Сабақтың тақырыбы: "Өсімдік сабағының құрылысы"



Дата01.04.2017
өлшемі24,23 Kb.
#13098
түріСабақ

6 сынып

  • Сабақтың тақырыбы:
  • “Өсімдік сабағының құрылысы”

Сабақтың мақсаты

  • А)Білімділік: Өсімдіктің вегетативті мүшесі сабақтың түрлерімен, ішкі құрылысымен таныстыру.
  • Ә)Дамытушылық: Өсімдік сабағының түрлерін салыстыру, қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер сабағының көлденең кесіндісі арқылы құрылыс ерекшелігін салыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Б)Тәрбиелік.Өсімдіктер тіршілік негізі болғандықтан, оларды қорғауға тәрбиелеу.
  • Өсімдіктің
  • вегетативті
  • мүшелері
  • Тамыр
  • Жапырақ
  • Сабақ

Өсімдік сабағы

  • Өсімдіктің жер асты мүшелері
  • мен жер үсті мүшелерін
  • жалғастырып тұратын
  • орталық тірек
  • Өсімдіктің жер асты мүшелері
  • және жер үсті мүшелерін
  • жалғастырып тұратын орталық тірек.
  • Өсімдік сабағы-
  • ның қызметі
  • Сабаққа-бүршік
  • жапырақ,гүл
  • бекінеді
  • Қоректік заттар
  • қозғалады
  • Органикалық
  • заттар қорға
  • жиналады
  • Көбеюге
  • қатысады
  • Өсімдік
  • сабақтары
  • Шөптекті
  • Ағаштекті
  • Сабақ
  • түрлері
  • Шырмалғыш
  • (шырмауық, құлмақ)
  • Өрмелегіш
  • (асбұршақ,плюш,
  • жабайы бұршақ)
  • Қысқарған
  • (бақбақ,жолжелкен,
  • пияз,ақ қауданды
  • қырыққабат)
  • Жатаған
  • (асқабақ,қияр,
  • қауын,қарбыз)
  • Тік сабақ
  • (жүгері,бидай,терек,
  • емен,қайың)

Тік сабақ

  • Тік сабақты өсімдіктердің сабағы тік болады.

Жатаған (желі) сабақ

  • Өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып, қосалқы тамырлар дамиды.
  • Буынаралықтары
  • қысқа болады.

Шырмалғыш сабақ

  • Нәзік болғандықтан
  • айналасындағы
  • өсімдіктерге шырмалып
  • өседі, мұртшасы
  • болмайды.
  • Сабағы жіңішке, жеңіл
  • және ұзын болғандықтан
  • лиана деп те атайды.

Өрмелегіш сабақ

  • Мұртшасы, емізікше
  • өсінділері, жабысқақ
  • түктері арқылы басқа
  • өсімдікке жабысып,
  • өрмелеп өседі.
  • Сабағы жіңішке, жеңіл
  • және ұзын болғандықтан
  • лиана деп те атайды.

Қысқарған сабақ

  • Мұндай өсімдіктердің
  • сабағы өте қысқа болады.

Жатаған (мұртша) сабақ

  • Жатаған желі сабақ
  • тобына жатады.
  • Мұртшаның желі
  • сабаққа қарағанда
  • буынаралықтары ұзын болады.
  • Қабық
  • Камбий
  • Сүрек
  • Өзек
  • Қабық
  • Өң
  • Ішке күн сәулесін
  • өткізеді.
  • Тоз
  • Ішке оттегін өткізеді
  • Тін
  • Беріктік, мықтылық
  • қасиет береді.
  • Сабақтың ішкі құрылысы
  • Бөлігінің құрылысы, орналасқан орны.
  • Бөлігінің қызметі
  • 1.Қабық
  • Сабақтың ең сыртында орналасады.Өң,тоз,тін қабатынан тұрады.Өң- түссіз.Тоз төмпешікке ұқсаған жасымықша жасушалардан тұрады. Тін өте мықты болады.
  • Қабық сабақтың ішкі бөліктерін сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.Тыныс алуға қатысады.
  • 2.Камбий
  • Қабықтан кейін орналасқан.Өте аз бөлігін алады.
  • Сабақтың жуандап өсуіне көмектеседі.
  • 3.Сүрек
  • Сабақтың едәуір бөлігін алып жатыр.Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын,жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды.Түтікшенің айналасын қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды.
  • Сүрек талшықтары беріктік қасиет береді.Сүректе ағаш жасын анықтайтын қабаттар (шеңберлер) түзіледі.
  • 4.Өзек
  • Сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі.Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды.
  • Органикалық заттарды қорға жинайды.Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байла-ныстырады. Өзек сәулелері қоректік заттарды басқа қабаттарға жеткізеді.

Сабақтың ішкі құрылысы

  • 1.Сыртқы қабық
  • 2.Тоз
  • 3.Камбий
  • 4.Сүрек
  • 5.Өзек

Өсімдік сабақтарының көлденең кесіндісі.

  • 1.Эпидермис
  • 2.Алғашқы қабық
  • 3.Эндодерма
  • 4.Камбий
  • 5.Флоэма(камбийдің сыртқы жасушаларының бөлінуінен пайда болған жасуша)
  • 6.Ксилема(камбийдің ішкі жасушаларының бөлінуінен пайда болған жасуша)
  • 7.Өзек
  • А.Дара жарнақты өсімдік сабағының
  • құрылысы
  • Ә.Қос жарнақты өсімдік сабағының
  • құрылысы
  • 1
  • 1
  • 2
  • 3
  • 5
  • 5
  • 4
  • 6
  • 6
  • 7

А.Бір жылдық ағаш

  • А.Бір жылдық ағаш
  • Ә.Екі жылдық ағаш
  • А
  • Ә

Жуан сабақ

  • Африка мен Австралияның солтүстігінде баобаб ағашы өседі.Оның сабағы өте жуан болады.

Жұмсақ сабақ

  • Оңтүстік-Батыс Африканың таулы аудандарында биіктігі 2 метрден 6 метрге дейін,жуандығы 1 метрге жететін моринга деп аталатын ағаш өседі.Қабығы жылтыр, ақшыл-сұр түсті, сүрегі борпылдақ,өте жұмсақ, жауын жауған кезде сабағына өте көп мөлшерде жауын суын сіңіретін қасиеті бар,құрғақшылық кезде бірнеше айға дейін ыстыққа шыдай береді.Сабағы жуан,сырттай қарағанда кәдімгі су құйылған ыдысқа ұқсайды.

Құмыра тәрізді сабақ

  • Австралияның шөлді аймағында өсетін, биіктігі 15 м, диаметрі 1,8 м, жапырағының ұзындығы 8 м-ге жететін брахихитон ағашы сырттан қарағанда құмыраға өте ұқсайды, себебі діңінің қабы.ы мен сүрегінің арасында су жинайтын қуысы болады. Осы қуысқа жиналып тұратын өте тәтті қоймалжың шырыны болады.Бұл ағашты тұрғын халықтар “шөлдегі шайхана” деп те атайды.

Дыбыс шығаратын ағаштар

  • Орман арасында әр түрлі дыбыстар естілетіні белгілі.Олар жапырақтардың бір- біріне тиіп үйкелгендегі сыбдыры, піскен жемістердің өздігінен қақырауы, қураған бұтақтардың сынып түсуі және т.б. Австралия, Африка, Үнді ормандарында атылған мылтық дауысы, сыбырласқан, өксіп жылаған дыбыстар естіледі. Амазонка өзені жағалауында өсетін коуроупита ағашы ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан өте тез өседі,өсу кезінде кейбір ұлпалары өсіп үлгере алмайды да, кенеттен сүректері жарылғанда,мылтық дауысындай тарс еткен дыбыс шығады.Австралиядағы эвкалипт ағаштарының арасынан шүберек, қағаз жыртқандай дыбыс шығады.Бұл ағаш қабықтарының өз салмағын көтере алмай сынуынан болады. Бамбук өте тез өседі,әсіресе оның жас өркендері өсу кезінде өксіп жылаған, кейде ыңқылға ұқсас дыбыс шығарады. Орталық Африкада өсетін паринариум ағашы кескен кезде ысылдаған дыбыс шығарады.

Жеңіл сабақ

  • Оңтүстік Американың тропиктік ормандарының
  • өзен жағалаулары мен көлеңкелі жерлерінде биіктігі 50 метрге жететін бальза ағашы өседі. Бұл жер жүзіндегі ең жеңіл сабаққа жатады. Ұзындығы 5м ағашты бір адам ешбір қиналмай- ақ, иығына салып көтеріп кетеді.Егер осы ағаштан кесілген жұқа тақтайларды суға салса, бір парақ қағаз сияқты су бетінде қалқып жүреді. Сондықтан бұл ағаштан қайық, кеме жасайды.Үй қабырғаларын тұрғызады.Бір жақсы қасиеті-шуды өзіне сіңіреді.Өте тез өсетіндіктен жылдық сақиналары болмайды.Бальзаның меншікті салмағы 0,12г , бұл судың меншікті салмағынан 8 есе аз.

Тікенекті сабақ

  • Оңтүстік Африканың шығыс жағалаула- рындағы ылғалды ормандарда биіктігі 20 м, диаметрі 0,5 метрге жететін фагара дейтін ағаш өседі.Бұл ағаштың бір ғажабы-діңдерін түгелдей ұзындығы 8 см-ге жететін,ұштары өте үшкір тікенектер қаптап кеткен.Бұтақтарында тікенектер болмайды.Тікенектері сабақтан оңай алынады.Тікенектерінің сабағында ғана болуы малдар жемес үшін қорғаныш қызметін атқарады.
  • Өсімдіктер
  • Ротанг пальмасы
  • 200-300 м
  • Лианалар
  • 200-300 м
  • Эвкалипт
  • 140-155 м
  • Майқарағай
  • 70 м
  • Шырша
  • 60 м
  • Емен
  • 20-50 м
  • Қарағай
  • 48-50 м
  • Талшын
  • 35 м
  • Қайың
  • 30-35 м
  • Самырсын
  • 35-40 м
  • Жөке ағашы
  • 30-35 м
  • Үйеңкі
  • 25 м
  • Бамбук
  • 20 м
  • Баобаб
  • 12 м
  • Нан ағашы
  • 20 м
  • Қант қамысы
  • 4-5 м
  • Банан
  • 3-3,5 м
  • Альпі шалғындығындағы өсімдіктер
  • 5-8 см
  • Австралия орхидеясы
  • 1-2 мм
  • Вольфия
  • 1-2 мм
  • Өсімдіктер
  • Сабағының жуандығы
  • Секвойя ағашы
  • 20 м
  • Эвкалипт
  • 10-12 м
  • Шынар ағашы
  • 15,5 м
  • Африка баобабы
  • 10-12 м
  • Жөке ағашы
  • 9 м
  • Емен
  • 7 м
  • Нан ағашы
  • 5 м
  • Қарағай
  • 1 м
  • шырша
  • 2 м
  • Сабақтардың өсу жылдамдығы
  • Бамбук-қолайлы жағдайда минутына
  • 0,005 мм.Тәулігіне 30 см-ден 1м. дейін.
  • Самшит ағашы-тәулігіне 1-3 см өседі.
  • Ақ қараған,ақ үйеңкі,шынар,емен-
  • жылына 1,5 м-ден 2м-ге дейін өседі.
  • Эвкалипт-бірінші жылында 3 м,5-жы-
  • лында 12 м өседі.

Тапсырмалар: Сәйкесін тап.

  • 1.Тік сабақ
  • А. Асбұршақ
  • 2.Жатаған (желі) сабақ
  • Ә. Жолжелкен
  • 3.Жатаған (мұртша)
  • Б. Құлмақ
  • 4.Шырмалғыш сабақ
  • В. Бидай
  • 5.Өрмелегіш сабақ
  • Г. Бүлдірген
  • 6.Қысқарған сабақ

1.Ағаш сабағының ішкі құрылысының көп бөлігін алып жатқан қабаты.

  • С
  • А
  • Б
  • А
  • Қ
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 1.Ағаш сабағының ішкі құрылысының көп бөлігін алып жатқан қабаты.
  • 2.Сабақтың жуандап өсуіне көмектесетін сабақ бөлігі.
  • 3.Сабақтың қорғаныш қабаты.
  • 4.Жыл сайын ағаш сүрегінде не пайда болады?
  • 5.Сабақтың өзегі орналасқан бөлігі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • “Қызықты ботаника” -Р.Әлімқұлова; М.Тәртенова; Алматы,1979ж.
  • “Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің морфологиясы мен анатомиясы” -А.І.Ахметжанова , Қарағанды,1994ж.
  • Биология оқулығы, 6 сынып, К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жұмағұлова, Алматы 2006.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет