Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза



Дата28.02.2020
өлшемі21,82 Kb.
#59229
Байланысты:
Ағзаның жүйесі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ағзаның жүйесі: жүрек-қантамырлары, тыныс алу, сүйек-бұлшық ет, жүйке, асқорыту



Орындаған: Лукпанова Д.Д.

ИЗО-901 тобы

Тексерген: Мохир А.А.

Семей қаласы

2019 жыл

Мүшелер мен мүшелер жүйесі

Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы,кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшық ет ұлпасы - өңеш, ішектер, қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы – ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.

Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен-бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жуйесі дейді.

Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне-бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәр-жыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.

Адам ағзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі:

1. Эндокриндік жүйе - арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар аркылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.

2. Жүйке жүйесі - барлык мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.



3. Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі оған жауап қайтарады.

4. Тірек-қимыл жүйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.

5. Жүрек-қантамырлар жүйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.

6. Тыныс алу жүйесі тыныс алу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.

7. Асқорыту жүйесі - ағзада тағамның ішекте қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.



8. Зәршығару жүйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.

9. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.



Ағзаның біртұтатығы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтың барлық мүшелер жүйесі бірімен-бірі тығыз байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен-бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке-гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен-бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза - біртутас тіршілік иесі деп аталады.

Қан тамырлары


Сүткоректілердің жүрегі өзара тек қан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін «қан айналудың кіші шеңбері» деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін «үлкен қан айналу шеңбері» деп атайды.

''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері — жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа — вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.

Жүректің құрылысы


Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы — миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.

  1. Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.

  2. Миокард — жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.

  3. Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына — педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.

Баканың жүрісінің жұмысын графикалық тіркеу.

Жүректің қызметі


Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босаңсуын — диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе Жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады.

Жүректің жұмысы


Адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет соғып, жүрек циклі 0,9-0,8 сек. созылады, онын 0,1 секундында жүрекше жиырылады, 0,3-0,4 сек. карынша жиырылады, 0,4-0,5 сек. қарынша мен жүрекшенің босаңсуы мен үзіліс (пауза) болады. Жүрек циклына арналған уақыттың жартысы жиырылуға, ал калған жартысы босаңсу мен үзіліске кетеді. Сондықтан жүрек әрбір циклде жүмыс істеп те, дем алып та үлгереді. Сол себептен жүрек өмір бойы талмай-шаршамай қызмет етеді.

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы


Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат.-ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфералық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудың екі түрі бар:

  • қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;

  • диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

Қимыл –қозғалыс-бұл өмір Шынында да,адам о бастан қимылға бейімделген ,бәлікім табиғат солайшешкенболар. Біз сондықтан жүреміз ,жүгіреміз ,секіреміз,жүземіз ,күнде мыңдаған әр түрлі қимыл жасап ,еңкейіп тік жүреміз Мұның барлығын сүйек-бұлшықет жүйесі немесе тірек –қимыл апаратты қамтамасыз етеді . Барлық тірі ағзаларға тән қасиет –қимыл қозғалыс . Қимыл –қозғалыс дененің өсіп , дамуына әсер етеді .Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы зор .

Қимыл-қозғалыссыз адамның еңбек етуі мүмкін емес .Дененің қимыл –қозғалысы сүйектерге бекінген бұлшық еттердің жиырылып –созылуына байланысты . Тірек –қимыл жүйесі денеге тяныш болып, оны қимыл-қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды . Қаңқа және бұлшықет адамның тірек құрылымы мен қимыл –қозғалыс мүшелері болып табылады .Бұлардан құралған тірек –қимыл жүйесі адамның тік жүріп , түрлі еңбектермен шұғылдануына мүмкіндік туғызады . Адамның иық белдеулерінің эволюция тұрғысында дамуы ,олардың жүруге қатыспауы ,оның есесіне дене еңбегі түрлерінің дамуы,ой еңбегінің өрлеуіне үлкен қозғалтқыш күш болып ,әсерін тигізеді .Тірек-қимыл жүйесі бұдан басқа тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады .Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан минералды алмасуға қатысады .Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын қалталары арқылыбайланысқан жеке сүйектерден тұрады Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні ,мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді . Ұзын сүйектеге қол –аяқты құрайтын жіліктер жатады .Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.Қысқа сүйектерге –омыртқа ,алақан,табан ,саусақ сүйектері жатады .Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әртүрлі. Жауырын , бас сүйектері , қабырға ,төс , жамбас сүйектері-жалпақ сүйектер .Сүйектердің байланысы. Сүйектің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар төмпешіктер ,қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар қозғалмайтын ,жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді. Қозғалмйтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан . Жартылай қозғалмалы-шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан .Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады . Буындар адам денесінде 230-дан астам буындар бар .Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады .Әрбір буының сырты тығыз дәнекер ұлпадантүзілген қабықпен қапталған .Оны буын қапшығы дейді .Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп ,сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді .


Сонымен буында буын беті,буын қуысы ,буын сұйықтығы және қапшығы болады .Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр ,тегіс шеміршекпен қапталған . Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып ,оқыс соққыны әлсіретеді .

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. Digestoria — асқорыту) – адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өңдеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Қолданылған әдебиеттер:

kk.wikipedia.org

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет