Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

akron 

 ұшы, pe to 

 талаптанамын, ынталанамын
), 
яғни жапырақ бастамасының ұшына және базипетальды (гр. 
basis 

 
негіз, pe to 

 талаптанамын
), яғни сабақ бойымен төмен қарай дамиды. 
Прокамбий сабақ бойының бағытында созыла орналасқан жіңішке 
түзуші жасушалардан тұрады. Прокамбийден алдымен флоэма, 
соңынан ксилема элементтері жетіледі. Флоэманың алғашқы 
элементтері шоқтың сырт жағынан экзархты бағытта, келесі 
элементтері алғашқысының іш жағынан эндархты бағытта 
қалыптасады. Прокамбий жасушаларынан әуелі ұсақ сүзгілі түтіктері 
бар протофлоэма және протоксилема элементтері түзіледі. 
Протоксилема трахеидтері тар саңылаулы, спиральды және сақиналы 
түтікшелерден тұрады. Бұдан кейін метафлоэма мен метаксилема 
элементтері түзіледі. Метаксилемада сатылы, поралы және нүктелі 


63 
түтікшелер дамиды. Протофлоэма мен метафлоэма алғашқы флоэманы, 
ал протоксилема мен метаксилема алғашқы ксилеманы құрайды. 
Сөйтіп, порокамбий шоқтарынан пайда болған метафлоэма мен 
метаксилема 
қабаттары 
бір-біріне 
жақындай 
түседі. 
Дара 
жарнақтыларда бұл қабаттар түйісіп, тұйық шоқ түзеді. Бұларда 
сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысы тіршілігінің соңына дейін 
сақталады.
Өзек жұқа қабықшалы борпылдақ келетін ірі паренхималық 
жасушалардан тұрады. Өзектің шет жағы перимедулярлы аймақ деп 
аталады. Өсімдіктерде өзек жасушалары өлген жағдайда сабақтың 
ортасында ауа толы кеңістік қалады. Бұл кеңістікте қор заттары 
жиналады. Мысалы, сүт жолдары және т.б. минерал заттар. 
Дара жарнақты өсімдіктер сабағының анатомиясын зерттеуге 
бидайдың немесе өзімізге таныс жүгері сабағын алуға болады. Бидай 
сабағының іші қуыс, түтік тәрізді. Мұның анатомиялық құрылысында 
кездесетін негізгі ұлпалар сол қуыстың қабырғасында орналасқан. 
Сабақтың осы сияқты түрі сабансабақ деп аталады.
Сабақтың сыртын эпидермис (өң) қаптайды, оның жасушалары 
жалаң қабатты. Эпидермистің астында топ-топ болып жатқан ұсақ 
талшықты-түтікті шоқтары байқалады. Сонымен қатар мұнда қалың 
қабырғалы ұсақ жасушалардан құралған механикалық ұлпа 
склеренхима бар. Бұлар сабанның бойына мықтылық қасиет беріп, оны 
қатайтып тұрады. Топ-тобымен орналасқан склеренхиманың 
араларында ішінде хлорофилл дәндері бар негізгі паренхималық 
жасушалар 

хлоренхима дамиды.
Дара 
жарнақтыларға 
қарағанда 
қосжарнақты 
өсімдіктер 
сабағындағы өткізгіш-талшықты шоқтарының ұлпалары бір-бірімен 
бүйірлесе, бірқатар деңгейлесе, яғни шеңберлі орналасады.
Қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағында камбий де 
тамырдың соңғы құрылысындағы сияқты екі түрлі болып кездеседі. 
Олардың бірін 

шоқтық камбий, екіншісін 

шоқаралық камбий деп 
атайды.
Шоқтық 
камбий 
әрбір 
өткізгіш-талшықты 
шоқтың 
өз 
құрамындағы флоэма және ксилема бөлімдерінің арасында жатады
бұлардан метафлоэмасы мен метаксилемасының тиісті элементтері 
пайда болады. 
Шоқаралық камбий әрбір жеке-жеке өткізгіш-талшықты 
шоқтардың арасында дамиды. Әрбір шоқтың арасымен радиус бойлап 
өзектік сәуле паренхималары орналасады.
Шоқтық және шоқаралық камбийдің жасушалары радиальды 
жолмен бөлінулері нәтижесінде бүйірлей өсіп барып өзара бір-бірімен 
түйіседі де, шеңберлік камбий түзеді. Шеңберлік камбий 


64 
жасушаларының бөлінуі нәтижесінде өсімдік сабағының соңғы 
анатомиялық құрылысы басталып, сабақ бірте-бірте жуандайды. 
Тапсырмалар 
1.
Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінен уақытша препарат 
дайындап, микроскоптың кіші объективімен сабақтың шоқты 
құрылысын қарау.
2.
Асқабақ өсімдігінің сабағының камбийі мен өткізгіш, 
механикалық ұлпаларының ерекшелігін бақылау, суретін салу.
3.
Қара бидайдың немесе кез келген астық тұқымдасының 
сабағының құрылысымен танысу.
4.
Қара бидай сабағының суретін салып, ондағы эпидерма, 
хлорофилді паренхима топтарын, шеткі майда коллатеральды 
шоқтарды белгілеу. 
5.
Жүгері сабағының жұқа көлденең кесіндісінен уақытша препарат 
дайындау, суретін салып, паренхиманы белгілеу. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Қос жарнақты ағаш сабағының анатомиялық соңғы құрылысы 
қандай белгілермен сипатталады? 
2.
Дара жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағы қос жарнақтылардан 
қалай ажыратылады? 
3.
Прокамбий деген не, ол неден тұрады? 
4.
Сабансабақ деп нені айтамыз? 
5.
Сабақтың сыртын қаптайтын қандай қабат? 
4.6
Жапырақ және оның түрлері 
Жапырақ (лат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет