Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

tetra 

 төрт
) және пентациклді (гр. 
penta

бес
) гүлдер деп атайды. 
Тетрациклді гүлдер жыланқияқтар, орхидейлер, қаражемістер, 
бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер тұқымдастарына тән. 
Пентациклді гүлдер лалагүлділер, амариллис, қалампыр, қазтамақ 


95 
тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі 
болуы мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда 
бес бөліктен, сирек төрт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр 
тұқымдастарында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп 
аналықтарда (магнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері серіппе тәрізді 
орналасады. 
Мұндай 
жағдайда 
әдетте 
гүл 
серіктерінің 
жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. 
Осыған байланысты серіппе тәрізді (ациклді) және циклді, гемициклді 
гүлдер деп ажыратады. Соңғысында гүл серіктері циклді, аталықтары 
мен аналықтары серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе 
тостағаншасы серіппе тәрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді 
(итмұрын). Осыған байланысты төмендегідей эволюциялық бағыт 
белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді, бес бөлімді 
пентациклді, бес бөлімді тетрациклді; ациклді гүл үш бөлімді 
полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. 
Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіндеп жүреді, тіпті сол 
циклді гүлдердің өзінде тығыздалған серіппені байқауға болады. 
Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл 
түсті тостаған жапырақшалар мен түрлі-түсті күлте жапырақшалар 
қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін 
құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан, жауыннан 
және күннің ыстық сәулесінен қорғайды. Кейде тостағаншасы бар, 
бірақ күлтесі жоқ, не керісінше, күлтесі ғана бар, тостағаншасы жоқ 
гүлдер кездеседі. Ондай гүлді жай гүлсерікті гүл деп атайды. Қос 
гүлсерікті
 
гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие 
ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды 
гүлсеріксіз гүлдер
 
дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі). 
Тостағанша өсімдік түріне қарай кейде өзара кірігіп кетсе, кейде 
бірнеше жеке жапырақшадан тұрады, олардың әрқайсысын тостағанша 
жапырақша деп атайды. Мұның түсі жасыл болады және ол гүлдің 
басқа бөліктеріне алғашқы кезде қорғаныш қызметін атқарады. Кейде 
тостағанша тек гүл шанағын ғана қорғайды, содан кейін ол түсіп 
қалады. Мысалы, көкнәрдің екі тостағанша жапырақшасы кейде 
жемістің жанында өседі де, пісу кезеңінде оған қорғаныш қызмет етеді. 
Ерінгүлділерде де осындай. Кейде тостағанша түрін өзгертіп, қанат 
тәрізденіп өседі де, жеміс тарату қызметін атқарады. Мысалы, 
күрделігүлділерде жемістің желмен таралуына айдарша түкті 
тостағанша (бақбақ, қойжелкек) әсер етеді. Кейде тостағаншаның күлте 
сияқты ашық түрлі түсті болып келуі де мүмкін. Мысалы, тікенекті 
ксерофит 
Acаntholimon
. Мұның тостағаншасы ақшыл, күлтесі қызғылт, 
өте әдемі көрінеді. Ал Түркменстан мен Кавказда кездесетін 
ерінгүлділер тұқымдасына жататын бұталы 
Hymenocrаter
өсімдігінің 
тостағаншасы қызыл, күлтесі күлгін болып келеді. Тостағанша 


96 
жапырақшалары жоғарғы жапырақтардан шыққан, оған дәлел олардың 
бір-біріне байланыстылығы және морфологиялық, анатомиялық 
құрылымының ұқсастығы. 
Тостағаншаның астында бір-біріне жамылғы тәрізді орналасқан 
үш жапырақты көреміз, олар да тостағанша жапырақшалары тәрізді, 
бірақ ірі. Бұл гүл серігінің екіншісі 

күлте. Күлтенің тостағаншадан 
айырмашылығы: желектері ірі, реңі өсімдік түріне қарай алуан түрлі, 
ашық түсті болып келеді. Күлте де тостағанша тәрізді, кейде кіріккен, 
кейде дара бөліктерден тұрады. Олардың әрқайсысын желек немесе 
күлтежапырақша деп атайды, бұлардың саны көбінесе сол өсімдіктің 
түрі үшін тұрақты болады. Кіріккен желекті күлтелердің кірігіп кеткен 
бөлігін түтік, ал оған перпендикуляр орналасқан енділеу бөлігін ернеу 
деп атайды. Түтіктің ернеуге өтетін жерін езу дейді. Кейде күлте ернеуі 
анық көрінбейді (қоңыраугүлділерде), онда күлте түтік пен 
тісшелерден тұрады. Тісшелердің саны күлтенің неше желектен 
тұратынын білдіреді.
Күлте ернеулерінде түрлі қабыршақтар қорғаныштық, ал күлте 
жапырақшасының қабыршақ, тісше, түтікше сияқты өскіндері 
(қалампыр) өзіне тозаңдатқыштарды тартатын қызмет атқарады. 
Күлтелерді түтіктерінің ұзындығына байланысты долихоморфты, 
мезоморфты және брахиморфты деп жіктейді (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет