Флипчарт – 13.
Y. Білім деңгейлерін қорытындылау тест (интерактивті тақтада)
Оқушы зеректілігі, жылдамдылығы, тарауды қаншалықты меңгергендігі анықталады.
Қосымша тапсырмалар:
1 - тапсырма.
Жабайы араның бір ұясында орта есеппен 100 жұмысшы аралар болады. Олар нәр жинау үшін күніне 20 реттен ұшып шығады. Әр шыққанда бір ара шамамен 240 гүлге қонады. Сонда бір ұядағы жабайы аралар бір айда қаншама гүлді тозаңдандырады?
2 – тапсырма.
Бір жұмысшы бал арасы бір минутта 12 гүлге, ал бір күнде 7200 гүлге қонатыны анықталған. Бал арасының бір омартасында 50 000 – дай жұмысшы аралар болады. Бір тәулікте осындай бір омартадағы бал аралары қаншама гүлді тозаңдандырады?
ІІ. Қорытындылау
ІІІ. Бекіту
ІY. Бағалау
Y. Үйге тапсырмалар беру. Қосжарнақтыларға жататын өсімдіктер тарауын
қайталау.§ 24-29. 94-125 бет
"Табиғат - біздің ортақ үйіміз " шағын ЭССЕ жазып келу. 12-15 сөйлем.
Мереке орта мектебі
Ас қорыту жүйесі
Химия-биология пәнінің мұғалімі , І санатты
Муслимова Жанылкан Бердикожаевна
Сыныбы: 8
Пәні: биология
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
а) Білімділік: Оқушыларға ас қорыту жүйесінің құрылысы, атқаратын қызметтері және өзіндік ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылырадың сабаққа ынтасын арттыра отырып, ойлау, қабылдау, зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік: Адамгершілік,ғылыми көзқарас, дүниетанымын қалыптастыру.
Типі: Пысықтау, тереңдету, біліктілікті арттыру
Түрі: Бағыттау,зейін аудару,белсендіру
Әдістері: Сатылай кешенді талдау.
Пайдаланатын құралдар:кеспе қағаздар,мақал-мәтелдер,газет материалдары, флипчартты қолдану.
Сабақ барысы:
Байлық байлық емес, денсаулық- байлық
Денсаулық- зор байлық.
Денсаулық кепілі- тазалық.
Жаның сау болса, сорлымын деме,
Тәнің сау болса , жарлымын деме.
Тазалық – денсуалық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Тәні саудың - жаны сау
Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады.
Ауру қалса да әдет қалмайды.
Ауырып ем іздегенше
Ауырмаудың жолын ізде.
Ас – адамның арқауы.
Денсуалық ауадан аумайды,
Барында кім оны ойлайды.
Денсаулықты қорғайықшы,қорғайық
Әдептен біз озбайықшы,озбайық!
Табиғатты қорғап жүріп бәріміз,
2030-ға Сыйлық етіп жолдайық
Талдау
Қоректік заттар дегеніміз не? Оны қайдан аламыз?
Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм сезіледі?
Дәлелдеу
Суретте берілген мүшелерді анықтап жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |