2-тарау
ЖАҢА ШЫНДЫҚ
ҮШІНШІ «ЯДРОЛЫҚ» ДҮНИЕ
Менің жиі байқаған бір нəрсем, таптаурын түсініктердің біздің
ойларымыз бен сыншыл түйсігімізді шеңгелді құрсауына қатты алатыны
соншалық, біз кейде ақиқат болудан əлдеқашан алшақ қалған, сондықтан да
күмəн күрмеуіне ілінуге тиіс нəрсенің өзін қайталай береміз.
Күні өткен, бірақ жалпы жұрт қабылдаған сондай ақиқаттың бірі,
менің білуімше, дүниенің көп полярлығы Кеңес Одағының күрт ыдырап
кетуінің тікелей салдары деген тезис. Біз, жиырмасыншы ғасырдың екінші
жартысының кейінгі оқиғаларының тəжірибесіне сүйеніп, бұл пайымдауды
даусыз нəрсе ретінде қабылдап, оның дұрыстығы мен дəлдігіне зəредей де
күмəн келтірмейміз. Бірақ ашығын айтқанда ағымдағы оқиғаларды
барынша үстірт талдап, салыстырғанның өзі бұл пікірді едəуір даулы деп
санауға негіз береді. Көп полярлық дүниенің орнау процесін бастап берген
нақ Кеңес Одағының ыдырауы болды деген пайымдаудың тым құрығанда
бір мағыналы, бесенеден белгілі ешқандай алғышарттарын байқай
алмаймын.
Шынында да, КСРО-ның ыдырау процесі ғаламдық геосаяси
өзгерістермен,
аса
ауқымды
мемлекеттік
қоғамдастықтардың
геостратегиялық мүдделерін қайта бағалаумен, толып жатқан елдердің, ең
алдымен, дамудың өркениетті де демократиялық жолына түскен бұрынғы
кеңестік республикалардың өз дүниетанымын қайта бағалауымен қабаттаса
жүрді.
Бірақ бəрібір мынаны ұмытпауымыз керек, қос полярлық дүние
дəуірі өзара келісілген жəне өзара тəуелді күштер теңдігі жағдайында өтіп
жатты, яғни ол қарым-қатынастың тек қана күш компонентіне негізделген
болатын. Ал осынау күш тепе-теңдігінің «өлшемі» нақ ядролық қару еді.
Бұл тұрғыдан алғанда қос полярлық тайталастың күні əлі өте қойған
жоқ. Ресейдің қалай дегенмен де ядролық держава күйінде қалғанын
ұмытпауымыз керек, сондай-ақ ол ядролық қаруын жай ғана сақтап қалған
жоқ. Ол əлі де Құрама Штаттардың əлуетімен салыстыруға болатын
əлуетке ие.
Кеңес Одағының ең басты мұрагерлерінің бірі болып отырған Ресей
бір кезде оған тəн болған ғаламдық империялық кеудемсоқтықтан бас
тартты, бірақ соған қарамастан өзінің жеткілікті кемелденген əскери
инфрақұрылымын сақтап қалды, ал мұның өзі оның атом қаруын өндіріп,
86
жетілдіру жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін іске асыру мүмкіндігін
береді.
КСРО мен АҚШ-тың бітіспестігі мен жазмыштық тайталасы
келмеске кетті, бірақ саны мен сапасы жағынан «кепілді өзара құртып
жіберу» тұжырымдамасына сай келетін, сондықтан да енді Ресей мен АҚШ
арасындағы қатынастарда саяси тепе-теңдікті талап өтетін ядролық əлует
əлі де бар жəне ең бастысы, Ресей стратегиялық шабуыл құралдары, БҰҰ-
ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі жағынан АҚШ-тың тең құқықты
əріптесі күйінде қалып отыр жəне бұрынғысынша көптеген елдер үшін
тарту орталығы болып, өзінің тəуелсіз сыртқы саясатын жүргізіп келеді.
Осының бəрі, əдетте жұрт айта беретіндей, қос по лярлы дүниенің
тіпті де келмеске кетпегенін айғақтайды. Ол тек тым кедір-бұдыр тұстарын
жұмырлап, қазіргі жағдайда бұрынғыдай тым үзілді-кесілді антагонистік
пошымда көріне бермейтін болды.
Онда дүние қалай болғанда да көп полярлық болып келеді дейтін
пайымдаулар турасында не демекпіз? Олардың шынымен-ақ қате болтаны
ма?
Олай емес шығар деп ойлаймын. Алайда қос полярлық пен көп
полярлық
ұғымдарын,
қазіргі
кезде
жиі
жасалып
жүргеніндей,
хронологиялық жағынан бір- бірінен бөліп қарауға болмайды.
Көп полярлық қос полярлық орнына əлі түпкілікті келе қойған жок,
жəне олар əзірге қатар өмір сүріп келеді. Нақ осы таңырқарлық симбиоздың
арқасында қос полярлық көзге кемірек шалынатын болды, өйткені ол қатар
бас көтеріп келе жатқан көп полярлық тұсында айқын аңғарыла бермейді.
Көп полярлық дүниенің пайда болуының жағдайы мүлдем басқа
жəне əлі де сақталып келе жатқан қос полярлық дүниеге мүлдем тəуелсіз.
Қазіргі тарихи жағдайларда олар бір-бірімен жай ғана қабаттаса жүреді.
Бірақ мұндай жағдайда блоктық тайталастың аяқталуы көп
полярлық дүниенің туындау факторы бола ала ма?
Жиырмасыншы ғасыр дүниені екі əлеуметтік жүйенің əлемдік
күресінің пошымы ретінде қабылдауға мəжбүр етті. Бірақ сонымен бірге,
біз үшінші дүние деп атауға əбден үйренген дүние шынтуайтында
«параллель» дүние екендігін байқамай келгеніміз анық. Ол дүние көп
жағынан нақ өзінің əрең байқалатын, көбіне бірегей жолымен дамып келе
жатқанды жəне менің білуімше, нақ сол «параллель» жол жаңа шындықтың
— «астам держава» деген ұғымның бірте- бірте шайылып, жаңа кейіпкер
ретінде халықаралық сахнада аймақтық державалар яғни кейде айта
беретініміздей, «аймақтық полюстер» немесе «аймақтық күш орталықтары»
87
пайда болатын шындыққа жетектеп əкелді. Нақ солар жаңа көп полярлық
дүниенің негізгі субъектілеріне айналады жəне нақ осы арнаға ядролық
қарудыңтаралуы секілді процесс зор қаупімен өріле бастайды.
XX ғасырдың аяғы ғаламдық ауқымдағы маңызды оқиғамен атап
өтілді. Үндістан мен Пəкстан өздерінің ядролық пиғылын ашық
жариялады. Күш тепе-теңдігі бұзылды, ал ядролық қару «үлкен» бестіктің
еншісі болудан қалды. Жалпы жұрт мойындаған, мызғымастай болып
көрінген таратпау режиміне кереғар, атом қаруына иелер саны артты. Жаңа
əлемдік геосаяси полюс — «үшінші ядролық дүние» пайда болды. Көп
полярлық дүние туралы тезис нақты мазмұнмен толықты. Бұл орайда жаңа,
көп полярлық дүние, амал қанша, бұрынғы, күш компонентіне негізделген
дүние құрылымының белгілі бір ерекшеліктерін сақтап қалды. Нəтижесінде
адамзаттың ғаламдық ядролық қаруға ие болу жолымен дамуының нақты
қаупі туындады.
«Үшінші» дүниенің жаңа аймақтық державаларының ядролық
қаруға ие болуын əлемге жар салып көрсетуі «табалдырықтағы» жəне
«табалдырық
алдындағы»
елдерді
жанталаса
қаруланудың
жаңа
айналымына,
аймақтық
деңгейде
ядролық
қаруланудың
тізбекті
реакциясына итермелейді. Осынау жанталаса қаруланудың ауқымы екі
«астам державаның» бұрынғы ядролық жарыса қарулануынан əлдеқайда
асып түсетін қауіпті мөлшерге жетуі мүмкін. Егер жаңа ядролық жанталаса
қарулану басталып кетсе, ол екі жақты жəне келісілген сипатта емес,
жалпыға
бірдей,
ғаламдық
сипатқа
ие
болады.
Мұндай
ахуал
қарусыздануға, таратпауға, ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздікке
байланысты проблемалардың сұмдық шиеленісіп кетуіне апарып соқтыруы
мүмкін.
Ядролық көп полярлықтың жаңа жағдайында атом қаруы аймақтық
саясат процесінде көз жеткізудің таптаурын құралына айналып кетеді.
Нəтижесінде ядролық кару қолданылатын «шағын» аймақтық соғыстар
туындауының нақты катері пайда болады.
Ядролық қарудан бас тартып, жаңа ғасырға бейбіт ниеттермен
аттаған мемлекеттің президенті ретінде мені бақылап болмайтын
планеталықжарыса қарулану қаупі алаңдатпай тұрмайды.
Азия мен бүкіл дүние жүзіндегі ғаламдык жəне аймақтық
қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасау — Қазақстанның өмірлік мүдделерінің
өрісі. Сондықтан осы кітаптың екінші бөлімінде мен жаңа шындык —
үшінші ядролық əлем калай пайда болғанын көрсетуге, көп полярлық
дəуіріндегі ядролық қарудың жаңа қасиеттерін ой елегінен өткізуге
88
тырысып, адамзатқа жаңа қауіпті қатерлердің төнуі туралы көптен мазалап
жүрген ойларымды ортаға салмақпын.
Менің кітабым болашақ дүниенің нобайларын айқындау əрекеті
емес. Алайда осы кітапты оқыған əрбір адам біз үшін бірден-бір мүмкін
ядролық қарусыз дүние мен сондай болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік
беретін рецептер туралы ойлана бастаса, мен өз мақсатымның іске асқаны
деп санар едім.
О т стік Азия: айма ты екі астам держава
Мен жөн-жосықсыз ұқсастыруға ешқашан құлай қойған емеспін,
бірақ түпнұсқа дүдəмалсыз болса, ондай ұқсастыру əбден орынды.
Бүгінде Збигнев Бжезинскийдің бір ауыз сөзіне ілесіп, Жұмыр Жерді
шахмат тақтасына балай беру əдетке айналып барады. Егер осы
терминологиядан көз жазбасақ, 1998 жылы Оңтүстік Азияда аймақтық
ядролық «чемпион» атағы үшін өзіндік бір шахмат партиясы ойналды.
Алғашқы, үйреншікті Е2-Е4 жүрісін, Тар шөліндегі Покхаранға таяу
полигонда бес ядролық боеголовкасын жарып, Үндістан жасады жəне де
Үндістан жарған, қуаты 15-20 килотонна болатын бес құрылғының
арасында қуаты 43 килотонна сутегі бомбасы да болды.
Пəкстан, көп ойланып жатпай-ақ, кəдімгі Е7-Е5 жүрісін жасады —
қуаты 5-10 килотонна болатын атом зарядтарының алтауын Чаган
жотасының маңындағы полигонда жарды.
Нақ, осы 1998 жылғы 11-30 мамыр аралығындағы қысқа мерзімде
Үндістанның
Раджастан
штаты
мен
Пəкстанның
Белуджистан
провинциясында жасалған ядролық жарылыстар жаңа геосаяси дəуірдің
басталғанын, жаңа шындықтың — көп полярлық дүние құрылымының
туғанын жəне қабаттаса «үшінші ядролық дүниенің» пайда болғанын паш
етті.
Үндістан Республикасы мен Пəкстан Ислам Республикасы
адамзаттың шартты түрде «бас болатын — күшті ғана» дейтін тіркеспен
білдіруге болатын бұрынғы тарихи тəжірибесінен дəстұрге айналып
үлгерген схема бойынша «бұлшық етін» білеулеп, толыққанды ядролық
державалар болуға ұмтыла түсуде. Бұл орайда ол елдерге, олардың
басшыларының ойынша, алдын ала қулақтандырудың, тактикалық
ядролық қаруды оперативті басқарудың осы заманғы жүйесін орналастыру
жəне жеткізу құралдары мен олардың жолын кесу құралдарын жетілдіру
89
«ядролық кемелдік» бермек.
Ал ядролық қаруға ие болу жайына келсек, олардың бар екенін
Үндістан мен Пəкстан дүниеге əлден-ақ айқын көрсетті. Қазіргі кезде
бұлардың əрқайсысында қанша атом боеголовкасы бар екенін айтып беру
қиын. Бірақ мысалы, Үндістанның, мамандардың пікірі бойынша, 1998
жылға қарай, ең аз дегенде 455 ядролық боеголовка өндіре алатындай
(немесе олар болды да) барлық қажетті ресурстары мен компоненттері
болды. Өз кезегінде, Исламабадта кем дегенде 105 атом зарядын өндірерлік
тиісті мүмкіндіктер болды.
Осылайша аймақтық деңгейдегі ядролық қару-жарақжиынтығы
жеткілікті жоғары сандық мөлшерде бола алады.
Алайда ел іс жүзінде, егер онда ядролық қару ғана емес, оны тиісті
жеріне жеткізудің қажетті құралдары болса ғана, ядролық мемлекет деп
атала алады. Мысалы, қазірдің өзінде 2 мың километрге дейін жерге
ядролық зарядты жеткізе алатын орташа қашықтықтағы «Агни» ұшырғыш
зымыраны бар Үндістан, қолда бар мəліметтерге қарағанда, 8-12 мың
километр қашықтықтағы нысанаға ұшып жете алатын баллистикалық
«Сурья» зымырандарын əзірлеуде. Мұның үстіне «Агни» тұрпатындағы
зымырандарды жаңғырта түсу жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, үнді
əскери
инженерлері
əзірлеген
оперативті-тактикалық
«Агни-2»
зымырандары 700-800 килограмм салмағы бар ядролық қаруды 2,5 мың
километр қашықтыққа жеткізе алады.
Осынау үнді зымырандық бағдарламаларына Пəкстан ядролық
зарядтарды жеткізу құралдарын дамытудың төл жобаларымен жауап
бергенінде ешқандай кездейсоқтық жоқ.
Исламабад осы заманғы тұрпаттағы зымырандарды жасау жөніндегі
төл бағдарламасын бірталайдан бері жүзеге асырып келеді. Мысалы,
Пəкстанның қолындағы баллистикалық «Хайдер-Г зымыраны атом қаруын
секундына 16,6 километр ғарыштық жылдамдықпен алып ұша алады.
«Хайдер»
Пəкстан
ғылыми-техникалық
əлуеті
жетістіктерін
пайдалана отырып жасалған тұңғыш зымыран болып табылады.
Бұрынғы
«Шахин»
зымырандары
шетелдерде
шығарылған
зымырандардың көшірмесі іспетті болатын. Соған қарамастан, қатты
отынды «Шахин» зымырандарының жаңа түрлерін жасау жалғастырылуда.
Атап айтқанда, алғашқы тактикалық «Шахин-1» зымыраны 1 тоннаға
дейінгі пайдалы жүкпен 800 километрге дейін жете алса, «Шахин-2»
сондай жүкті 2200 километрге жеткізе алады.
1999 жылғы 14 сəуірде Пəкстан əскерилері сондай-ақ орташа
90
қашықтықта қолданылатын «Гхаури-2» баллистикалық зымыранын
сынақтан өткізді, ол 600 килограмм ядролық зарядты 2200 километр
қашықтыққа жеткізе алады.
Қысқасы, жаңа зымырандық-ядролық жанталаса қаруланудың жаңа
тұрағы — Оңтүстік Азия...
* * *
Биология ғылымында, былай қарағанда, өте қарапайым, бірақ іс
жүзінде өте маңызды бір заң бар. Ол — Бэр заңы. Арнайы
терминологияларды қолданбасақ, оның мағынасы мынаған саяды:
ұрықтың дамуы жалпы алғанда тұрдің дамуын айна-қатесіз қайталайды.
Адамның дамуын алайық: ол ананың қурсағында жатқанда, оның
бойында жануарлар дүниесінің эволюциялық дамуының желбезек, құйрық
жəне басқалары бірте-бірте пайда болып, жоғалып кетіп отырады.
Адам ұрығының организм ішінде тоғыз ай бойы жетілуі, осынау
ғажап заңнан көрінетіндігіндей, бүкіл тұрдің, жануарлар дүниесінің
жүздеген миллион жылдар бойғы эволюциясын қайталап шығады.
Қызық-ақ, бірақ салыстыру өз-өзінен сұранып тұр. Егер Бэр
заңдылығын ядролық қатынастардың қазіргі шындығына қолданып көрсек,
өте қарапайым, бірақ тіпті де таптаурын емес жауап аламыз: аймақтық
деңгейдегі жанталаса қарулану серпіні ғаламдық тай- талас дəуіріндегі
ядролық жарыса қаруланудың эволюциясын қайталап шығуы мүмкін.
Үндістан мен Пəкстан арасындағы аймақтық бəсекеде бұдан
былайғы оқиғалар «қырғи қабақ соғыс» жылдарының ең нашар
сценарийлерін қайталауы мүмкін. Аймақтық деңгейде ядролық жарыса
қарулануды бастап жіберудің нақты қаупі бар. Ол жарысты күшейте түсу
оған Азия аймағының басқа да елдерінің тартылу қатерін төндіреді.
Сонымен бірге аймақтық қайшылықтар мен аймақтық проблемаларды
шешуде ядролық қаруға ие болудың бүкіл мəнсіздігін ескерсек, ондай
ядролық жарыстың мақсаты оған жүмсалған қаражатты ақтауы былай
тұрсын, болжап болмайтын зардаптарға соқтыруы əбден мүмкін. Осы
тұрғыдан алғанда аймақтық деңгейдегі ядролық тайталастың қауіпті
салдарларын жете бағаламауға болмайды.
Үндістан мен Пəкстанда ядролық қару сынақтары өткеннен кейін,
мен мұның неліктен жасалғаны туралы көп ойландым. Осынау екі ел,
аймақ бойынша біздің көршілеріміз əлемдік қоғамдастықтың пікіріне қарсы
турып, блоктық ядролық тайталас аяқталғаннан кейін дүниеде орнаған,
əзірше тым нəзік тепе-теңдік пен тыныштықты бұзуға неліктен бет алды?
91
Оңтүстік Азияда ядролық жанталаса қарулану қатеріне байланысты
беймазалықты əр қилы Еуразия мемлекеттерінің өкілдері 1990 жылдардың
бас кезінде- ақ білдіре бастаған болатын. Мысалы, менің есімде, сонау 1994
жылдың
мамырында
Бангладеш
астанасы
Даккадағы
баспасөз
конференциясында Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі
Премьерінің орынбасары, сыртқы істер министрі Цянь Цичень: «...Оңтүстік
Азиядағы жанталаса қарулану бірде-бір ұлтқа ешқандай абырой əпермейді.
Ол тек осы аймақ, - тағы ахуалдың шиеленісуіне ғана айналуы мүмкін...»
деген пікір білдірген болатын. Ғаламдық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда,
Цянь Циченьнің қаупі орынды болып шықты. Оңтүстік Азия аймағында
кенеттен екі бірдей ядролық державаның пайда болуы Еуразиядағы
ахуалды барынша шиеленістіріп жіберді жəне өзге континенттерде ашу-
ызалы, əр қилы ауанды пікірлер туғызды.
1998 жылғы жарылыстардан кейін іс жүзінде Үндістан мен
Пəкстанды əлемнің барлық мемлекеттері айыптады. Құрама Штаттар өзінің
Пəкстанға саяси ықпалын пайдаланып, ядролық сынақтарға жаппай тыйым
салу туралы шартқа бір жақты қосылуға Исламабадтың көзін жеткізуге
талай рет тырысып бақты. Үндістанға сынақ тұріндегі ядролық
жарылыстан соң іс жүзінде іле-шала көптеген елдер экономикалық санкция
енгізді.
Үндістанда, Пəкстан да солай болатынын күнілгері білді ғой деп
ойлаймын, əскерилердің бірі түймені баспай тұрып-ақ көре білгеніне
иманым кəміл.
Онда ештеңеге қарамастан олардың ядролық қар- уын «əшкере ету»
туралы шешім қабылдауы неліктен? Бұл шешімнің таңғалдыруының тағы
бір себебі, Үндістан да, Пəкстан да əрқашан жаппай жəне толық ядролық
қарусызданудың ең бір радикал жақтаушылары болып келді ғой.
Əрине мысалы, Үндістанды ядролық қару иеленуден əлдебір
экономикалық санкция қатері тоқтата алар еді деп топшылау аңғырттық.
Осы тұрғыдан алғанда көп нəрсені аңғартатын бір көзқарасты содан талай
жыл бұрын Үндістан сауда палатасының төрағасы Иогендар Триведи
білдірген еді: «...Сегіз жүз миллионнан астам халқы бар ұлтты бір шетке
жай ғана ысырып тас- тауға болмайды’’.
Соңғы жылдары Үндістан Республикасының экономикалық əлуеті
ұдайы өсіп отырды. Дамыған индустрия мен ойдағыдай экономикалық
саясат Үндістанның жоғары технологиялар саласында өзінің төл
бағдарламаларын іске асыруына мүмкіндік береді. Бұл іргелі жəне
қолданбалы
зерттеулерге,
ғарыштық
(спутниктік)
бағдарламаларға,
92
суперкомпьютер əзірлеу саласындағы жетістіктерге, атомды зерттеуге
қатысты.
Үнді ғылымының жоғары деңгейі бүкіл əлемге танылған. Мысалы,
көптеген үнді ғалымдары бүгінде əлемнің толып жатқан ғылыми
мекемелері мен лабораторияларында жұмыс істейтіні баршаға белгілі.
Ықтимал экономикалық оқшаулау режимінен тайсақтай қоятындай
Үндістан экономикасы соншалық осал емес. Алайда ядролық қару сынап,
бұл мемлекет ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бүкіл жүйесінің
негізін шайқалтты жəне барлық басқасынан əлдеқайда маңыздысы нақ осы
болатын.
* * *
Дели мен Исламабад ядролық кару иеленудің қауіпті де тым тайғақ
жолына бəрібір неліктен түсті деп неғұрлым көп ойланған сайын, мен
мына бір пікірге солғұрлым көп ойыса беремін: олардың ядролық
кеудемсоқтығының іске асырылуына сол уақытта қалыптасқан ғаламдық
қауіпсіздіктің жалпы режимі жəрдемдесті. Дəлірек айтсақ, сол режимнің
күн өткен сайын анық байқала берген кемістіктері жəрдемдесті.
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт қабылданған сəттен бастап,
планетада ядролық кару саны азаю былай тұрсын, керісінше, талай есе өсіп
кетті. Ол əлемнің көптеген елдерінде, əсіресе планетаның Еуразиялық
бөлігінде орналастырылды. Ядролық сынақтар да тоқтатылған жоқ, бұл
орайда атом қаруы едəуір жетілдіріліп, оның жиынтық қуаты ой мен
парасат жететін барлық шектерден асып түсті.
Осыған байланысты мына жəйтті еске түсірген абзал: елуінші
жылдардың орта тұсының өзінде Үндістан Республикасы ядролық қару
сынақтарына, олардың əскери немесе «бейбіт» сипатына қарамастан, бүкіл
əлемде толық та сөзсіз тыйым салынуын үзілді-кесілді жақтады.
Джавахарлал Неру Үндістанның Премьер-Министрі болып тұрған 1954
жылы осы үндеуді БҰҰ мінберінен жариялады. Нақ Дели алпысыншы
жылдары дəл сол Таратпау туралы шартты əзірлеп, даярлауға барынша
белсене қатысты, бірақ сол Шартқа қазір үнді жағы қатыспайды. Сол кездің
өзінде Үндістанның позициясы аса нақты да түбегейлі болатын: ол екі
іргелі шарттың — Таратпау туралы шарт пен Ядролық сынақтарға жаппай
тыйым салу туралы шарттың тармақтарына сынақтарды тоқтатудың нақты
мерзімдері жəне ең бастысы, атом қаруына ие мемлекеттердің ядролық
əлуетін толықжою мерзімдері енгізілуін талап етті.
Үндістанның бұл мəселедегі позициясы ұзақ уақыт бойы өзгермей
93
қала берді. Бұл арада ядролық қарудан ада жəне зорлық-зомбылықсыз
дүние туралы 1986 жылғы Дели декларациясын еске түсірудің өзі
жеткілікті, бұл Махатма Гандидің «зорлық-зомбылықсыз саясатының» үздік
дəстүрлері рухында жазылған құжат болатын. Бірақ, амал нешік,
Үндістанның позициясы осынау басты ядролық екі шартта ескерілмеді де,
Үндістан оларға заңды мүше болу мүмкін емес деп тапты. Əйтсе де, өз
пікірі ескерілгенше, солай деп үйғарды.
Сол жылдары Пəкстан да ядролық қауіпсіздік мəселелерін тек қана
бейбіт реттеу тұжырымдамасына адал болатын. «Будда жымиысынан»
(Үнді ядролық құрылғысының 1974 жылғы тұңғыш жарылысының шартты
аты) кейін Пəкстан Үндістанға Оңтүстік Азия аумағында ядролық қарусыз
аймақ құруды ұсынды. Өз пиғылының шынайылығын қуаттау үшін
Пəкстан Делите Ядролық қару таратпау туралы шартқа ядролық қарусыз
мемлекеттер құқығымен бірлесіп қол қоюды ұсынды. Бірақ ол кезде
Үндістан таратпау режиміне байланысты ахуалға жəне əлемдік ядролық
күштердің геосаяси бөлінуіне өзінің көзқарасы тағдырына көбірек
алаңдаулы еді де, өкінішке қарай Исламабадтың ұсыныстарымен келісе
қойған жоқ.
Демек бұрынғы десек те, жаппай ядролық қарусыздану процесіндегі
Дели мен Исламабадтың батыл да мақсатты күш-жігерін ескерсек, оларды
айшайға қарамай айыптау əділетті бола қояр ма екен?
Ол-ол ма, қалыптасқан сол жағдайға негізінен нақты геосаяси ахуал
мен ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздіктің күшінде бар жүйесі арасында
қалыптасқан орасан зор алшақтық кінəлы болғандығына барған сайын
көбірек көзім жетіп келеді.
Біз, дүние жүзі елдері блоктық ядролық тайталастың аяқталуымен
адамзат қауіптен қутылды деп ұйғарғанда, көреген бола қоймаппыз. Біздің
ұжымдық діттегеніміз бен əрекеттеріміз тиімсіз, ебедейсіз болып шығып,
ғаламдық жəне аймақтық деңгейлердегі халықаралық қатынастардың
өзгерген жүйесіне жедел жауап қатуға мүмкіндік бермеді.
Үндістан мен Пəкстанды айыптау, оларға қарсы экономикалық
санкциялар енгізу — осының бəрі түбегейлі өзгерген ахуалға кешігіп
қалған, іс жүзінде ештеңе шешпейтін қадам болатын. Бүгін бізге жаңа
көзқарас, жаңа ұжымдық күш-жігер қажет жəне ол жарылып кеткен
ядролық «жараны» өйтіп-бүйтіп тігіп тастауға бағытталмайды, қайта
сырқат организмді — ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздіктің барынша
кінəратты, консервативтік жүйесін сауықтыруға мүмкіндік беретін дəрі-
дəрмекке айналады.
94
Үндістан мен Пəкстанның ядролық статусы өзінің пародоксты игі
жағын көрсете алады, көрсетуге де тиіс — жаппай жəне нақты қарусыздану
жөніндегі бұдан былайғы шаралардың елеулі түрткісі болуға тиіс жəне ең
бастысы, бейбітшіл күш-жігерге, ядролық жəне ядролық қаруы жоқ
мемлекеттердің бұдан былайғы шарттық кірігуіне жаңа серпін бере алады,
ал мұның өзі ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
жəрдемдесетіні даусыз.
* * *
Дели мен Исламабадтың ядролық қаруын «заңдастыру» проблемасы
— Үндістан түбегінің немесе Оңтүстік Азия аймағының ғана проблемасы
емес. Үндістан мен Пəкстан арасындағы тайталас жаңа ядролық сапаға ие
болып, қазірдің өзінде осы елдердің өзіне ғана емес, бүкіл аймақ үшін де,
тіпті оны қойып, жалпы адамзатқа қауіпті бола бастады.
Біріншіден, осынау елдердің ядролық қару жеткізетін зымырандық-
авиациялық құралдарының жауынгерлік сипаттамалары арта түскен сайын,
белгілі бір аумақтарды қирата алу зонасы нақты кеңейе түсетіні алаңдатпай
қоймайды. Атом қаруының «аймақталуы» өзінің географиялық шеңберінен
бірінші кезеңде ғана шықпайды. Алайда содан кейін, ядролық зарядтар
жеткізудің
зымырандық-авиациялық
құралдарының
жетіле
түсуі
нəтижесінде, «аймақтық» ядролық қарудың ықпал аймағы сөзсіз кеңейеді.
Аймақтық деңгейде ядролық қару мен жеткізу құралдарының
жетілдіріле түсуі, «аймақтық» ядролық тайталас бірте-бірте ғаламдық
тайталасқа сөзсіз айналатыны бүгінде баршаға айқын болған секілді.
Міне осы жағдай қазір қалыптасқан қауіпсіздік жүйесін түбегейлі
бұзып, көптеген елдерді тіпті география тұрғысынан өздерінен алыс жатқан
«жанталаса қарулануға» əйтеуір бір қатысуға мəжбүр етеді.
Екіншіден, Үндістан мен Пəкстан арасында сақталып отырған
қайшылықтарды, олардың толып жатқан əскери жанжалдарға соқтырып
отырған тайталасының ұзақ тарихын ескерсек, жаңа жанжалдың бұрқ ете
түсуінің зор қатері бар, ол қазіргі жағдайда ядролық жанжалға ұласып кетуі
мүмкін.
Дүние жүзінің баспасөзінде сан рет, жан-жақты көрсетілген,
Үндістан мен Пəкстан арасында көп қасірет шеккен Джамму мен Кашмир
штаттары төңірегіндегі аумақтық дау елеулі проблема күйінде қалып
келеді. Осынау елдердің өзара айыптары мен талаптар тасқынының көп
бөлігін нақ Кашмир мəселесі құрайды. Əрбір жақ осынау штаттың өзіне
«ежелден қарастылығының» уəждерін келтіреді. Исламабад Кашмирде
95
мұсылман халқының басымдығын көлденең тартады.
Дели
Пəкстанның
Кашмир
істеріне
араласуына
барынша
шамырқанады. 1972 жылғы Симле келісімінен бастап жүргізіліп келе
жатқан сансыз келіссөздер мен ақылдасуларға қарамастан, өзара сенімсіздік
«статус- квосы» сақталып, əзірге, амал қанша, осынау ұзақ дауды шешу
жолындағы сындарлы қадам байқалмай отыр.
Əлбетте, аймақмемлекеттері осынау елдердің ядролық жанталаса
қарулануды бастап кеткеніне алаңдамай тура алмайды. Егер олардың
арасында ядролық жанжал туа қалса, нəтижесінде сансыз адам қырылады
(бұл елдерде халықтың тығыз тұратынын ескерсек), сондай-ақ бүкіл
аймаққа сұмдық экологиялық апат əкеледі.
Адамзатта осы заманғы ядролық қаруды ауқымды қолдану
тəжірибесі əлі бола қойған жоқ. Алайда тіпті жапонның Хиросима мен
Нагасаки қалаларын бүгінгі өлшем бойынша «əлсіз» ядролық зарядтармен
бомбалауға байланысты қасіретті тəжірибені ескеріп, сондай-ақ Семей
полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын біле отырып, ондай
жанжалда тактикалықядролық қаруды колданудың өзі алапат болады деп
сеніммен айта аламыз.
Үшіншіден, жəне бұл, тегінде ең бастысы болар, Үндістан мен
Пəкстанның əрекеттері ядролық қаруды таратпаудың қазіргі халықаралық
режимін бузудың нақты қаупін туғызды.
Бір жағынан, Үндістан мен Пəкстанның ядролық кеудемсоқтығы
ядролық қарусызданудың ортақ тен- денцияларына кереғар екені (бұл
тенденцияны ақыр аяғында өркениетті жоғары технологиялы елдер байқа-
та бастады немесе байқатып отыр) жəне халықаралық құқыққа тікелей
қайшы (дүние жүзінің барлық дерлік елдері қол қойған Ядролық қаруды
таратпау туралы шарт халықаралық құқықтың нақ өзі) екені айдан анық.
Алайда екінші жағынан, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың таза пошымдық
процедуралары бұзылған жоқ, өйткені Үндістан да, Пəкстан да олар- дың
мүшесі емес. Бұл тұрғыдан осынау екі мемлекет те көптеген елдерге
«жаман үлгі» көрсетіп, Қосылмау қозғалысының бейресми лидерлеріне
айналғандай болады.
Атап айтқанда, Үндістан мен Пəкстан жасаған ядролық сынақтар
ғаламдық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бүкіл жүйесінің астына
жатып-жатып жарылатын бомба қойғаны айқын, өйткені жоғарыда
айтылған екі Шарт та ядролық қарудың таралуының алдын алуға дəрменсіз
болып шыққаны баршаға анық.
96
Сөйтіп бүгін мына бір нəрсе айқын — егер ядролық қарудың таралу
процесін бүгін тоқтатпаса, ертең ол мүлдем бетімен кетуі мүмкін.
Бұл мəселеде Кассандра болғым келмейді, бірақ мемлекетаралық
саяси егеске байланысты халықара- лық ахуал таяу уақытта өзгере қоймаса,
жұмыр жердің бір нүктесінде аймақтық ядролық жанжалдың бұрқ ете қалу
ықтималдығы тек өсе беруі мүмкін.
Сондықтан ғаламдықжəне аймақтық қауіпсіздіктің едəуір берекесі
кеткен жүйесіне байланысты проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп
іздестіру қажеттігі нақ қазір туындап отыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
ескі пошымдары көп жағынан, тұжырымдамалық сапасы жағынан да, іске
асыру механизмі жағынан да ескірді.
«Күш тепе-теңдігі», күш компоненті, қорқытып тежеу, «кепілді
күйрету», сан рет қирату, «канонеркалар дипломатиясы» секілді уəждердің
бəрі де өткен ғасырдың қойнауында қалуға тиіс.
Біз олардың күні өткенін мойындап, сезінуіміз, оларды көненің
көзіне
айналдыруымыз
керек.
Жаңа
ғасыр,
жаңа
мыңжылдық
дипломатияның жаңа тілін туындатады. Ғаламдық жəне аймақтық
қауіпсіздіктің сындарлы да баянды жүйесін алдамшы емес, шындап
жасайтын жаңа аспаптар əзірленуге тиіс.
Олар алуан да соны, тиімді де əлжуаздау болуы мүмкін. Бірақ
олардың бəрі бір шартпен — «күш» компонентінсіз жасалып, іске
асырылуға тиіс. Проблеманы күш тұрғысынан тығырыққа тіреп, тек
шиеленістіре бермей, ізгі ерік пен естілік тұрғысынан оның парасатты
шешілуіне шындап жəрдемдесу керек.
XXI ғасыр «өркениеттер қақтығысы» немесе сурқай «тарихтың
соңы» теорияларының мерейі үстем түсетін заман болмауға тиіс. Жаңа
келген заман парасатты қажеттілік пен жеткіліктілік принциптеріне
негізделген жанжалсыздық теориясының салтанатына айналуға тиіс.
Сондықтан да мен мыңжылдықтар тоғысын бір сайга таңылған
əлдебір символ деп емес, жаңа бір Рубикон (заманында Юлий Цезарь
«өтсем бе, өтпесем бе» деп ойланып, жағасында үш күн жатқан өзен) деп
қабылдаймын: не біз бұдан былай тайталасты ондаған, жүздеген аймақтық
«ядролық тепе-теңдік» деңгейінде одан əрі күшейте түсу жолымен жүреміз
де, «кепілді өзара күйрету» сценарийінің қисынды аяқталуына сөзсіз
келеміз, не күш дипломатиясын серпіп тастап, аймақтық, демек əлемдік
қарусызданудың қажеттігін үзілді-кесілді мойындаймыз.
Біз ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздік жүйесінің жаңа құрылымын
іздестіруге ұжымдық күш-жігерді жүмылдыру жолына сөзсіз түсуге тиіспіз.
97
Ол, ең алдымен, үш принципке негізделуі тиіс: жаппай əмбебаптық, сөзсіз,
даусыз қарусыздану жəне өзара сенім шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |