М.Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет37/88
Дата22.02.2022
өлшемі264,27 Kb.
#132821
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   88

№24дәріс


Дәріс тақырыбы: Қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер

Дәріс мазмұны:


  1. Санды бірнеше бірлікке арттыру және кеміту

  2. Сандарды айырмалық салыстыру

  3. Санды бірнеше есе арттыру және кеміту

  4. Сандарды еселік салыстыру




  1. Санды бірнеше бірлікке арттыру (тура түрі):

«Серік бірінші күні 2 кітап, ал екінші күні одан 3 кітап артық кітап түптеді. Серік екінші күні неше кітап түптеді?»

- 2 кт. 3 + 2 = 5 (кт.)


II - ?, 3-еуі артық Жауабы: екінші күні 5 кітап.



  1. Санды бірнеше бірлікке кеміту (тура түрі):

«Бірінші үйде 8 тұрғын, ал екінші үйде 3 - еуі кем тұрғын бар. Екінші үйде неше тұрғын бар?»

I - 8 т. 8 - 3 = 5 (т.)


II — ?,3 - еуі кем Жауабы: екінші үйде 5 тұрғын бар.



  1. Сандарды айырмалық салыстыру:

  1. "нешеуі артық": «Бір бумада 10 дәптер, ал екіншісінде - 6 дәптер бар. Бірінші бумада екіншіге қарағанда неше дәптер артық?»

I -10 д. ↑ ? артық 10 - 6 = 4 (д.)


II – 6 д. Жауабы : 4 дәптер артық.

  1. «нешеуі кем»: «Бір үйде 10 аптада, ал екіншісін 8 аптада салды. Екінші үйді салуға неше апта кем жұмсалды?»

I – 10 а. 10 - 8 = 2 (а.)


II – 8 а. ↓ ? кем Жауабы: 2 апта кем.



  1. Санды бірнеше бірлікке арттыру (жанама түрі):

« Бір қорапта 10 қарындаш, екіншісіне қарағанда оның 3 - еуі кем. Екінші қорапта неше қарындаш бар?»

I - 10 қ., оның 3-еуі кем 10 + 3 = 13 (қ.)


II - ? қ. Жауабы: екінші қорапта 13 қарындаш бар.



    1. Санды бірнеше бірлікке кеміту (жанама түрі)

«Бірінші автотұрақта 7 машина бар, оның екіншідегіден 2-еуі артық. Екінші автотұрақта неше машина бар?»



  1. - 7 м., оның 2-еуі артық 7 - 2 = 5 (м.)

  2. - ?(м.) Жауабы: екінші автотұрақта 5 машина бар.




    1. Санды бірнеше есе арттыру (тура түрі):

« Омардың 4 қарындашы бар, ал Арманның қарындашы одан 2 есе артық. Арманның қарындашы нешеу?»

О. - 4 қ. 4∙2 = 8 (қ.)


А - ?, 2 есе артық Жауабы: 8 қарындаш



    1. Санды бірнеше есе кеміту (тура түрі.):

«Туристер бірінші күні 20км, ал екінші күні 2 есе кем жүрді. Туристер екінші күні неше км жол жүрді ?»
I - 20 км 20 : 2 = 10 (км)
II - ?, 2 есе кем Жауабы: 10 километр

8 Сандарды еселік салыстыру:



  1. «Неше есе артық?»: Қыз балалар 15 жалауша, ал ұл балалар 5 жалауша жасады. Қыз балалар неше есе артық жалауша жасады?

Қ. - 15 ж. ↑ ? есе артық 15 : 5 = 3 (есе)


Ұ. - 5 ж. Жауабы: 3 есе артық



  1. «неше есе кем?»: «Ағасы 20 жаста, ал қарындасы 10 жаста. Қарындасының жасы неше есе кем?» А. — 20 ж. 20 : 10 = 2 (есе)

Қ. — 10 ж. ↓ ? есе кем Жауабы: 2 есе кем



  1. Санды бірнеше есе арттыру (жанама түрі):

«Бір метр сәтен 90 тг, ол бір метр жібектен 3 есе арзан. бір метр жібек неше теңге тұрады ?» С. - 90 тг , 3 есе арзан 90 ∙ 3 = 270 (тг)
Ж. - ? (тг) Жауабы: 270 теңге.



  1. Санды бірнеше есе кеміту (жанама түрі):

«Альбом 96 теңге тұрады, ол дәптерден 8 есе артық. Дәптер неше теңге тұрады?»

А. - 96 тг , бұл 8 есе артық 96 : 8 = 12 (тг)


Д. - ? (тг) Жауабы: 12 теңге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет