Морфологиялық құрылыс стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені морфологиялық кұрылыс стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән



бет4/6
Дата01.12.2022
өлшемі34,5 Kb.
#160764
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
www.zharar.com.docx-morf

Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті,


Орақ келді, орылар мезгіл жетті.


Жылы менен суықтың бэрін көріп,


Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай).

Өзен тоқтап, көп мақпал қара ағып бара жатқандай сезіледі




(Ғ. Мүсірепов). Дегенмен, сын есім атаулының бәрі бірдей заттанып, зат есім мәнін алуға бейім бола бермейді. Сапалық сын есімдердің көпшілігі-ақ сондай мәнде жұмсалуға бейім болса, кейбір қатыстық сын есімдердің мұндай қасиеті жоқ. Ауызекі тілде әр кез кездесетш “әлгі құлықсыз келді”, “құнтсызбен жолдас болма” тәрізді конструкциялар жазба- тізде кездесе қоймайды. Жазба тіл мұндай реттерде сын есімді зат есімдермен тіркестіріп қолдануға (құнтсыз адам, құлықсыз бала) ұмтылады.


Ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де адам мағынасында заттануға бейім қатыстық сын есімдер мыналар: -ғыр (-гір), -ғыш (-гіш) аффикстері арқылы жасалған сөздер: білгір, білгіш, айтқыш, сөйлегіш. Сондай-ақ, екі зат есімнің, не зат есім мен сын есімнің бірігуінен жасалған сын есімдер де көбіне бейнелі ойдық көрінісі ретінде ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де жиі кездеседі: тас бауыр, су жүрек, өр көкірек, есалаң, ашқарақ, қан құйлы, жансе-біл, көкжал т. б.


Қатыстық сын есімдердің мағынасы өздерінің арғы төркіндерінің мәніне орайлас келіп жатады. Мысалы: мақтаншақ (мақтануды сүйетін адам), ашушаң (тез ашуланатын адам), білгіш (көп білетін кісі немесе көп білемін деп ойлайтын кісі) т. б. Бұл ерекшелік кейбір қатыстық сын есімдерді реті келген жерінде мәндес конструкциялармен ауыстырып қолдануға мүмкіндік. береді: Бала жаңа туған кезінде ұйқышыл болады. Бала^ жаңа туған кезінде_ көп ұйықтайтын болады.Екі сөйлемде де айтылатын ой — біреу.


тәсілі өзгеше: бірінде сын есім, бірінде синтаксистік конструкция қолданылған. Дегенмен, бұлардың әрқай-сысы әр түрлі стильдік жүйеде қолданылуға бейім. Егер публицистне жазушы өз шығарма-сында қатыстық сын есімді қолданса,ғылыми еңбектің авторы он-ның орнына есімшелі сөз тіркесін лайық көрер еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет