Морфологиясы


Жылбұрындардың даму циклі



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

Жылбұрындардың даму циклі.
Жылбұрын 

өзі аттас келген 
тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы споралы (архегонийлі) 
шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Мұны осы күні қырықбуын деп те 
жүрміз. Жылбұрынның жер астында бұтақтанып өсетін тамырсабағы 
болады. Одан жер бетіне бұтақтанып өсетін сабақтары шығады. 
Сабағының буынаралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Жасыл түсті 


86 
болатын сабағы мен өркендерінің эпидермис жасуша қабықшаларына 
кремнезем сіңіп қатайып кетеді де, оларға шытырлақтық
(инкрустация) 
қасиет береді.
Папоротник сияқты өсіп тұрған тұтас жылбұрын да 
спорофит болып табылады. Бұның өркендерінің ұшында айырықша 
болып өскен масақшалары болады. Олар шоқтанып орналасқан 
бірнеше ұсақ-ұсақ жапырақтардан 

спорофилдерден тұрады, оның 
пішіні алты бұрышы бар қалқанша тәрізденіп келген. Қалқаншаның 
сабаққа қараған төменгі жағында 8-15 шамасында қалталанып біткен 
бүртіктері болады, олар 

спорангий. Олардың археспорийлеріндегі 
жасушалар редукция жолымен бөлінгеннен кейін ядроларында гаплоид 
санды хромосомасы бар жасыл түсті домалақ көптеген споралар пайда 
болады. Әрбір спораның жасуша қабықшасы үш қабатты: оның сыртқы 
қабатынан гигроскопты қасиеті бар ширатылған таспа тәрізді екі 
өскінше жетіледі. Олар ауа ылғалды болса спораға жабысып қалады, ал 
құрғақ кезде спорадан ажырап, өрмекшінің аяқтары сияқтанып 
тармақтанады. Осы таспа сияқты бөлімімен құрғақ жеңіл түйіршіктерге 
жабысып, жел арқылы бір жерден екінші жерге барып түседі. Қолайлы 
ортаға түссе споралар өсіп, олардан өскінше пайда болады. Оның түсі 
жасыл, үстіңгі жағы тілімденіп, телімденіп кеткен, көлемі кіші. Әрбір 
телімдердің ұшында антеридий орналасады да, олардан көптеген 
сперматозоид пайда болады. Жылбұрынның аналық жыныс мүшесі 
архегоний папоротниктің архегонийіне өте ұқсас келеді де, өскіншенің 
көп қабатты бөлімінде жетіліп шығады. Ұрықтанған аналық жыныс 
жасушасынан жылбұрынның жыныссыз ұрпағы пайда болады.
Бұрын барлық жылбұрын өскіншелерін дара жынысты: ұсақтарын 
антеридий, ал ірілерін архегоний деген. Кейініректе жылбұрынның 
кейбір түрлерінің өскіншелері қос жынысты болып келетіні анықталды. 
Жылбұрын өскіншелерінің дара жынысты болып көрінетін себебі: 
олардың екеуі бір мезеттің ішінде бірдей жетілмеуі (архегоний 
бұрынырақ жетіледі), сонымен қатар олардың қоректену қарқыны да 
бірдей болмайды. 
Жылбұрынның папоротниктерден ерекшелігі 

(вегетативтік 
мүшелерін есептемеген кезде) жапырақтарына ұқсамайтындай болып 
спорофилдерінің айрықша жіктелуі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 
көбею эволюциясының бағыты: спорофилдерінің әрмен қарай өзара 
жіктелулері, 
жыныстарының 
морфологиялық 
белгілерінің 
өзгешеліктері, өскіншелерінің редукциялануы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет