Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға ермексаздан ширату әдісін қолдану арқылы ұлттық ою-өрнектерді жеңіл түрдегі бедермен орындауға үйрету; қазақтың ою-өрнектерінің элементтерімен таныстыру; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; ою-өрнектегі түс үйлесімділігін сезінуге, әсемдікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Қазақтың сәндік - қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық ою-өрнектер үлгілері, ермексаз, тақтайша , таяқша.
балалар үшін: ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балаларға қазақ халқының күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымдарының үлгісін көрсетіп„ олардың ою-өрнектеріне көңілдерін аударады.
Балалар қандай ою-өрнектерді көріп отырсыңдар?
Қошқар мүйіз, қызғалдақ, құсқанаты (балалар білетін ұлттық ою-өрнектерінің атын айтады).
Бұл өрнектер неге ұқсайды?
Құстардың қанатына, гүлге, малдың мүйізіне (жауаптарды тыңдау, түзету).
2.Түсіндіру: балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде осындай ұлттық оюларды ермексаздан ширату тәсілін пайдаланып, бедерлейтіндерін айту. Бұл сабақ екі сағатқа есептелген, сондықтан бедерлеп мүсіндеудің бірінші кезеңі қалай орындалатынын көрсете отырып түсіндіру.
3.Өзіндік жұмыс:Ақ және қоңыр түсті ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
Ермексаздың үлкен кесегін алдымен домалақтап алып, содан соң алақанға салып жалпақтаймыз, содан кейін тақтайшаға жапсырып, ою-өрнек салынатын негізгі өң бетін дайындап аламыз.
Саусағымыздың көмегімен ермексазды тегістейміз.
Өң бетіне тіс шұқығыш таяқшамен оюдың үлгісін сызып саламыз.
Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні басшылыққа ала отырып, жұмыстың алғашқы кезеңін орындайды.
4. Қорыту:Сабақ соңында балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, бедерлеп мүсіндеу жұмысы келесі сабақта жалғасатындығын айту.
12-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |