«музыкалық білім» кафедрасы


ГЛИНКАНЫҢ РОМАНСТАРЫ МЕН ӘНДЕРІ



бет5/8
Дата05.06.2017
өлшемі1,09 Mb.
#18046
1   2   3   4   5   6   7   8

ГЛИНКАНЫҢ РОМАНСТАРЫ МЕН ӘНДЕРІ.

Орыс классиктерінің мақтанышы Глинка өзінің бүкіл өмірінде әндер мен романстар жазып өткен. Соның ішінде өзінің жан сезімін білдіретін лирикалық және орыс халқының тұрмыс –салтымен табиғат суретіне арнаған романстары. Оның шығармашылық өрнегі мол, негізгі текстінің терең мазмұнын анық көрсететін мелодияның әсемдігі классикалық формада бізге тап-таза жетті. Глинка өзінің көптеген романстарын Жуковский, Дельвич, Пушкиннің жақын досы Кукольниктің өлеңдеріне арнап «Прощание с Петербургом», «Жаворонок», «Попутная песня» деген шығарма ретінде жазды.



«Ж А В О Р О Н О К»

Ойлы жан сезімін білдіретін, өзінің мамыр, мақпал әнімен ақжарқын көңілді айтылатын ән,фортепианоның сүйемелдеуінде табиғат көрінісі, кең байтақ дала, жер-су суреттеледі. Әншіге қосылар алдында трельмен қараторғайдың, тоқылдақтың үнін береді.



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 37_

«Я ПОМНЮ ЧУДНОЕ МГНОВЕНИЕ»

Бұл ән Пушкиннің өленіне арнап жазылған, орыстың вокалдық лирикасының інжу-маржаны деп айтуымызға болады. Романс 3 бөлімнен тұрады.Әннің құрылысы өлеңнің мазмұнына сәйкес дамиды. Әнде басқы кейіпкердің үш кезеңдегі көңіл күйі. Бірінші кезең: Кездесу.

Екінші кезең : Сүйгенінен айырылып қалу. Үшінші кезең: Қайтадан кездесу кезіндегі қуаныш. Соңынан анық байланыспен, мазасыз көңіл күйді білдіретін ортаңғы бөлім жүреді. Мұнда музыка осы бір тағдырды қатыгез сөзбен баяндап тұрғандай болады.Үшінші бөлімде қайтадан бастапқы ашық мелодиясымен қуаныш пен күдікті қабастастыра көрсете

«ВАЛЬС ФАНТАЗИЯ».

/ 1856 /


Лирикалық характерде жазылған. Шығармасын бастапқыда фортепианоға арнап жазады. Соңынан кеңейтіп, өңдеп өлерінің алдында симфониялық оркестрге бейімдеді. Фантазияның негізгі темасы жанға жайлы, ерке сазды, әсемдікке толы болып келеді. Құрылысы әр-түрлі 3 тақырыпта /фразалар мелодияға ұшқыр, жеңіл мазмұн береді. Негізгі тема вальстік ритммен мазмұны жағынан әр-түрлі болатындай эпизодтарды байланыстырып, Ронда формасына ұқсас бірнеше рет қайталанылады.

* * *




Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 38_

Тақырыптың аты: АЛЕКСАНДР СЕРГЕЕВИЧ ДАРГОМЫЖСКИЙ

Сабақ мақсаты: операларының шығу тарихымен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Даргомыжский Глинканың ізбасары. Орыс музыкасының тарихына жаңалық еңгізген үлкен өнер адамы.ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары орыс мәдениетінің өркендеу кезі еді. Композитор Даргомыжскийдің шығармашылығының ерекшелігі, сол кезеңде Россияның алдыңғы қатарлы жазушы, суретшілерімен тығыз байланыста болғанын көрсетеді. Ең жақсы деген шығармалары Пушкин мен Лермонтовтың сөздеріне арналды.

ӨМІР ЖОЛЫ.

Александр Сергеевия Даргомыжский 2 февральда 1813 жылы Тула губерниясында, Бельбск уезі Тронцкий қаласында дүниеге келді. 1817 жылы әке-шешесі Петербургке көшіп келіп, коммерциялық банктің канцеляриясында әкесі қызмет жасайды.Музыкалық білімді үйде алады.7жасында фортепианода ойнауды игереді. 10 жасында шығармалар жазуға талаптанады. Ол тек фортепианоны ғана үйреніп қоймай , скрипка мен ән айтуға да әуестенеді.Пианист Франц Шаберлехнерден 3 жылдай сабақ алды. 18 жасында Даргомыжский шығармашылық жұмыспен айналыса бастайды .Бірақ та композиторлық техникасы жетіспейді. 1835 жылы Глинкамен кездесу, өміріне үлкен өзгеріс кіргізді. Жас музыканттар бір-бірімен тез тіл табысып, Глинка музыка теориясын жетік үйренуіне көмектеседі. 1841 жылы Виктор Гюгоның «Собор Парижский богоматери» романының сюжетіне «Эсмиральда» операсын жазады.«Торжества Вакха» кантатасын Пушкиннің сөзіне жазылған, кейіннен опера балетке қайта өңделеді. 1844 жылы шет



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 39_

елдерде Берлин, Брюссель, Париж, Вена қалаларында жарты жылдай болып, көптеген музыкант, композиторлармен танысады. Өмірге деген көзқарасы, көңіл-күйі терең өзгеріске түседі. Еліне сапардан оралысымен, Пушкин пьесасының сюжетіне арнап «Русалка» операсын жазады. Глинканың жолымен жүрседе, жүректі, жаңашыл, батылдығын өз шығармаларында көрсете алған композитор.1853 жылы орыс музыкасының сыншысы және ағартушысы В.Ф.Одьевскийдің қолдауымен Даргомыжскийдің шығармашылық концерті өтеді. Тыңдаушы қауым концертке үлкен баға береді.Даргомыжский енді «Русалка» операсына өзі либретто / үлкен музыкалық шығарманың, көбінесе операның сөздері/ жазады.1845жылы Петербургтегі Театр- цирктің сахнасында «Русалка»операсы қойылады. Жастар жанашырлық танытқанымен, ақсүйек қауым операны қабылдамайды . 1860 жылдары оркестрге арналған пьеса «Казачок», «Баба Яга» және «Чухонская фантазиясы» жазылды. Орыстың музыка қоғамының мүшесі болғандықтан көп уақытын Даргомыжский халық ағарту жұмысына арнады.1864 жылы Даргомыжский тағы да шет елде болып, Брюссель қаласында өзінің шығармаларына арналған концерт қойылады. Өмірінің соңғы жылдары «Каменный часть» операсын жазумен шұғылданады.Текстісі Пушкиннің шығармасынан алынған бұл операсы *Могучая кучка* композиторларын таң қалдырады. Бірақ аяқтай алмай 5 январьда 1869 жылы қайтыс болады. Глинканың жанына жерленді. Өзінің өсиеті бойынша композитор КЮЙ аяқтап, Римский-Корсаков «Каменный частьті» оркестрге түсірді.1872-жылы *Могучая кучка* композиторлары Петербургтің Мариинский театрында операның қойылуына көмектесті.

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 40_

«РУСАЛКА» ОПЕРАСЫ.

Тұрмыстық драманы көрсететін орыстың 1-ші операсы. Композитордың алдына қойған негізгі мақсаты: кейіпкердің ішкі жан дүниесін, олардың сәтсіз кезеңдерін, ішкі мінез құлықтарын көрсету. *Русалка* операсынын негізгі тақырыбы әлеуметтік келіспеушілікті, көркем суретпен орыстың кедей қызының бай князьдің алдағанына сеніп, тастанды болып қалғанын шындық пен көрсетеді. Сол кездегі шаруалар мен олардың жас қыздарының, байлардың мазағы болғанын, осы операдағы Наташа трагедиясынан байқайға болады. Операның драмалық сюжеті А.С.Пушкиндік. Қатысатын адамдар:Мельник –шал, оның қызы Наташа, Ольга Княчинаның жолдас қызы. Княчина – байдың қызы. Опера 4 көріністен тұрады.*Русалка* деген киялдан туған, су астында өмір сүретін әдемі қыз./опера 4 көріністен тұрады/ . Көріністің алдында сонаталық увертюра ойналады. Оның мазмұнында 2- көріністегі тойға арналған хор темасы.

І-ші көріністен Наташаның ариозасы орындалады.

І-ші көрініс. Днепр өзенінің жағалауындағы диірмен. Жас князьбен Наташа бір-бірін ұнатады. Аяғы ауыр болып қалған Наташа, әкесінің айтқан ақыл- сөздерін ескермей, болашағына ой салмай, бар ықыласымен беріліп князьді сүйеді. Ал князь болса сөзіне тұрақсыз, диірменге келуін сиретеді.

І-ші көрініс. Диірменшінің / Мельниктің/ ариясымен басталады. «Ох, то-то все вы девки молодые !!» музыкасы жылдам, пляска бидің ритмімен, акцентпен, кәрі шалдың қырсық мінезін көрсетсе, әрі қарай үш образдың көңіл-күйін беретін лирикалық терцет Наташаның ариясы «Ах, прошло то время, время золотое» және қыздар арияся лирикалық ән «Ах, ты сердце», әйелдер хоры

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 41_

«Заплетатся, плетень» және хорлық ән «Как на горе мы пиво варили» орындалады. Көріністің аяғында князь бай қызға үйленетінін жариялайды.Наташаның әкесіне бір қап ақша беріп, өзіне қымбат басына орамал /повязка/ байлап жылдам кетіп қалады. Алданғанын түсінген Наташа қайғыдан Днепр суына құлап өледі.

2-ші көрініс. Князьдің бай қызына үйлену тойынан басталады. Бай қыз жолдастарымен қоштасады. Соңы үлкен мерекелік көрініс Славян билерімен ұласып, қалжың ән *Сватушка* мен жалғасады. Осы кезде суға кеткен Наташаның қайғылы әні естіледі. Нәзік ән салқын сезіммен арфа мен габойда орындалады. Ыстық сезімдегі Наташа, екінші образда салқын қанды Русалка арқылы көрінеді. Дауысты естіп қорыққан князь өзінің қызметшілеріне Наташаны тауып, судан шығаруын сұрайды. Халық көрінісі.Той көңілсіз аяқталады.

3-ші көрініс. Князьдің усадьбасы. 12 жыл уақыт өтті. Бұл жылдар семьясына бақыт әкелмеді. Оны өмірдің қызығынан күдер үзген Князьдің наватинасынан *Невольно к этим грустным берегам* көруге болады.Музыкасы ойлы-қайғылы орындалады. Наташаның әкесі болса қайғыны көтере алмай ақылынан алжасып өзін *қарғаға* теңейді.Князь шалдың қасіретін көріп үйіне шақырады. Шал қызын өзіне қайырып беруін сұрап, ыза-кектен Князьді өлтіремін деп жүгіреді. ІУ-ші көрініс. Наташа- Русалканың кек алу көрінісі. Су жағасына Князь келеді. Өзінің кішкентай Русалка қызы әкесіне шешесі туралы айтып, оны су түбіне шақырады. Сол кезде тереңнен Наташаның дауысы естіледі, Князьді өзіне шақырған. Князь суға кетіп өледі. Эпилог. Днепр су патшалығы. Кішкене русалкалар өлген Князьді патшаның аяқ астына әкеп тастайды. Осылай русалкалар алданған наташаның кегін қайтарады. Даргомыжский

Ъ


Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 42_

сол кездегі орыс халқының қатыгез теңсіздігін батыл әшкерелеп, *Русалка* операсы арқылы ашық көрсете білд

РОМАНСТАР МЕН ӘНДЕР.

Даргомыжский өз өмірінде 100 ден аса романстар мен әндер жазған. Композитор романстары мен әндері әр-түрлі уақиғаға байланысты жазылған ақындар өлеңдеріне арнады. Ақындар жазған өлеңнің мақсат-мазмұнын бұзбастан, халыққа түсінікті музыка тілімен жеткізді. Сол заманның ақындары, өз ортасында болып жатқан өмір көрінісін өлең сөзбен жаңаша бейнелеп берсе, композитор сазымен нақтылы сезім тоғанысын суреттейді. Мысалы ақын А.Де львичтің өлеңіне *Мне минуло шестнадцать лет*, жазылған жас қыздың бойындағы құбылмалы қызу қанды, бұлтарысы көп жастық шақтың бейнесін, мажорлық ладта жеңіл вальс ритімімен көрсетеді.



«МНЕ ГРУСТНО» РОМАНСЫ.

Орыстың ақыны Лермонтовтың өленіне арналған романс. Композитор Лермонтов пен Пушкиннің шығармаларын сүйіп оқыған. Лермонтовтың *Мне грустно* өлеңі мазмұны жағынан терең ойлы. Сол замандағы баөытсыз қоғамның, арсыз адамдардың, қанышер жауыздардың ортасында, шындықпен өмір сүретін жаны таза адамдардың қиыншылығын баяндайды. Композитор осы өлеңнің терең мағанасына сәйкес музыка жазғанда, өлеңнің мазмұны одан әрі кеңейеді. Өлеңмен музыка сәйкестігі ғажайып, таңқаларлық құрастырылған. Шығарма фортепианомен орындалса да, дыбыстары тұрмыс-салт романстарының гитарамен сүйемелдеген үндестігін еске түсіреді. Ойлы нәзік үндер гитар пернелерінен шыққанда, романсты орындаушы дауыстық үндестігін көркем шеберлікпен жеткізген.



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 43_

«СТАРЫЙ КАПРАЛ»

/ ХУШ-ХІХ ғасырдың бас кезінде Россиядағы әскери кіші командир. /Старый капралдың сөзі француз ақыны Пьера Беранженікі. / аудармасы Курочкиндікі \ . Бұл әнде Даргомыжский таптық теңсіздікті, әділетсіздікті көрсеткен. Әділетсіз адамдарға тап болған кәрі капралдың тағдыры. Жас офицердің тәртіпсіздігін көтере алмаған капрал қарсылық көрсетеді. Осыған байланысты оны ату жазасына бұйырады. Жазалайтын жерге алып келгенде кәрі капрал жолдастарын көңілдендіреді.Аяғыңмен тік тұрыңдар ! Бір ! Екі !Кеудеңді көтер саспа Қиыншылықтан қашпа ! Бір ! Екі !Деп оның азаматтық ержүрек ісі суреттеледі. Кәрі капралдың осындай ерлігі «Марш ритмімен орындалады»



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Опералары: «Эсмиральда», «Русалка», «Торжества Вакха» және

«Каменный часть» .

2. Симфониялық пьесалар: «Казачок», «Баба Яга», «Чухонская

Фантазия».

3. Жүзден аса әндері мен романстары. /Кальцов, Курочкин, Пушкин,

Лермонтов және т\б ақындардың сөздеріне арналған./

4. Вокалдық ансамбль.

5. Фортепианолық пьесалар.

* * *


Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 44

Тақырыптың аты: ХІХ-шы ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ

ОРЫС МУЗЫКАСЫНЫҢ ДАМУЫ.

Сабақ мақсаты: сол кездегі жалпы мәдениеттегі жаңалықтармен мен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі

Орыс мәдениетінің шыңына жетіп, гүлденген уақыты ХІХ ғасырдың екінші жартысы болды. 60 –шы жылдардың бас кезіндегі қоғамдағы қақтығыстар , Россияның Қырымдағы жеңілісі 1853 -1856-шы жылдардағы, крепостнойлық право Россия елінің өркендеуіне үлкен бөгет екенін, елдегі шаруалардың теңсіздігі, патшалық Россияның артта қалғанын дәлелдейді. Осы шиеленіскен жағдайлардың барлығы қоғамда революциялық жаңа идеяның қалыптасуына жол ашты. Патшалық самодержавиеге қарсы рухтары биік интелегенттер шыға бастады. Олар: дворян интелегенттер мен разночинцылар /разночинец ХІХ ғасырдағы Россияда дворяндардан басқа сословиеден / қоғамдық топтар/ шыққан интелегенттер/ Герценнің басшылығымен жасырын «Колокол» журналы, ақын жазушылар Некрасов, Чернышевский, Добролюбовтың ұйымдастыруымен шығатын «Современник» журналдары шыға бастады. Бұл интелегенция қауымы, шаруалардың бостандығын қорғап, патшалық Россияға қарсы үлкен ағартушылық жұмыс атқарады. Әдебиетте, сурет-живописьте, музыка да жаңа көзқарас, жаңа ойлар пайда болды. Олар : Некрасов, Чернышевский, Добролюбов болса, олардың идеясын сурет өнерінде жалғастырушылар : Перов, Крамской, Репин, Суриков, Левитан. Осы суретшілердің суретін сатып алып сурет галереясын ашып, халық игілігіне сыйлаған П.М.Третьяков. Ол өзінің ұйымдастырған сурет галереясын 1892-ші жылы Москва қаласына тарту етіп сыйлады.



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 45_

Музыка саласында да көптеген өзгерістер байқалады. 1859-шы жылы Петербургте бір жылдан кейін Москвада орыс музыка қоғамы РМО -/русское музыкальное общество/ құрылды. Бұл қоғамның құрылуына орыс пианисі Антон Григорьевич Рубинштейн көп күш жігерін жұмсады.1862 жылы Петербургте алғашқы орыс консерваториясы ашылады. Директоры А.Г.Рубинштейн болады. 1866-шы жылы Москвада да консерватория ашылып Антон Григорьевичтің ағасы Николай Григорьевич Рубинштейн тағайындалады. Ол да пианист, дирижер, жақсы мұғалім болатын. Консерваторияны бітірген алғашқы түлектер халыққа жұмыс үстей бастады. Солардың бірі орыс халқының мақтанышы Петр Ильич Чайковский. 1862 жылы ақысыз оқылатын музыка мектебі ашылады. Өнерді сүйетін оқушыларға музыкадан білім беріледі. Теория, хор, оркестрге арналған аспаптармен таныстырылады. Балакировтың басқаруымен Россияда музыка оқу орындары әр түрлі салада жұмыс істей бастады. Бұл кезде Балакиров, Кюй, Мусоргский, Бородин және Римский-Корсаков құрған *Могучая кучка* қуатты ұйымға айналды. Олар үлкен еңбекпен әндер жинай бастады. Тек орыс халқының әндерімен шектелген жоқ, сонымен қатар Шығыс елдерінің , Кавказ, Орта Азия елдерінің әуендерін жинаумен айналысты. Еңбектерін халық игілігіне жұмсады. 60-70-ші жылдары, орыс музыкасының даму жолындағы көптеген қиыншылықтарды жеңу үшін, аянбай күресуге тура келді. Олар : кертартпалық көзқарастағы сыншылар /консервативный/, бюрократ чиновниктер. Бұлар ұлттық мазмұндағы орыс операларына жол бермей, шетел музыкасын дәріптеп қолдағандар еді. Қорыта айтқанда 60-70 жылдар орыс мәдениеті үшін ең маңызды жылдар болып есептеледі. Барлық қиыншылықтар мен қақтығыстарға қарамастан халық бостандығы үшін күреске шақыра білді. Музыка , сурет , живописьте құнды көркем шығармалар жасалып, орыс мәдениетінде халықтық, ұлттық өнердің жолы ашылды.



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 46

Тақырыптың аты: АЛЕКСАНДР ПОРФИРЬЕВИЧ БОРОДИННІҢ

ӨМІР ЖОЛЫ .

Сабақ мақсаты: симфонияларының шығу тарихымен жақынырақ танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Александр Порфирьевич Бородин 31 октябрьде 1833 жылы Петербург қаласында дүниеге келді. Саша кішкентайынан еңбекшіл, ақылды, алғыр болып өсті. Бірнеше шет тілдерін тез игерді –француз, неміс, ағылшын, итальян тілдері. Үрмелі аспаптарда ойналатын оркестрді тыңдағанды жақсы көретін. Және естіген әрбір музыкасын есте сақтап, үйде ойнауға тырысатын. Ал шешесі гитарда ойнап, орыс әндері мен романстарын айтатын, музыканы қадірлейтін адам болды. Баласының музыкалық қабілетін анасы ерте аңғарды. Саша 8 жасынан флейтадан, сосын фортепианодан сабақала бастады. Саша 9 жасында алғашқы пьесасын «Элен» жазса, 13 жасында флейтаға арнап шағын концертін жазды. Музыкаға деген ынтасымен қатар Бородин бала кезінен химия мен табиғат тану- биологиға көп көңіл бөлді. 1850 жылы Дәрігер-хирургия академиясына түседі. Оны бітірген соң, аз уақыт госпитальда дәрігер болып істейді . 1858 жылы диссертациясын қорғап, ғылыми доктор атағына ие болады. Болашағынан үлкен үміт күттірген жас ғалымды шетелге 3 жылға командировкаға жібереді. Осында ол атақты орыс пианисткасы Екатерина Протоповнамен атнысады. Өзінің шебер ойынымен ол Бородиннің шетел композиторлары Шопен, Шуман, Листке деген сүйіспеншілігін арттырады, кейінірек Бородинге күйеуге шығады. Музыкалық шығармалар жазуға ынтасы ерекше байқалған Балакиревтің «Музыка қоғамына» қатысқан кезден басталады.

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 47_

«Спящая красавица», «Морская царевна», «Песня темного леса»,драмалық баллада «Море». Сол сияқты лирикалық-романсы, ақын Гейненің сөзіне жазылған «Отрывай полны мои песни». 1876 жылы – 2-ші симфониясы «Богатырская» героическая. Опера «Князь Игорь», 2-ші квартеті. Осы жылы /1882/ Пушкиннің өлеңіне жазылған «Для берегов Отчизны дальней» т.б. көптеген шыгармалар , романстар жазады. 1887 жылы 15 қаңтарда кешке таман жүрек ауыруынан қайтыс болады. Сонымен 3-ші симфониясы «Князь Игорь» де аяқталмай қалады. Композитордың шығармаларын жоғалтпай тауып алып, көп еңбекпен аяқтаған орыс композиторлары Глазунов пен Римский-Корсаков болды.

А.П.БОРОДИННІҢ РОМАНСТАРЫ МЕН ӘНДЕРІ.

Бородин Пушкин, Некрасов, Толстой, Гейне және өзінің өлеңдеріне арнап 18 романстар мен әндер жазған. Оның нәзік әдеби лирикадан басқа халықтың үлкен әндері де болған. Олар: «Песня темного леса» -әні. Бородин Даргомыжский, Мусоргскийлерге еліктеп музыкасында сөз интонациясын келтірмеген. Ол негізгі мелодияны өлеңнің сөзін ескеріп сөзіне көңіл көрсетеді. Негізгі көркемдік сүйемелдейді пианиноға беріп отырады. Тағы бір романсы – «Для берегов Отчизны дальней» өлеңі Пушкиндікі. 1885 жылы досы композитор Мусоргскийдің қайтыс болғанына арнап жазған романстың музыкасын үлкен қайғы-қасіретті орыны толмас ауыр көңілді көрсетеді. Романс Ш болімнен тұрады. І – Ш бөлімдері адал достық өлімінен , онымен қоштасу сәттерін көрсетеді. Секундалы интонация жұмсақ мелодиялық интонациямен ауысып келіп отырады. Ал, жан күйзелісін фортепиано партиясы кеңейтіп жалғастырады. Минор ладында жағымсыз, қатты диссонанстық аккордтың жүруі қайғылы бақытсыздықты көрсетеді. Ал 2-ші бөлімінде: орындалмай кеткен арманы, кейбір сәттерде минордан мажрға соңынан кең



Ред. № 1. 29.08.2014ж.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Бет 48_


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет