Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет22/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
Силлабус Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және ұйымдастырылуы 2021-2022
Ральф Уолдо Эмерсон
Мақсатсыз ойынның мәні жоқ 
Ойлап көріңіз, сіз шахматты бірнеше беттен тұратын оқулықтан үйрендіңіз. 
Нәтижесінде сіз фигураларды алғашқы позицияға қоюды, жүріс жасауды, бәсекелестің 
фигураларын алып қоюды үйреніп, бірақ қалай аяқтауды немесе корольге қалай мат 
қоюды білмейсіз. Егер сіздің түпкі мақсатыңыз жоқ болса, флангтік епті тәсілдерді, 
нұсқалық есептеуді білгеніңізден не пайда? Ескі шахматтық мәтелде: 
«Жоқ болғанша, 
жаман жоспардың болғаны жақсы»
делінеді. Бұл әділеттілік емес, тапқырлық. Әрине 
жоспар керек, алайда ондағы әр шешім, әр қадам тиянақты болуы шарт. Қиын 
позициядағы майда-шүйделерді ескермеуден, сіз табысқа жете алмайсыз. 
Отыз жылдық мансабымда шахматта үлкен өзгерістер туындады. Бұрындары 
бәсекелесімнің стратегиясын зерттеу үшін кітаптар мен журналдарды парақтап, күн сайын 
отыру керек болатын, ал қазір олардың ойнаған партияларын бірнеше секундта-ақ 
компьютерден таба аламын. Егер бұрындары ойналған шахмат партиялары бір айдан соң 
журналдан көрсек, қазір онлайн режимінде, тікелей көре аламыз. Мықты гроссмейстердің 
көпшілігі, уақытқа қарамастан өздерінің болжамдарын стратегиялық жоспарларына 
негіздейді. Негізгі стратегия бар кезде позицияның сараптамасы тез әрі тиімді болады. Ал 
егер сіз жоспарсыз ойнасаңыз, онда шешімдеріңіз спонтанды болмақ. Бір позициядан 
екіншісіне ауысу арқылы, сіз тек уақытты кетіресіз, түпкі мақсатқа жету жайына қалады. 
Өзіңіздің стратегияңызға көшу үшін, алдымен оны құрастыру керек. 
Осы шақта қабылданған, болашақтаң шешімі 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
Гроссмейстер анықталған мақсатқа мыңдаған нұсқаларды емес, он-он бес қадам 
жасау арқылы жеткісі келеді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалап, мақсат қойып, қадам-
қадаммен осы мақсатқа ұмтылады. Аралық мақсаттар өте маңызды – ол біздің 
стратегиямыздың жүзеге асуына алдын-ала жағдай жасайды. Онсыз біз үйді шатырынан 
бастап салып жатқанымыздай болып көрінеді. Біздің стратегимыз үшін қандай жағдайлар 
жақсы? Біз қандай амалды орындауымыз керек? Позицияда нені және қалай өзгерту 
керек? Менің интуициям және позицияға жалпы бағам арқылы мен табысқа жету үшін 
аралық мақсатты іздеймін. Мысалы, дұшпан королін алып қою үшін оның қорғанысының 
негізгі фигураларын әлсірету керекпін. Алдымен мен негізгі мақсатқа қандай қадамдар 
жасау керектігін түсініп, сосын шабуылды күшейтетін нақты іс-әрекеттерді 
жоспарлаймын. Онсыз менің жоспарым бірбеткей болып, табысқа жету мүмкіндігім азаяр 
еді. Бәсекелестің өрескел қатесіне сүйеніп, жеңіске ұмтылуға болмайды: бұл тек шахматта 
ғана емес, өмірде де жеңіліске кепілдік беретін стратегия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет