Мүсіндеудің мақсаты



бет7/42
Дата06.02.2022
өлшемі475 Kb.
#79205
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Вариативтік компонент шебер қолдар

Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)
Тақырыбы: «Тақырып: «Жүзік»
Мақсаты: Білімділік: Балаларға зергерлік өнер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын бейнелі дұрыс жеткізе білу іскерліктерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрлерін және үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зергерлік бұйымдар, алқа, білезік, жүзік
Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: Зергер, шебер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.
Қостілділік компоненті: Жүзік-кольцо.

Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс - әрекеті



Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш: 06-04-«Б» №18

Балалар, жылдың неше мезгілі бар? Аптаның неше күні бар?


Балалар, біздер өткен іс-әрекетімізде нені мүсіндедік? Қане, бәріміз есімізге түсірейік. Нені мүсіндедік? Ал енді бүгін біздер жүзікті мүсіндейік және оны бояумен бояйық. Сонда мүсіндеген жүзігімізді әжемізге сыйлаймыз. Ал, мына жерде зергерлер бұйымы көп екен,сендер нені көріп тұрсыңдар? Бұны кімдер тағады?

Бұл жерді не деп атаймыз?


Дүкендегі заттарды кімдер сатады?

Балалар, сендерге не ұнады?





Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

Жылда 4 мезгіл бар.


Аптада 7 күн бар.

Доптың бейнесін.


Алқа, білезік, сырға, сақина өте көп екен.


Әжелер, тәтелер, апалар, тағады
Зергерлік дүкені деп атаймыз. Сатушы сатады. Ал,біздер сатып алушылармыз.
Жүзіктің ұнағанын айтады.

Іздену барлау

Алдымен, сендер қалай жасалу жолдарын түсініп алыңдар, әуелі қамырымызды жақсылап араластырып оны тұзға былғаймыз, сонда тұзға былғанған қамырымыз дайын болады. Енді одан жүзікті мүсіндейік, алақанымызды арасына салып жұмсартып алып, оны ұзынша етіп аламыз. Соны екі саусағымыздың ұшымен екеуін біріктіреміз. Сонда жүзігімізді мүсіндедік. Енді өзіміздің қалаған бояуымызбен бояймыз. Боямас бұрын қылқаламның ұшымен жұқалап бояймыз. Боялған соң қылқаламның ұшын жуып қоямыз, ал қолымызды шүберекпен сүртеміз.
Сергіту сәті:

Балалар тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.


Тәрбиешіге қарап жүзікті мүсіндеуге кіріседі.

Оңға-оңға түзеу тұр Солға-солға түзеу тұр, Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Жоғары төмен қарайық


Орнымызды табайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет