Морфология саласын кесте, сызба түрінде оқытудың тиімділігі



бет5/5
Дата22.08.2017
өлшемі0,77 Mb.
#23838
1   2   3   4   5
Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да (негізінен зат есім мен етістік) жасалады. мысалы: тарс-ыл, сыр-ыл, т.б. тәрізді елік-теу сөздерден -ыл, -іл, -л, -ек, -ғыр, -гір жұрнақтары арқылы зат есім жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, т.-б. тәрізді еліктеу сөздерден -ыра, -іре және -ла, -ле, -да жұрнақтары арқылы етістіктер жасалған.
30-тақырып. Сөздердің морфологиялық белгілеріне қарай түрлері Көмекші етістік, көмекші есім, шылау

Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.

Сөз түрлері

Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.


Атауыш

Одағай

Көмекші



Зат есім

Сын есім


Сан есім

Есімдік

Етістік

Үстеу


Еліктеу

Көмекші есім

Көмекші етістік



Шылау

Одағайлар


Көмекші етістіктер жоғарыда айтылған, көмекші есімдер іш, сырт, жан, маң, қас, аст, үст, т.б. есім сөздермен тіркесіп қолданылатын сөздер. Осыларды танытқанда тест сұрағы арқылы түсіндіргенде тез қабылдайды.

Көмекші есімді тіркесті тап

А) терең көл В) тереңге шомылу С) көлдің жаны Д) жаны ашиды Е) көлдің суы
31-тақырып. Шылаулардық түрлері ,қызметтері, ерекшеліктері

Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.

4. Шылаулар түрленбейді.

Шылаулар - лексикалык мағынасынан айырылу нәтижесінде пайда болған сөздер.

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.

Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:

1. Түбір я белгілі бір септік (барыс, шығыс, көмектес) түлғадағы зат есім, есімдік, я заттанған сөздермен (сын есім, есімше, түйық етістік, т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. Мысалы: Мейрам элдекімге телефон арқылы әмір етті.

2. Септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қүрамында келеді де, сабақтас қүрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемдегі мезгілдік, мақсаттық, себептік катынаста байланыстырып түрады. Мысалы: Қоргана жүрерлік күнәсі болмаган соц, кеудесін жогары үстап келе жатыр.

1. Түбір ( көптік, тәуелдік) түлғадағы зат есім, есімдік, түйық етістік, есімшемен тіркесетін септеулшік: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, т. б

2.Барыс септіктегі сездермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, царай, салым, жуық, тарта, т. б.

3.Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеулшіктер:кейін,соң,гөрі,бері, бүрын, т.б.

4.Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге.

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: м.ен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі.

2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мэнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондыцтан, т. б. Жалғаулықтар орыс тіліндегі "союзы" деп аталатын көмекші сөздермен сәйкескеледі.
Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Сұраулық демеуліктср: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.

  2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те. Да (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп, бірде демеулік болса, бірде бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау қызметін атқарады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Бұл сөйлемде де шылауы—демеулік, ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Ал та шылауы—жалғаулық, ол тап және бар, қалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.

  3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана, қана, тек, кейде, -ақ.

  4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, кейде, -ау.

5.Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ.

6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ті.

32-тақырып. Одағайдың түрлері мен ерекшеліктері

Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:

  1. Одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау,жастық деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердердегі ә, япырмау сөздер — одағайлар.

  2. Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді.

  3. Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.

2 Одағайлардың түрлері

  1. Шақыру одағай

  2. Жекіру одағай

  3. Көңіл-күй одағай

Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды кеп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, шу дегеннен, әу деді т. б.)

33-тақырып. Бақылау тест

  1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.
    А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.
    2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.
    А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.
    3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.
    А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.
    4. Күшейткіш демеулікті тап.
    А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше Е) – ды
    5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.
    А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.
    Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.
    6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.
    А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.
    7. Күрделі сөзді көрсет.
    А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.
    Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.
    8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.
    А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.
    Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.
    9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.
    А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.
    Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.
    10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.
    А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.
    Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.
    11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.
    А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.
    С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.
    Е) Бес жылдық, жылдан жылға.
    12.Жай шырайды тап.
    А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.
    В) Жанат кең үйге кірді.
    С) Мына үй биігірек екен.
    Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
    Е) Орасан зор жетістік.
    13. Туынды түбірді тап.
    А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.
    14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.
    А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.
    15. Туынды сөзді көрсет.
    А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.


34-тақырып. Морфологиялық талдау

Морфологиялық талдау сызбасы:
Сөз таптары


Бастапқы формасы
Тұрақты белгілер
Тұрақсыз белгілер


  1. Синтаксистік рөлі

  2. Мысалы:
    Ертең оқушы мектепке барады.




  1. Оқушы – зат есім. Кім барады? Оқушы.

  2. Бастапқы формасы: оқушы.
    Тұрақты белгілер:
    дара, туынды, жалпы, жанды, деректі;
    Тұрақсыз белгілер:
    жекеше, атау септік.

  3. Кім барады? Оқушы (бастауыш).

  1. Барады – етістік. Оқушы (не істейді?) барады.

  2. Бастапқы формасы: бар.
    Тұрақты белгілер:
    дара, туынды, болымды, салт;
    Тұрақсыз белгілер:
    ауыспалы келер шақ.

  3. Оқушы (не істейді?) барады (баяндауыш).

Тапсырма: Осы сызба мен үлгіге қрапа отырып бірнеше сөзге морфоологиялық талдау жасау

Курсты жүргізетін мұғалімдердің пайдаланатын әдебиеттер:



  1. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» \морфология\,

  2. М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \синтаксис\

  3. Хасанов С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., ШалабаевБ. «Кестелі грамматика»

  4. Салқынбай А., Абақан Е., «Лингвистикалық түсіндірме сөздік»атты еңбектері,

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 2/2008, 5/2009, 6/ 2009, 2/2011, 1/2012, 3/2012, нөмірлері .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет