«музыкалық білім» кафедрасы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет5/5
Дата21.04.2017
өлшемі0,83 Mb.
#14278
1   2   3   4   5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Музыка. Оқыту әдістемесі :жалпы білім беретін мектептің 5-сынап мұғалім. арналған .-Алматы,2001

  2. Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы. //Кабалевский Д.Б., Педагогические: Избранные статьи и доклады,-М.,1986

  3. Алиев Ю.Б.Методика музыкального воспитания детей (от детского сада к начальной школе). –Воронеж, 1998.


Тақырыбы:21-25. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық, насихаттаушылық жұмыстар Мақсаты: Мектептен, сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен танысу, Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, принциптерімен таныстыру

Тапсырма:

  1. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар

  2. Оқушылармен жүргізілетін мектептен тыс жұмыстар

  3. Музыкалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық, насихаттаушылық жұмыстар

Әдістемелік нұсқау: Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын екі салаға бөлуге болады:

    1. Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие.

    2. Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбиелеу жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болуы керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық нештерді ұйымастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу кіреді.

Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес, ол музыкалық – тағылымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерді, концерттерді, түрі үйірмелерді ұйымдастырушы.

Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала – танымдық, тағылымдық мәні зор лекция-концерттер ұйымдастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қыдырбаева М. Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары // Музыка әлемінде №3, 2006-17-19б.

  2. Мендіяқова Қ.М., Қарамолдаева Г. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі. Алматы. Әл-Фараби, 1997-132б.

  3. Мұқажанова Б. Білікті Маман даярлау туралы // Музыка әлемінде №3, 2006-30б.

  4. Мұстафина С. Музыка тыңдату – баланы жан-жақты дамытудың негізгі әдісі // Музыка әлемінде. №1, 2007-26-27 б.

  5. Мусин З. Мәселені тәрбие шешеді // Сыныптағы тәрибе №4, 2004-5б.

  6. Набуова Р. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының педагогикалық мәні // Бастауыш мектеп №1, 2005-23-24б.

  7. Нарымбетова М. Оқушылардың музыкалық танымын қалыптастыру жолдары // Музыка әлемінде №2, 2006-39-40б.

Тақырыбы: 26-33. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жүзеге асырылып жатқан музыка бағдарламаларындағы музыкалық білім беру әдістемесінің жалпы сипаты.

Мақсаты: Жалпы білім беретін қазақ мектебінде «Елім-ай» бағдарламасы (құрастырғандар: М.Балтабаев, Т.Қышқашбаев, Б.Өтемұратова және т.б.) (1-4 сыныптар).

Жалпы білім беретін қазақ мектебінде «Мұрагер» бағдарламасы (құрастырған: А.Райымбергенов)

Жалпы білім беретін қазақ мектебінде музыкадан бағдарлама (құрастырғандар: Ш.Құлманованың жетекшілігімен 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама).

Тапсырма: Жалпы білім беретін мектептерге арналған музыкалық бағдарламалар, «Елім-ай», «Мұрагер» бағдарламаларының мәнін, Бағдарламалардың принциптері Орта мектептің 1-6 сынып бағдарламасының мазмұны

Қазақстандағы алғашқы музыкалық әліппе қашан дүниеге келді? Авторы кім? Оның негізгі мазмұнын ашыңдар?



Әдістемелік нұсқау:

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық сана-сезімнің өсуі бастауыш мектепте ұлттық негізде музыкалық тәрбие беру бағытында бірқатар жаңашылдықтың дамуына ықпал етті. Нәтижесінде «Музыка» пәні бойынша «Елім-ай» жетекшісі М.Х. Балтабаев және «Мұрагер» жетекшісі А.Райымбергенов бірнеше баламалы бағдарламалар дүниеге әкелді. М.Х.Балтабаев жетекшілігіндегі ұжым «Елім-ай» ән-күй бағдарламсын дайындады. Бағдарлманың мақсаты – оқушылардың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру. «Елім-ай» ән-күй бағдарламсының білімділік, тәрбиелі мақсат, міндеттері жеке тұлғаның дәстүрлі көркемдік тәрбиесінің өлшемдері мен көрсеткіштеріне анықталған:

- халық өнері туындыларын қабылдау процесінде музыканы санлы түрде түсіну;

- ән салу, би, ойын, сурет салу, музыкалық аспаптарды шертуді қарастыратын орындаушылық іс-әрекет;

- қарапайым әндерді импровизациялау, би элементтерін түрлендіру, ән, ертегілерді драматизациялау, музыкалық ойындарының кейікерлерінің образдарын жеткізе білу.

Бағдарламада «Сарыарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елім-ай» сияқты тақараптық құрылдар енгізілген. «Елім-ай» - қазақ халық мәдениетінің өзара байланысы мен синкреттілігін ашап көрсететін бағадрлама. Оның авторлары өскелең ұрпаққа өнер түрлернің ән, аспаптық, сәндік-қолданбалы, би, ауызекі-поэтикалық мәні мен маңызын, олрадың халық өмірінде алатын орныны түсіндіруді, шығармашылық мұраға деген сыйластықты көзқарасын, сондай-ақ балаларды осы өнер түріне қатысты іс-әрекеттерге тартуды мұрат еткен.

Сонымен бірге оқушыларды қазақ халқының ерекше мәдениетіне тартуға деген талпыныс А.Райымбергеновтың авторлық ұжым дайындаған «Мұрагер» атты музыкалық бағдарламасынан байқалады. Бағадрлманың мақсаты – Қзақастандық патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Аталған бағдарлманың басты рекешелігі – балаларды домбыра шертуді нотасыз, ауызша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындауға машықтандыру. бағдарламалар Ш.Б.Құлманованың, М.А.Оразалиеваның, Б.Сүлейменованың авторлық бірлестігінің арқасында жарыққа шығып, қазақстан мектептерінің игілігіне айналды. Бағдарлама 1993 жылы 8 сәуірде жарияланған «Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептеріндегі білім мазмұны тұжырымдамасы», мемлекеттік оқу жоспары және оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық қағидалар негізге алынған.

Ш.Б.Құлманова – жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні оқу бағдарлманың көрнекті авторының бірі. Ол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарлмасына және қазақ халық музыкасынанегізделген типтік бағдарлмамаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтауға үлкен үлес қосқан. Автор осылайша бұған дейінгі музыка пәні бағдарламаларының жеткен жетістігі мен олқылықтарын сыни тұрғыдан сараптай келе және оқу бағдарламасын құру, білім мазмұнын анықтау жөніндегі педагогика ғылымның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстандық ғалым-педагогтардың М.Оразалиева, Б.Сүлейменова қатысуымен музыка пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген түрлі нұсқаулар, хрестоматиялар, білім стандарты жарық көрді. ХХ ғасырдың осы 90-шы жылдарында Қазақстандық ғалымдар музыкалық білім саласында елеулі жетістіктерге жетті. Солардың қатарында болашақ музыка пәнінің мұғалімін даярлау проблемасына айтарлықтай үлес қосқан Қазақстандық ғалым, яғни педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рита Рамазанқызы Джәрдемалиева. Р.Р.Джәрдемалиева музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығын әдістемелік білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуына, интеллектуалдық тұрғыдан ойлауды дамытуға және педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылықты, музыкалық педагогиканың әдістемелік проблемеалеарын шешудегі жеке тұлғалық-құндылықты бағыттылығын айқындап алуға бағытталған жүйелі, тұтас процесс ретінде қарастырады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Учебники по музыке для 1-6 классов, Алматы «Атамура», 1998-2005 г.

А. Райымбергенов,

2. С. Раймбергенова, Ұ.Байбосынова. Музыка. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. / - Алматы: Атамұра, 2006.

3. Ю.А.лиев. Настольная книга школьного учителя-музыканта. М.,2000.

4. Д.Кабалевский. Основные принципы и методы программы по музыке по общеобразовательной школы. /Программа дл общеобразовательных учебных заведений. -М. Музыка, 1994

5. Программа по музыке для каз.общеобразов. школы «Елим-ай» /Авторы: Балтабаева М.Х., Утемуратова Б.С. идр. –А., Атамекен, 1993

6.Программа по музыке для каз.общеобразов. школы «Мурагер» /Авторы: Раимбергенов А.И. – Алматы, 1990,2003.



Тақырыбы:34-41 Жалпы білім беретін мектепте музыкадан Д.Б.Кабалевскийдің бағдарламасы (1-8 сынып)

Мақсаты: Педагог - музыканттың көзқарасының негізі көркем - педагогикалық процестің байланысы – музыкамен және оқушымен. Сондықтан педагог - музыканттың өзінің кәсіби білімділігімен болып жатқан уақыт – заманына, уақиғаларға өз бағасын беру, талдауы және өз тұлғалық өмір көзқарасының ұстанымын білдіру, оның ішінде өнерде, педагогикада, қоршаған шындылықта және нақты музыкалық – педагогикалық практикада екенін ұғындыру

Тапсырма :

  1. Жалпы білім беретін мектептерге арналған музыкалық бағдарламалар

  2. Д.Кабалевский бағдарламасы.

Әдістемелік нұсқау Музыка тілі – басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл-күйіне байланысты қабылданады. Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д.Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық, музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық рөлін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды». Сондықтан музыкалық білім беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады: Бірінші міндет - әр түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші – сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі – музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу және шығармашылық жұмыстану – музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекеттері болып есептеледі. Студенттердің жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады. Музыка өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Музыка білім беру әдістемесі сабағында студенттердің музыкалық танымын қалыптастыру оқу сатыларының кез-келген сатысында жүргізілуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Д.Кабалевский. Основные принципы и методы программы по музыке по общеобразовательной школы. /Программа дл общеобразовательных учебных заведений. -М. Музыка, 1994

  2. Безбородова, Л.А. Методика преподавания музыки в общеобразовательных учреждениях .-М.:Академия, 2002

Тақырыбы:42-51. Музыка мұғалімінің көркемдік – педагогикалық қызметі Музыка мұғалімінің кәсіби қызметтері, оның жеке тұлғалық позициясы және педагогикалық қызметі Музыка мұғалімі – қоғамның көркемдік мәдениетінің қайраткері,

Мақсаты: Музыка мұғалімінің шығармашылық қиялы. Музыканы оқытудың принципі. Мұғалімнің жан – жақты білімі мен дүние танымын әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.

Тапсырма:

  1. Музыка мұғалімінің қызметі

  2. Музыка мұғалімінің кәсібилігі

  3. Мұғалімнің көркемдік – педагогикалық қызметі

  4. Музыка мұғалімі – мәдениет қайраткері

Әдістемелік нұсқау:

Музыка пәнінің мұғалімі — жалпыға бірдей білім беретін мектепте музыканы оқыту барысында оқушы бойында музыка мәдениеті мен қарым - қатынас мәдениетін қалыптастырушы маман. Сондықтан да мұғалім оқу мен тәрбиені мектептерде қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып береді. Ол музыка бағдарламасы бойынша сабақ жүргізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдісін таңдап ала отырып, оқу жоспарын орындайды.

Мұғалімнің педагогикалық даярлығы - оқушыларға музыкалық тәрбие беру міндетін шешу жолындағы қажетті шарт болып табылады.



Мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті. Мектептегі бала музыкамен үнемі қатынаста болып (музыка тыңдап), онымен бірге, қатар өмір сүргенде ғана музыкалық тәрбие өз мақсатына жете алады. Егер бала сабақта ғана музыкамен қатысты болумен шектеліп қалса, онда музыкалық тәрбиенің біржақты жүргізілгені. Сондықтан, мектептің тәрбие жұмысындағы музыканың рөлі тиісінше бағаланып, мектептің күнделікті өмірінде музыка мәдениетінің қалыптасуына үйірмелер, мектепте ұйымдастырылған концерттер, кештер, жас ұландар жиындары елеулі орын алуы тиіс. Мұндай жұмыстарды жүзеге асыруда музыка мұғалімі басты тұлға болғандықтан оның ұйымдастырушылық қасиетінің шешуші рөлі бар екендігі түсінікті. Мұғалім- сыныптан тыс жұмыстармен бірге ең алдымен сабақта оқушыға жүйелі білім мен эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастырушы. Бастауыш сыныптың мұғалімі шағын балалар хорына ән үйрету, балаларға арналған аспаптардан оркестр ұйымдастыра отырып, шағын әуендер үйрету дағдысын меңгертуі сыныптан тыс жұмыста да, музыка сабағында да өте қажет - ақ. Олардың мұндай қабілетті өз бойына жинақтауына хор, вокал, сольфеджио, гармония, музыкалық психология, педагогика, психология, мектептегі музыка тәрбиесінің әдістемесі мен жеке аспапта ойнау сияқты пәндер тікелей ықпал етеді. Сондықтан, болашақ мұғалімнің осы жоғарыда айтылған жұмыстарды ұйымдастыруда институтта алған білімін оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда орынды пайдалана білу жағын жан-жақты ойластыруды мақсат етіп қойғаны жөн. Мұғалімнің бұл касиеті институт қабырғасында ғана қалыптасып қоймайды, мектепте оқушылармен жүргізілген жұмыс барысында да шыңдалып, жетіле түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы. //Кабалевский Д.Б., Педагогические: Избранные статьи и доклады,-М.,1986

  2. Алиев Ю.Б.Методика музыкального воспитания детей (от детского сада к начальной школе). –Воронеж, 1998.

  3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: Учебное пособие. –М.,1983.

  4. Теория и методика музыкального образования детей: научно-методическое пособие /Л.В.Школяр, М.С.Карашникова, Е.Д.Критская и др. –М., 1998

  5. Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкально-педагогические технологии учителя музыки: Учебное пособие. –М., 2005.

  6. Р.Қ.Дүйсембінова. Музыкалық білім беру педагогикасы. – Талдықорған, 2006.


Тақырыбы: 52-60. Отандық ғылымдар мен педагог-музыканттардың еңбектеріндегі жаппай музыкалық білім берудің әдістемелік аспектісі Мақсаты: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі – музыкалық шығармашылық болып табылады, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру

Тапсырма: Отандық ғалымдардың музыкалық білім беру еңбектері

  1. Музыкалық білім берудің әдістемелің аспектісі

  2. Қазақстандағы музыкалық білім берудің қалыптасуы мен дамуын зерттеу

Әдістемелік нұсқау: А.Райымбергеновтың авторлық ұжым дайындаған «Мұрагер» атты музыкалық бағдарламасынан байқалады. Бағадрлманың мақсаты – Қзақастандық патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Аталған бағдарлманың басты рекешелігі – балаларды домбыра шертуді нотасыз, ауызша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындауға машықтандыру.

Халықтың ән-күйін меңгерту қарапайымнан күрделіге қарай принципіне негізделген. Балалар бастапқыда қарапайым да жеңіл жаттығулар дасап, аса күрделі емес ән-күйлерді орындауға машықтандырса, бірте-бірте күрделі шығармаларды орындауға үйретіледі. Білім мазмұнында ән, күй, жыр, терме, айтыстар, би қолданбалы және сәулет өнерінен мағлұматтар беру де қарастырылған. Тағы да бір айтат кететін жайт, бағдарлманың құрылымдық жоспарында балаларды домбыра тартуды нотасыз үйрету бағытының басым болуы. Бұл өз кезегінде бағдарлманың «музыка» сабағынан гөрі домбыра үйрену үйірме жұмысына жақын екендігін, әрі апталық сағат санының типтік оқу жоспарына сәйкес емес екендігін көрсетеді.

Музыкалық білім беру педагогикасы саласында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәні оқу бағдарламаларын, әдістемелерін жасауға елеклі үлес қосқан – ғалым педагог Ш.Б.Құлманова. оның «Теория и практика воспитания младших школьников средствами казахской нардной музыки» атты моногрофиялық еңбегінде қазақ халық музыкасын мәдениет құбылысы, өнер түрі, педагогикалық құрал ретінде қарастырыла келек, оның көп сатылы өзара байланыстылығы функциялар атқаратындығын сараптап көрсетеді: жаңа білім мен құндылықтар жасау, жинақтау, сақтау және жеткізу, коммуникативтік, ақпараттық, мақсат қалыптастырушылық, әлеуметтендіру, компенсаторлық, ойын іс-әрекеті, реттеушілік, тұжырымдылық, болжамдылық, идеологиялық, иландырушылық, эстетикалық, білімділік, дамытушылық. Ш.Б.Құлманованың еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының халық музыкасы арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктері олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, ерік, сезім, дауысқа қатысты мүшелер: есту мүшесі, дауыс мүшесі, тыныс мүшелері және музыкалық қабілеттерін асту, ырғақ, музыкалық ес, ескерумен айқындалады. Автор оқушыларға қолайлы қазақ халық музыкасын белгілі бір өлшемдердің көркемдігі мен қызықтырғыштығы, педагогикалық мақсаттылығы, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі, баланың өмір тәжірбиесіне үйлесімдігі негізінде сұрыптауды ұсынады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кұлманова Ш. Қазақ орта мектебi 3-сынып ән – күй сабағының бағдарламасы және әiстемелiк нұсқаулар [ Учебно - методическое пособие по музыке для учителей начальных классов].- А., 1997

Қазақ мәдениеті :энциклопедиялық анықтамалық /[бас.сарапшы Әшірбек Сығай].-Алматы,2005.

Тақырыбы:61-67,5. Шетел зерттеулеріндегі музыканы оқытудың әдістемелері

Мақсаты: ХІХ ғасырдағы музыкалық тәрбиенің ролі, ХХ ғасырдағы музыкалық тәрбиенің мазмұны, Шетел зерттеулеріндегі музыкалық білім беру әдістемесі туралы ғалымдардың пікірлерін түсіндіру.

Тапсырма: Шетел зерттеушілерінің музыкалық білім беру әдістемелері туралы ой-толғау

Әдістемелік нұсқау: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында музыкалық білім беру педагогикасы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себепкерлер болды. Біріншіден, бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік, халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының белең алуына, екіншіден ағартушылық идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Осы кезеңде өмір сүрген орыс классик сазгерлері, педагогтері А.Н.Серов, В.В.Стасов, Ц.А.Кюи, М.Глинка, А.Даргомыжский, П.И.Чайковский, С.Танеев, Н.Римский-Корсаков т.б.өнерде халықтық демократизм, ағартушылық идеяларын дәріптеп, тәрбиені прогресшіл рухпен қанықтыруды батыл талап етті және музыкалық мәдениетті жетілдіру жөніндегі құнды пайымдаулар жаслып, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысты. Пғартушылық идеялары Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, А.М.Горький т.б. ұлы орыс жазушылар тарпынан да кең қолдау тапты. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық қозғалыстар жанданып, озық идеялар тарала бастады, сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы саласында жаңа, тың құбылыстар кеңінен қанат жайды.

Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады. Сол кезеңнің біріншісі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыкалық тәрбие мәселелері. Музыкалық білім беру педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың (А.Н.Карасаев, С.И.Миропольский, Д.Н.Зарин, А.Л.Маслов, Н.Е.Брюсов, Б.Л.Яворский, С.Т.Шацкий, В.Н.Шацская және т.б.) педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Никольская-Береговская, К.Ф. Русская вокально-хоровая школа: От древности до XXI века .-М.: ВЛАДОС,2003.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет