Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы



бет25/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95
Музыкалық импровизация - өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.
Музыкалық тіл – бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық «ақпаратты» жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл – «грамматикалық норма» жүйесі, қолдану ережесі, «сөз-моделді» қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.
4 жасында бала музыкалық-шығармашылық қабілеті бастапқы жағдайда және де музыкалық ойлауының өнімі ретінде қалыптасады. Бұл кезеңді «байқау, сынау» дейміз.
5 жасында бала өзінің музыкалық импровизациясында кең мағынадағы мазмұнын қолдана алады. Бұл кезеңді «ырғақтық кезең» деуге болады.
7 жасар бала музыкалық импровизациясының бейнелеу мазмұны кеңейе түседі: көңіл-күй сюжетінің кеңдігі байқалады. Сондықтан, мектепке дейін және мектеп кезеңінде оқушыда көркем-бейне, музыкалық ойлау қалыптасады. Бала шығармашылығында кең және аяқталған әуендер пайда болады (период формасындағы - әуендік кезеңнің дамуы).
Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың музыкада өз-өзінің әсерлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет