Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)
Тақырыбы: «Мен, менің достарым жануарларым» Мақсаты: 1. Білімділік: Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы) туралы әңгімелеу. 2. Дамытушылық: Туған өлкенің жануарларын қорғау. Сөздік қорларын молайту. Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Жануарларды қамқорлыққа алу сезімдерін тәрбиелеу. Көрнекілік: Жануарлардың суреттері, муляждары.
Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мейірімділік. Қостілділік компоненті: Жануарлар –животные.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушы
|
06-04-«Б». №22 «Әдепті сөздер»
Ғажайып сәті:
Тәрбиеші: - балаларға, сиқырлы дорбаны көрсетеді.
Дорбада жануарлардың муляждары жатыр екен.
Балалар, бұл не заттар?
|
Балалар жартылай шеңберге тұрады.
Сен әдептісің.
Сен мейірімдісің.
Сен қамқорсың.
Сен ақкөңілсің.
Сен шыншылсың.
Балалар назарларын дорбаға аударады.
Балалар оның жануарлар екенін айтады.
|
Іздену-барлау
|
Оқу іс –әрекетін жабайы аңдар туралы суреттерді көрсетуден бастау.
Балалар, сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
Мынау қандай аңның суреті? Аю туралы кім тақпақ біледі.
Неге біз оларды жабайы жануарлар деп атаймыз?
Тәрбиеші, балаларға жабайы аңдар туралы қысқаша әңгімелеп береді.
Ақ аю мен қоңыр аюды көрсетеді.
Ақ аю немен қоректенеді екен?
Қоңыр аю немен қоректенеді?
Қыс мезгілі келгенде аюлар не істейді?
Біз жануарлар жайлы көп мәліметтер алдық. Енді әркім өзіне ұнайтын жануардың мүсінін жасасын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |