Әр түрлі споралы папоротниктердің даму циклі.
Бұдан бұрын
қарастырылған аталық папоротникті тең споралы дедік. Өйткені
олардың спорогонийлері, споралары және одан өсіп шығатын
өскіншелері қос жынысты, пішіндері, көлемі бірдей болып келеді.
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ішінде споралардың екі типі,
соған сәйкес өскіншелердің де екі типі жетілетін топтары бар. Мысалы,
плаун тәрізділер класына жататын әр түрлі споралы өкілі
селагинелланың даму циклін қарастырайық (22-сурет).
22-сурет. Селагинелланың даму циклінің сызба-нұсқасы: 1
стробил;
2
микроспора; 3
аталық гаметофит; 4
сперматозоид;
90
5
жұмыртқа жасушасы; 6
зигота; 7
спорофиттің дамуының
басталуы; 8
ересек спорофит; 9
стробил; 10
мегаспора; 11
аналық гаметофит
Селагинелла туысының түрлері майда жапырақты шөптесін
өсімдіктер. Ересек селагинелла өсімдігі
спорофит, диплобионт.
Өркендерінің ұшында ось және оған орналасқан қабыршақ тәрізді
спорофилдерден тұратын споралы масақ немесе стробилдері (гр.
strobilus
бүр, конус
) жетіледі. Спорангийлері спорофилдердің
жоғарғы бетінде орналасады.
Селагинелланың спорангийлері біркелкі емес, оның бір масағында
микроспорангийлер (гр.
micrós
майда, кішкентай
) және
мегаспорангийлер (гр.
mega
үлкен, ірі
) жетіледі. Екеуінің де сыртын
қаптап тұрған қабықшасы, оның іш жағында төселмелі қабаты
(тапетум) және спорогенді ұлпасы бар. Микроспорангийдің барлық
спорогендік жасушалары мейоз жолымен бөлініп, өте майда көптеген
микроспоралар түзеді.
Мегаспорангийде спорогендік ұлпаның бір жасушасы ғана
споралардың аналық жасушасының қызметін атқарады. Ол өсе келе
спорангийдің қуысын толтырады, ондағы жасушалар өліп, қоректік
затқа айналады. Аналық жасуша мейоз жолымен бөлініп, қалың қара
қабықшамен қапталған ірі мегаспоралардың (бұл жай көзге көріне
беретін) бір тетрадасын түзеді. Пісіп жетілген споралардың екі кейпі
спорангийлерден шашылып түседі. Түскен жерінде қолайлы жағдай
болса микроспоралардан өте кішкентай, құрылысы қарапайым аталық
өскіншелер, ал мегаспоралардан
одан гөрі ірірек аналық өскіншелер
өсіп шығады. Бұл екеуі де микроспора немесе мегаспора
қабықшасының ішінде қалып қояды (23-сурет).
91
23-сурет. Селагинелланың көбею мүшелері:
1
өсімдіктің жалпы көрінісі; 2
споралы масақ;
3
микроспорангий; 4
мегаспорангий; 5
аталық өскінше;
6
сперматозоид; 7
аналық өскінше; 8
өскіншедегі спорофит
ұрығы; МКС
микроспоралар; МГС
мегаспоралар;
ПК
проталиальды жасуша; РИЗ
ризоидтар; АПх
архегоний;
Ұ
ұрық; Та
тапетум (төселмелі қабат); МГСк
мегаспора
қабықшасы
Селагинелланың
кейбір
түрлерінде
споралардың
өсуі
спорангийлердің өз ішінде басталады. Аталық өскінше ризоидальды
деп аталатын бір ғана вегетативтік жасушадан және екі талшықты
сперматозоидтар қалыптасатын бір антеридийден тұрады. Су болған
жағдайда антеридий жарылып, сперматозоидтар аналық өскіншеге
жылжып жетеді, жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады. Ал аталық
гаметофит тіршілігін аяқтайды.
Аналық өскінше көп жасушалы, оның денесіне орналасқан
бірнеше архегонийлер қалыптасады. Қабықшадағы үш сәулелі
жарықтан өскінше архегонийлері көрініп тұрады. Осы жерде шоқтанып
ризоидтар пайда болады. Сперматозоидтар архегонийге еніп,
жұмыртқа жасушасын ұрықтандырғаннан кейін пайда болған зигота
дамып, жаңа спорофиттің бастамасын береді. Сөйтіп, жасыл өркен мен
қосалқы тамырлар жетіледі де, өскінше тіршілігін аяқтайды.
92
Әр түрлі споралы папоротник тәрізді өкілдері дамуының
биологиялық мәні
аталық және аналық гаметофиттер мен
спорофиттердің жас ұрығын микро-мегаспоралар қабықшасы көмегі
арқылы кеуіп кетуден сақтау. Екіншіден, әр түрлі споралардан дара
жынысты гаметофиттерді жетілдіру. Гаметофиттер дара жынысты,
сондықтан зигота әр түрлі индивидумдарға жататын гаметалардан
дамиды. Осыдан түзілген ұрпақтың сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларына бейімделу қасиеті жоғары болады. Әр түрлі споралы
папоротниктерде ұрпақ ауысу айқын байқалады. Спорофит пен
гаметофит
дербес тіршілік ететін особьтар. Бұларға тән ұрықтану
тәсілі тұқымды өсімдіктердің пайда болуына әкеледі.
Қайталау сұрақтары
1.
Спорофит деген не? Оның қызметі не?
2.
Папоротниктердің даму циклі қалай өтеді?
3.
Жылбұрындардың даму циклі қалай өтеді?
4.
Архегонийдің құрылысы неден тұрады?
5.3
Гүл және гүлшоғырлар
Гүл
жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын,
түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар
споралы өркен. Ботаниктердің көпшілігі жақтайтын стробилярлы
теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың
стробиліне
ұқсас
мүшеден
пайда
болған.
Гүлде
жеміс
жапырақшаларының (мегаспорофилдердің) жиегі кірігіп тұқым
бүрлері орналасатын тұйық қуыс
жатын ұясы бар. Стробилде тұқым
бүрлері
жеміс
жапырақшаларында
ашық
жатады.
Гүлде
микроспорофилдер
(аталық)
мен
мегаспорофилдер
(жеміс
жапырақшалары) қоршауы болса, стробилде ол жоқ. Гүл өркеннің
апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады, сөйтіп
арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты
жолмен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және
жыныс процесі өтеді. Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске,
ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін
емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады. Гүлдің негізгі бөліктеріне
гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіндігі немесе гүл
табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында
орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын
жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл
әдетте біреу ғана, кейде бірнешеу болуы мүмкін (24-сурет).
93
24-сурет. Гүлдің құрылысы мен диаграммасы: 1
гүлдің осі
сабақ;
2
гүл жапырақшалары; 3
тостағанша жапырақшалары; 4
күлте
жапырақшалары; 5
аталық; 6
аналық; 7
гүл жапырақ (жабын
жапырақ)
Өркен бүйіріндегі гүлдің жабын жапыраққа, яғни сыртқа қараған
бетін алдыңғы (астыңғы, абаксиальдық) жағы, ал керісінше оның
ішінде, яғни өркен сабағына қараған бетін артқы (үстіңгі,
адаксиальдық) жағы дейді. Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын
сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады. Бұл өсімдік
түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді.
Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы
дейді. Гүл сағағы барлары
сағақты гүл, сағағы жоқтары
сағақсыз
немесе қондырмалы гүл деп аталады.
Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара
жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ
жапырақшалар орналасады, олар гүл жапырақша деп аталады. Бұл
өсімдіктердің осы екі тобының негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып
есептеледі. Өсімдік гүлінің құрылысы симметрия тұрғысынан алғанда
әр түрлі. Симметрия
гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата
тартылған сызықтың екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.
Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің
қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса,
94
ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, ал болмаса
актиноморфты, не радиальды гүл дейді. Мысалы, қалампырдың,
наурызгүлдің, итмұрынның қызғалдақтың, алманың және т.б.
өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы екі ғана сызық
жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Оған
қырыққабаттың, серігүлдің және т.б. гүлдері жатады. Егер күлте
арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді
моносимметриялы гүл немесе бұрыс гүл деп атайды. Мысалы,
шегіргүл, бұршақгүл, тегеурінгүл, бәрпі және т.б. Егер күлте арқылы
бір де сызық жүргізуге келмейтін болса, ондай гүлді асимметриялы гүл
немесе симетриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т.б.
гүлдері. Гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі
дейді.
Гүл серігінің болуына немесе болмауына байланысты, сол сияқты
оның құрылымына байланысты гүлдердің төмендегідей кейіптерін
ажыратады:
1) гомохламидті
гүл серігі қарапайым, жапырақшалары бірдей және
олар серіппе тәрізді орналасқан, саны өте көп, тостағанша немесе күлте
тәрізді (магнолия, жарықгүл, лалагүл);
2) гетерохламидті
гүл серігі қос қабатты, яғни өсімдік гүлінің
құрамында тостағаншасы мен күлтесі бірдей кездеседі (қалампыр,
қоңыраубас, бұршақ);
3) гаплохламидті
гүл серігі болмайды, мұндай гүлді жалаңаш гүл деп
те атайды (шетен, тал).
Егер бір гүлдің құрамында аналығы мен аталығы бірдей кездесетін
болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана
кездессе дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық
гүл, ал тек аналығы бар гүл аналық гүл деп аталады. Бір өсімдік
данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жерінде аталық гүлі өссе
(жүгері, қияқтың кейбір түрлері, қайың, емен, асқабақ тағы басқалар)
бір үйлі өсімдік деп аталады. Егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір
данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе (тал, көктерек, жаңғақ, сора,
қымыздық т.б.) екі үйлі өсімдік деп аталады. Көптеген өсімдіктерде қос
жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай
өсімдіктерді (үйеңкі, қарамықтар және т.б.) көп үйлі немесе көп некелі
(полигамды) өсімдік деп атайды.
Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады.
Әсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды тетрациклді
(гр.
Достарыңызбен бөлісу: |