«Музықалық аспаптар» пцк-сы



бет13/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kursovoi

3.3. Программалық талаптар
Ән салуға үйретудің міндеттері. Программаның негізгі талабы — баланың өзіне түсінікті, қызықты жекіл әндерді шын пейілімен әсерлі орындауға үйрету.
Ән салудың көркемдік-педагогикалық маңызы мынада: ол музыкалық образдардың мазмұнын балалардың дұрыс түсінуіне, қажетті дағдыларға қалыптасып, әнді еркін, табиғи орындау үстінде өзінің сезімдерін көрсетуіне көмектесуі керек. Мәселен, бесік жырын орындағанда аялы қамқорлықты, мәпелеген нәзік сезімді ерекше байқату, әннің жан дүниеге жайлы, әуенінің ұйқы келтіретінін көрсету керек, сондықтан да оны баяу, біркелкі ырғақпен жырлап, дауысты бірте-бірте бәсеңдете беру қажет. Маршта шаттық, талпыныс, сергектік керек. Әнді ашық дауыспен, сөздерін анық етіп, айқын ырғақпен жылдам орындаған жөн. Ал бұл талаптардың мәні, міндеттері балаға түсінікті.
Сабақ процесіндегі негізгі міндеттер мыналар:
балалардың ән айту шеберлігін, әсерлі орындауға көмектесетін дағдыларын қалыптастыру;
балаларды сабақ үстінде және одан тыс жерде аспаптың сүйемелдеуімен және онысыз, тәрбиешінің көмектесуімен және өздерінше ән орындауына үйрету;
музыкалық есту қабілетін дамыту, әннің дұрыс немесе бұрыс айтылып тұрғанын, дыбыстардың биіктігін, ұзақтығын, әннің өзгеру бағытын анықтай алуға, ән айтып тұрғанда өз даусын ести білуге, қателіктерін байқауға, түзеуге (есту қабілетін өзінше бақылау) үйрету;
табиғи дауыс шығаруды қалыптастыра, ән айту диапазонын нығайтып әрі кеңейте отырып, әнді төмен дауыспен айтатын және дәл келтіре алмайтын балалардың бір дауыспен «гуілдеуін» жеңе отырып, дауысты жетілдіру;
ойындарда, хороводтарда, балалар музыкалық аспаптарында ойнауда творчестволық қабілеттерін көрсетуіне, өздеріне таныс әндерді дербес орындауына көмектесу.
Баланың өз инициативасы бойынша немесе балалар бақшасы мен семьядағы ересек адамдардың ұсынысы бойынша жалғасатын бүкіл әншілік қызметі— тұрмыста, мерекелерде, ойын-сауықтарда, көбінесе сабақтарда ән айтуды үйретудің дұрыс жолға қойылуына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет