Ән айту. «Как на тоненький ледок». Орыстың халық әні. Ән айтар алдында дауысты ретке келтіру жаттығуларын орындау.
- Өткен сабақта «Қыс» туралы қандай әнді тыңдадық?
- Әнде қандай құбылыстар бейнеленген?
- Ойнайтын қандай музыкалық құралдарды білесіңдер?
- Ән қандай көңіл күйде жазылған?
- Ән қалай шырқалады? (Өте көңілді).
- Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
- Қысқы ойын туралы қандай жұмбақ білесіңдер?
Жұмбақ:
Жаздай тынығады,
Қыста зымырайды. (Шана)
Ақ қарда мен тұрмадым
Қос тақтаймен зырладым. (Шаңгы)
- Автор өздерің секілді көңілді балалардың далада шуласып, қар лақтырысып жатқандарын ән арқылы беріп отыр.
Жұмбақ:
Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп түр, Қатты-ақ. Бұл не?
Қыс кезінде судың бетіне мұз қатады.
Мұздың үстін не жауып тұрады?
Дұрыс, мұзды қар жауып тұрады, сондықтан мұздың қалың, қатты екенін білу мүмкін емес. Ол мұздың үстінен жүру, коньки тебу өте қатерлі. Сондықтан өмір қауіпсіздігін сақтау үшін мұзда тек ересек адамдармен, ата-аналарыңмен бірге жүріп ойнаңдар.
Әуенді қимыл-қозғалыс. Қазіргі би ырғағы.
Көңілді жаңаша ән арқылы балаларға еркін би ырғақтарын үйрету. Балаларға қимыл-қозғалыспен қатар көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Жаңашылдыққа көңіл аудару.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Сонымен, бүгін қандай ән тыңдадық, қандай ән үйрендік. Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қыс несімен қызықты?
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қорқыт ата.
Бағдарламалық мазмұны: Халқымыз қадір тұтып, атын аңызға айналдырған Қорқыт бабамыздың өмірі туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Қорқыт атаның өсиет, нақыл сөздері, бата-тілектері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар: Қорқыт атаның суреттері, Қорқыт ата кітабы, буклет, қобыз, ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздер, үнтаспа.
Іс-әрекет кезеңі:
Қорқыт ата - қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі мәңгі ұмытылмас ірі тұлға, ұлы өнерпаз, атақты ақын, асқан күйші, түңғыш қобызды жасап шығарған адам. Қорқыттың күйі мен қобызын халқымыз бүгінгі күнге дейін қастерлеп, сақтап келе жатыр.
Қарақожаұлы Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында 8-9 ғасырларда өмір сүрген. Қорқыт ата - ақын, жырау, композитор, күйші адам болған.
Қорқыттың шешесі тоғыз күн қатты толғатып, нәрестені ерекше бір қорқынышты жағдайда дүниеге әкелген. Сырдарияның жағасын қара тұман бұлт басып, үш күнге дейін күн көзі ашылмайды. Қара түнектен қорыққан жұрт жаңа туған баланың атын «Қорқыт» деп қойған.
Қорқыт атаның қобызы күй төгіп, өмір жырын толғап тұрғанда, оған ажал батып келе алмаған. Содан бері қобызды халқымыз киелі санайды.
Ән тыңдау. «Желмая». Қорқыт. Үнтаспа.
«Қобыз - абыз». Р. Тайманов (келесі сабақта жалғасады).
Қорқыт ата қобыз тартқанда жел тынып, су ағысын тоқтатып, жан-жануарлар ұйып тыңдаған екен. Қорқыттың жақсы көретін түйесі - желмаясына арнап шығарған күйі.
Ән айту. «Туған ел». Ө. Байділдаев.
- Әнде не туралы айтылған?
- Сендер туған жерлеріңді қалай сүйесіңдер?
- Әнде туған жер туралы қандай тілектер айтылып отыр?
- Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алуды үмыт-пайық. Денені тік ұстап, демді дұрыс алып, үнемдеп шығарып үйренейік.
Ән өте сабырлы, әсем орындалады. Музыкалық аспаппен таныстыру: Қобыз. Қобыз аспабын ойлап тапқан, жасаған Қорқыт ата. Қалай жасағаны туралы Қорқыт ата өзі былай деген екен:
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Ақ қайыңның безінен
Қағып алған қобызым.
Өзегінен қара емен
Ойып алған қобызым.
Қыл құйрығын тұлпардың
Ішек қылған қобызым.
Ақ ырғайын қиянның
Құлақ қылған қобызым.
Ортекенің терісін
Сауыт қылған қобызым.
Ақ түйенің сүтімен
Сылап алған қобызым.
Сырыңды ашып, үніңді
Сынап алған, қобызым. Міне, Қорқыт атамыз ойлап тапқан аспабы осы - қобыз.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қандай аспап?» А. Меңжанова.
Қорытынды: Қорқыт кім? Ол қандай аспап ойлап тапты? Қобызды қандай ағаштардан жасаған? Аспаптың үні қандай? Қобыздың үні әдемі, сазды болу үшін тағы не пайдаланған? Қобыздың мықты болуы, оны жауын-шашыннан қорғау, сақтау үшін нені пайдаланған? Бүгінгі іс-әрекеттен сендерге не ұнады?
Ойын: Қобызды бір-біріне бере отырып, Қорқыт атаның нақыл сөздерін айту.
Қорқыт атаның нақыл сөздері:
- Самай шашы ағарған баба көрікті.
- Ақ сүтіне тойғыза - тойғыза емізген ана көрікті.
- Қыз анадан көрмейінше, іс түзелмес.
- Ұл - атаның ері, екі көзінің бірі.
- Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.
- Өнегелі бала көрікті.
- Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
- Ескі қамыс біз болмас.
- Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Іс-әрекетті қорытындылау. Қорқыт ата, оның өмірі, қобыз туралы түсініктерін бекіту. Балаларды өз ойларын айтуға, жеткізе білуге талпындыру, қолдау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Бесік жыры.
Бағдарламалық мазмұны: Музыканы эмоциялық қабылдау қабілеттерін дамыту; балалардың тембрлік қабылдауын қалыптастыру; ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру.
Пайдаланылатын құралдар: бесік, қуыршақ, тұмар, бесік жабдықтары.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелеу. Бесікті аластау рәсімін сахналау.
Іс-әрекет кезеңі:
Жұмбақ: Ғажап екен кіп-кішкентай
Сәнді үй.
Ішінде ұйықтап жатыр
Балқып әлди.
Бұл не?
Бесікке бөлеу
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Ұйықта, ботам
Қос танауы пысылдап,
Добын қолға қысып ап,
Ұйықтап жатыр бөпешім.
Жұмыскердей пысық нақ!
Ұйықта, ботам, жалықпа,
Жайлы, тыныш қалыпта,
«Ұйқы жанды сергітер»
Деген сөз бар халықта.
Өсіп кетесің
Бөпем, төсек жайлы ма?
Ішкен асың майлы ма?
«Ас - адамның арқауы»,
Тәбетіңнен айныма.
Әлі-ақ өсіп кетесің,
Мақсатыңа жетесің.
Отан үшін, ел үшін
Адал еңбек етесің!
F. Өкеев
Ән тыңдау. «Бесік жыры». С. Ақжігітов.
- Бесікке кімді жатқызады?
- Бесік жырын кім орындайды?
- Ән қалай орындалады?
Бесікке жас сәбиді бөлейді. Ұйқысы тыныш болуы үшін, әрі тоңып қалмауы үшін бесікке салады. Бесікті тербетіп отырып анасы салатын әнді «Бесік жыры» дейді.
- Ән сендерге ұнады ма?
Ән айту. «Ана әлдиі». А. Меңжанова.
- Балалар, әлемдегі ең қымбат, аяулы адам кім?
- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Ана сәбиін қалай тербетеді? Әнге қосыла отырып біз де сәбиді тербетейік.
- Әнді орындағанда аналарыңды еске алып, жылы сезіммен орындау керек.
- Ән айту кезінде сүйемелдеуші аспапты ұқыпты тыңдап, бір-біріңе үндесе қосылып айтуды ескеріңдер.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Айжан қыз». Құрманғазы. Үнтаспа.
Қазақ халқының би элементтерін кеңінен қолдану (қолдың басын бұрау, жан-жаққа, алға, артқа қарай музыкаға сәйкес иілуді орындау).
Психологиялық жаттығу: «Көлеңке».
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгін қандай музыка тыңдадық? Ол музыка қалай орындалады? Әні сендерге ұнады ма? Сәбиді бесікке бөлер алдында әжелер бесікті аластайды. Қалай ойлайсыңдар, ол рәсім не үшін жасалады?
Сабақ соңында балаларды мадақтау, белсенділік танытқан балаларды ерекшелеп атап өту.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй жануарлары.
Бағдарламалық мазмұны: Музыкадағы бейнелердің дауысын тану, ажырата білу, қимыл-қозғалысын бейнелей білу қабілеттерін дамыту. Балаларды интервалды ажыратуға жаттықтыру. Төрт түлікке деген қызығушылық, сүйіспеншілік, қамқоршылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар: Ойыншықтар - төрт түлік, олардың төлдері; бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Төрт түлік туралы әңгімелесу, суреттер жинау; ана, әжелердің балаларды «төлдерге ұқсас теңеулермен» атауы, төрт түлік туралы мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер сайысын; «Менің сүйікті жануарым» (сурет, мүсін) көрмесін ұйымдастыру.
Халық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», т.б. өткізу.
Мақал-мәтел:
• Түйе - байлық, жылқы - міністік, сиыр - ақтық, қой - мырзалық.
• Жылқы - малдың патшасы, Түйе - малдың қасқасы.
Жаңылтпаш: Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Қай тай лақтай,
Қай лақ тайлақтай.
Іс-әрекет кезеңі:
- Балалар, мен сендерге ұйқасты өлең оқып берейін, бірақ ол өлеңнің соңғы жолы, сөзі жоқ, мұқият тыңдап сол жоқ сөздерді ойлап тауып, маған көмектесулеріңді сұраймын.
Ащыдан басқа жемейтін, Жеткізбейтін жарыссаң,
Ыстық шөлде отаны, Майда жұмсақ тұлымы.
Шөлдесе су демейтін Естілер дауысы алыстан.
Кім біледі... (ботаны) Кім біледі ... (құлынды)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең — қанат, сүті - дәрі,
Еті тамақ. Бұл не? ... (жылқы)
- Енді осы төлдердің қимылын көрсетіңдерші (музыкамен сүйемелдеу).
Ән тыңдау. «Керуен». К. Дүйсекеев. Үнтаспа. «Күшігім». С.Түрғынбеков.
- Керуен деген не?
- Алыс жолға шыққанда, жүктерді тасу үшін көп түйе, жылқы малынан керуен құрып жүрген.
- Ән қандай көңіл күйде жазылған?
Ән айту. «Төлдер». Б. Ғизатов. «Ақтайлақ». Ә. Еспаев.
- Қошақан қандай малдың төлі?
- Құлыншақ қай малдың төлі?
- Сендерге қай малдың төлі көбірек ұнайды?
- Ән қандай көңіл күйде жазылған?
- Тағы қандай малдың төлін білесіңдер?
- Ән айтар алдында ережелерді естен шығармай, дауыс жаттығуын жасайың.
Ән орындау кезінде әннің сөзін анық айтуға дағдыланыңдар. Әнді көңілді, әуенін дұрыс айтуға машықтанғандарың дұрыс.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Боталардың желісі». Б. Құсайынов.
Балаларды музыка әуеніне сәйкес боталар басқа да төлдер қимылын дәл бере білуге, орындауға талпындыру.
Музыкалық - дидактикалық ойындар: «Әнді 2-3 дыбыстан таны».
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Неліктен төрт түлік деп атаймыз? Бүгін қандай төлдерді атадық? Қандай төлдер туралы ән айттық? Сендерге іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?
Ерекшеленген балаларды атау, мақтау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.
Бағдарламалық мазмұны: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы әңгімелесу; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру; музейге саяхат; құмда аспаптардың суретін салу, мүсіндеу.
Іс-әрекет кезеңі:
Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:
• Шертпе аспаптар - домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.
• Қияқты аспаптар - қобыз, сазген, созаншы, егек, т.б.
• Үрлеп ойналатын аспаптар - сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.
• Ұрмалы аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, ұран, керней.
Жұмбақ:
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?
- Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?
- Қандай ұрмалы аспаптар түрін білесіңдер? Он тыңдау. «Қобыз». Б.Қыдырбек.
- Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?
- Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?
- Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?
- Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
- Аспаптар қандай топқа бөлінеді?
Қобыз бен Қорқыт есімі әрқашан қатар жүреді. Көбінесе күй өте зарлы, мұңды, қайғылы дыбысталады. Композитор музыка әуенімен қобыздың дыбысын берген.
Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.
- Әр композитор қазақтың киелі аспабы домбыраны әртүрлі әнге салып жырлаған. Домбыра туралы тағы қандай ән білесіңдер?
- Ән қандай көңіл күйде жазылған?
- Ән сендерге ұнады ма?
Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алу, денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару. Демді үнемдеп, сөздің арасында тыныс алмау. Әнді иықты көтермей, ішпен айту.
Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі -«Қаз-қатар».
Сылдырмақтарды екі қолға ұстап, көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Тоқтап, белгілі музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қатты жөне ақырын музыка».
Музыканы дыбысқа қарай ажырата білуге, есту қабілетін дамытуға дағдыландыру.
Түрлі музыкалық шығармаларды ойнап, қай музыка қатты, қай музыка жай дыбысталуын ажырата білуге талпындыру.
Қатты сөзін музыкада - «форте», жай ойнағанды - «пиано» деп атайды. Фортепиано (қазақша — күйсандық) - «қатты» және «жай» деген екі сөздің қосындысынан шыққан.
Музыкалық аспапта ойнау: Ұрып ойнайтын аспаптардың көмегімен белгілі бір әуенді ойнау.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды. Балаларды қолдау, мадақтау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Нағыз қазақ — домбыра.
Бағдарламалық мазмұны: Түрлі аспаптарда ойналған шығармаларды тыңдау арқылы, оны қабылдау, есте сақтау, ажырата білуге үйрету. Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: қазақтың ұлттық шертпе саз аспаптары: домбыра, қобыз; түрлі домбыралар суреті, композиторлардың, саз аспаптарының суреттері; мультфильмнен үзінді көрсету.
Музыкалық - дидактикалық ойынға қажетті түрлі саз аспаптары.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: домбыра түрлерімен, домбыраның құрылысымен таныстыру. Домбыра, қобыз құрылысын, үнін тыңдау, салыстыру; музыка композиторларымен таныстыру. Саз аспаптар музейіне экскурсия жасау. Басқа ұлттардың шертпе аспаптарымен салыстыру. Аспаптар туралы жұмбақ, тақпақтар жаттау; саз аспаптарынын, суретін салу, мүсіндеу.
Іс-әрекет кезеңі:
Жұмбақ: Екі құлақты,
Он екі тұяқты,
Шешуін тапшы,
Күмбірлеген күй
Төгілген сияқты.
Домбыра, қайда барсам тастамаймын,
Ән менен сенсіз өлең бастамаймын.
Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен,
Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.
Кенен Әзірбаев
Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте заманнан бері кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.
Мойнына он тоғыздан жиырма екіге дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. (Домбыра, ішек, перне, тиек, т.б.)
Ән тыңдау. «Сарыарқа». Құрманғазы. Үнтаспа.
- Құрманғазы кім?
- Қандай күйлерін білесіңдер?
- Тыңдаған күй қалай аталады?
- Күй қалай орындалады?
Бұрынғы кезде шығармаларды тек домбырамен орындайтын, қазіргі кезде домбыраға тағы басқа да аспаптар қосылып ойнайды (қобыз, гитара, т.б.). Барлық аспаптар қосылып ойнаған кезде де домбыраның сазы ерекше бөлініп тұрады.
Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.
- Бүгін біз домбыра аспабымен таныстық. Енді Ибрагим Нүсіпбаев ағамыздың домбыра туралы әнін үйренейік. Әнді айтпас бұрын дұрыс, түзу отырайық. Дем алғанда екі иықты көтермейміз. Дауысымызды жаттықтырып алайық. Дыбысты анық шығарып айтуымыз керек.
- Домбыра сазы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Әннің мазмұны не туралы?
- Әнде «домбырамен жырлаған» деп кімдерді айтып отыр?
- Яғни, халық іштегі қайғысы да, шерін де, қуанышын да домбыра арқылы жырлайды екен.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Домбырамен би».
Домбырамен қосылып ән айтып, күй тартып қана қоймай, осы аспаппен билеуге де болады. Домбыраны иыққа асып, аяқты кезек-кезек өкшеге қойып, музыка ырғағымен би қимылдарын жасау.
Психологиялық жаттығу: Бұл — мен.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қандай аспапта ойнадым? »
Балалардың көзін жұмдырып, домбыра, үшбұрыш, ксилофонда бірнеше нотаны орындап, аспаптардың атын тапқызу. Есту қабілетін арттыру.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Сонымен, бүгін біз қандай музыка аспабымен таныстық? Халқымыз ол аспапты қалай атайды? Әнде не туралы айтылды?
Балаларды мадақтау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тұсау кесу.
Бағдарламалық мазмұны: Музыканың сезімдік мазмұнын сипаттай, ажырата, бейнелей білуге үйрету. Әнді табиғи дауыспен, нәзік орындауға төселдіру. Музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындауға талпындыру.
Қазақтың ұлттық салт-дәстүр, рәсімдеріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Пайдаланылатын құралдар: Тұсау кесуге қажетті заттар: қайшы, ала жіп.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: тұсау кесу рәсімі, сәби аяғының астына төселетін ақ мата, ала жіптің мағынасы, рәсімді кім жасайтыны туралы түсінік қалыптастыру. Қуыршақпен ойын көрінісін ұйымдастыру.
Іс-әрекет кезеңі:
Қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелесу.
Ән тыңдау. «Тәй-тәй». Ө. Байділдаев.
- Музыка қалай орындалды?
- Көңілді ме, әлде көңілсіз музыка ма?
- Музыка тыңдау барысында қандай оқиғаны елестеттіңдер?
- Музыка сендерге ұнады ма?
Ән айту. «Тұсау кесу жыры». Халық әні. Өңдеген Б. Жүсіпәлиев.
- «Тұсау кесу рәсімі» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ол рәсім не үшін жасалады?
- Рәсімді кім жасайды?
- Тұсау кесу рәсімін жасау үшін не қажет?
- Тұсау кесу рәсімін жасаған соң қандай ән орындалады? (Тәй-тәй).
- Тұсау кесу рәсімін сахналау (Рәсімді әже болып тәрбиеші орындайды, балалар қуыршақты жетелейді.)
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік.
Ән айтар алдында ережелерді еске түсірейік. Дауысымызға жаттығу жасап, ән айтуға дайындалайық.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Балдырғандар биі».
Бұл бидің музыкасы қандай? Жеке, вальс ретінде жұптасып билеуге бола ма? Музыка ырғағымен аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жүгіріп, ұл балалар бір тіземен отырып, қыздар ұлдарды айналады. Әрі қарай жұптасып, бір қадам оңға, бір қадам солға, орнында тұрып айналады.
Музыкалық аспапта ойнау: «Қандай ырғақ?». К. Қуатбаев. Оркестр.
Ұрмалы аспап пен ксилофонда ойнау. Музыкалық аспапта бірге бастап, бір-бірінен озбай, қалмай, мұғалімнің көрсетуімен дәл, нақты ойнауға үйрену.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта қазақтың ұлттық рәсімі «Тұсау кесумен» таныстық. «Тұсау кесу» рәсімінен басқа қан-дай рәсімдерді білесіңдер? Ән ұнады ма? Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі көбірек ұнады?
Балаларға жекелеп баға беріп, марапаттау, мадақтау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көктем өрнегі.
Бағдарламалық мазмұны: Дыбыс жоғарылығын, контрасты емес ырғақтық бейнелерді ажырата білуге үйрету. Шығарманы кіріспе, үзіндіден тануға баулу. Әнді көңілді, қуанышпен орындауға, ән ырғағына сәйкес қимыл бере білуге төселдіру. Табиғат көрінісін сезіне білуін, табиғатқа деген қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: Көктем көрінісінің суреттері.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Табиғат өзгерістерін бақылау, салыстыру, суреттеу; жұмбақ жасыру, тақпақ, мақал-мәтел жаттау. Жаңылтпаш:
Көп көкек, көкектеп,
Көктен келді. Көкек кеп,
Көктеп көк, Көктем келді.
Іс-әрекет кезеңі:
Жұмбақ: Түрі көркем түр кілем,
Түгі жоқта кір кілем.
Жазы жайлы жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем. Бұл не?
Көктем өрнегі
Қар еріді, су ақты, Көкке бояп өңірді,
Күндер келді шуақты. Көктем келді шуақты.
Байтақ дала келбеті, Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты. Түкті кілем сияқты.
Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Көктем. Б. Ерзакович.
- Тыңдаған әніміз жылдың қай мезгілі туралы?
- Көктемде қандай құбылыстар болады?
- Көктемнің айларын атаңдар.
- Көктем туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
• Сәуір - су айы, Мамыр - гүл айы.
• Көктемгі жауын артық болмас.
Ән айту. «Көктем». Ә. Бейсеуов. Ережелерді есте сақтап, дауыс жаттығуын жасау. Көктем туралы, көктемдегі өзгерістер туралы сұрақ-жауап.
Балалардың ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту.
- Ән қандай көңіл күйде жазылған?
- Ән сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
Ән айта отырып бірін-бірі ести білуге, әнді үйлесіп, бірге қосылып айтуға үйрету. Ерекше дауысы бар балаға жеке айтуға мүмкіндік жасап, балаларға тыңдату.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қазақ вальсі». Л. Хамиди. Үнтаспа.
Жұптасып, вальс ырғағымен қимыл жасау. Өткен іс-әрекеттердегі үйренген би элементтерін әрі қарай жалғастыру. Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жеңіл жүгіргенде арақашықтықты сақтау. Денені тік ұстап, музыка үнімен нақты қимылдар жасау.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Ырғақтық лото», «Сөз ұйқасын тап, өлең құрастыр».
Балалардың тіл өнерін дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Жарыс, сөз жарыс, сөз құрау. Үздік баланы мадақтап, басқа балаларды ынталандыру.
Музыкалық аспапта ойнау: Бубен. Аспаппен таныстыру. Үн шығарып, музыка әуеніне қосылу.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай жыл мезгілі туралы өттік? Іс-әрекеттің қай кезеңі сендерге ұнады?
Бағалау, маңтау, ерекше көзге түскен баланы жеке атап, марапаттау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Аман болшы, анашым.
Бағдарламалық мазмұны: Күйші, күй сипаты, мазмұны туралы түсінік беру. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жаттықтыру.
Әнді орындаған кезде ана, анама, әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін көңілді, жеңіл орындауға дағдыландыру. Әжеге, анаға деген мейірімділікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар: Ана, әжелердің іс-әрекеттерінің, мамандықтардың суреттері.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: аналар туралы әңгімелесу, тақпақ, өлең орындау; сыйлықтар дайындау.
«Қолы алтын анамның» сайысын ұйымдастыру, «Ардақтаймыз аналарды» газетін шығару.
Іс-әрекет кезеңі:
Ана дегеніміз кім?
Ана - біздің күніміз,
Ананың біз - гүліміз!
Құрметтейміз ананы,
Құттықтаймыз бүгін біз:
«Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!»
Ә. Табылды
Достарыңызбен бөлісу: |