Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі


Кепілді к, ауіптен, қауіпсіздік кепілдіктеріне



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev


Кепілді к, ауіптен, қауіпсіздік кепілдіктеріне...
Мен  əрқашанда  əлдебір  қаруы  болып,  ондай  қаруды  басқаның  да
иеленуіне  қарсы  шығатындар  “қарусыздың”  алдында  табиғи  да  қажетті
міндеттеме ала- ды деп білетінмін.
Егер  қару-жарағы  көбірек  ел  ондай  міндеттеме  ал-  маса,  ол
“қарусыз”  жөнінде  “күш  тұрғысынан,  кейіннен  қауіпсіздік  кепілдігін
берместен,  іс  жүзінде  немесе  күн  ілгері  мəжбүрлеп  қарусыздандыру”  деп
бағалауға болатын əрекет жасайды. Бірақ ондай болмай, күшті  екі жақтың
да келісуімен, қарусыздың қауіпсіздігіне толық кепілдік беруге міндеттенсе,
бұл арада өзара келісіп алу мен өзара міндеттемелерсіз іс өнбейді.
Айта  кетелік,  ядролық  қарудан  бас  тартып,  біз  сол  арқылы  басқа
мемлекеттерге біздің ел ядролық агрессия көзі ретінде тіпті де қауіпті емес
деген  кепілдік  бердік.  Айта  беретініміздей,  əлемдік  прогресшіл  жəне
бейбітшіл қоғамдастыққа “қарай қадам жасадық”.
Осыған байланысты, бір сəттерде біздің қазақстандық жəне шетелдік
көптеген  саяси  жəне  қоғамдық  қайраткерлердің  республиканың  ядролық
қарусызда-  ну  процесі  созылып  кетуіне  байланысты  белгілі  бір  қауіп
білдіргені  еске  түспей  қоймайды.  Проблеманың  ара-тұра  өткір  болғаны
соншалық,  кейде  сыртқы  жəне  ішкі  саясат  мəселелерінде  үлкен  кедергіге
айналып  кетіп,  ұжымдық  қатысуға  байланысты  көптеген  про-  цестерде
жаңғырық болып оралып жатты.
Кейбіреулер бізді тікелей айыптауға тырысты: біз “ядролық қарудан
арылу”  туралы  шешімімізді  аярлықпен  қайта  қарамақ  екенбіз,  өзіміздің
кейбір  проблемаларымызды  шешу  үшін  ядролық  əлуетті  бопса  жасаудың
ұзақ  мерзімді  құралына  айналдыруға  тырыспақ  екенбіз.  Енді  біреулер
Қазақстанды  “ислам  ядролық  мемлекетіне”  айналдыру  мүмкіндігінен
шындап  қорық-  ты.  Үшінші  біреулер  біздің  “мимырттығымыз”  елімізді
тұрақты “ядролық терроризм” көзіне бірте-бірте айналдыру процесі қауырт
жүріп жатқандықтан деген күдік айтты.
Қысқасы,
өзінің
саясаттанушылық
жəне
геостратегиялық
мамандануына қарай, əркім аузына келгенін айтып жүрді.
Бұл  арада  əрине  кекесінге  орын  шамалы,  бірақ  мені  нақты  айқын
73

нəрселерді  мүлдем  түсінбеу  кейде  таңғалдырып,  дағдартатын.  Не
айтпақпын?
Егер  ядролық  қару  тежеу  қуралы  рөлін  атқараты-  нымен  келіссек,
онда  оның  “функциялық  міндеті”  принципінде  бақшадағы  қарақшының
міндетіне  ұқсас  екендігімен  келіспеуге  болмайды.  Нақ  солай!  Қарақшы  -
ядролық қарудан əлдеқайда көбірек тежеу құралы.
Біріншіден,  ол  бақшаны  тонаушыларға  ешқандай  да,  тіпті  ойдағы
зиянды  да  тигізе  алмайды.  Əлбетте,  қанатты  “агрессор”  одан  секем  алып
жүреді.  Сонымен  бірге  ол  қорқытатын  тежеуші  функциясының
арқасынлуына жол бермейді. Тым құрығанда, олардың қалағанындай емін-
еркін қимылдауына жол бермейді.
Ядролық  қарусыз  Қазақстанның  “өсу  қарқынының”  баяулауы
туралы  айтыс  барысында,  неліктен  екенін  қайдам,  атом  қаруының  басты
міндеті  —  ықтимал  дұшпанды  амалсыз  пацифизмге  мəжбүрлеу  екенін
ешкім де есіне алған жоқ.
Неліктен  екенін  қайдам,  бəрі  де  оның  “бүлдіргіш”,  қиратқыш
қасиеттері мен осыған байланысты қауіпті ғана есте ұстапты.
Қазақстанның жаңа тарихында біздің еліміз тұңғыш рет мемлекеттік
тəуелсіздік  алды  жəне  бұл  қадам  бізге,  ел  басшыларына  тиісті
міндеттемелер  жүктеді.  Бірінші  кезекте,  Қазақстан  Республикасының
мемлекеттігі  мен  егемендігін  нығайта  беру  жөнінде  барлық  күш-жігерді
жұмсап, одан əрі қадамдар жасау міндеттелді жəне де əрине біздің аумақтық
тұтастығымыз  бен  қауіпсіздігімізді  қамтамасыз  етуге  бағытталған  қажетті
де тиісті күш-жігер жумсау міндеттелді.
Біз Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет бо- латынына титімдей
де  күмəнданған  жоқпыз,  бірақ  со-  нымен  бірге,  көптеген  басқа
мемлекеттерден  өзгеше,  енді  бізді  ешкімнің  де  “ядролық”  қол  шатыры
қорғамай-  тын  еді.  Ал  өзіміздің  қол  шатырды,  бул  қадамның  бүкіл
жауапсыздығы  мен  болашақсыздығын  түсіне  отырып,  əрине  ашқымыз
келмеді.
Өз-өзінен белгілі нəрсе, мүмкін жағдайлардың
(Пропущено предложение) отырдым: егер кейбір державалар тағы бір атом
державасының  пайда  болуы  себепті  өздерінің  сыртқы  ядролық  саясатын
қиындата  түскісі  келмесе,  олар  ядролық  қарусыз  мемлекет  статусының
пайдасы  туралы  тиісті  уəждерін  көлденең  тартуға  тиіс.  Ең  бастысы,  бул
уəждерін  ядролық  қауіпсіздік  жөніндегі  ресми  кепілдіктермен  қуаттауға
тиіс.
Ақыр аяғында біз ядролық державалардың кепілдіктерін алдық, олар
74

республикамыздың  сыртқы  ядролық  қатерден  жəне  атомдық  əлуеті  бар
мемлекеттер  тарапынан  əскери  сипаттағы  қатерден  қауіп-  сіздігімізді  іс
жүзінде  қамтамасыз  етеді.  Қазақстанның  ядролық  қарудан  арылу
процесіндегі  уақытша  “үзіліс”  ең  алдымен,  “ядролық”  кепілдіктің
дипломатиялық жəне заңдық проблемаларына байланысты болатын.
Əсіресе  кепілдіктің  өзіне  қатысты  тиісті  тармақтарды  нақтылай
түсуге,  оларды  тараптардың  қабылдап,  бекітуіне  көп  уақыт  кетті.  Сайып
келгенде,
ядролық
державалардың
басшыларымен
үзақ
жеке
ақылдасулардан,  келіссөздерден  кейін,  біз  Қазақстан  Республикасының
ядролық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  ужымдық  меморандумға  қол
қойдық, оған аса ірі яд- ролық державалар — Ресей, Құрама Штаттар жəне
Үлыбритания қол қойды.
Біз  үшін  өте  маңызды  осынау  қауіпсіздік  кепілдіктері  туралы
меморандумға  АҚШ  Президент  У.Клинтон,  Ресей  Президенті  Б.Ельцин
жене Улыбритания
Премьер-Министрі  Д.Мейджор  1994  жылы  5  желток  -  санда
Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  ұйымының  (ЕҚЫҮ)  Венгрия
астанасындағы саммиті кезінде қолдарын қойды.
Ең
алдымен,
тараптар
республикамыздың
тəуелсіздігі
мен
егемендігін  құрметтеу  жөніндегі  өз  міндеттемелерін  қуаттады,  күш
саясатын  пайдалану  мүмкіндігінен,  оны  Қазақстан  жөнінде  қолданудан,
экономикалық санкциялардан, біз де мүшесі болып табылатын ЕҚЫҮ-ның
іргелі принциптеріне сай келмесе, оларға жүгінуден бас тартты.
Эрине ең бастысы мынау. Меморандум былай дейді: егер Қазақстан
Республикасы  ядролық  қару  қолданылған  агрессияға  ұшыраса  немесе
сондай  агрессия  қатерінің  объектісіне  айналса,  ядролық  қаруы  бар  ұлы
державалар  —  АҚШ,  Ресей  Федерациясы  жəне  Үлыбритания  мен
Солтүстік  Ирландия  Біріккен  Корольдігі  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының
Қауіпсіздік  Кеңесінің  турақты  мүшелері  ретінде  біріккен  күш-  жігермен
Ядролық қаруды таратпау шартына ядролық қарусыз мемлекет құқығымен
қатысушы ел ретінде Қазақстанға тиісті көмек көрсету жөнінде шұғыл əре-
кеттер жасайды.
Қазақстанның  ядролық  қауіпсіздігінің  кепілдіктері  туралы  осынау
Меморандум  жарияланған  соң  екі  айдан  кейін,  1995  жылы  8  ақпанда
Синьхуа  агенттігі  ҚХР  Үкіметінің  Қазақстанға  сондай  кепілдіктер  беру
туралы мəлімдемесін жариялады.
Кепілдікте
ашық
та
айқын,
сонымен
бірге
үзілдікесілді
пошымдабылай
делінген:
“...Қытай
Қазақстан-
ның
қауіпсіздік
75

кепілдіктерін алу ниетіне толық түсіністікпен қарайды. Ядролық қаруы жоқ
мемлекеттер  мен  ядролық  қарусыз  аймақтарға  қарсы  ядролық  қару
қолданудан  немесе  оны  қолдану  қоқан-лоқысынан  сөзсіз  бас  тарту  —
Қытай үкіметінің дəйекті позициясы осындай. Осынау принципті позиция
Қазақстанға да таратылады”.
Бұлардың  бəрінен  де  бурын  1993  жылы  қыркүйекте  біздің  елімізге
сапары  кезінде  Қазақстанға  қауіпсіздік  кепілдіктерін  беру  туралы
Францияның Президент Франсуа Миттеран мəлімдеген болатын.
Оңаша  əңгіме  кезінде  мен  ядролық  қарусыздану  мен  Қазақстанға
берілетін  кепілдіктер  арасындағы  анық  байланыстар  жөніндегі  принципті
пікірлерімді  ортаға  салғанымда,  ол  мунымды  қостап,  Қазақстан  атом
боеголовкаларын  шығара  бастау  процесі  алдында  сыртқы  ядролық  қатер
жағдайы  үшін  Франция  мен  басқа  ядролық  державалар  тарапынан  берік
кепілдіктер алуға тиіс дегенді қосып айтты.
Қазақстанның  ғаламдық  жəне  аймақтық  қауіпсіздігі  мен  ядролық
қарусыз болашақ жолындағы бұдан былайғы практикалық қадамдары үшін
маңызды  осынау  қужаттарды  алудың  ұзынырғасы  жалпылап  айтқанда
осындай.
Айтпақшы,  “Ғасырлар  тоғысында”  атты  кітабымда  “антиядролық”
кепілдік  алып,  планетаның  ұлы  ядролық  державалары  —  астам  елдердің
бірінші басшыларының тиісті құжаттарға қол қоюына əкелген осынау ұзақ
келіссөздер барысын біршама кеңірек жазған бола- тынмын...
Иеленбеуден бакылауға...
Əлемдік  қоғамдастықтың  Ядролық  қару  сынақтарына  жаппай
тыйым  салу  туралы  шарт  жасауы  ядролық  қарудан  толық  бас  тарту
қажеттігі  туралы  өзекті  мəселені  көлденең  тартты.  Өйткені  ондай
қарудыңсенімділігіне, оны сынамай, ешкім көз жеткізе алмайды.
Сондықтан  əлемдік  қоғамдастықтың  бақылау  əдістеріне,  барлық
ядролық  жарылыстарға  ғаламдық  мониторинг  кажеттігіне  тікелей
ілтипатын түсінуге бо- лады.
Біздің  аумағымыз  əрине  ядролық  қарусыз  болуға  тиіс,  бірақ  ол
қарусыздану  мен  таратпау  жөніндегі  жалпыға  бірдей  Шарттардың
шеңберінде  ғаламдық  жəне  аумақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің
“бейбіт” механизмдерімен байланысты бола алады.
Сондықтан  1993  жылдан  бастап  біріккен  Американ-Қазақстан
командалары  (IRIS  жəне  Үлттық  ядролық  орталық)  Қазақстанның  далалы
аймақтарында  Жер  кұрылымының  сейсмологиялық  зерттеулері  мен
ядролық  карудың  жер  қойнауындағы  сынағының  мониторинга  жүргізіп
76

жатса,  оған  таңғаларлық  ештеңе  жоқ  жəне  болашакта  Сейсмикалық
деректер орталығын кұру жоспарланып отыр.
Сынақтарды
бақылау
жөніндегі
бірлескен
кеңесамерикан
эксперименттері Қазақстан аумағы шарттас- қан елдер сынақтарының ғана
емес,  басқа  елдердің  ядролық  сынақтарының  мониторингі  жөнінде  мінсіз
дерлік алаң бола алатынын көрсетті.
Мұның  мынадай  себептері  бар:  1)Қазақстанның  солтүстік  жəне
солтүстік-шығыс аудандарының геологиялық құрылымының ерекшеліктері
сондай  ядролық  сынақтар  нəтижесінде  таралатын  сейсмикалық  тол-
қындар  ең  аз  кедергіге  ұшырайды  да,  олардың  амплитудалық
сипаттамалары  тым  алыс  қашықтықтардың  өзінде  əлсірей  қоймайды;
2)Қазақстан  аумағы  жағынан  Еуразияның  нақ  ортасында,  континенттің
ойпатты  бөлігінде  орналасқан,  мұның  өзі  сейсмикалық  жағынан  тыныш
нүктелерді оңай анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан  Республикасының  Семей  ядролық  поли-  гонының
негізінде
құрылған
Үлттық
ядролық
орталығы
мен
Колумбия
университетінің
Ламонт-Догерти
атмосфералық
обсерваториясының
бірлескен  жобасы  кең  ауқымды  сейсмикалық  сегіз  станция  əзірлеуге
мүмкіндік берді, олар табиғи да (жер сілкінісі), антропо- гендік те (ядролық
жарылыстар)  көздерді  бақылап  оты-  ру  міндеттері  үшін  өте  қолайлы  еді.
Əзірленген  станциялардың  бір  бөлігі  Ядролық  сынақтарға  тыйым  салу
туралы  жалпыға  бірдей  шарт  шеңберінде  Халықаралық  бақылау  жүйесі
станцияларының қатарына енді.
Қуаты  10  килотоннадан  асатын  жарылыстар  мониторингін  қолда
бар  ұлттық  сейсмикалық  желілер  қамтамасыз  етеді,  нақ  солар  2500
километрден бергі жерде болған жер сілкіністері мен неғұрлым “əлсіз” (0,5
килотоннаға дейін) жарылыстарды бақылай алады.
1998  жылы  бұрынғы  Семей  полигонының  “Балапан”  жəне
“Дегелең”  алаңдарында  ядролық  сынақтар  өткізуді  бақылау  əдістемелерін
дамытып,  көрсету  жөніндегі  эксперименттер  басталды.  Бұл  —  қуаты  бір
тоннадан 100 тоннаға дейінгі химиялық жарылғыш заттарын скважиналар
мен штольняларда екшеу жарылыс- тарын жасау.
5  тонна  жарылғыш  зат  пайдаланылған  мұндай  алғашқы  жарылыс
1997  жылғы  13  шілдеде  жасалды.  Дəл  сондай  жарылыс  “Омега-1”
экспериментінің  шеңберінде  Дегелеңдегі  214-штольняда  1998  жылы  22
тамызда  бурқ  етті.  Содан  кейін  əр  түрлі  штольняларда  “Омега”
бағдарламасының шеңберінде екшеу жарылыста- рының тұтас бір сериясы
жүргізілді.
77

Осы  жарылыстарға  байланысты,  айтпақшы,  сол  кезде  бірқатар
түсініспестіктер
туындады.
Полигон
əлдеқашан
жабылған,
бірақ
жарылыстар  əлі  де  болып  жатырмыс.  Айта  кетейін,  бұл  арада  əңгіме
зарядтар  емес,  жарылғыш  зат  ретінде  гранулотол  (түйіршіктелген  тротил)
пайдаланылатын  зарядтар  туралы  болып  отыр.  Гранулотол  дегеніміз
өнеркəсіп  жəне  құрылыс  жұмыстарында  кеңінен  пайдаланылады,  онда
радиоактивтілік атымен жоқ.
Сөйтіп  Қазақстанның  бұрынғы  əскери  кешендерді  бейбіт  қызметке
қайта  бағдарлауына  байланысты  Семей  полигоны  шетелдік  қатысушылар
мен  байқаушылар  үшін  барған  сайын  ашық  бейбіт  полигонға,  ядролық
елдердің таратпау саласындағы қызметінің “сезімтал мəселелерін шешудің”
бейтарап аймағына айналып келеді.
* * *
Конверсия
жобаларының
негізгі
мақсаты

өнеркəсіпті
демилитарландыру,
ұлттық
экономиканы
өркендету,
қару-жарақ
өндірісінде  істеген  немесе  істей  алатын  ғалымдар  мен  мамандарға  жұмыс
тауып  беру.  Қазақстанның  осы  бағыттағы  елеулі  үлесі  тура-  лы  1994
жылдан  бері  ашық  жұмыс  істеп  келе  жатқан  кəсіпорындардың  мысалы
бүкпесіз  айтып  бере  алады,  олар:  жарғылық  қоры  20  миллион  доллардай
болатын,  Қазақстандағы  ең  ірі  спутниктік  телекоммуникация  желісі  —
“Нұрсат”  біріккен  кəсіпорны,  жарғылық  қоры  12  миллион  доллардай
болатын,  Қазақстанда  түрмыстық  электроника  мен  жеке  компьютерлер
өндірісінің  пионері  —  “КК  Интерконнект”  бірлескен  кəсіпорны,  Нанн  —
Лугар  Қорының  жəрдемімен  қурылған,  кеңінен  қолданылатын  емдік
дəрідəрмектер шығаратын “БИО- ТИМ” кəсіпорындары жəне т.б.
Қазіргі  шындық  айқын:  əлемде  кепілдіктер  мен  шарт-  тармен
байланысты  емес,  ядролық  қаруы  бар  жəне  жоқ  мемлекеттер  өмір  сүріп
отыр.
Сондықтан
біз
ядролық
экспорт
материалдары
мен
технологияларының  əскери  мақсатта  пайдалану  мүмкіндігіне  немесе
ахуалына  жол  бермес  үшін  барлық  шараларды  қолданып  келеміз  жəне
ядролық  экспорт  халықаралық  принциптеріне  сəйкес  тауарлардың  адресі
берілуін қамтамасыз етіп отырмыз.
Соңғы бірнеше жылдар бойы сыртқы саудаға ядролық жəне ядролық
емес  өнімді  экспорттай  отырып,  Қазақстан  “ядролық  клуб”  мүшелерінің
ортақ  стратегиясынан  ауытқымай,  халықаралық  қауіпсіздікті  нығайтуға
бағытталған күш-жігерін арттыра түспекші.
Тəуелсіз даму мен мемлекеттігінің қалыптасуының 10 жылы ішінде
Қазақстанда  біз  көптеген  “əпербақан”  проблемаларды  ауыздықтай  алдық,
78

олардың ішінде жаппай қырып-жоятын қаруды, екі мақсатта да қолда- ныла
алатын  материалдар  мен  технологияларды  таратпау  тақырыбы  бірінші
дəрежелі маңызды мəселелер қатарында. Əскери қызмет зардаптарын жою
жəне  əскери-өнеркəсіптік  кешеннің  бұрынғы  объектілерін  конверсиялау,
ядролық,  химиялық,  бактериологиялық  қару  саласындағы  бекітілген
халықаралық  келісімдердің  орындалуын  бақылау  əдістемелерін  əзірлеу  —
осының  бəрі  қатерді  кемітудің  негізі.  Бірақ  əлемдегі  күш  арақатынасының
қубылмалылығы,  оның  əскери  жанжалдар  аймақтары  мен  ошактарының
ұлғаюын  немесе  кару-жарақтың  жаңа  түрлерінің,  соның  ішінде,  ядролық
карудың  көмегімен  өзін-өзі  орныктыру  ыктималдығының  өсе  түсуін
көрсетуі қауіпсіздікті камтамасыз ету жүйесін ұдайы жетілдіре беруді талап
етеді.
1997 жылы бірлескен Қазақстан-американ комис- сиясы мəжілісінің
нəтижесі  бойынша  Қазақстанда  “Таратпау  проблемалары  жөніндегі
институт”  ассоциациясын  құру  туралы  шешім  қабылданды.  Ғылым  мен
саясат  тоғысында  ойластырылған  осынау  күрылым  əлемде  ядролық
температураның көтерілуіне бірден құлақ асып, дер кезінде талдап, болжам
жасауға, таратпау саласында болуы мүмкін қауіптің алдын алып, оны жою
жөнінде үсыныстарын беруге тиіс.
Сөйтіп  өз  таңдауына  адал  Қазакстан  əлемге  ядро-  лық  қарусыз
бейбіт  геосаяси  дəлізді  шебер  де  мінсіз  салудың  үлгісін  көрсете  білді,  ал
одан Жер бетіндегі бірде-бір халық, бірде-бір адам зардап шеккен жоқ жəне
ол бүкіл адамзат бауырластығының игілігіне ай- налды.
МАГАТЭ жүйесінде...
Əсілі,  жоғары  технологиялы  энергетика  саласындағы  ең  беделді
үйым  МАГАТЭ  —  Атом  энергетикасы  жөніндегі  халықаралық  агенттік
болар.  Тіпті,  БҰҰ  жүйесіне  кіретін  үйым  ретінде  МАГАТЭ  атомдық
технологиялар  саласында  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  функциясын
атқарады деуге болады.
Бүл  арада  осынау  халықаралық  екі  қүрылым  функцияларының:
технологиялар  беру  (БҰҰ-да  —  “білім  тарату”),  кауіпсіздік,  кепілдіктердің
принципті  сай  келуі  де  көз  алдымызда.  МАГАТЭ-ге  қатысушы
мемлекеттердің  көп  екенін  де  былай  қоя  тұралық.  Бүгінде  ол  —  130-дай
ресми  мүшелер.  МАГАТЭ-нің  бірінші  кезектегі  міндеті  —  ядролық  қаруы
жоқ  елдердің  бөлшектелетін  материалдарды  атом  қаруын  жасау  үшін
ықтимал  пай-  далану  оқиғаларын  анықтау  мақсатында  бақылау
(кепілдіктер) жүйесін қолдану.
79

Əлемдік  ғылыми-техникалық  қоғамдастыққа  өркениетті  ену  үшін
Қазақстан  МАГАТЭ  мүшесі  болуға  жəне  Ядролық  қаруды  таратпау
шеңберінде өзінің ядролық объектілерін “атомдық БҮҮ” бақылауына, оның
нақ бейбіт пайдаланылуын тексеру мақсатындағы ин- спекциясына беруге
тиісті екендігі бесенеден белгілі болатын.
Алматының  шілдесі  —  фонтандар  мен  жасыл  желек  патшалығы.
Бірақ кейде аптаптан кірерге тесік таппайсың. Тек кешке қарай ғана таудан
соққан  самал  күндізгі  аптапты  біртіндеп  ығыстырып,  ғажап  бір  Алматы
ақшамы  билігіне  көшіп,  арық  суының  сылдыры  мен  атақты  Алматы
қызғалдақтарының  жұпар  иісі  аңқиды.  Шілденің  осынау  бір  күндерінде
Алматыға  сол  кезде  Атом  энергетикасы  жөніндегі  Халықаралық
агенттіктің Бас директоры болтан Ханс Блике келді.
Біз  оның  бұл  келуін  аса  маңызды  сапар  деп  білдік,  өйткені
МАГАТЭ-мен  қатынасты  хаттау  қауіпсіздіктің  ұжымдық  принциптеріне
негізделген əлемдік қатынастар жүйесіне өркениетті жолмен кірудің сөзсіз
шарты.  Келесі  күні  Қазақстан  халықтарының  Достық  үйінде  біздің
республика мен МАГАТЭ арасында
Кепілдіктер  туралы  келісімге  қол  қойылды.  Біз  өзіміздің  ядролық
объектілерімізді  халықаралық  техникалық  инспекция  үшін  беруге,
МАГАТЭ,  өз  кезегінде,  Қазақстан  энергетикасы  мен  іргелі  ядролық
зерттеулері  саласында  жан-жақты  көмек  көрсетуге  міндеттенді.  Осынау
өзара  Келісімге  қол  қойып,  Қазақстан  Республикасы  Ядролық  қаруды
таратпау  туралы  шарттың  толық  құқықты  қатысушысына  жəне
халықаралық  бейбіт  атом  қоғамдастығының  мүшесіне  айналды.  Ал
ядролық қаруды жою процесі заңдық негізге қойылды.
Сөйтіп Таратпау туралы шартта белгіленген процедураға сəйкес, сол
кезге  дейін  республикамыздың  қузырында  болып  келген  барлық  ядролық
объектілер  мен  материалдар  дереу  МАГАТЭ-нің  кепілдігі  мен  ба-
қылауына берілді.
Əрине Қазақстан аумағында Ресейге тиесілі ядролық материалдар да
болатын,  сондықтан  Қазақстан  оларды  жариялағаннан  кейін  Ресей  жағы
тиісінше  өзінің  ядролық  материалдарының  МАГАТЭ  бақылауына  өтіп
кетуін  тіпті  де  қалаған  жоқ.  Бұл  негізінен,  кеңестік  ядролық  двигательдер
жөніндегі  аяқталмай  қалған  бағдарламадан  кейін  Семей  аумағында  қалып
қойған  уранға  қатысты  еді.  Эксперименттік  двигательдерде  одан  əрі
пайдалануға  арналған  екі  тонна  отын-  да  80  пайыздан  астам  байытылған
205  килограмдай  уран  болатын.  Ресей  жағының  бұл  материалдарды
МАГАТЭ  кепілдігінен  шығарып  əкету  жөніндегі  уəждеріне  қарсы
80

қоятындай бізде ешқандай негіз жоқ еді. Тиісінше ресейлік осынау ядролық
материалдарды Қазақстан Үлттық ядролық орталығында пайдалану туралы
Ресей  Федерациясының  Атом  энергетика-  сы  жөніндегі  министрлігі  мен
біздің арамызда келісім əзірленіп, оған қол қойылды.
Əскери атомды босату...
Күнделікті  істер  мен  болашағы  бар  жобалар  басқарылатын  тізбекті
реакцияны  пайдалану  мен  атом  электр  станцияларының  əлуеттік
мүмкіндіктеріне  байланысты  проблемаға  келгенде,  менің  есіме  бірден
неліктен  екенін  қайдам,  Чернобыль  қасіреті  ғана  емес,  кино  өнерінің  бір
шығармасы да түсе кетеді.
Бірталай  жыл  бұрын,  бірде  мен  “Қытай  синдромы”  атты  американ
фильмін көрген едім.
Қысқасы, Чернобыльден көп бұрын, меніңше 70-жылдары түсірілген
сол  фильмде  атом  электр  станциясындағы  авариялық  жағдай  бейнеленеді.
Фильмнің  қаһарманы  —  ауысым  бастығы.  Аварияның  кездейсоқ  куəгері
болтан  журналист  əйелдің  көмегімен,  ол  атом  станциясының  одан  əрі
пайдаланылуының  қауіптілігі  туралы  жар  салуға  тырысады:  станцияда
əлдебір ма- ңызды функциялық торап (жаңылыспасам, белсенді реактордың
өзі)  дұрыс  қурастырылмаған,  яғни  “дəнекерленбеген”.  Ешкім  түсінбеген,
ешкім жақтырмаған кешпкер атом станциясының жұмысын өз бетінше тоқ-
татуға тырысады да, ақыр аяғында арнайы əскердің оғынан өледі. Осынау
“əбестіктен”  кейін  “бұзылған”  атом  электр  станциясы  жұмыс  істей  береді!
Фильмде  энергетик  мамандардың  бірі  Қытай  синдромы  деп  мынадай
болжамды  ахуалды  атайды:  Бір  жері  бузылған  реакторлық  блоктың
теориялық жағынан жер қыртысын толық ерітіп жіберіп, Қытай аумағынан
бір-ақ шығатындай температураға дейін қызып кетуі мүмкін.
Осынау  біршама  апокалипсистік  фильмде  ядролық  энергияны
қолданудың барлық қиындықтары мен қауіптіліктері көрсетілген.
Бұл  қиындықтар,  ең  алдымен,  биосфераның  бір  бөлігі  ретінде  адам
санасының  оның  прагматикалық  жəне  жансыз  конструктивизмінен
кенжелеп  қалатын-  дығымен  байланысты.  Иə,  энергияны  атомнан  алудың
басқалардан  артықшылығы  даусыз.  “Бейбіт  атомға”  жаппай  құлай  сенген
кезімізде  адамзаттың  одан  əрі  дамуы  ауыр  атомдардың  бөліну  жəне  жеңіл
атомдардың
бірігу
реакциясының
шексіз
ресурстарымен
ғана
байланыстырылды.  Бірақ  уақыт  өте  келе  бəрі  де  өзгерді.  Ядролық
энергетика  саласында  болып  жатқан  оқиғалар  “бейбіт”  атомның  даусыз
табыстарын  ғана  емес,  елеулі,  кейде  сұмдық  қауіпті  проблемаларын  да
айғақтады.
81

“Бейбіт"  атомды  біліксіз  пайдалану  кейде  сұмдық  зардаптарға
апарып соқтырды. Олар баршаға белгілі: американдық “Три-Майл-Айленд”
жəне кеңестік Чернобыль АЭС-тарындағы авариялар.
Чернобыльде  тікелей  авария  кезінде  30  адам  опат  болып,  237  адам
ауыр радиоактивті сəуле алды. Ал əйтеуір бір зардап шеккендердің саны 4,8
миллиондай  адам  болды,  олар  Украина  мен  Беларуссияның  зақымданған
аудандарында  турғандар.  Украинаның  ауыл  шаруашылық  жерлері  мен
өндірістік əлуетіне іс жүзінде орны толмас нұқсан келтірілді.
Сонау  бір  ауыр  күндерде  украиндар,  белорустар,  КСРО-ның  басқа
да  халықтары  бастан  кешіп,  төтеп  берген  психологиялық  салмақтың  шын
бағасын  атау  мүмкін  емес.  Бұл  ұлы  украин  халқының  ең  ұлы  қасіреті
болды.
Ал  1979  жылғы  28  наурызда  американдық  “Три-  Майл-Айленд”
атом  электр  станциясындағы  авариядан  айналадағы  ортаға  келтірілген
нұқсан,  мамандардың  бағасы  бойынша,  жалпы  қисапсыз  сомаға  —  130
миллиард  долларға  жетті!  Бұл  сома  іс  жүзінде  қауіпсіз  атом  станцияларын
əзірлеуге  немесе  энергияны  өзгертудің  басқа  принциптеріне  негізделген
неғұрлым мінсіз қондырғылар жасауға емін-еркін жетер еді.
Немесе  Таикомурадағы  жапон  АЭС-ындағы  ава-  рияны  алайық.
Онда  туындаған  жағдай  тіпті  сумдық  еді.  Енді  бір  сəт,  тізбекті  реакцияны
басқару  мүлдем  мүмкін  болмай  қалатын.  Мұның  не  екенін,  елестете
аламыз.  Сол  кезде  авария  орнынан  он  километр  жерде  жатқан  елді
мекендерден 300 000 адамды көшіруге тура келді.
Бүгінде  планетада  кем  дегенде  500-ге  жуық  қуаты  үлкенді-кішілі
атом реакторлары жұмыс істеп, тұтыну үшін электр энергиясын шығарады.
Жыл сайын кем дегенде он тоннадай қуатын беріп  болған ядролық
отын  қалады.  Реакторлардан  алынған  бұл  отын  ядролық  қоқыс  деп
саналады  жəне  əрбір  ел  оны  пайдаға  асыру  процесін  өзінше  шешеді.
Дегенмен  де  рецепт  əдетте  біреу  ғана:  қуатын  берген  отынды  арнайы
капсулмен  тереңге  көму.  Ең  басты  сұрақ:  қай  жерге?  Аса  күрделі  осы
мəселенің  жалпы  жұртшылық  бойында  соншалық  əр  қилы  пікір
туғызатыны  да  содан.  Ешкім,  ешбір  ел,  ешбір  аймақ  атомдық  қоқыс
төгілетін  жер  болғысы  келмейді.  Ықтимал  экологиялық  зардаптардан
түршігу  мен  теріс  қоғамдық  пікір  осыған  жетелейді.  Радиоактивті
қалдықты көму қажеттігі салдарынан көптеген елдер не атом энергетикасы
жөніндегі өз бағдарламаларынан бас тартуда, не оны енжар дамытуда.
Əлбетте,  ғалымдар  атом  реакторларының  қалдық-  сыздығын
арттырудың,  сол  арқылы  айналадағы  ортаның  радиациялық  балансын
82

орныққан деңгейде үстаудың əр түрлі нусқаларын іздестіріп келеді. Осынау
таза  техникалық  міндет  ойдағыдай  шешілген  тұста,  қалдықтарды  көму
проблемасы  кейін  ысырылып,  салыстырмалы  арзан  электр  энергияны
өндіру  үшін  ауыр  элементтердің  бөліну  реакциясын  пайдалануға  елеулі
серпін беріле алады.
Соңғы кезде энергетиктер арасында ядролық отынның тұйық циклы
дегенді іске асыруға ерекше назар аударылып отыр. Бұл жобаны ойдағыдай
жүзеге  асыру  нəтижесінде  қуатын  берген  ядролық  отын  одан  əрі  көмілуге
тиісті  радиоактивті  қалдық  деп  қарастырылмайтын  болады.  Керісінше,  ол
едəуір  жетілдіріліп,  қайта  байытылған  сон,  атом  электр  станциялары  үшін
тағы  да  жылу  шығаратын  белсенді  элемент  ретінде  пайдаланылатын
болады.  Осы  цикл  бірнеше  рет  қайталануына  қарай,  біз  сайып  келгенде,
радиоактивті  қалдық  деп  айтуға  мүлдем  болмайтын  материал  аламыз.
Бұлай  дейтініміз,  онда  радиоактивтілік  болмайды,  ең  болмағанда  оны
табиғи  фонмен  салыстыруға  əбден  болады.  Егер  осындай  қалдықсыз
ядролық  өндіріс  бағдарламасы  əбден  анық  əзірленсе,  ең  бастысы,  жүзеге
асырылса,  ол  атом  станцияларының  болуы  мен  жұмыс  істеуіне
радиофобияны едəуір кеміте алады деп ойлаймын.
Біздің  елде  атом  энергетикасын  дамыту  керек  пе,  əлде  тежеу  керек
пе?  Жаңа  энергоқондырғылар  салу  керек  пе,  əлде  бурынғыларының  өзін
тоқтатып тастау керек пе?
Бұл сұрақтарға кесіп-пішіп жауап беру қиын, тіпті мүмкін де болмас.
Əлемдік ахуал мынаған алып келді: атом энергетикасын дамыту процесінде
бірте-бірте  екі  бағыт  қалыптасты.  Еуропалық  қоғамдастық  елдерінің
көпшілігі бірте-бірте атом қондырғыларынан бас тарта бастады немесе бұл
саладағы  белсенді  əзірле-  мөлерін  доғара  бастады.  Өз  кезегінде,  Оңтүстік-
Шығыс  Азияның  көптеген  елдері,  керісінше,  электрқуатын  өндіру
процесіне  бөліну  реакциясын  белсенді  енгізуде.  Əркімнің  өз  дəлелі,  өз
қарсылығы бар.
Дегенмен атом электр станцияларының жұмыс қауіпсіздігі барынша
азайтылатын  ахуал  режимінде  атом  энергетикасын  бірте-бірте  ұлғайту  ең
парасатты  жол  сияқты.  Атом  реакторларының  жаңа  конструк-  цияларын
жасау  жөніндегі  “таусылмас”  атомның  бола-  шағынан  үмітті  үзбейтін
мұндай жұмыстар көптеген елдерде белсенді жүргізілуде.
Қазақстанның  атом  энергетикасын  дамыту  процесін  нəтижелерді
“жақсарту үмітін” ескере отырып, негізгі екі белеете жүргізуге болады ғой
деп ойлаймын: олардың біріншісі - материалдық-шикізат базасын дайындай
беру,  екіншісі  —  экологиялық  жағынан  таза,  пайдала-  нуда  қауіпсіз  қуат
83

қондырғыларын жасау.
Біздің  елде  бірінші  белес  бірте-бірте  нақты  но-  байға  ие  болып
келеді.  Отандық  энергетика  саласындағы  негізгі  міндетімізді  —  табиғи
уранды  экспорттаудың  шикізаттық  құрамдас  бөлігін  сабырмен  дамытуды
бірте-бірте бұлжытпай орындап келеміз.
Бұл бағытта бізде едəуір оптимистік нəтижелер байқалады.
Мамандардың  есебі  бойынша,  біз  жылына  кемінде  10  мыңтонна
табиғи  уран  өндіре  аламыз.  Уран  өндіруді  бірте-бірте  ұлғайтып,  біз  2005
жылға қарай дүние жүзінде Канада мен Австралиядан кейінгі үшінші орын-
ға шыға аламыз.
Бағдарлама одан əрі біртіндеп кеңейте беруді талап етеді, сондықтан
мен  Мыңжылдық  Саммитінде  біздің  Үлбі  алғашқы  байыту  металлургия
комбинаты  мен  бірқатар  американ  компаниялары  арасында  атом  энергия
қондырғылары үшін табиғи жəне алдын ала байытылған уран беру жөнінде
келісімшарттар жасау жəне американдарға бериллий қорытпаларын өндіру
жөніндегі технологияны беру туралы Шартқа қуана қол қойдым.
2000  жылы  біз  табиғи  уран  өндіруді  15  пайыз  арттырып,  барлығы
1,7 мың тонна уран өндірдік.
Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың екінші белесіне келсек,
ол  көбінекөп  технологиялық  прогресс  нəтижелері  мен  энергетикалық
стратегия  саласындағы  əлемдік  тенденциялардың  жиынтығына  қарай
анықталатын болады.
Бұл  тұрғыдағы  едəуір  пессимистік  болжамдарға  қарамастан,  мен
адамзат атом энергиясынан опоңай бас тарта қоймас деп ойлаймын.
Қайткенмен  де  атомнан  қорқыныш  қалай  болғанда  да  сейіледі,  ал
оны қауіпсіз пайдалану амалдары табылады деп ойлаймын.
Қазақстан  жерінің  төртінші  ядролық  əлует  жəне  500-дей  атомдық
жарылыс  елінен  əскери  атомнан  толық  ада  аумаққа  айналу  эпопеясы
жалпылап айтқанда осындай. Жер жарақаты күні ертең жазыла қоймайды,
радиация  азапқа  салған  адамдардың  жаны  күні  ертең  жайраң  қағып  шыға
келмейді,  жарылып  жатқан  атом  бомбасымен  көрші  түрудан  болған
психологиялық  есеңгіреу  күні  ертең  келмеске  кете  қоймайды,  ал
халықжады ешқашан өшпейді.
Біз  өз  бойымыздан  ядролық  қүбыжықтан  қүтылып,  мың  шерлі
Отанымыздан “Ібілісті” аластайтын күш те, қайрат та таба алдық.
Біз
осынау
қатерлі
күшті
ішінара
болса
да
қалдырып,
мемлекетіміздің  басты  уəжі  рөліне  лайықтауға  мүмкіндік  беретін
нүсқаларды іздестірумен еліге қойған жоқпыз.
84

Біз  Қазақстан  халқының  еркі  мен  арман-мүратын,  тəуелсіз  еліміздің
мемлекеттік  мүддесін  бейнелеген  шешімді  қабылдадық,  ал  сол  шешім
халықаралық  қоғамдастық  пен  Қазақстан  азаматтарының  болашағы
алдындағы жауапкершіліктің ең жоғары дəрежесін бедерлеп көрсетті.
Мүның  бəрі  біз  1991  жылы  түскен  жаңа  жолдың  арқасы.
Мемлекеттік  тəуелсіздік  пен  егемендіктің  арқасы.  Бостандық  пен
тəуелсіздіксіз  жолымыздың  қандай  болары  белгісіз,  нəтижесі  қайғылы
болар еді.
Біз, Қазақстан халқы ядролық бүғаудан еркіндік арқасында арылдық.
Тек қана бейбіт жолмен алға басуымыз да тəуелсіздіктің арқасы.
Жиырмасыншы  ғасырдың  аяғында,  уақыттан  оза  шауып,  ядролық
қаруды  өз  еркімізбен  тастап,  біз  Жиырма  бірінші  ғасырдың  қандай  болуы
керектігін көрсеттік.
85


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет