Пән аралық байланыс: география, экология, химия
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ кезеңдері:
І. Ой толғау
ІІ. Өзіндік жұмыс
ІІІ. Жеке оқушыларға бағытталған сұрақтар (проблемалық, логикалық)
ІY. Интерактивті тактадағы тапсырмаларды орындау
Y. Тест тапсырмасы
І. Ой толғау.
1. Оқушылардың дүниетанымдарын ашу үшін нақты ой тастау. (флипчарт 1)
Өмірдің өкінбейтін бар айласы,
Ол айла - қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос - сол шарасы.
(Шәкәрім Құдайбердиев)
Бұл адамның жеке ерекшелігі. Өсімдіктердің табиғаттағы (ғаламшардағы) орны мен маңызы.
ІІ. Өзіндік жұмыс
Таратпа материалдар (1-4 тапсырма) (флипчарт 5-8)
Оқушылардың жалпы алған білімдерін анықтау. (Тексеріліп бағасы журналға қойылады.)
1. Төменде берілген белгіге сәйкес, өсімдіктің әр түріне сандық және әріптік белгілеуді қолданып, кестені толтырыңыз (флипчарт-5)
Өсімдік түрі
|
тұқымдасы
|
Гүл формуласы
|
жемісі
|
өмірлік қалпы
|
Шаруашылық маңызы
|
итмұрын
|
R
|
7
|
8
|
A
|
J
|
Бұршақ тұқымдас
|
Т
|
8
|
6
|
Д
|
D. N. Ж, Н
|
мақта
|
S
|
6
|
2
|
A,Д
|
H
|
Асқабақ
|
L
|
3
|
4
|
A
|
D. N. Ж, Н
|
Жабайы шомыр
|
W
|
1
|
1
|
A
|
Z
|
Жабайы көкнәр
|
P
|
2
|
2
|
А
|
U
|
алхоры
|
R
|
5
|
7
|
С
|
Н
|
Ақ алабота
|
F
|
4
|
5
|
А
|
J
|
Қызанақ
|
И
|
10
|
10
|
А
|
Н
|
Сәлбен
|
С
|
9
|
11
|
А
|
И, Ж
|
Бақбақ
|
А
|
11
|
9
|
А
|
|
Белгілері:
І. Тұқымдастары: ІІ. Гүл формуласы ІІІ. Жемісі
R – раушангүлділер 1. Т2+2К4А2+4 Ж (2) 1. бұршаққын
F – алабота 2. Т2К2+2А∞Ж∞. 2. қауашақ
W – шаршыгүлділер 3. Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0 3. дәнек
P – көкнәр 4. Т4А4Ж1 4. қабақ
L – асқабақ 5. Т(5)К5А 20 Ж1 5. құрғақ
T – Бұршақтұқымдастар 6. Т3+(5)К5А(∞)Ж(∞) 6. бұршаққап
S – құлқайыргүлділер 7. Т(5)К5А ∞Ж∞ 7. жидек
И- алқа тұқымдастар 8. Т(5) К3+(2) А(9)+1Ж1 8. көп жаңғақшалы
С – ерінгүлділер 9. Т(5)К(2+3)А2Ж(2) 9. айдарлы, айдарсыз тұқымша
А – күрделігүлділер 10. Т(5)К (5)А5Ж(2) 10.жидек
11. Т0К(5)А(5)Ж(2) 11. жаңғақша
ІY. Өмірлік қалпы Y. Шаруашылық маңызы
А – шөптер Z – көкөністік
В – бұталар D - мал азықтық
С – ағаштар J – арамшөп
Д – шала бұталы H - азықтық
Е - N – сәндік
Ж – дәрілік
U - улы
2. Гүлдің диаграммасын талдап, формуласын жазыңдар. (флипчарт-6)
3. Төмендегі берілген гүлдердің формуласын жазыңдар. (флипчарт-7)
1. Мақта гүлінің формуласы
Дұрысгүл, қосжынысты тостағанша жапырақшасы 8 оның 3 бірікпеген, ал 5 біріккен екі шеңбер құрып орналасады, күлте жапырақшасы 5 , аталығы шексіз біріккен, аналығы шексіз біріккен.
2. Картоп гүлінің формуласы
Дұрысгүл, қосжынысты, тостағанша мен күлте жапырақшасы 5 біріккен, аталығы 5, аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.
3. Итмұрын гүлінің формуласы
Дұрысгүл, қосжынысты, тостағанша мен күлте жапырақшасы 5, аталық пен аналығы көп (шексіз)
4. Төменде берілген қосжарнақты өсімдіктің:
Бірнеше өсімдік түрлері беріледі. (флипчарт-8)
- тұқымдасы
- түрі
- жемісі
- формуласы
ІІІ.
1. Жеке оқушыларға бағытталған сұрақтар (проблемалық, логикалық)
Алдын ала жеке үлестірме карточкалар беріледі.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау. (флипчарт 10-11)
1. Картоп түйнегінен екі цилиндр кесіп алынды (Ц1 және Ц2). Бір сағатқа бірінші цилиндрді (Ц1) дистильденген суға, екінші цилиндрді (Ц2) картоп шырынының концентрациясына сәйкес келетін тұзды суға батырып қойды. Бір сағат өткеннен кейін цилиндрлердің көлемі бастапқы мөлшеріне сәйкес келе ме?
А) Ц1- сәйкес келмейді, Ц2 – сәйкес келеді;
Ә) Ц1- сәйкес келмейді, Ц2 – сәйкес келмейді;
Б) Ц1- сәйкес келеді, Ц2 – сәйкес келеді;
В) Ц1- сәйкес келеді, Ц2 – сәйкес келмейді;
2.Неліктен қылқан жапырақтыларға (ашық тұқымдылар) қарағанда жалпақ жапырақты ағаштарды (әлсіреген немесе зиянкестер зақымдаған) паразит-саңырауқұлақтар жиі қоныстайды?
3. Жануарлар тәрізді өсімдіктер де ағзаға қажетсіз заттарды сыртқа шығарады, өсімдіктер ағзасынан қандай заттар және қалай шығарылады?
4. Әр түрге жататын кейбір өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары түкті болып келеді. Олардың атқаратын қызметі қандай?
5. Жылыжайлардағы қызанақтың өсіп кеткен жапырақтары мен сабақтарының біразын азайтып, қырқып тастайды. Мұны, әсіресе жаздың соңында жиі қайталайды. Өсімдікке жарақат салатын болса да, бұл әрекет қандай мақсатта жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |