2-ші бөлім. Анданте /асықпай/. Мұнда екі тема өңделеді, екеуі де лирикалық шындықты көрсететін мазмұн. 1-ші тема ашық жарқын, 2-ші тема минорда.Екі тема да бір-бірімен өте байланысты. Шуберттің си минор симфониясы осындай еді. Енді 3-ші бөлімге жоспар құрылады- бұл қайсарлығы мен еркін көрсетеді. Әнімен айтылатын шығарма адам бойындағы терең сезім толқындарын көрсете алған. Өкінішке орай бұл жоспар орындалмай Шуберттің “Неоконченная” симфониясы ең жақсы деген симфонияларының қатарында. Замандастары дер кезінде өздерінің бағаларын бере алмады.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 26
|
Тақырыптың аты: ФРИДЕРИК ШОПЕН.
Сабақ мақсаты: әкелген жаңалықтарын анықтау, фортепианолық шығармаларын талдау.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:
Прелюдия деген не?
Шопен прелюдиясының циклында, үндестік үйлесімділік негізі қалай жоспарланған?
Ми минор, ля мажор және до минор прелюдиясындағы өзіндік әуеннің характері, әуендік жолы, әдістемесі және мәнерлілігін айтып шық.
Этюд, ноктюрн дегеніміз не?
Шопен бұл жанрдың мәнерлілігін қалай ұлғайтты?
Фа минор ноктюрннің құрылысын, мүзыкасының характерін түсіндір.
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:
Фридерик Шопен- поляк халқының ұлы композиторы. Пианизмнің жаңа үлгісін, әртүрлі әдістерін енгізген. Басқа композиторларға қарағанда ерекшілігі, шығармаларын тек фортопияноға орындалу үшін жазған. Артына бірде бір опера, симфония немесе увертюра қалдырған жоқ. Онда бар жоғы бір трио /фортопияно, скрипка және виолончель/, виолончельге арналған соната, және жиырмаға жуық әндері ғана.
Еңбектері көзінің тірісінде үлкен бағасын алған, тіпті дүние жүзі пионистерінің сүйікті композиторына айналды. Шопен музыкасын сүйіп, орындап, жер жүзіне әйгілі еткен Совет елінің пионистері Софроницкий, Нейгауз, Рихтер болды. 1927-ші жылдан бастап Варшавада Шопен атындағы конкурс ұйымдастырылған. Бірінші конкурста бірінші орынды совет елінің пионисі Лев Оборин жеңіп алды.
Өмір жолы
Фридерик Шопен 1810-шы жылы Польшаның астанасы Варшаваның жанында Желязова Воля деген жерде дүниеге келді. Шешесі поляк қызы, әкесі француз еді. Әкесі мұғалім, скрипка мен флейтада ойнаса, шешесі өлең айтатын фортопианада ойнайтын.
Бес жасында Фридерик те жеңіл пьесаларды апайсы Людвиктің басқаруымен ойнай бастады. Жеті жасында Варшавада алғаш рет өнерін көрсетіп, үлкен жетістікке ие болды. Таланты кісілерді таң қалдырды.
Мұғалімі Живный сабақ беруден бас тартты. Себебі 12 жасында ең күшті деген пионистерден шебер ойнай бастаған еді. 13 жасында лицейге оқуға түсті, үш жылдан кейін жоғарғы музыка мектебіне түсіп, Иосиф Эльснер деген композитордан сабақ алды.
Эльснер аз уақыттың ішінде оқушысының жәй талант емес, кемеңгер дана екеніне көзі жетті. Себебі 1829-1830-шы жылдары шығармаларына арналып қойылған екі концерт осыған айғақ еді.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 27_
|
Бағын санымақшы болып 20 жасында Парижге жолға шығады. 1831-ші жылы күзде Парижге келіп, Париждіктерді пионисшы ретінде жаулап алды. Шопен өзіндік ерекшілігін париждіктерге мойындатты.Немістің сыншы, композиторы Роберт Шуман былай жазған болатын;- “Мырзалар, қалпақтарыңды алыңдар, алдарыңда данышпан”-деп. Адамдардың жан-дүниесін баурап алатын даналығы неде? Замандастары былай еске алушы еді- ойнау шеберлігінің кереметі;оны рухты, жігерлі, поэзиялық әсем, өнерлі көркем жеткізуінде – деп. Егерде Польшадан жерлестері, жолдастары келе қалса, ата-анасына деген сағынышын жасырмай сұраумен болатын. Ауылына деген сәлемдемесі шығарған шығармалары еді. Жылдар өте концерт қоюуын азайтып, бір жола шығармашылыққа көшті. Соната, скерцо, баллада, экспромтер, этюд, ноктюрн, прелюдии, мазурка, полонездер жазылса келесі шығармалары терең ой, шиленіске толы драмалық, қайғылы оқиғаларды бейнеледі. Парижде Шопен талантының шырқау шынына шықты. Кімде кім Шопеннен сабақ алса,өзін бақыттымын деп есептейтін. Композитордың соңғы жылдары қайғылы өтті. Жақын жолдасы Ян Матушиньский, оның артынан әкесі қайтыс болды. Жорж Сандпен ажырасты. Жалғыздықтың қайғы-зары әл-қуатын әлсіретіп, өкпе ауруы қабына бастады. Композитордың соңғы жазып қалдырған шығармасы фа минор. Өзінің өтінші бойынша Польшадан апайсы Людвика келді, апайының қолында қайтыс болды. Шопен Парижде жолдасы Белинидің бейітінің жанында жерленді. Жүрегі, өзінің өтінші бойынша елінде Польшаның Варшава қаласында католиктердің “Киелі крест”- деген шіркеуінде сақтаулы.
Шопеннің фортепианолық шығармалары.
Мазурка “до мажор”
Мазурка 3/4 өлшемінде жүретін, поляк халқының биі. Ритмі өзгеріп отырады, өте шапшаң, акценті соңғы үлеске түсіп отырады.Поляк аристократтарының сүйіп билейтін биі болған. Мұнда, ескі халық билері: мазур, куявяк, оберек пайдаланылады. Көптеген мазуркалары концерттік программаға арналған, лирикалы- сыршыл нәзік сезімді болып келеді. Шетте жүрген композитордың көңіл-күйі, елге деген сағынышы суреттеледі. Барлығы 58 мазурка жазған. До мажорда ауыл тойының суреттемесі көрсетіледі. Поляктар бұл мазурканы- -“Мазурканың мазуркасы” деп атаған. Бірнеше жеке-жеке билік мелодиялардан тұрады. Бірнеше тактылар бойы, квинталық мелодия, ауыл оркестрінің көрінісін береді. Осы фонда, өткір ритммен ауылдағы той-думанды көрсетіп жатқандай болады. Көппен биленетін би, жеке бишіге ауысып кетеді де, ол өзінің өнерін жеке-дара билеп шығады. Соңынан сүйкімді қыздар биімен жалғасады. Ары қарай, негізгі мазуркалық әуенге ауысып, шығарманың аяқталатынын білдіреді.
Мазуркалары өте көп деп жоғарыды айтылды. Соның ішінде, лирикалы-“ля минор”.
Бальный биге арналған “си бемоль мажор”, т.б. көптеген мазуркалары.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 28_
|
Полонез “Ля мажор”
Шопен барлығы 16 полонез жазған. Негізгі тақырыбы- поляк халқының ұлыттық биіне құрылған, кейіннен “полонез” деп аталған. Полонез, бұрынғы уақытта әскери рыцарлардың қатысуымен орандалса, кейіннен белгілі бой адамдардың, балдық кештерінде биленетін биі ретінде қалыптасады. 19-шы ғасырдағы бал кештері, полонез музыкасымен ашылған. Шопеннің полонездері де мазуркалары секілді, концерттік формада орындалуға арналған. Характері жағынан әр түрлі болып келеді. Ең көрнекті полонезі- “Ля мажор”. “Ля мажор”-өзінің күшті, сәулетті оркестірлік үнімен көзге түседі. Бұны, бірнеше күшті дыбыстардың шыңына жеткен, кульминациялық формасынан байқауға болады. ff-fortissimo /фортиссимо/. Негізгі тақырыбы асқақ, жеңіс, шаттық характерде жүреді. Оған қосымша үндеу, фанфарлық 2-ші тақырып шығарманың ортаңғы бөлімімен жалғастырылады. Керемет музыкалық дыбыс байланыстары, әртүрлі оркестірдің орындауында түрленіп кетеді.
Вальс” до диез минор”
Шопен, барлығы 17 вальс жазған. Билік характердегі шығармасына, вальстері жатады. 17 вальстің ішіндегі ең көрнекті вальсі “до диез миноры”.Вальстің үш тақырыбы- темасы да бір-бірімен тығыз байланыста, көркем, бірқалыпты темпте жүреді. Жұмсақ шалқыма тема- вальстің қалқып, жеңіл жүретін сәтін көрсетеді. Біраз темптің жылдамдауы 2-ші теманы жалғастырады.Сегіздіктен тұратын бірнеше мелодиялық фигуралар айналып жүретін жеңіл, ұшқыр қозғалысты көрсетеді. Ең соңғы 3-ші темасы үш рет қайталанып, басқа бөлімдермен байланысып кетеді де, осындай құрылысы қайырмасы құсап көрінеді. Мұндай құрылыс вальске, рондо секілді сипат береді.
Прелюдия, ноктюрн және этюдтері.
Шопен барлығы 26 прелюдия, 21 ноктюрн, 27 этюд жазған.
Прелюдия латын сөзі “бастама” деген сөзді білдіреді. Прелюдия Бахтың заманында жеке пьеса ретінде орган мен клавирға арналып жазылған. Тұңғыш рет көп бөлімді 24 циклдық прелюдия жазған Шопен болды, және екі жеке прелюдиясы болған.Мажорлық, минорлық тональністе жазылған. Прелюдиялары мазмұны жағынын өте бай, көлемі жағынан үлкен. Антон Рубенштейн /орыс композиторы/ Шопеннің прелюдияларын, “Жемчужный”-”Інжу” асыл тастай –деп баға берген. Прелюдияларының ішіндегі ең көрнектілері: ми минор, ля мажор, до минор.Этюд –деген сөздің мағнасы, қандайда болмасын бір аспапта /инструментте/ техникалық қабылетті ширатып, жаттықтыратын пьеса дегенді білдіреді.Шопен этюдтерінің “пианизмдік” техникада өзіндік ерекше жолы бар. Техниканы жаттықтыратын аккорд, арпеджиолық пассаж, двойной октавалар т.б.Этюдтері мазмұны жағынан өте күрделі концерттік пьесалармен бірдей. Этюдтерінің ішінде, ең көрнектісі “до минор”- революциялық этюд.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 29_
|
Көптеген ноктюрндер де жазылды, бұл сөз- француз сөзі, мағнасы “түнгі ән”. Соның ішінде, “фа минор” ноктюріні ерекше. Барлығы 21 ноктюрн жазған.
* * *
Тақырыптың аты: ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ XVIII-ШІ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫМЕН XIX-ШЫ ҒАСЫРДЫҢ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МУЗЫКА
МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ.
Сабақ мақсаты: сол замандағы халық тіршілігінде музыканың алатын орнын анықтау.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:
Сабақ материалдарының тезистік берілуі
Орыс музыкасы өзінің даму жолында әр қилы кезеңдерден өтті . ХУП ғасырда орыс халқының арасында көп тараған әндер тұрмыстық салт-санаға арналған әндер еді. Бұл әндер шаруашылықпен шұғылданған ауыл адамдарының көңіл-күйін көтеретін.Ал біртіндеп, халық арасындағы айтылып жүрген әндер, қала халқының көп жиын ортасында да орындалатын болды. Ең бірінші халық әндерін нотаға түсіріп, жинаған әнші, Гусли аспабында ойнайтын В.Трутовский. Жас композитор халық әндерінің негізінде романстар жазды, скрипка мен фортепианоға арналған пьеса, спектакльдерге арналған музыкалар жарық көрді. Ал орыс мәдениетінде, ең бірінші операның негізін жазған композитор Е.И.Фомин, хорға арнап музыка жазған Д.С.Бортнянский, аспаптарға арнап музыка жазған И.Хондошкин. ХІХ-шы ғасырдың жартысында романс жанрындағы ең үлкен композиторлар Алябьев, Варламов, Гурилев, Верстовский,Булахов. Тағы осы жылдары дүниеге келген, орыс музыкасының негізін қалап, мазмұнын байытқан атақты композиторлар Глинка, Доргомыжский, Бородин, Мусоргский, Скрябин, Рахманинов болды. ХІХ-шы ғасырда орыс музыкасы жан-жақты дамыды. Музыканың негізі, ғасырға жалғасқан халықтың өмірі,
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 30_
|
тарихы, салт-санасы туралы жырлаған әндермен, поэма жырлардан алынып, оларды жинақтап, өңдеп, қайтадан халыққа жеткізген, орыс классик копозиторлары; Балакирев, Бородин, Лядов. Композиторлар; Чайковский, Бородин, Мусоргский өз шығармаларына, орыстың ұлттық интонациясын, өзгертпей сақтап, кейбір мелодиялық бөлшектерін халыққа жеңіл, тыңдаушыға ұғымды болу үшін ежелгі әндерді құрметпен пайдаланып, қайтадан үлкен-үлкен музыкалық шығармалар жазып, халыққа ұсынды
ӘН ЖӘНЕ РОМАНС.
ХУШ-ші ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында музыка өнерінің ең сүйіктісі романс еді. Романс әндері фортепиано, арфа және гитараның с,йемелдеуімен орындалатын. Романста да халық әндері сияқты адамдардың көңіл-күйі, ой-арманы көрінетін. ХІХ ғасырда орыс романсының өркендеуіне композиторлар; Алябьев, Варламов, Гурилев, Верстовский, Булахов көптеген еңбек сіңірді. Көрнекті орынға ие болған осы романс жанрында камертондық өлеңде, және музыкалық шығармаларда классик-композиторлар Глинка мен Даргомыжский еді.
А.А.АЛЬЯБЕВ / 1787-1851 /.
1787 жылы Тобольск қаласында Александр Александрович Алябьев дүниеге келді. Көптеген ақсүйектің балалары сияқты ол мектапте емес, уйінде сабақ алып, артынан Москваның университетін бітірді. Әскер қызметін атқарды. 1812 жылы Азамат соғысында өз еркімен орыс армиясына қосылды. Соғыстан соң Петербургке оралды. Онда орыстың алдыңғы интелегенциясымен араласады. Оның жолдастары Грибоедов, Одоевский, болашақ декабристер Муханов, Бестужев,Марлинский болды. Композиторлардың сол кездегі шығарған әні *Соловей* осы күнге дейін концерттерде орындалып, халық сүйіспеншілігіне ие.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 31_
|
Алябьевтің құбылмалы тағдыры шиеленісті сәттерге толы болды. 1825 жылы кісі өлтірдің деген айыппен тұтқындалып, 3 жылын түрмеде өткізді. Соңында Сібірге жер аударылды. Ауыр қиыншылық Алябьевті жасыта алмады. «Военный духовой оркестр» құрды, романс, әндер жазды. Соның ішінде өзінің өмірін баяндайтын «Иртыш» атты романс және симфониялық, камералық шығармалары бар еді. Денсаулығына байланысты Кавказда емделуге рухсат алды. Осында жазған әндер: «Грузинская песня», «Кабардинская песня», опера, «Аммалат бек», мелодрама «Кавказский пленник» Пушкиннің поэмасына арнайы жазылға Сонымен қатар башкир, украин әндер жинағының шығуына көмектесті. 1851 жылы Москвада қайтыс болды. Алябьевтің ең кең тараған өлеңі «Соловей». Бұл әннің ерекшелігі жәй әндерден – ре минордан-фа минорға ауысып жарқын түр беруінде.
А.Е.ВАРЛАМОВ /1801-1848/.
Александр Егорович Варламов 1801 жылы Москвада дүниеге келді.Әкесі отставкадағы поручик болатын. Бала кезінен өте зерек болды. Естіген әндерін скрипка мен гитараға салып алып ойнай беруші еді. Есту қабылеті жоғары, таланты барын көрген әкесі Петербургтегі сарай жанындағы ән капелласына оқуға береді. Ол кезде Александр он жаста еді. Капелланың директоры Бортнянский де баланың дарыны барын көріп, жеке сабақ береді. Капелланы бітірген соң Голландиядағы Гага қаласында орыс посольствасының шіркеуінде әннен мұғалім болып істейді. 1829 жылы Петербургке оралады, Глинкамен танысады. 30-шы жылдары романс пен әндері халыққа кеңінен танымал бола бастады. «Ах,ты время,времячко», «Горные вершины», «Тяжело, не стало силы», «Вдоль по улице метелица метет», «Песня разбойника», «Вверх по волге», «Река шумит» және «Белеет парус одинокий» Лермонтовтың сөзіне жазылған. Варламовтың 150-ден аса романстары мен әндері,
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 32_
|
концертке арналып өңделген орыс халқы әндері ән мектебіне арналады. * * *
А.П.ГУРИЛЕВ /1803-1858/.
1803 жылы Москвада Александр Попович Гурилев дүниеге келді. Әкесі граф Орловтың крепостной музыканты болатын.Ол крепостной оркестрдің жетекші қызметін атқарушы еді. Алғашқы мұғалімі Александрдің әкесі болды. Бала шағынан Александр крепостной оркестрде скрипкада ойнайтын Граф Орловтың балаларымен қоса фортепианода ойнауды үйренді. Атақты композиторлар Джон Фильд пен Геништен сабақ алды. 1831 жылы әкесі бас еркіндігін алды және баласы Александр да крепостнойлардың ауыр жағдайынан құтылды. Енді жас музыкант көптеген шығармаларын жазып, сабақ беріп, өзінің жеке қоя бастайды. Композитор Варламовпен достығы өзіне көп сүйеу болады. Варламовтың өлеңдеріне «На заре ты ее не буди» фортепианолық вариациялар жазады. Гурилевтің өмір жолы өте ауыр да қысқа болды. 1858-ші жылы 55 жасында қайтыс болды. Әндерін «Матушка-Голубушка», «Вьется ласточка сизокрылая», «Разлука», «Колокольчик» халық жылы қарсы алды. Көптеген әндерін, романстарын би ритмінде –мазурка, полька,вальске салып жазды. Әсіресе «Колокольчик» әні өзінің әсерлігімен, терең сезімде, драмалық кульминациямен аяқталады.Алябьев, Варламов және Гурилев орыс музыкасының қазынасына қымбат шығармаларымен үлестерін қосты. Біздің заманымызда да осы композиторлардың ән, романстары үлкен сүйіспеншілікпен орындалады.
Әдістемелік нұсқаулар:
* * *
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 33_
|
Тақырыптың аты: МИХАЙЛ ИВАНОВИЧ ГЛИНКА.
Сабақ мақсаты: шығармашылығының мәнін ашу.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:
Новоспасск ауылында Смоленск Губерниясында 1804 жылы майдың 20-да дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауырушаң, әлсіз болып өсті. Ағасының жақсы оркестрі болғандықтан үйде ән-күй үзілмеуші еді. 1812 жылғы Наполеон оқиғасы қзіне қатты әсер қалдырды. 1817 жылдан 1822 жылға дейін Петербургтағы Благодарный пансионында оқыды Алғашқы романсын 1825 жылы жазды, «Бедный певец», «Элегия», «Не искушай». 1830-шы жылы апрельдің 25-де Италияға кетіп, көптеген опералар тыңдады және сонымен қатар шығармалар жазылды. Россияға 1834 жылы оралды. Осы кезеңдегі жазылған операсы , Иван Сусаниннің ерлігіне арналды.1836 жылы «Руслан и Людмила» деп аталатын бірінші орыстың ертегі- эпикалық операсы дүниеге келді.Әнге арналған шығармалары да бар, «Ночной смотр», «Я помню чудное мгновение», «Жаворонок», «Ночной зефир», «Сомнение», *Вальс-фантазия* деген әндері фортепианоға арналып жазылған. 1844 жылы шет елдерге Францияға, Испанияға сапар шегеді. Сол жылдарда Г.Берлиозбен танысады. Испан халқының биін қолдана отырып ,1845 жылы симфониялық шығармалар жазды- концерттік увертюра «Арагонская хота», 1848 жылы- «Ночь в Мадриде» және *Камаринская*. Соңғы жылдары ол Петербургте, Варшавада, Парижде, Берлин қалаларында өмір сүрді. 1857 жылы Берлин қаласында қайтыс болды.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 34_
|
«Иван Сусанин» операсы.
Иван Сусанин операсы 4 актілі опера. 1836 жылы жазылған.
І – көрініс. Бұл опера 1612 жылы поляк жаулаушы әскерінін Москва қаласына шабуылы жайында. Осы шабуыл бүкіл орыс халқының қарсылығын тудырады. Оның ішінде Домнина И.Сусаниннің ерлігі ерекше. Оның қызы Антонина ер жетіп , өзінің сүйікті жігіті Собиннің әскер қатарынан аман-есен қайтып оралуын, және жігітіне тұрмысқа шығуын армандайды. Сол кездегі орыс әскерінің басшылары Минин мен Пожарский ерліктерін шаруаларға айтып келеді. Ал И.Сусанин балаларына бақыт тілейді. / интродукция, каватина Антониды. Трио «Не томи родимый»/.
2 – көрініс. Поляк королі Сигизмундтың сарайында үлкен бал өтіп жатады. Өздерінің орыс халқын жаулап алатынына сенімдері мол , мақтанып, алдын-ала шаттануда. Осы кезде хабар келіп, Минин мен Пожарский халық әскер жасағын жинап, соғысуға дайындалып жатқандығын хабарлайды. Сол себепті, поляктар да қайтадан жаулап алу жоспарын құра бастайды.
/ 4 би: полонез, краковяк, вальс, мазурка\
3 - көрініс. Иван Сусаниннің үйінде дайындық жүріп жатады. Осы кезде поляктар келіп, Сусаниннен Москваға барар жолды сұрайды. Ал Сусанин болса баласы Ваняны орыс әскерлеріне ескертуге жіберіп, өзі оларды ну орманға апарып, адастыруға бел буады. Әкесінің өміріне қауіптеніп қорқып отырған Антонида келген жолдас қыздарды қарсы ала алмайды Бұл кезде поляк жаушыларымен Иван Сусанинді іздеуге өзінің шаруа әскерлерімен Сабанин келеді.
1. Песня Вани «Как мать убили»
2. квартет – Сусанин, Ваня, Антонида, Сабанин.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 35_
|
3. Сцена Сусанина с поляками.
4. Свадебный хор «Разгулялись – близка к свадебным песням».
5. Песня романс Антониды «Не о том скорблю».
ІУ – көрініс. Түн ішінде хабаршы Ваня келеді. Ол жабық қақпаның ашылуын күтеді. Ақыры поляк жаушыларының келе жатқанын айтып үлгереді.
Өзінің сенімді адамдарымен Сабанин қалың қардан азап көріп, өзер дегенде поляк жаушыларына жетеді. Қараңғы түнде ну орманға Сусанин поляктарды адастырып өлтіруге әкелгенін көрсетеді. Бұл көріністе оның ариясы «Чуют правду», «Ты взайдешь моя заря» орындалады. Эпилог. /қорытынды көрініс/ Москвада Қызыл алаңда халық жеңісін тойлап жатады. Осы кезде Антонида, Ваня, Сабанин келіп әкесінің өлгенін хабарлайдыОпера, халқы үшін ерлікпен өлген батырлары / Минин, Пожарский тағы басқа/ және Россияның бостандығы үшін күрескен ерліктеріне арнап «Славься» хорымен аяқталады, Глинка бұл хорды «Гимн марша» деп атады.
ОРКЕСТРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРЫ.
Глинка еңбектерінің ішінде симфониялық оркестрге арналған еңбектері үлкен орын алады. Атап айтқанда «Комаринская» фантазиясы, испандық увертюралары , «Арагонская хота», «Ночь в Мадриде», «Вальс фантазия». Халық әндерінің негізінде музыкалық шығармалары үлкен көркем мазмұн беріп, аспаптарға оранжировкалар жазылды.
Ъ
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 36_
|
Симфониялық фантазия «Камаринская».
Орыстың халық әндерінің екеуіне Вариация жасайды. / Негізгі теманы өңдейді / . Темалары әндердің бір-бірімен байланысты.
І-ші тема. Кең салмақты келін түсіп жатқан тойға арналады. «Из за гор высоких» әні жазылады.
2-ші тема. Орыстың билік мелодиясы «Комаринская» жазылған. Темалардың дамуы барысында композитор үрлеп ойнайтын халық аспаптарын / дудка, жалейка, постушный рожок/ қолданады. Екі тема бір-бірімен ұштасып, әр түрлі ырғақта жалғасады. Бұл симфонияда копозитор еркін көркем суретпен халықтың тұрмыс салтын, қуанышын көрсетіп береді .
Достарыңызбен бөлісу: |