+шы)
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: (дос+тық, шын+дық)
-ша, -ше: (бөлім+ше, кітап+ша)
-шық, -шік: (ойын+шық, үй+шік)
-хана, -стан, -кеш: (дәрі+хана, кітап+хана, Қазақ+стан, арба+кеш)
|
ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: (бөл+ме, кес+пе)
-ым, -ім, -м: (бөл+ім, біл+ім)
-қы, -кі, -ғы, -гі: (бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы)
-ыс, -іс, -с: (жең+іс, айт+ыс)
-ық, -ік, -қ, -к: (қаз+ық, көр+ік)
-ыш, -іш, -ш: (қуан+ыш, қызған+ыш)
-уыш, -уіш: (тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш ).
|
-еке, -қа, -ке, (ағеке, Мұққа, Сәке)
-й (атай, апай)
-тай (ағатай, көкетай)
-жан (Еркежан, Айнажан)
-қай, қан (балақай, ботақан)
-шақ, -шек (құлыншақ, келіншек)
-шық, шік (төбешік, үйшік)
-ша, ше (кітапша, көрпеше)
-ш (Сәулеш, Рахимаш)
-сымақ ( батырсымақ)
|
Достарыңызбен бөлісу: |