Морфологиялық құрылыс стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені морфологиялық кұрылыс стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән


Сәбит Мұқановтың “Өмір мектебінде” мынадай сөйлемдер бар. Сені жәдиттің молдасын жалдап әкелді деп еді, рас па? — деп сұ-райды



бет5/6
Дата01.12.2022
өлшемі34,5 Kb.
#160764
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
www.zharar.com.docx-morf

Сәбит Мұқановтың “Өмір мектебінде” мынадай сөйлемдер бар. Сені жәдиттің молдасын жалдап әкелді деп еді, рас па? — деп сұ-райды.

Рас, — дейді Нұртаза.


Ондай дін бұзғыштарды қайдан жолатып жүрсің? — дейді хазірет.


Дінді бұзған молданы көрген жоқпын, — дейді Нуртаза.




Бұл үзіндіде бір ғана мән екі түрлі тәсілмен — сын есім және синтаксистік конструкция арқылы берілген. Бұлай қолданыс — әрі сөз қайталамаудың, әрі ойды мәнерлі де айқын айтудың тәсілі.


Тектік (род) мән туғызудың грамматикалық тәсілдері де сөз жүйесінде назар аударуды қажет ететін мәселелердің бірі. Ана тілімізде тек категориясының жоғы мәлім. Дегенмен кейбір сөздер құрамында түбірмен бірігіп кеткен бірен-саран қосымшалар кез-деседі. Мысалы, жалқы есімдерге жалғанатын -ша, -шеқосымшасы осындай. Сонымен бірге Шығыс тілдерінің ықпалымен қалып-тасқан мұғалима, Батыс тілдерінің ықпалымен пайда болған секретарьша, официантка, лаборантка, комсомолка, пионерка тә-різдес сөздер де бар. Әрине, ана тіліміз бұлардың бірқатарын өз заңдылығына лайықтап, тектік қосымшаларды түсіріп айтады. Мысалы, орыс тілінен енген газета сөзі біздің тілімізде газет тү-рінде қалыптасты. Куәліктерде, қаулы-қарарларда, анықтамалар мен ақпарларда, жолдамаларда т. б. ресми қағаздар тілінде комсомол (мүшесі), пионер, официант, секретарь деп жазылып жүр. Бұл нормаға айналды. Сөз мәдениеті тұрғысынан лауазым иесінің ер я әйел екендігін анықтап жазу тәсілінің де айрықша мәні бар. Мысалы, Штейнберг, Диких, Трахтенберг тәрізді басқа халықтарға тән фамилиялардан сол кісінің әйел не ер кісі екендігін білу қиын. Оның үстіне Қазақ тілінде орыс тіліндегідей қимыл иесініңәйел я ер кісі екендігі сөйлемнің баяндауышынан да көрінбейді. Мұндай жағдайда лауазымды білдіретін зат есімнен кейін, сол лауазым иесі кісінің өз атын айту қажет болады. Мысалы: Лаборант Юрий Трахтенберг, тракторист Людмила Диких т. б.


Тектік ұғым беретін сөздер мен тұлғаларды қолдану көркем әдебиет тілінде, ресми тілдегідей емес, ерекше мән алады. Қейбір тектік қосымшаларды қолдану оқушы ойында жеңіл ирония туғызу мақсатымен немесе жазушының субъективтік айрықша тәсілімен ұштасып жатуы мүмкін. Мысалы:

Сөйткенше төрде отырған біреудің қатты тамсанған үнін есіт-ті. Қараса, Сары апаң екен. Ол ашулы түспен түйіліп, қара шапанды басына жамыла беріп, жүрелей отырып ап айғайлай жөнелді. Сөзінің басы Бөжейді мақтау мен сол жақсыны жоқтау еді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет