Полигонға үкім...
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан халқының талабына үн қата
отырып, ұлттың болашағына жауап- кершілікті сезініп, мемлекеттілік пен
тəуелсіздік мүдделеріне сай əрекет етіп, 1991 жылы 29 тамызда мен “Семей
63
ядролық сынақ полигонынын жабу туралы” №409 Жарлыққа қол қойдым.
Қандай қажеттілік пен мүдде желеу етілсе де, енді біздің жерде
ешқашан атом жəне сутегі бомбалары
жарылмайтын болады. Өйткені ешқандай қажеттілік, оның үстіне,
əскери сипаттағы қажеттілік кейінгі ондаған ұрпаққа басқарылмайтын
тізбекті реакцияның зардаптары тие беруіне татымайды.
Семей полигонының жабылуы атом тарихындағы туңғыш əрі
бірегей үлгі болды, мемлекет ерікті, бір жақты түрде ядролық жəне
термоядролық зарядтардың сынақ жарылыстары жөніндегі өз аумағындағы
жұмыстардың бүкіл кешенін доғарды.
Осы арада, менің ойымша, мына бір едəуір маңызды жəйтке назар
аударған орынды секілді. Əдетте, əлдебір мемлекеттер əлдебір саяси
ахуалға орайластырып, сынақты жай ғана уақытша доғара тура алады.
Ондай оқиғалар болған жəне олар белгілі. Бірақ ондай қадамдардың
кемшілігі мынадай еді: полигонның өздері “ зая” режимінде жұмыс істей
берді, ал күні бұрын дайындалған зарядтар өз сəтін күтіп жатты. Тиісінше,
ниет болса немесе өзгерген жағдайда, ядролық қаруы бар мемлекеттің
басшылығы кез келген сəтте тəжірибелік жарылыстарға қайтадан кірісіп,
бір реттік немесе сериялы сынақтарды жоспарлаумен айналыса алатын.
Ал біздің жағдайда, біз ядролық қарудың əр алуан сынақтарын
тоқтатып қана қойған жоқпыз, біз зұлымдықтың тамырының өзін —
қандай да бір ядролық жа- рылыстардың ықтимал мүмкіндігінің өзін
жойдық.
Гəп оның ядролық немесе сутегілік болуында емес. Гəп оның бір
реттік немесе сериялы жарылыстар да
болуында емес. Маңыздысы сол, Семей полигонының жабылуы —
Қазақстан аумағында ешқандай, еш жер- де жене ешқашан атом
жарылыстары болмайды деген сөз еді. Айта беретініміздей, үкім түпкілікті
жене бас- қаға жүгіну жолы жоқ.
Бірақ мақсаттың жартысы ғана жүзеге асқан-ды. Кейінгі
жарылыстарға тыйым салып қана қоймай, бұрынғы жарылыстардың
зардаптарын түзету керектігі айқын болатын. Сөйтіптарихи шешім
қабылданғаннан кейін атомдық сынақтардың жапсарлас аймақтар
экологиясы мен экологиялық сұрапыл аймағында тұратын адамдардың
денсаулығына теріс əсерін жоюға, тым қурығанда кемітуге бағытталған
тұтас бір шаралар кешенін қабылдау туралы мəселе туындады. Сайып
келгенде, сол сынақтардың зардабын өзіміздің, тек қана өзіміздің
көтеруімізге тура келді ғой. Расында, басқа ештеңені күтуге де болмайтын
64
еді. Бұдан былай ядролық қару кімге тиесілі екендігі жөнінде дау көп
болды, бірақ менің білуімше, жүргізілген ядролық жарылыстар мен оның
сансыз зардаптары кімге тиесілі деген төңіректе бірде-бір дау болған жоқ.
Ядролық қаруды ғана емес, сонымен байланысты нəрсенің бəрін
алып кеткісі келетін ешкім табылмады. Əрине ядролық қаруды алып кетуге
немесе беріп жіберуге болады, бірақ “сəулеленген” адамдар мен біздің
жердің азабы мен қасіретін кім алады немесе кімге беруге болады?
Ең алдымен, біз ядролық сынақтардың бүлдіргіш
əсеріне ұшыраған жəне көптеген категориялар бойынша “экологиялық апат
аймағы” деген анықтамаға сай келетін аумақтарды пошымдық жағынан
болса да анықтап алу қажет деп ұйғардық. Өйткені қандай да бір жердің
ластану дəрежесін əділ есептеп шығару — сұмдық ауыр жұмыс жəне
осынау қиын мəселеде түпкілікті айқындау үшін аса көп уақыт керек. Ақыр
аяғында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №708 қаулысымен Семей
ядролық полигонымен шектес эко- логиялық апат аудандарының тізімі
анықталды.
Бірақ бұл арада, амал нешік, кейбір қателіктер де жіберілді, мұны
бізге, осы мəселеде “қағажу” қалған кейбір аудандардың турғындары əділ
көрсетті жəне бұл жоғарыда айтқанымдай, осынау аса бір шетін жағдайда
қателік жібермеу іс жүзінде мүмкін болмайтынына қарамастан, солай
болды, өйткені сынақтардың теріс ықпалы таңдап жасалмайды жəне бір
бағытта ғана болмайды. Радиоактивті бұлттың географиядан хабары жоқ
жəне бір аудан шекарасынан шықпай, оны толық бүркеп тұра алмайды.
Осы тұрғыдан алғанда, мысалы, Қарағайлы кентінің Жоғарғы Кеңес
депутаттарына жүгінісі көп нəрсені аңғартады. Ол мынадай сөздермен
басталатын:
“Біз,
Қарқаралы
ауданының
Қарағайлы
кентінің
сайлаушылары, Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 15 қараша- дағы
№708 қаулысында Қарқаралы ауданы, соның ішінде, Қарағайлы кенті
Семей ядролық полигонымен жапсарлас экологиялық апат аудандарының
қатарына жатқызылмағанын терең ашуызамен естіп білдік...” Өзінің
хатында қарағайлылықтар ядролық сынақ- тардың теріс зардаптарын
айғақтайтын көптеген фактілер, соның ішінде, мынадай факт келтіреді:
Қарағайлы кентінде 1000 баланың 88-і кемтар, бастары қазандай
үлкен, іркілдек болып туады, қоянжырық балалар көп, белгілі бір жыныс
мүшелері айқындалмастан немесе мүлдем жоқ болып туады..”
Атом полигонымен іргелес аудандар мен облыстар турғындарының
мұндай жолдауларымен, петицияларымен, əлбетте таныстым, экологиялық,
медициналық
жəне
радиациялық
жағдайды
анықтау
жөніндегі
65
комиссиялардың тиісті тексерулерінен кейін, біз жарылыстар халыққа
тигізген нұқсанды өтеуге бағытталған тиісті шараларды қолданып
отырдық.
Экологиялық апат аудандарының картасын дəлдей түсетін үкімет
қаулылары солай пайда болды. Жоғарыдағы нақты мысалға келсек,
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы да экологиялық апат аймақтары
санатына қосылды.
Полигонның жабылуы — оның бүкіл тажалды инфрақұрылымын
жай ғана құрту жəне сынаққа тыйым салу емес, бұл — ласталған жерлерді
ақтау, топырақ пен айналадағы ортаны жөнге келтіру, биологиялық əлуетті
қалпына келтіру, науқастарға атомдық ажал жанында жарты ғасыр тұрып,
психологиялық жағынан морт сынған адамдарға көмек жөніндегі ұзақ
жылдарға созылатын жұмыс. Бұл узақ та қиын процесс. Бірак.
біз мемлекетіміздің тарихындағы осынау ең ауыр беттің нүктесін қоя
аламыз деп ойлаймын.
Қауіпсіздіктің үжымдық “түймесі...”
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда “Ядролық қару жөніндегі
бірлескен шаралар туралы келісім”, сондай-ақ 1991 жылы 30 желтоқсанда
Минскіде “Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
арасындағы стратегиялық күштер жөніндегі келісім” қабылданды. Алматы
келісімі, сол келісімді жасаушы мемлекет басшыларымен келісіп алмай
тұрып, ядролық қаруды бір жақты қолданудың мүмкін еместігін көздейді.
Минск келісімі де ТМД мемлекеттерінің барлығымен келісіп алмай
тұрып, ұжымдық ядролық қаруды пайдаланудың мүмкін еместігін көздейді.
Мен Алматыда жəне Минскіде қол жеткен қос бірдей келісім
принципінде толық негізім болғандықтан бəрімізге де аумақтық
егемендіктің сенімді қорғанысын қамтамасыз ете алады, сондай-ақ біздің
ядролық қауіпсіздігіміздің кепілі бола алады деп ойладым. Сол келісімдерге
сəйкес біз Достастық мемлекеттерінің жетекшілері Ресейді бұрынғы КСРО-
ның құқықтық мұрагері деп таныдық. Соның ішінде, ядролық кару жөнінде
де. Мұның өзі Ресей Федерациясына Кеңес Одағының ядролық мұрасын
иеленген мемлекет ретінде БҰҰ-ның тұракты Қауіпсіздік кеңесінің
қурамына ену мүмкіндігін берді. Өз кезегінде Ресей жаңадан құрылған
егемен республикалардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын тануға
міндеттенді. Ал ядролық, қаруға келсек, ядролық түймені Ресей
Президентіне беру, бірак, қызыл түймені тек сол кезде ядролық қаруы
болған барлық ТМД елдерімен, яғни Қазақстанмен, Украинамен,
66
Беларусьпен ұжымдық келісім жəне ақылдасу арқылы пайдалану мүмкін
бола- ды деп топшыланды.
Алайда біздің еркімізге жəне өзара міндеттемемізге кереғар, қол
жеткен уағдаластықтар алғашқы сынаққа түсті.
1991 жылдың 25 желтоқсанында-ақ Ресей Федера- циясының
Президенті “Төтенше жағдайда ТМД-ның Біріккен Қарулы Күштерінің
стратегиялық ядролық күштерінің жауынгерлік жағдайда басқарылуының
сенімділігін арттыру туралы” Жарлық шығарды. Осы Жарлық шеңберінде
атом қаруын олар өз аумағында орналасқан елдердің келісімінсіз,
Достастықтың баска елдерімен ақылдаспай-ақ пайдалану топшыланды.
Сөйтіп ол Алматы жене Минск келісімдеріне елеулі де түбегейлі кереғар
болып шықты. Б.Ельцин Жарлығының себебі түсінікті: кенеттен жасалған
ядролық шабуыл жағдайында уақыт лимиті ықтимал дұшпанды кепілді
жауап соққымен құртып жіберу шартын ұстауға мүмкіндік бермейтін
төтенше жағдай болуы мүмкін. Бірақ сыртқы саяси ахуалдың өрбуі бір
жақты қабыл- данған шешімге тіпті де сəйкес келмейтін. Өйткені Орташа
жəне шағын қашықтыққа ұшатын зымырандар (ОШҚЗ) туралы шарт
бойынша олар жойылатын. Мұндай зымырандардың ұшып жету мерзімі 6-7
минуттай.
ОШҚЗ шарты күшіне енбесе, Ресей жағының дəлелдерін
қабылдауға, кейін заңдық жағынан хаттауға болатын еді. Бірақ орташа
жəне шағын қашық- тыққа ұшатын зымырандарды пайдаланып шабуыл
жасау қатері болмағандықтан, мен қалыптасқан қатерге жедел жауап беру,
соның ішінде, ТМД елдерімен келісіп, ақылдасу процедураларын сақтау
үшін уақыт жеткілікті еді деп санадым. Өйткені мүндайда соққы беруші
басты
күш
стратегиялық
бомбалағыштар
мен
континентаралық
баллистикалық зы- мырандар болады, олардың үшып жету уақыты
шамамен 30-40 минут, яғни уақыттың тапшылығы туралы уəж сын тезіне
төтеп бере алмайды. Мүның үстіне, қабылданған Келісімдерге сəйкес
барлық мемлекеттердің басшылары қас қағымдық конференц-байланыс
жүйесімен жарақталады, ол басқалармен бір мезгілде белгілі бір шешімді
сол уақыт ішінде келісіп алуға мүмкіндік берді. Яғни басқалармен кезекпен
ақылда- сып, “кек актісін” атқаруға рүқсат сүрап жатпай, бір- екі минут
ішінде ғана барлығымен бірден келісіп алуға болады.
Соған қарамастан біз ТМД шеңберінде үжымдық қауіпсіздік жүйесін
жасаудың жолдарын іздестіре бердік.
1992 жылы 15 мамырда Қазақстан ТМД елдері арасындағы
“Бірлесіп қорғану” туралы шартқа жəне “Ядролық қауіпсіздік” туралы
67
ережеге қол қойды.
Сонымен бір мезгілде біз ішкі “ядролық” мəселелерді шешіп, Үлттық
ядролық орталық жəне Қазақ- станның атом энергетикасы жөніндегі
агенттігін құрдық.
“Ібілісті" аластау...
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Стратегиялық шабуыл қару-
жарағы (СШҚ-1) туралы шарттың тең құқықты мүшелерінің бірі ретінде
зымырандық-ядролық қаруды таратпау жəне бірте-бірте бөлшектеп,
шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық
қарудан арылу міндеттемесін алды, өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп
жариялады.
1992 жылы 20 қарашада мен Алматыда АҚШ конгресінің
сенаторлары мен саяси жəне əскери проблемалар саласындағы мамандар
кірген американ делегациясын қабылдадым. Делегацияны Сенаттың
қарулы күштер жөніндегі комитетінің төрағасы Сэм Нанн мен Сенаттың
халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Ричард Лугар басқарып
келді. Олар маған АҚШ əкімшілігінің Қазақстан жөніндегі жоспа- рын
хабарлады, ол менің Вашингтонға сапарым негізінде əзірленген екен.
Соның ішінде, Қазақстан позициясын терең түсіну жəне біз соның алдында
қол қойған Стратегиялық қару-жарақты шектеу туралы шарт жөніндегі
мəселедегі біздің позициямызды жап- пай мақұлдау атап көрсетіліпті.
Қарусызданудың практикалық проблемаларына келсек, Сенаттың
Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағындағы ядролық қаруды
алып кету, бөлшектеу жəне жою ісін қаржыландыру үшін 800 миллион
доллар бөлу туралы шешімі жария етілді.
1993 жылы 24 қыркүйекте АҚШ пен Қазақстан Республикасы
арасындағы шеңберлік келісім алдын ала бекітілді. Бұл келісім бойынша
Құрама Штаттар ядролық қарусызданудың ағымдағы жəне шұғыл
міндеттерін шешуге технологиялық жəне қаражаттық көмек көрсетуге
міндеттенді, ол міндеттер: стратегиялық ядролық боеголовкалар мен
жеткізу құралдарын шектеу; ядролық материалдарды уыста ұстап, оларды
радиоактивтілік тұрғысынан қорғау; көзделмеген жəне оқыс ахуалдарға
арналған авариялық жабдық; үкіметаралық байланыстың, Қазақстандағы
экспортты бақылау жүйесінің жедел арнасын ұйымдастыру.
Сөйтіп Лиссабоннан кейін бір жылдан соң біз стратегиялық ядролық
қару-жарақты толық жою жолында нақты қадам жасадық.
Сол бір айтулы жылда республикамыздың Жоғарғы Кеңесінің
шешімімен ТМД елдерінің ішінде бірінші болып біз содан бір жыл бұрын,
68
1991 жылы 30 желтоқсанда қол қойылған Ядролық қаруды таратпау
туралы шартты (ЯҚТШ) бекіттік.
Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа мүше болу тегінде біз
ядролық қарусыз болашақ жолында жасаған ең маңызды қадамдардың бірі
болса керек. ЯҚТШ міне, ширек ғасыр бойы халықаралық құқық нормасы
жəне жаппай қарусыздану мен таратпау процесіндегі ұжымдық күш-
жігердің ең беделді пошымы болып келеді. Сондықтан Таратпау туралы
шартқа ядролық қарусыз держава ретінде кіру біздің ядролық қарусыз
статусымыздың заңдық жағынан қуатталуы болды.
1994 жылы 28 наурызда мен Қазақстандағы барлық ядролық
боеголовкаларды Ресейге 14 ай ішінде көшіру жəне СС-18 зымыранына
арналған барлық шахталық ұшыру қондырғыларын таяудағы үш жыл
ішінде бөлшектеу жөніндегі келісімге қол қою үшін Борис Ельцинмен
кездестім. Келісімде ядролық боеголовкалардағы ядролық материалдардың
құны Қазақстанға өтелетіні көзделген болатын. Келісімнің мəтініне жəне
атом қаруын көшіру шарттарына байланысты барлық ең маңызды
мəселелерді біз күні бурын талқылап алған болатынбыз, сондықтан
хаттамалық бөлік пен дипломатиялық ілтипат жағын тезақ тəмəмдадық. Біз
өз келісіміміздің жолында ұшырауы мүмкін кедергілерді əбден-ақ аңғарып,
негізгі жұмыс алда тұрғанын тамаша білетінбіз.
Бірақ ядролық боеголовкаларды алып шығу жəне жеткізу жөнінен
ерекше бір проблема туындай қойған жоқ, барлық келісілген мерзімдер
сақталып, келесі жылдың 25 сəуіріне қарай əскери-инженерлік бөлім- дер
күшімен барлық стратегиялық жəне тактикалық ядролық қару Ресей
аумағына жеткізіліп бітті. Бул жумысқа қатысқан Қазақстан офицерлері
маған ядролық боезарядтарды тиеу түннің бір уағында жүргізілгенін айтып
берді. Арнайы вагондар келтіріліп, барлық қауіпсіздік шаралары сақтала
отырып, оларды ядролық “монстрлармен” мұқият толтырып отырған. 1996
жылы Стратегиялық мақсаттағы зымырандық əскерлердің 57 жəне 38-
дивизиялары таратылды. 1995 жылдың мамырынан 1996 жылғы қыркүйек
айының аралығында Ресей əскери бөлімдерінің күшімен шахталық үшыру
қондырғылары
(ШҮҚ)
мен
континентаралық
баллистикалық
зымырандардың үшуын басқару пункттеріндегі (ҮБП) боеголовкалар
жойылды. Континента- ралық баллистикалық зымырандардың бүрынғы
база- лары орналасқан жерлерде əлі күнге дейін Біріккен Комиссия
бақылауымен инспекция режимі сақталып келеді. 1996-1999 жылдар
аралығында
қатерді
азайтудың
бірлескен
Қазақстан-американ
бағдарламасының шеңберінде стратегиялық ядролық күштер қүрамына
69
кіретін барлық шахталық үшыру қондырғылары мен əмбебап командалық
пункттер жойылды.
Кезінде техникалық себептермен Шаған авиация базасында
қалдырылып кеткен жеті ауыр бомбалағыш СШҚ-1 шартының ережелеріне
сəйкес 1998 жылы жойылды.
1994 жылдан бастап Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы
келісім шеңберінде шахталық үшыру қон- дырғылары орналасқан жерлерде
жүмыстар кешені жедел жүргізіліп, ол ластану түрпаттары мен деңгейіне
химиялық
жəне
талдаушылық
баға
беруді,
шахталық
үшыру
қондырғыларының инфрақүрылымын жоюды, алаңдарды халықаралық
жəне үлттық стандарттар шаруашылық мақсатында пайдалануға ұсынатын
жерлер деңгейіне дейін жеткізуді қамтып, 1998 жылы ойдағыдай аяқталды.
Аса маңызды да сындарлы “Қатерді бірлесіп азай- ту” Қазақстан-
американ бағдарламасының шеңберінде 1998 жылы ядролық қару
қоймаларының бірыңғайландырылған қару тиеу кешендерін жою
жөніндегі жұмыс басталды, олар 1997 жылы алдын ала зерттелген болатын.
Ядролық қаруды жою процесін қамтамасыз етіп қана қоймай, біздің
елдің, тіпті ойша болса да, тұрақты қатер мен шиеленістің көзі болмауының
шараларын қабылдау маңызды еді.
Полигонның умыт к,алған өгей баласы...
Бірақ жоғарыда айтқанымыздың бəріне қарамастан,республиканы
ядролық қарудан толық арылту процесінің тым созылып кету қатері тұрды.
Бұрыннан білетінбіз, Семей полигонындағы ұзындығы 592 метр 108-К
штольнясында 130 метр тереңдікте қуаты 0,4 килотонна болатын, əлі
жарылмаған плутоний заряды жатты. Ол 1991 жылы мамырда ерекше
құпия жағдайда орналастырылған, жобада “ФО-ЮО-СЖР физикалық
тəжірибесі” деген атпен белгілі болатын. Жоспарланған сынақтың негізгі
мақсаты, менің білуімше, қатаң рентген сəулесінің жауынгерлік техника
мен электронды аппаратура параметрлеріне əсерін зерттеу болатын. Заряд
əр түрлі себептермен кезінде жарылмаған, ал менің 1991 жылғы 29
тамыздағы Жарлығымнан кейін оны заңды негізде жара алмайтын да өді.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің директивасынан
кейін, Семей полигонында орналасып, ядролық объектілерді күзету
жөнінде кезекшілік атқа- ратын əскери бөлімдер солтүстікке көшіріле
бастады. Сөйтіп жарылмаған ядролық қүрылғы проблемасы бізге мүраға
қалдырылған болып шықты. Мойындау керек, проблема шынында да қиын
болатын, оны шешу де тіпті оңай, жеңіл еместі. Қалдырылған бомбаны не
істеу керек?
70
Бір жағынан, тағы бір ядролық жарылысты тілге тиек етудің өзі
мүмкін емес. Оның үстіне тиісті Жарлық та бар. Мемлекеттік шешімдерге
кереғар мүндай прецедент жасау мүлдем парықсыздық əрі қауіпті болар еді.
Жалпы заңсыз да еді. Сонымен бірге үзындығы алты жүз метрдей
штольняда атом зарядын бөлшектеп, шығарып алумен айналысу əрі
қымбат, əрі мейлінше қауіпті. “Əр түрлі жəйттер” болуы мүмкін дегендей.
Бірақ мен ең əуелі ядролық қүрылғының өздігінен жарылуы, əсіресе
оның штаттық кесте бойынша пайдалану мерзімі өткеннен кейін жарылуы
мүмкін бе деген мəселені анықтап алуға тырыстым. Мамандардың пікірі
бірауызды екен: өздігінен жарылу болмайды. Беделді маман əрі ядролық
зарядтардың бас конструкторы Б.Литвинов та ойын анық айтты: қауіп жоқ!
Рас, ол ондай кауіптің болуы да мүмкін екенін ескертті. Егер зарядка
сырткы ықпал жасалса. Мысалы, айналып өтетін қандай да бір штольня
қазылса немесе сол маңда жер сілкінсе. Сондайда өте күшті де қатты, таза
мөханикалық ықпалдың нəтижесінде уран массасының сыни масса
туындауға дейін қозғалуы мүмкін. Қысқасы, ядролық қурылғыға жолама,
сонда жарылмайды.
Бірақ құрылғының жатқанына төрт жыл, оны жай ғана ұмытып кете
алмайсың. Құм үстінде умыт қалған ойыншық күрек емес қой.
Мамандардың басқарылмайтын, өздігінен болатын реакция болуы мүмкін
емес деген пікірі, əрине беделді, бірақ мінсіз пікір емес. Оның үстіне əр
түрлі саладағы əр түрлі мамандармен арала- сып жүріп, бір нəрсеге көзім
жеткен: егер сарапшы “жоқ”, “мүмкін емес” деп кесіп айтса, керісінше
бірдеңені күтуге əзірлену керек болады.
Ақыр аяғында əлуетті қауіпті зиянсыздандырудың əр түрлі
сценарийлерін мұқият қарай келіп, Арзамас- 16-ның əскери сарапшылары
мынаны ұсынды: бурын жоспарланғандай, оны шығарып алып, Челябі-70-
тің жылу физикасы ғылыми-зерттеу институтының Федералдық ядролық
орталығына тасудың қажеті жоқ, турған жерінде жойып жіберу керек.
Ядролық зарядты жару емес, жою керек жене де бұл жай қопарғыш зат- пен
жасалуы мүмкін.
Осыған байланысты Ресей жаты “108-К объектісін ашып, жою
туралы” жумыс жобасын усынды, зарядты штольняда жою нүсқасы
көзделді. Ең алдымен, жобаға экологиялық сарап жасау аса қажет еді,
сондықтан мен Экология жəне биоресурстар министрлігінің, Атом
энергиясы жөніндегі агенттіктің өкілдері мен тиісті саладағы штаттан тыс
мамандарды қамтитын бірлескен комиссия құру жөнінде тапсырма беру
қажет деп таптым.
71
Осы комиссиянын, баска да толып жатқан сарап байламдары мен
ақылдасуларынан кейін, барлық ықтимал нұсқалар мен зардаптарды
қарастыра келе қалай дегенде де ең дұрысы ядролық зарядты штольняда
үстінен заряд салып жару деп ұйғардық. Ақтық байламда былай делінген:
“...ядролық құрылғының ашылып қалуына мүлдем жол берілмесін, оны
жою 108-К штольнясының түкпірінде химиялық қопарылғыш заттың
үстеме зарядын пайдаланып жүргізілсін, бул ядролық энергияның
шығуына мүлдем жол бермейді”. Осылай ұйғардық.
Əрине Қазақстан жеріндегі соңғы ядролық құрылғының жарылмай,
былайша айтқанда, аласталуы бір жағынан, өте символдық нəрсе. Баска
атом қаруы дəл солай етілді ғой. Бірақ мундайда қалыптасқан нақты
жағдайды ескерген абзал. 1995 жылы 31 мамырда жергілікті уақыт
бойынша 13 сағат 16 минутта 400 килограмм химиялық қопарылғыш бір
килограмм радиоактивті плутонийді жойып жіберді.
Сөйтіп символизмге құштарлар қойын дəптерлеріне: Семей
полигонындағы соңғы атом заряды жа- рылған жоқ, тұп-тура жойылды деп
жазу мүмкіндігіне ие болды.
Осынау ядросыз жарылыс Қазақстан мен Орталық Азияның
ядролық қарусыз аумаққа айналғанын айғақтады.
Ядролық, сынаққа жол жоқ!...
1996 жылы 30 қыркүйекте біз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым
салу (ЯСЖТ) шартына қосылдық. Эрине бірінші кезекте атомдық
мониторинг, ядролық сынақтарды бақылау жүйесі проблемалары шешіліп,
олар Қазақстан мен ЯСЖТ даярлық комиссиясының арасын- дағы
келісіммен хатталды. Кейбір ерекшеліктерінің арқасында Қазақстан
ядролық жарылыс кезінде жер қыртысының тербелісін тіркеу міндеті
жүктелген сейсмикалық станциялар салуға таптырмайтын орын. Сон-
дықтан салынып жатқан объектілер Ядролық жарылыс- тарға тыйым салу
туралы
шарттың
орындалуын
бақылау
жөніндегі
Халықаралық
мониторинг жүйесіне кіреді деп топшыланды.
Сол кезге дейін біздің Үлттық ядролық орталық пен АҚШ Қорғаныс
министрлігі жанындағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі агенттіктің
арасында келісімге қол қойылып, сол бойынша зарядтар салып, содан кейін
жару үшін əзірленген штольняларды жою көзделген болатын. Сол кезде
көлемі де, ұзындығы да əр түрлі 186 штольня болатын. Біз ядролық
ұраларды жою ісін ЯСЖТ-ға кірігудің жəне Қазақстан жерінде бұдан былай
ешқашан ядролық жарылыс жасамаудың берік ниетінің қажетті шарты деп
білдік.
72
Туннельдерді жою процесі төрт жылға дерлік созы- лып кетті.
Жұмыс орасан көп болатын. Бірақ 2000 жылғы 29 шілдеде Дегелең тауында
бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ үшін
дайындалған соңғы штольня 100 килограмдық гранулотол (түйіршіктелген
тротил) зарядымен жойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |