Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

chloros 

 жасыл, enqchima 

 құйылған
) деп те аталады.
Бағаналы ұлпа жасушаларының пішіні бағана немесе діңгек 
тәрізді болып, үстіңгі эпидерма жасушаларына көлденең бағытта, өзара 
тығыз орналасады. Бағаналы ұлпа жасушаларында жапырақтағы 
барлық хлоропластардың 3/4-тен 4/5 – ке дейінгі бөлігі орналасқан, 
сондықтан жапырақтардың үстіңгі беті қою жасыл түсті және негізінен 


72 
фотосинтез қызметін атқарады. Көптеген өсімдіктерде бағаналы ұлпа 
бір қабатты, кейде екі қабатты (камелия, фикус, кәдімгі серігүлдің 
жарық сүйгіш жапырақтары), сирек жағдайда көп қабатты (ақ тұт 
ағашы) болып келеді. 
Борпылдақ ұлпа жасушалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр 
түрлі пішінді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай жасушааралық 
кеңістіктер қалдырып, астыңғы эпидермаға таяу орналасады. Бұларда 
хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанда кем, 
сондықтан фотосинтез қарқындылығы төмен болып келеді. Негізінен 
борпылдақ ұлпа арқылы ауа алмасу және транспирация жүзеге асады. 
Борпылдақ ұлпаның бағаналы ұлпамен жанасып жатқан біраз 
жасушалары арнаулы қызметтер атқарады. Бұлар жинағыш жасушалар 
деп аталады. Бағаналы ұлпаның екі, үш жасушасына жинағыш 
жасушалардың біреуі жанасады да, онда фотосинтездің нәтижесінде 
пайда болған органикалық заттар ерітінділерінің сүзгілі түтік арқылы 
тезірек жылжуына әсерін тигізеді. 
Мезофилдің бағаналы және борпылдақ ұлпаға айқын жіктелуіне 
жарықтың мол түсуі үлкен әсерін тигізеді. Жапырақ тақтасы азды-көпті 
тік бағытта орналасса, жапырақ тақтасының екі бетіне жарықтың түсуі 
бір қалыпты болады да, жапырақтың анатомиялық құрылысы бірыңғай 
борпылдақ ұлпадан тұрады. Осы типтес құрылым көлеңкеде өсетін 
және су өсімдіктерінің суға батырылған жапырақтарына да тән. Осы 
сияқты 
мезофилі 
бірыңғай 
ұлпадан 
тұратын 
жапырақтар 
изолатеральды, яғни тең беткейлі деп аталады.
Өткізгіш шоқтар әдетте жапырақтың мезофилл бөлімінде тор түзіп 
орналасады. Жапырақтағы өткізгіш шоқ 

тұйық коллатеральды. Кейде 
негізгі жүйкенің флоэмасы мен ксилеманың арасында камбий 
сақталады. Шоқтың ксилемасы жапырақтың үстіңгі бетіне, флоэмасы 
астыңғы бетіне қарай орналасады. Бұл өткізгіш шоқтың сабақтан 
жапыраққа өту барысында тік қалыптан көлбеу қалыпқа ауысуынан. 
Кейбір өсімдіктерде шоқты сырт жағынан қоршап тұратын бірнеше 
жұқа қабықшалы, құрамында хлоропластары жоқ арнаулы 
паренхималық 
жасушалар 
түзіледі. 
Бұлар 
жапырақтың 
ассимиляциялық ұлпасында түзілген қоректік заттарды флоэманың 
сүзгілі түтіктеріне бағыттап отырады. Өткізгіш шоқтар қоректік 
заттарды жылжытып қана қоймай механикалық қызмет те атқарады. 
Флоэма мен ксилеманың сырт жағында кейде шоқты қоршай 
склеренхима орналасады. Эпидерманы астарлай, шоқтың үстіңгі және 
астыңғы жақтарында колленхима жатады. Жапырақ құрамында 
сондай-ақ тасты жасушалар 

идиобластар да бар. Олар камелия, шәй, 
тұңғиық және т.б. өсімдіктердің жапырағынан көрінеді. 


73 
Жүйкелер жапырақ негізінен оның ұшына қарай жақындаған 
сайын шоқтардың гистологиялық элементтерінің құрамы өзгеріске 
ұшырап жатады. Алдымен механикалық ұлпалар, одан кейін сүзгілі 
түтіктер, соңында трахеялар жоғала бастайды. Жүйкенің жапырақ 
жиегіндегі ұсақ тармақтары тек қана трахеидтерден тұрады. 
Дара жарнақтылар жапырағының жапырақ тақтасын екі бетінен 
эпидерма жауып тұрады. Астық тұқымдасында эпидерма жасушалары 
бірыңғай емес, көбінің пішіні сопақша келген тік бұрышты, бүйір 
қабырғалары иректеліп жатады. Мұндай жасушалардың сыртқы 
қабырғасы кутикулаланады және кремнезем сіңіп, оған мықтылық, 
шытырлақтық (инкрустациялық) қасиет береді. Сонымен қатар астық 
тұқымдастардың үстіңгі эпидермасында жасуша қабықшалары жұқа, 
жасуша жолағы шырынға толы, эпидерманың басқа жасушаларымен 
салыстырғанда ірі жасушалар тобы айқындалады. Бұлар будақ 
(моторные, двигательные) жасушалар деп аталады. Құрғақшылық 
кезде бұл жасушалар ылғалын жоғалтып, тарылып, жапырақ жиектерін 
жоғары қарай тартады, соның нәтижесінде жапырақ алақаны 
ширатылып, одан түтік пайда болады. Бұл далалық астық 
тұқымдастарда (селеу т.б.) жиі байқалады. Өйткені оларда устьицелер 
жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде орналасқан. Жапырақтың үстіңгі 
беті ішке алып ширатылуынан судың булануы кеміп, өсімдік 
денесіндегі ылғал сақталып қалады. Жауын жауып топырақта ылғал 
молайған кезде бұл өсімдіктердің ширатылған жапырақ тақталары 
қайтадан жазылып, таспа тәрізденіп өзінің бұрынғы қалпына келеді.
Астық тұқымдастары устьицелерінің құрылысының өзіндік 
ерекшеліктері 

жанаспалы жасушалардың гантель (екі ұшы енді, 
жіңішке түтікпен қосылған) пішінді болуы. Әрбір жанаспалы 
жасушаның енді бөлігі хлоропластары бар жұқа қабықшалы, ал 
жіңішке орталық бөлігі хлоропластарсыз қалың қабықшалы. 
Жанаспалы жасушаларда тургор көтерілген кезде жұқа қабықшалы, 
енді бөлімі ұлғаяды да орталық қалыңдаған бөлігі бір-бірінен 
қашықтап, устьице саңылауы ашылады. 
Астық тұқымдастар жапырағының мезофилі бағаналы және 
борпылдақ ұлпаларға жіктелмеген, бірыңғай ассимиляциялық ұлпа 

хлоренхимадан 
тұрады. 
Олардың 
жапырақшасында 
өткізгіш 
шоқтардың ірілері бір-біріне параллель орналасады да, ұсақтары 
олардың арасын көптеген анастомоздар (қатар орналасқан екі шоқты 
қосатын трахеидтерден тұратын көпірлер) түзеді. Өткізгіш шоқтары 
астық тұқымдастардың біразында, мысалы, жүгері, тарыда хлорофилді 
жасушалармен қапталып тұрады. Басқаларында мысалы, бидай, сұлы, 
арпа, қоңырбас жасушаларының ішкі қабырғалары тозданатын 
эндодермаға ұқсас қорғаныш қынаппен қоршалған. Астық 


74 
тұқымдастардың жапырағында механикалық ұлпалар дамыған, әсіресе 
құрғақшылық жағдайда өсетін өкілдерінде склеренхима жақсы 
жетілген. 
Көптеген дара жарнақтылардың жапырақтарында өндірісте 
практикалық мәні бар склеренхималық талшықтар болады. Мысалы, 
рафии 
пальмасы 
мен 
агава 
жапырақтарынан 
бақ 
өсіру 
шаруашылығында қажетті материалдар жасалады. Жаңа Зеландия 
зығырының жапырақтарынан алынатын талшық тоқыма өнеркәсібінде 
пайдаланылады. 
Қылқан жапырақтылардың көбі орман зонасының құрлық бөлігін 
алып жатқан қылқан жапырақтылар орманын (тайга) түзеді. Орман 
аймағының бұл бөлігінің табиғат жағдайы қатал. Сондықтан солтүстік 
ендіктерде өсетін қылқан жапырақтылар қыстың аязына, ал оңтүстікте 
таралған қылқан жапырақтылар ауа мен топырақтың құрғақтығына 
(ылғалды 
субтропиканы 
есептемегенде), 
ауаның 
жоғары 
температурасына төзімді болады. Осыған байланысты қылқан 
жапырақтылардың солтүстік, сондай-ақ оңтүстік ендіктерде таралған 
өкілдеріне жапырақтардың ксероморфтық құрылымы тән. Мысалы, 
кәдімгі қарағай қылқанының анатомиялық құрылысын қарастырайық. 
Қылқанның сыртын қалың қабырғалы жасушалардан тұратын 
эпидерма жауып тұрады. Эпидерма жасушаларының қабықшасы 
сүректенеді және кутикуламен жабылады. Устьицелер эпидерманың 
гиподерма қабатының деңгейіндегі ойыстарда жапырақтың екі бетінде 
түгел таралған. Эпидермадан төмен склеренхима талшықтарынан 
тұратын гиподерма қабаты бар. Бұл қабат механикалық қызметпен 
қатар судың көбірек булануынан сақтайды. 
Мезофилл бөлігінің ерекшелігі 

оның бірыңғай паренхималық 
жасушалардан тұруы. Бұл жасушалардың қабырғалары жасуша 
жолағына енетін ерекше қатпарлар түзеді. Цитоплазма мен 
хлоропластар осы қатпарлардың ұзына бойына орналасады. Қатпарлы 
паренхима жасушаларының мұндай құрылысы қылқан мезофилінің 
ассимиляциялық бетін едәуір ұлғайтады. 
Мезофилде шайыр жолдар бар. Мұнда эпителийдің тірі 
клеткалары орналасқан. Бұл жасушалар склеренхима талшықтарынан 
тұратын қабатпен қапталған. 
Қылқанның ортасында өткізгіш трансфузионды паренхимамен 
қоршалған екі коллатеральды шоқ орналасқан. Трансфузионды 
паренхима жасушалары трахеидалар арқылы көтерілген минерал 
заттарын қатпарлы паренхимаға, ал қатпарлы паренхимада пайда 
болған органикалық заттарды сүзгілі түтіктерге жеткізіп, өткізгіш 
шоқтар мен мезофилл арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы 
байланыстың нәтижесінде шоқтар орталығында қар жабынының 


75 
салмағына, қатты жел екпініне төзе алатын механикалық тірек пайда 
болады. Қылқанның орталық бөлігі мезофилден оны қоршап тұрған 
эндодерма арқылы бөлінген. Эндодерма жасушаларының қабықшасы 
да қалыңдаған және сүректенген. 
Тапсырмалар 
1.
Шайшөп 
жапырағының 
көлденең 
кесіндісінің 
тұрақты 
препаратынан мезофилл қабатындағы бағаналы және борпылдақ 
ұлпалардың орналасу тәртібін байқап, суретін салу. 
2.
Шайшөптің тұрақты препаратынан ксилема, флоэма, склеренхима 
жасушаларын бақылап, суретін салу. 
3.
Қос 
жарнақтылар 
мен 
дара 
жарнақты 
өсімдіктердің 
жапырақтарының анатомиялық құрылысындағы орта жағдайларының 
әсерін күн көзінде және көлеңкеде өсетін серігүл жапырағынан көру.
Қайталау сұрақтары 
1.
Жапырақта эпидерма қабатының атқаратын қызметі не? 
2.
Қос жарнақтылардың жапырағында қандай ұлпалар болады? 
3.
Микроскоптық құрылымы бойынша дара жарнақтылар мен қос 
жарнақтылардың жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы беттерін 
қалай ажыратамыз? 
4.
Қылқан жапырақтылардың мезофилінің құрылысында қандай 
ерекшеліктер бар? 
Бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары 
1.
Тамырдың ең ұшын жауып тұратын бөлімі 
А) созылу аймағы 
Б) сору аймағы 
В) тамыр оймақшасы 
Г) ксилема 
Д) флоэма 
2. Кіндік тамыр жүйесі тән өсімдіктер 
А) сәбіз, шалқан 
Б) асбұршақ, үрмебұршақ 
В) зығыр, бидай 
Г) арпа, білемше 
Д) қант қамысы, қызғалдақ 
3. Шашақ тамыр жүйесі тән өсімдіктер 
А) сәбіз, шалқан 
Б) үрмебұршақ, асбұршақ 


76 
В) қияр, қамыс 
Г) бидай, жүгері 
Д) құлқайыр, бақбақ 
4. Осьтік сабақта жапырақтардың қарама-қарсы орналасуы 
А) жалған дихотомиялы 
Б) симподийлі 
В) моноподийлі 
Г) дихотомиялы 
Д) жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес 
5. Жатаған сабақты өсімдіктер 
А) жолжелкен, қырыққабат 
Б) асбұршақ, жүзім 
В) бидай, жүгері 
Г) асқабақ, құлпынай 
Д) құлмақ, дала шырмауығы 
6. Хлорофилл дәндері бар негізгі паренхималық жасуша 
А) хлоренхима 
Б) хлоропласт 
В) камбий 
Г) прокамбий 
Д) өң 
7. Жапырақ тақталарына параллель жүйкелену тән 
А) мүктер, плаундар 
Б) ашық тұқымдылар 
В) қос жарнақтылар 
Г) астық тұқымдастар 
Д) қырықжапырақтар 
8. Жапырақтың ішкі бөлігін зақымданудан қоғайтын қабаты 
А) паренхима 
Б) эпидерма 
В) колленхима 
Г) флоэма 
Д) устьице 
9. Жапырақтың үстіңгі бетінің қою жасыл түсті болуы неге 
байланысты? 
А) өткізгіш шоқтардың түсіне 
Б) эпидерма қабатына
В) борпылдақ ұлпалардың болуына 
Г) бағаналы ұлпалардың болуына 
Д) күн сәлесінің мол түсуіне 
10. Жапырақтағы органикалық заттардың сабаққа жылжуын 
қамтамасыз ететін мүше 
А) қынап 


77 
Б) сабақ 
В) сағақ 
Г) тақта 
Д) өң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет