Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген жұмыстарын балаларға көрсетіп, талдау. Қорытындылау.
29-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ыдыстар.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ұжымдық жұмысқа баулу, бір-бірімен келісімге келу дағдыларын қалыптастыру; өздерінің қалыптасқан іскерлік дағдыларын жаңа затты мүсіндеуде пайдалану; қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту; ұлттық өрнектерді тұрмыстық заттар ауқымында дұрыс орналастыра білу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Қазақтың ұлттық ыдыстары немесе фотосуреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: ермексаз, жұмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балалармен бірге «Дастарқан» әнін тыңдау, әннің мағынасын түсіндіру, қазақтың дастарқаны туралы балалардың білімдерін толықтыру.Суреттерді көрсете отырып, дөңгелек үстел үстіндегі ұлттық ыдыстарды көрсетіп, аттарын атап таныстырады. Ыдыс-аяқтардың адам денсаулығына зиян келтірмес үшін, пайдалы материал- дардан жасалатынын түсіндіріп, айту. Қазақ халқының тұрмыс-тіршіліине қолдануға ыңғайлы, сәнді етіп жасалған ыдыс түрлерімен таныстырады. Ыдыстар ағаштан, теріден, қыштан жасалатындығы туралы мәліметтер беріледі. Оны шеберлер жасайтынын атап өтіп, сол шеберлер тәрізді бүгін ыдыстарды мүсіндейтіндіктерін айту.
2.Түсіндіру: Кесе жасау үшін: Бір кесек ақ және жарты кесек басқа түсті ермексазды жұмсартып аламыз. Ақ ермексаздың кішкене бөлігін домалақтап алып, алақанымызға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің түбін жасап алу.Ақ ермексаздан орташа қалыңдықтағы ширатпалар, ал түсті ермексаздан жіңішке ширатпалар дайындау. Ыдыстың түбінен бастап, ақ ермексаздан жасалған ширатпаны кесенің пішініне келтіре айналдыра орап, біріктіру.Саусақпен пиаланың сыртқы тегіс емес жерлерін тегістеу.
Достарыңызбен бөлісу: |