Морфология саласын кесте, сызба түрінде оқытудың тиімділігі



бет3/5
Дата22.08.2017
өлшемі0,77 Mb.
#23838
1   2   3   4   5
19- тақырып. Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы – қандай? қай?

Сын есімнің негізгі белгілері

Белгілері

Мысалдар

Сұрағы

Түрі

Түсі

Дәмі

Салмағы

Сапасы

Көлемі

Күйі

Затқа қатысы

дөңгелек (шар)

көгілдір (тау)

қышқыл (алма)

ауыр (жүк)

жұмсақ (нан)

үлкен (тас)

құрғақ (ауа)

шеткі (үй)

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қай?

Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы, терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т.б.

Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.

1) сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т.б.

2) сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, қою қалың қара, ақ шулан, ақ шабдар, т.б.

Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім.

Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде болады. Мысалы, көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т.б.

Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.

Туынды сын есімнің жасалуы

Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті

-сыз, -сіз

-ғы, -гі, -қы, -кі

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

-шыл, -шіл

-шаң, -шең

-дай, -дей, -тай, -тей

-кер, -гер

-қой, -қор

-паз, -імпаз

-и, -ы, -і

Таулы, өнерлі, орманды, көрікті

Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз

Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы

Балалық, адамдық, жігіттік, жолдастық

Ойшыл, еңбекшіл.

Ашушаң, көйлекшең, сөзшең

Үкідей, жолбарыстай, баладай.

Найзагер, табыскер, әдіскер.

Әзілқой, еңбекқор, әуесқой.

Өнерпаз, жеңімпаз

Әдеби, алтайы, түркі.




Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек

-ық, -ік, -қ, -к

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

-ғыр, -гір, -қыр, -кір

-шақ, -шек

-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі.

-ынды, -інді, -нды, -нді

-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі

-ымды,- імді, -мды, -мді

-аған, -еген

-улы, -улі

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

Жабысқақ, тайғақ, бөлек,

Тұнық, бітік, сирек, ақсақ

Жүзгіш, айтқыш, жазғыш.

Алғыр, білгір, өткір, тапқыр.

Тартыншақ, сүріншек.

Басыңқы, салбыраңқы.

Жуынды, үйінді, жасанды.

Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі.

Төзімді, қонымды, келісімді.

қап(б)аған, теп(б)еген.

Байлаулы, ілулі.

Бояма, қызба, еспе, бұрма

Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім.

Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзі, яғни заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы, жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т.б.



Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы, орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б.

Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.

Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.

Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:

1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ түрлері:

1) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек сарырақ, қызылырақ үлкенірек, кішірек

2)-дау ,-деу, лау,- леу, -тау, -теу қызылдау, үлкендеу, кішілеу, (барлық сапалық сын есімдерге жалғанады)

3)-ғыл, -ғылт, -қылт, қылтым, -ғылтым сарғылт, бозғылт, бозғылтым, қышқылтым

4)-шыл, -шіл,-шылтым,-шілтім ақшыл, көкшіл, ақшылтым

5) -ғыш, -ілдір, сарғыш, көгілдір

6)-аң, -қай, -ша, -ше қауң, көкше, сұрша (кейбір жекелеген сын есімдерге жалғанады)
2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы:

1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т.б.

Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбек сөздері бірге жазылады.

2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кіл, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т.б.

Шырай жасауға негіз болатын – сапалық сын есімдер.

1. Қосарлану, қайталану негізінде жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады: жақсылы-жаманды, биік-биік, үлкен-кіші.

2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер де дефиспен (-) жазылады: жап-жақын, үп-үлкен, сұп-суық. Тек ақ, көк сөздерінен жасалған күрделі сын есімдер бірге жазылады: аппақ, көкпеңбек.

Оқушылар топқа бөлініп ұсынылған материалды тақырыпшаларға бөліп алып зерттеген соң өздерінің жоба жұмыстарын қорғайды.

20-тақырып. Сан есімнің мағыналық түрлері

Лексика –семантикалық белгісі


Заттың есебін, санын , мөлшерін, ретін , шамасын білдіреді.

Морфологиялық белгісі

Сан есімдер негізінен сандық, сан мөлшер мағынасында морфологиялық өзгеріске түспейді. (Тек субстантивтенген жағдайда түрленеді). Елуге жетсе жасың, абайларсың.


есептік

реттік

жинақтық

болжалдық

топтау

бөлшектік

бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар

-ыншы,

-ншы,

-інші,

-нші

-ау ,

-еу,

-дай, -дей,

Шақты, шамалы, тарта, жуық, т.б.

шығыс септік жалғаулары жеке сөзге де қосарланған сан есімге де жалғанады.

онның бірі, оннан бір, онның екі бөлігі т.б.


Реттік сан есім, жинақтық сан есім, болжалдық сан есім мен топтау сан есімнің кейбір үлгілері тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы бірінші «реттік), ондай (болжалдық), жүздеген (болжалдық), мыңдап (топтау).

Төмендегі тапсырманы орындау.

Түбір тү+1

Кекіл к + 2 + л

Күшік к + 3 + ік

Төртпақ 4 + пақ

Дербес дер + 5

Балтыр Б+б+р

Жетік 7 + к

Сегізкөз 8 + көз

Тогызқұмалак, 9 + құмалақ

21-тақырып. Есімдік оның басқа сөз таптарының орнына жүруі

  1. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене

тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады.

  1. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір деген сөздер сын есім орнына жұмсалады.
    Мысалы: Кейбір жігіт жүреді мақтап сөйлеп. Берілген сөйлемдегі қай жігіт? (кейбір) деген сұраққа жауап береді.

  2. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік
    есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш
    қызметін атқарады. Мысалы: Көкшетау, оның маңындағы калың орман әлдеқашан артта қалған. Берілген сөйлемдегі әлдеқашан (қашан артта қалған?) деген белгісіздік есімдігі
    үстеумен мәндес болып тұр.

  3. Болымсыздық есімдіктерінің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқашан, ешқайда, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекендік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып нетейін? деген сөйлемде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім? (білмейді)? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемде бастауыш болып тұр.

  4. Өздік есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі көбінесе тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың өзі, т.б.

  5. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, мегзеу мәнін білдіріп, сын есімнің орнына

жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады. Мысалы: Самғай бер асқарға мынау қырандай. Бұл ұрыста біз жеңеміз. Сұрау есімдігі. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қандай? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданылатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары қосылады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеу? кіміне? т.б.

Тапсырма: сан есімнің сөз таптарының орнына жүруіне байланысты кесте құру

22-тақырып. Есімдіктердің мағыналық түрлерінің түрлену кестесі

Есімдіктің мағыналық түрлерінің түрлену сызбасы


септеледіді

жіктеледі



көптеледі



жіктеу

сілтеу

белгісіздік

болымсыздық

жалпылау

өздік

сұрау

есімдік

көптеледі

көптеледі

көптеледі

жіктеледі

септеледі

тәуелденеді

тәуелденеді

жіктеледі

септеледі

тәуелденеді

септеледі


Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.



А.с.

Мен сен ол

Сол бұл

Кім? Не?

Өз

әлдеікм

бәрі

ешкім

І.с.






















Б.с.






















Т.с.






















Ж.с.






















Ш.с.






















К.с.















































Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.

Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. әрине

Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

Болымсыздық есімдіктері

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

23-тақырып Етіс жұрнақтарының салт етістік пен сабақты етістік жасауға қатысы

Мағынасы жағынан тура объектіні—табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т.б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т.б.) қайт, ненітүсінде, т.б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бүлар—салт етістіктер.

Кейбір етіс жүрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жүрнақтары: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—эңгіме айтылды, т.б

Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істелетіндігі көрініп, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса, -ын,-ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады және өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, т.б.

Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—әңгіме айтылды, т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ортақ етіс жүрнағында ондай қызмет жоқ: (хат) жазысты—сабақты етістік, сөйлесті—салт етістік.

Етіс жүрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді:сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-дір-іл-ді, т.б. Кейде бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді: сөйле-т-кіз-беді, қаз-дыр-т-қыз-ды, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет