Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
|
- Балалар, бізде бүгін ерекше күн.
- Біз оқыту іс-әрекетімізді шаттық шеңберінен бастайық.
Ия балалар, әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық.
-деп оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Бүгін аптаның нешінші күні?
Жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Айларын атаңдар.
Күз мезгілі екенін қалай білеміз?
-Дұрыс айттыңдар.
-Балалар, біз күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?
Қанекей кім айтады?
-Ғажайып сәт:
Көңілді әуенмен, күз кіреді.
Сары жібек көйлегімді
желбіретіп,
Жапырағын ағаштың
селбіретіп.
Тойға бөлеп елімді
«Күз» боп келдім
Нұр тамшысын аспанның
мөлдіретіп.
Балалар, біз де күзге тақпақ айтып берейік.
-Рахмет балалар!
- Мен сендерге ойын алып келдім.
- Жарайсыңдар балалар!
Дәмін татып қай жеміс екенін тез және тура таптыңдар.
Сергіту жаттығуы.
Ойын: «Ғажайып қоржын».
мақсаты: қоржыннан алған жеміс-көкөністерді атау.
Алма – домалақ, түсі қызыл, сары, жасыл, дәмі тәтті.
Қияр – сопақша, түсі жасыл.
Сәбіз – түсі қызыл-сары, өте дәмді.
Анар – домалақ, дәмі қышқыл-тәтті.
Барлық көкөніс пен жемістер дәруменге бай.
Алма мен қиярдың мүсінін жасалу тәсілін балаларға көрсетіп,оларды екі орталыққа бөлу:
I – Жемістер орталығы.
мақсаты: алманың мүсінін алақан арасында тұзды қамырды есіп жасау.
II – Көкөністер орталығы.
мақсаты: қиярдың мүсінін алақан арасында тұзды қамырдан жасау.
Қонаққа кім келді?
Қандай жеміс пен көкөністің мүсінін жасадық?
Ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінберілген тақырыпта сұрақ-жауап арқылы қортындылау, балаларды мақтау.
|
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Ал қанекей бәріміз!
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме Апайлар!!!
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша!
Балалар сұрақтарға толық және нақты жауап береді.
Ағаштардан сары, қызыл, қоңыр жапырақтар ұшып жерге түседі.
Ауа-райы суық болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жылы киінеміз
Жантөре:
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Аружан:
Түсіп жатыр аулада
Ағаштардан жапырақ.
Алтын күзім келді ма?
Сарғайыпты жапырақ.
Жомарт күз
Жемісті мол теретін
«Күз» дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен «Күз» деген!
Ойын: «Дәміне қарай тап!»
Орнымыздан тұрамыз,
Бау-бақшаға барамыз.
Алма теріп аламыз,
Жүзім теріп аламыз.
Сәбіз, қияр тереміз,
Бәрін себетке саламыз,
Тобымызға келеміз,
Қолымызды жуамыз.
Орнымызды табамыз.
Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.
Алма,қияр,сәбіз, анар.
«Шебер қолдар» тақырыбында балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Күз келді!
Алма, қияр.
Балалар өзінің іс-әрекетін әңгімелейді, мүсіндеген жұмысына баға береді.
|