Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

spore 

 тұқым
) құрлық өсімдіктеріне тән, олар өз 
бетінше қозғала алмайды, салмақтары өте жеңіл болғандықтан ауа 
толқындары арқылы таралады. Зооспоралар (гр. 
zoo 

жануар,
zoospore 

 қозғалатын спора
) суда, ылғалға қаныққан топырақта өсетін 
өсімдіктерге тән. Бұлар талшықтармен жабдықталған, соның көмегімен 
өз ортасында қозғала алады. Споралар арқылы төменгі сатыдағы 
өсімдіктердің басым көпшілігі (балдырлар, саңырауқұлақтар), жоғары 
сатыдағы мүктәрізділер мен папоротник тәрізділер көбейеді. Бұларды 
тұқым арқылы көбейетіндерден (жалаңаш тұқымдылар мен жабық 
тұқымдылар) ажырату үшін жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер деп 
атайды. Өсімдіктерде споралардың пайда болуын споралану дейді. 
Споралар 

митоз немесе мейоз жолымен пайда болатын арнаулы 
жасушалар. Митоз жолымен пайда болған спораларды митоспоралар, 
мейоз жолымен пайда болған спораларды мейоспоралар деп атайды. 
Митоспоралар балдырларға тән, ал мейоспоралар жоғары сатыдағы 
өсімдіктерге тән. Споралар мен зооспоралардың пішіндері шар, эллипс 
тәріздес немесе цилиндр тәріздес болады. Споралар цитоплазмасы 


84 
қоректік заттарға, әсіресе май мен дәрумендерге бай. Спора қабықшасы 
саңылаулы (пора) болғандықтан кутин мен балауыз сіңіп, қалыңдай 
түседі. 
Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлініп қолайлы 
ортаға түскенде олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз 
көбею деп атайды. 
Пайда болу орнына қарай споралар екі топқа бөлінеді, олар 
эндоспоралар және экзоспоралар. Эндоспоралар арнаулы орындарда 
(мүшелерде) ал экзоспоралар өсімдік денесінің бетінде жетіледі. 
Эндоспораларға сәйкес зооспоралар пайда болатын жасушалар немесе 
мүшелер спорангий және зооспорангий деп аталады. Төменгі сатыдағы 
өсімдіктерде спорангий және зооспорангий бір жасушалы мүше, оның 
жасуша құрамында заттар қабықшасы жарылып, споралар сыртқа 
шығады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде спорангий көп жасушалы 
мүше, оның сыртын бір немесе бірнеше қабат жасуша қаптап тұрады. 
Жас спорангий ішінде спорогенді ұлпа (кейде бір жасуша) 
қалыптасады, оның жасушаларының мейоз жолымен бөлінуінен 
мейоспоралар пайда болады. 
Аталық және аналық жыныс жасушаларының (гамета) өзара 
қосыла келіп ұрықтануы нәтижесінде жаңа организмнің пайда болуын 
жыныстық жолмен көбею деп атайды. 
Жыныс жасушалары ұрықтанғаннан кейін пайда болатын 
жасушалар зигота деп аталады. Өсімдіктің жыныс жасушалары 
ұрықтана алмаса ол жасушалар өсе алмайды, өліп қалады. Зигота 
ядросы диплоид хромосомасына қосылмай даралығын сақтап қалады. 
Зигота ядросының диплоидты хромосомасында генетикалық тұрғыдан 
алғанда әр түрлі ұрпақтың тұқым қуалаушы қасиеттері бірігеді. Пайда 
болған жас ұрпақтардың тіршілікке бейімділігі, ортаның қолайсыз 
әсерлеріне төзімділігі артады. Жынысты көбеюдің биологиялық мәні, 
көбеюдің басқа жолдарынан артықшылығы осында. Өсімдіктерде 
гаметалардың әр түрлі болуына байланысты жынысты көбею түрліше 
болады. Жынысты көбеюдің қарапайым түрі 

хологамия (гр. 
hólos 

 
тұтас, gámos 

некелесу
). Кейбір бір жасушалы қатты жасуша 
қабықшалары болмайтын балдырларда тіршілігінің белгілі бір 
кезеңінде бір жасушалы организмдер гаметаларының қызметін 
атқарып, өзара қосылады. Қосылған екі жасуша 

гаметангийде 
гаметалар жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің гаметангийі 
спорангийлері сияқты бір жасушалы, жоғары сатыдағыларда көп 
жасушалы. 
Гаметалар 
қатты 
қабықшасыз, 
жалаңаш 
және 
талшықтармен жабдықталған. 


85 
Гетерогамияда (гр. 
héteros 

әр түрлі, өзгеше, gámos 

некелесу

жынысты көбею кезінде қосылатын гаметалардың пішіні, көлемі әр 
түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қимылдайды. 
Жынысты көбеюдің оогамия түрінде гаметалардың біреуінің 
көлемі үлкен, қор заты мол, талшықсыз, қозғалмайтын болып келеді. 
Мұны жұмыртқа жасушасы немесе аналық гамета деп атайды. Екінші 
гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқылы қозғалады, ядросы ірі
цитоплазма мөлшері шамалы болады. Бұл 

аталық гамета немесе 
сперматозоид (гр. 
spеrma 

тұқым
). Тұқымды өсімдіктердің басым 
көпшілігінде эволюция барысында аталық гаметалар талшықтарын 
жоғалтқан, қозғалмайды, олар спермия деп аталады.
Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жұмыртқа жасушасы пайда 
болатын гаметангийлер оогонийлер (гр. 
ооn 

 жұмыртқа, gоnоs 

 туу, 
шығару
) деп аталады, ал жоғары сатыдағыларда архегонийлер (гр. 
arche 

 алғашқы, бастапқы,
gоnоs 

 туу, шығару
) деп аталады. Аталық 
гаметангийлер екеуінде де антеридий (гр. 
antherós 

гүлденген
) деп 
аталады. 
Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбіреулері, қазіргі гүлді 
өсімдіктердің барлығы да жынысты жолмен көбейеді. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Жынысты және жыныссыз көбеюдің ерекшелігі неде? 
2.
Вегетативті жолмен көбеюдің қандай жолдары бар? 
3.
Телудің түрлерін атаңыз 
4.
Спорангийдің атқаратын қызметі не? 
5.
Жынысты көбеюдің қандай түрлері бар? 
6.
Жыныссыз көбею қалай жүзеге асады? 
5.2
Ұрпақ ауысу және ядро фазаларының алмасуы 
Көбеюдің жыныссыз және жынысты түрлері бірін бірі 
толықтырып отырады. Өйткені жыныссыз көбею кезінде түрдің саны 
артса, жынысты көбеюде ұрпақтың сапасы жақсарады. Сондықтан да 
өсімдік түрлерінің басым көпшілігіне ұрпақ ауысу тән, яғни жыныссыз 
ұрпақ жынысты ұрпақпен және керісінше ауысып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет