«Музықалық аспаптар» пцк-сы


Баланың есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері



бет12/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kursovoi
сик 14 такырып (2), 2 5237728341347274060, ГК 3 токсан
3.2. Баланың есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері
Ән салу — дыбыс жасаудың күрделі процесі, онда есту мен дауысты үйлестіру, яғни ән айту интонациясы (дыбысты дәл шығару) мен есту, дене тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте маңызды орын алады. Музыка үнін есіне алғанда адамның жай толқып қана қоймай, сонымен қатар әрқашан да сезім дүниесіне күш түсіріп, сол үнді «іштей» әндететінін атап керсете отырып, орыс физиологы И. М. Сеченов бұған қоса баланың дыбысқа инстинкті еліктегіш келетінін айтқан. Ол былай деген: «Санаға айқын жатталған дыбыс немесе дыбыстар тобы бала үшін өлшем сияқты қызмет етеді, ол өз үнін осы өлшемге шамаластырады және онымен әбден ұқсастырғанға дейін тағат таппайды».
Балалар ересек адамдардың сөйлеу және ән салу интонациясына еліктейді, малдың, құстардың даусын айнытпай салуға тырысады. Мұндайда есту қабілеті дыбыстың дұрыс, бұрыс еместігін аңғартады.
Есту мен дауыстың өзара байланыстылығын көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Балалар даусының табиғатын зерттеуші доктор Е. И. Алмазов дамыған есту қабілетінің дұрыс және дауыс интонациясы үшін айрықша маңыздылығын атап көрсетеді. Балалардың ән салудағы кемшіліктерін талдай келіп, оның себептерін (есту. мүкістігі, тамағы кесел, есту мен дауыс арасында байланыстың, жоқтығы) атайды және бұл кеселдерді дәрігер дер кезінде қарап емдеуі қажет дейді.
Егер оқыту дұрыс жолға қойылса, есту қабілеті қалыпқа келеді. Балалар бақшасындағы кіші топтарда балалардың назары әуенді дәл қайталауға: екі -үш нота негізінде жазылған қарапайым, шағын қайырмалар мен әндер айтуға аударылады. Тәрбиешінің әсерлі дұрыс орындаған әні мен дыбысы жүйеге келтірілген аспап үні әрқашан да үлгі бола алады. Бала тыңдайды, сонан соң жеке дауыстық интонацияға «ілескендей» болып, ересек адаммен бірге қосылып ән айтады. Бірте-бірте есту қабілеті тиянақтанады да, соның нәтижесінде лад — биіктігін есту қабілеті дамиды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалар әуендік естуді дамытатын үздіксіз жаттығулардың барысында қалыптасатын кейбір алғашқы биік дыбыс пен ырғақ жөніндегі түсініктермен танысады, әуеннің биіктеп — төмендеуін анықтайды, биіктігі, ұзақтығы әр түрлі дыбыстарды салыстырады, ннтервалдарды, шағын әндерді айтады. Баланың есту қабілетін үннің дұрыс шығуын үнемі бақылайды.
Балалардың мектеп жасына дейінгі шағында олардың дыбыс аппараты әлі қалыптасып бітпейді (желбезектері нәзік, таңдай қимылы шамалы, тынысы әлсіз, үстірт) және организмнің жалпы нығаюы мен жеке дауыстық бұлшық ет дейтіннің» жетілуімен қатар нығаяды.
Дауыс желбезектері толық қабыспайтындықтан және олардың тек жиектері ғана тербеліске түсетіндіктен ән үні ашық шықпай мүкіс естіледі де, мұқият болуды қажет етеді.
Бала даусын қорғау ән айтуға үйретудің дұрыс жолға қойылуын қажет етеді. Бұған балалардың жасына сай келетіндей музыкалық материалды, яғни репертуарды ойластырып, іріктеп алудың көмегі көп.
Бала даусының естілу диапазонын зерттеу репертуардық дұрыс іріктелуіне көмектеседі Ән айту диапазоны дегеніміз — дауыс жақсы естілетін ең төменгі және ең биік дыбысқа дейінгі интервалмен (аралық) айқындалатын дыбыстар көлемі.
Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Н. Д. Орлова жұмыс істейтін диапазон деп аталатын «дыбыс шығаратын аймақты» (бірінші октавадағы ми-си дыбыстары шеңберінде) анықтады.
Е. И. Алмазов, Н. А. Метлов, Н. А. Ветлугина, А. Д. Войнова, Р. Т. Зинич, А. И. Катинене және басқалар көптеген балалардың бірінші октавадағы ре-си шамасында биігірек дыбыстарды айта алатындығына қарамастан, дәл осы шамада балалар даусының еркін, табиғи шығатынын айтып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет