3.7 Есте сақтау қабілетінің дамуы және қалыптасуы Балалардың музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуында музыкалық әсердің қоры жиналуда, репертуардың кеңдігі пайда болады. Осы жинақтаған сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс-әрекетте қолдануы музыкалық есте сақтауы болып табылады.
Мектепке дейін және бастауыш мектеп балаларының музыкалық есте сақтау элементтері біркелкі және теңсіздік дамиды.
Кәсіби-музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта орындауы.
3.8 Түсінік арқылы есте сақтауы. Оқушы-музыканттың орындаушылық есте сақтау тәсілінің жолдары және дамуы Музыканы есте сақтау процесіндегі маңызды ерекшеліктері - мазмұны, сипаты, осы әрекетті орындау тәсілдері. Қысқаша – музыкант-оқушының музыкалық шығарманы қай, қалай, қандай деңгейде кәсіби сауатты жаттау. Тәжірибе көрсеткендей оқушылардың көбісі музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта-қайта қайталау мен орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.
Қайта-қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады, оның мазмұнын түсінбесе, музыкалық түсінігі болмайды. Мынадай жаттығу жағдайда адамның миы жұмыс істеу керек.
Көркем-интелектуалды және эмоционалды белсенділігі ойлап жұмыс әрекеті мен музыкалық шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы нәтижелі болады, есте сақталады, түсінетін болады.