Халық талабы — ядролық, кару жойылсын...
Бүкіл Қазақстан халқының, əсіресе қазақ халқының ядролық қаруды
психологиялық жағынан қабылдамауы, яғни одан безініп шығуы оны
сынаудың апатты зардаптары мен оның біздің өңірімізде болуының
ықтимал қасіреттерінің нəтижесі ғана емес.
Бұл
көп
жағынан
қазақ
халқының
тумысында
жатқан
бейбітшілдігінің, оның бойында қолдан жасалған жауығу жоқтығының
көрінісі. Табиғатпен жауықпа, онымен бірге өмір сүр. Оны бағындырам
деме, табиғаттың өзіне оған аса қажет “тіршілік өрісін” қалдыр. Даланы,
тауларды, жазықтық пен көлдерді таптай берем деме, солардың өзіне сіңіп
кет.
Осы арада мен қазақтардың дүниені түйсінуінің таза бір ұлттық
ерекшелігін, оның бірте-бірте ұмытылып бара жатқан көшпелілік
мəдениетінен бастау алатын ерекшелігін еске салғым келеді. Осынау
ештеңемен теңестіруге болмайтын ерекшелік кез келген көшпелі халықтың
өз жеріне, өз Атамекеніне бірегей қатынасымен байланысты. Біз, қазақтар,
өзжанымызда, өз түйсігімізде, тіпті ауызша эпикалық шығармаларымызда
айналадағы табиғаттың əрбір бөлшегіне барынша табиғи, барынша
шынайы жан бітіріп, оларға тіршілік пен жандылық тəн деп білдік. Егер
басқа халықтар адамды табиғатқа уқсастырса, біз табиғатты өзімізге
ұқсатамыз. Табиғаттың бір бөлігі біз емес, табиғат біздің жан-тəніміздің бір
бөлігі жəне де біздің поэтикалық, бейнелік түйсінуімізде тау-тас та, селеу
де, өзендер мен аң-құс, жəндіктер де бізбен сөйлесіп, өзінше араласып-
құраласып қана қоймай, адамдық белгілі бір қасиеттерге ие болып жатады.
Олар өзіміз қалай көріп, түйсінетініміздей болатын. Жақсы да,
жаман да болатын, мұңға батып, қуанатын, куанышқа туып, қайғыдан
өлетін.
41
Біздің қазақта “ұзынқұлақ” деген ұғым бар. Біз оны шексіз-шетсіз
кең далада толып жатқан жаңалықтар
қалай тез тарайтынын аңғартқымыз келгенде ауызға аламыз. Кейде ол сол
хабарды басқаға жеткізуге асыққан жаушыдан да жылдам жетеді.
Мұндайда
бір
бала
астындағы
құлын-тайын
ақ
көбікке
малындырып, кезекті дала жаңалығын бірінші болып жеткізбекке, тіпті
“сүйінші” алып қалу үмітімен ауылға асыға жетеді. Онысына ақсақалды
қариялар, əдейі сығырая қарап, күледі де қояды. “Балапаным-ау, тумаған
бала ғана білмейтін жаңалықты жеткіземін деп, атыңды ақ тер, көк тер
қылғаның не сонша?” дейді де, оның егжей-тегжейін қолмен қойғандай
санап береді, əжуа еместігін бала да түсінеді. Біздің ата-ба- баларымыз суыт
хабарды жаушылар мен керуендер емес, қара жердің өзі жеткізеді деп
білген (“Қара жер хабар айтпасын”). Дала Саққұлағы əлдене хабарды қағып
алып, қыбырлағанның бəріне жеткізіп тұрады. Бұған оның түгі де кетпейді,
ал біз сенеміз.
Гəп табиғатпен əлдебір механикалық жарасымдық немесе идиллия
жөнінде емес, біз бір замандардағы көшпелі өміріміздің өзімізді қоршаған
атрибуттарымен рухани да, ділдік те етене бірлігімізді сезінеміз.
Ал біздің өмірімізде ең басты орын — жердің еншісі. Жер - бізді
асырайтын, бағып-қағатын дала. Осынау табиғи рухани бірлікті, адам мен
жердің бірлігін бұзатын нəрсенің бəрі біздің түсінігімізде біздің өмір
салтымызды қайткенде де бұзады, сондықтан ол жер бетінде болуға да
тиісті емес.
Əлдебір сəтте біз жермен осынау əрең байқалатын, тіпті мистикалық
деуге болатын осы байланысты уысы- мыздан шығарып алғанымызды
кенет түсіне бастадық, алапат ядролық жарылыстардан тілім-тілім болған
жер аяғымыздың астында, көкірегі қарс айырылып, қан жұтып жатты.
Ыңырсып, шоршып жатты.
Осындайда Қарағандыдағы өмірім есіметүседі. Ол кезде біз өзіміздің
шектеулі кеңістігімізде өмір сүретіндей едік, біз əрі қарай аттап баспауға
тиіс шек, шеңбер болатын. Өміріміздің ерекшеліктері мен ережелері сондай
еді. Бізге көп нəрсенің, соның ішінде, ядролық сынақтардың да жан
түршіктірер ег- жей-тегжейі айтылмайтын. Бірақ егжей-тегжейін білмесек
те, жалпы нобайын сезетінбіз. Кезекті əлсіз, бірақ кенет болатын дірілден
соң, люстраның шайқалып, жиһаздың сықырлауынан соң қыздарым
жүгіріп келіп, қорқыныштан көздері бақырайып: “Папа! Папа! Жер
сілкінді!” дейтін дуылдап. Ересек біз дереу Алма- тыдағы туыстарымызға
телефон соғамыз. Жаман ха- бардан күн ілгері даусымыз дірілдеп, “Не боп
42
қалды?..” деп сұрап жататынбыз.
Іле-шала біздің беймазалығымыз бен алаңдауымыз жайына қалатын.
Балалар түкке түсіне алмай, осынау оқыс құбылысты əлі де сөз ету үшін
аулаға, құрбыларына жөнелетін. Бірте-бірте кезекті “дірілден” кейін
Алматыға қоңырау соғуды қойдық...
Əрбір жаңа “жер сілкінісін” біз бірте-бірте солай болуға тиісті, біздің
“кеңестік болмыс” дейтініміздің етенебөлігі ретінде қабылдайтын болдық.
Бізге, қарағандылықтарға қарағанда, жылына бірнеше рет, таңғаларлықтай
жүйелі болып туратын “жер сілкіністеріне” əлдеқайда жақын тұратын
адамдар психологиялық, тəндік жағынан не сезінгеніне төрелік айтуға
хақым да жоқ. Қазақтар “Тас түскен жеріне ауыр” дейді ғой.
Сондықтан ядролық қаруды қабылдамауымыз, ке- рек десеңіз,
жүрегіміздің айнуы заңды болатын. Біздің халқымыз табиғатпен рухани
бірлік пен ділдік ортақ- тықты өз жарылыстарымен бұзып кеткен ядролық
қару- ды жан-тəнімен жек көреді, қабылдай алмайды. Осынау ұлттық,
ерекше уқсастықты түсініп, санаға сіңірудің өзі “Ядролық Қазақстанға жол
жоқ!” деген бірден-бір шешімге келу үшін жеткілікті еді.
Иə, жүздеген ядролық сынақтар Қазақстан халқына қисапсыз қасірет
əкелді жəне мен полигон туралы барлық шындықты біліп, көзге
көрінбейтін, бейдауа ажал қатерін түсініп, ол кезде Қазақ КСР-і деп атала-
тын еліміздің прогресшіл жұртшылығы мен бүкіл халқы Кеңес Одағының
қуаты орасан əскери-өнеркəсіптік кешенінің өңешіне қадалған сүйектей
болып тұрып алған тартысты күндерді ұмытқаным жоқ.
Радиацияның сұмдықтары мен Семейдің қиын жағдайы туралы үзік-
үзік сыбыс жеткенше, “Семей” жарылыстары қамтитын аймақтан едəуір
қашықтуратын адамдар “көзге ілінбейтін” радиоактивті қауіп туралы
қабырғасы қайысып мазасыздана қойған жоқ. Орталық үкімет пен
əскерилердің қатаң да муқият құпия- ларының арқасында, ядролық
сынақтардың бүкіл тажалды зардаптары туралы ештеңені білмеу өз ізін қал-
дырды. Семейдің, Алтай өлкесінің, Павлодар облысы- ның жəне басқа да
аудандардың тұрғындары жайба- рақат өмір сүріп, жұмыс істеп, түсініксіз
сырқаттарға ұшырап, “дұрыс” диагнозбен жан тапсырып жатты. Ал сəуле
алған адамдардың организміндегі медициналық ауытқулар, мутациялар
мен кемістіктер туралы қап-қап құжаттар мен айғақтар “деректерді” зерттей
түсіп, талдау үшін, тікелей Мəскеуге жөнелтіліп жатты.
Бірақ Семей ядролық полигоны туралы шындық біртіндеп болса да,
естіле бастады. Еңбектеген ба- ласынан еңкейген кəрісіне дейін бүкіл
қазақстан- дықтар бұрын көңіл аудара бермеген мəселелерге бірте-бірте
43
шындап ден қоя бастады. Сыбыс ұлғая берді, өсек-аяң бой бермей бара
жатты, Семей аймағы мен жапсарлас сталкерлер туралы адам нанғысыз
əңгімелер айтылып жүрді.
Сол жылдары жұртпен кездесулерде мынадай сұрақтар жаңбырдай
жауатын: “Нұрсұлтан Əбішұлы! Полигонның зардабынан Семейдің жер
астына түсіп кететіні рас па?”, “Семей маңындағы Саржалда тұратын
барлық туысқандарым науқас. Бұл радиацияның əсері ме?”, “...Бізгежер
қойнауындағы сынақтардың зияны жоқ деп еді ғой. Олай болмағаны
ма?”, ..Ендігі күніміз не болмақ? Радиация қауіпті ме, жоқ па? Біз
Алматыда тұрамыз, ештеңеге душар болмаймыз ба?”. Сұрақ тасқыны
толастамайтын. Кейде аңғал, кейде караптан-қарап үрейленген, кейде тіпті
бəрі де жалған дегендей сұрақтар болатын. Жұрт өзін, жақындары мен
туыстарын ойлап, қорқатын. Шиеленіс күшейе түсті, ашық үрей бел ала
қойған жоқ, бірақ алаңдау сезімі жайлап алды. Халық шындықты, тек қана
шын- дықты талап етті.
Мұның бəрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы ретінде де,
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде де, мағантікелей қатысты
болатын.
Бірақ
тиісті
инстанциялар
мен
əскери
ведомствоның
кабинеттеріне жолдаған сауалдарымның бəріне не сауал қаперге алынды
деген жай ғана хабар, не егіз қозыдай үқсас жауаптар келіп жататын:
“Құрметті Нұрсұлтан Əбішүлы! Сіздің Курчатов қаласындағы Семей сынақ
полигонының қызметіне қатысты, пəлен күнгі сауалыңызға байланысты
мынаны хабарлаймыз: қолымыздағы деректерге қарағанда ССП маңайында
тұратын жай халықтың денсаулығына жəне экологияға əлдебір теріс ықпал
немесе салдар бар екені қуаттал- майды...”. Тағысын тағылар.
Бұл Хиросима мен Нагасаки трагедиясынан кейін елу жылдан соң,
Чернобыль апатынан кейін бірнеше жыл ғана өткеннен кейін келіп
жататын жауаптар еді! Мағынасыз жауаптар, осы проблема төңірегінде
жау- апты əскери тендер мен ведомстволық əкімшілік бай- қатқан
енжарлық, ақпараттың жоқтығы жене атом по-лигоны төңірегінде
қалыптасқан шын ахуалды білмеуім мені барған сайын мазалап, алаңдата
түсті. Бұл алаңдауым сөйлеген сөздерімнен, кейде тіпті мүлдем басқа
мəселелер жөніндегі сөздерімнен бай- қалып жататын.
* * *
1989 жылы 30 мамыр күні Алматы Іле аумақтық сай- лау округінен
КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Кеңес Одағының ең жоғары
заң шығарушы органының мінберінен сөйлеуіме тура келді. Айтыла- тын
əңгіме көп, ал регламент қатаң. Съезде төраға- лық еткен Михаил
44
Сергеевич Горбачев көзілдірігінің шынысы жалтылдап, мұқият, сақтана
қарайды: жария- лылық жақсы, бірақ шамаңды да біл дегендей. Регламент
бар дегендей. Орнымнан тура беріп, бəрін, əсіресе ең бастысын айтып
үлгерем бе деп ойладым...
...Бала кезімде əкем Əбіш кейін өзім оқыған аудан орталығы
Қаскелеңге баратын болса, кейде мені ілестіре кететіні есімде. Бұл балалық
дəуренімнің ең бір бақытты шақтары болатын.
Қалтамызға, қойнымызға өрік пен алма-алмұртты сықап алып,
өзенге жүгіретінбіз, кішкентай бөген жасайтынбыз. Қаскелеңнің суы аз,
бірақ арынды, мұздай тау өзені. Асты да, жағасы да ірілі-ұсақты малта
тастарға толы. Бөгеніміздің биіктігі кейде бір метрге жетеқабыл болады.
Қолдан жасалған осынау шағын көлшікте шомылу рақаттың рақаты.
Бірақ бір күні... иə, бір күні біздіңтас бөгеніміз, сол жолы асыра
сілтеп жібергенбіз бе, құлап түсті! Мені мен тағы екі баланы қарқын су ала
жөнелді. Əу баста мен тіпті қорқып та үлгермедім, ал кейіннен
қорқыныштан тілім байланып қалды. Тастары дөңкиіп-дөңкиіп жататын
өзен суы бізді бірнеше ондаған метрге алып қашты.
Əкем екеуіміз түскен үйге бүкіл денем көгеріп, жы- рылып оралдым.
Басым салбырап, бəрін де əкеме айтып бердім. Бір жерің қатты ауырды ма
əлде қатты жарақаттанып қалған жоқсың ба деп сурар деп едім. Бірақ
“жарақаттарымды” көріп шығып, “Қатты қорықтың ба?” деп сұрады.
Қай бала қорқақпын дейді, əсіресе əке алдында. Дəсірейіп кетсем
керек: “Əрине, жоқ!” дедім. Əкем үнсіз қалып, басын изеді де, жолға
жиналуды бұйырды...
Нендей ойда болғанымды, қорыққан-қорықпаға- нымды дəл айтып
беруім қиын, бірақ ұлы жиын мінберіне “бұзық” ойлармен бара жатып,
кенеттен сол бір көріністің есіме түсе кеткені...
Мінберден сөйлеп тұрып, “1949 жылдан бері жұмыс істеп келе
жатқан, жарылыстарды əуелі жер бетінде бастаған Семей ядролық
полигоны туралы айтқым келеді. Сол кезден бері төңіректегі журт саны
терт есе өсті. Бірақ əскерилер бізді сынақтар адам денсаулы- ғына тіпті
пайдалы-мыс деп сендіргісі келеді. Біз мұның бүгінде мемлекеттік
қажеттілік екенін білеміз. Бірақ атом жарылыстарының айналадағы ортаға
əсерін шындап терең талдау, бұл туралы жұртқа айтып беру керек қой. Сол
жерлерде күн кешетіндердің өмірін жақсартуға жұмсау қажет біршама
шығынды айтпағанның өзінде...” деген сөздерімнен кейін-ақ халық
депутаттары арасында, əсіресе залдың төрттен бірін құрайтын əскери
киімді депутаттардың арасында əлдебір қозғалыс басталғанын байқадым.
45
Бірдеңе шамалы өзгергендей еді.
Ненің өзгергенін баяндамадан, сөзден кейін түсіндім. Қатынас
өзгерген еді. Елдің ең басты стратегиялық объектісіне қастандық қой!
Ырың-жырың басталып жүре берді. Кулуарда естімеген сөзім жоқ. “Үйден
қоқыс” шығарыппын (?), саяси “ұпай” жинап- пын, сатылып кетіппін
(кімге екенін айта қоймайды), ақыр аяғында ең ауыр айып —
державамыздың қор- ғаныс қабілетін бүлдіріппін. Марк Твеннің “Мені
қалай губернатор сайлады?” деген əңгімесі естеріңізде болар?
Əскерилер жер қойнауындағы ядролық сынақтардың жұртқа зияны
жоқтығын дəлелдеумен болды. КСРО-ның ең жоғары генералитетіне
сынақтарға тыйым салып, Семей полигонын жабу перспективасы анық бір
қорқынышты түсте ғана көрінуі мүмкін еді. Қазір мұның бəрін күле
отырып еске түсіремін, бірақ сол кезде, шынымды айтсам, күлкі артын
қысып кеткен...
Бірақ əрине ешкімге өкпелі емеспін, бəріміз де заманымыздың
перзентіміз ғой. Айта беретіндей, болмыс санамызды түп-түгел билейтін.
Ал бұл кезде, 1989 жылдың нақ басынан бастап біздің қазақстандық
халқымыз, кеңестік үйден “ядролық қоқысты” шығарып тастауды
армандап, Ажал полигонына қарсы көтерілген болатын. Стихиялық
наразылық бірте-бірте ұйымдық пошымдарға ие бола бастады.
1989 жылы 28 ақпанда Семей ядролық полигонын- да жер
қойнауындағы сəтсіз аяқталған ядролық жары- лыс салдарынан айналадағы
ортаға радиоактивті газ шыққаны туралы хабар жеткен соң, Алматыдағы
Жа- зушылар үйі жанында қарсылық митингісі өтті де, ол халықаралық
антиядролық “Невада-Семей” қозғалысы- ның құрылуына түрткі болды,
оны əлемге танымал ақын əрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов
басқарды.
Ғалымдарды, жазушыларды, қызметшілерді, жұмысшыларды, əр
түрлі жастағы көптеген басқа адамдарды біріктірген қозғалыс Семей
ядролық поли- гонын жабу жене əлемнің басқа сынақ гіолигондары- ның
қызметін тоқтата тұру жолындағы күреске орасан зор үлес қосты.
Антиядролық қозғалыста Олжас Сүлейменовтің жеке өзінің еңбегі орасан
зор. Ядролық қарусыз қоғамдастықтың мүдделерін “Əлем дəрі- герлері
ядролық соғысқа жол бермеу жолында”, жас- тардың “Next Stop” жəне
басқа қоғамдық қозғалыста- ры білдірді.
1990 жылы 22 сəуірде Жоғарғы Кеңес біздің тарихымызда
тұңғыш рет мені Қазақстан Президент етіп сайлады жене де президент
ретінде мен өткізген алғашқы ірі саяси шаралардың бірі 1990 жылы 24
46
мамырда Алматыда өткізген “Əлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы”
атты ауқымды конференция болды. Ол үш күн бойы жүрді. Конференцияға
қазақстандық антиядролық қозғалыс белсенділерінен басқа əлемнің отызға
жуық елінің делегациялары келді. Бұл шынында да халықаралық
ауқымдағы ірі оқиға болды. Барлығы да: зардап шеккендерге көмек,
қарусьіздану мен ядролық қаруды бақылау мəселелері сөз болды. Еліміздің
ауасының өзі “XXI ғасырға ядролық қарусыз аттайық!”, “Ядролық
соғыстарға тыйым салынсын!”, “Біз ядролық қарусыз дүниені жақтаймыз!”
деген ұрандарға толы секілді еді.
Ортак, көңіл куй Алматы көшелерінде өткен Бейбітшілік шеруіне
ұласты.
Астананың
мыңдаған
тұрғындары
мен
конференцияға
қатысушылар жинал- ған Орталық стадионда митинг болды.
47
Көптеген алматылықтар конференция мəжілістеріне келіп жүрді,
полигондар мен атом қаруына қарсы сөз сөйлеген қоғам қайраткерлерімен
дидарласып, сұхбат құрды.
Бүкіл ел теледидардан көз алмай атақты “Семей- Хиросима”
телекөпіріне құлақ тосты, оның бейнежазбасы кейін бүкіл Кеңес Одағына
көрсетілді. Біздіңтамаша қаламыз Алматының кей көшелерінде балалар ақ
кағаздан жасаған тырналар жатты, ал ағаштар бұтақтарында Хиросима мен
Нагасаки құрбандарының аруақтарына арналған ақ мата таспалары
байланды. Көңіл күйі естен кетпестей еді!
Семей облысының өзінде, Абай ауданының орта- лығы Қарауылда
антиядролық “Невада-Семей” қозға- лысы ұйымдастырған сан мың
адамдық митингіге қатысушылар əрқайсысы бір-бір тас алып, шағын тау
жасады. Сөйтіп ұлы Абайдың балалық шағы өткен Қарауыл төбе жанында
қолдан жасалған тас төбе пайда болды. Ол көлемі жағынан көп кіші болса
да, əрбір қазақ үшін қасиетті жердің “ядролық” былғануына халықтың
ашуы мен ызасының күші жағынан əлдеқайда үлкен болатын.
Өздерінің енжар еместігін Қарағанды шахтерлері да көрсетті.
Ядролық сынақтарды тоқтатып, Семей полигонын жабу туралы петицияға
130 мың шахтер қол қойды.
Біз қалаларымыз бен ауылдарымызға атом жаңбыры құйып кететін
сəтті күтіп бастан өткізген осынау үрейлі үнсіздік жылдарында жан
түкпіріне қордалана берген ызаға енді шыдамаған адамдардың стихиялық
жиындары болып жатты. Адамдар осынау ұзақ “қырғи қабақ” соғыстың
аяқталуын қалады.
Бүкіл Қазақстан, бүкіл халық бірғана көңіл ауанында — ядролық
сынақтар жасалмасын, атом қаруы жойылсын деген ауан билігінде болды.
Сол шақтың жай-күйін түсіне білу өте маңызды. КСРО-ның
қисапсыз бюрократиялық жəне күштік құрылымдарының əлі де дəурені,
əскери-өнеркəсіп кешенінің дəурені жүріп тұрған болатын. Əрине
қысымның барлық салмағы Қазақстан Президентіне түсетін. Мəскеуге апта
сайынғы: бірде əскериөнеркəсіптік кешенінің кураторы, КОКП Орталық
Комитетінің хатшысы О.Баклановқа, екінші жолы үкімет
төрағасы Н.Рыжковқа, ақыр аяғында М.Горбачевтың өзіне жасалған
сапарларым есімде. Бəрінің де талабы біреу ғана: жұртқа басалқы айт, олар
сені тыңдайды дейді. Ал жалпы алғанда, əлде бірдеңені жетілдіру үшін елге
бас-аяғы үш, əрі кетсе бес жыл керек дейді. Аймаққа қаржымен
көмектесеміз дейді, басқа да бірдеңелерді айтады. Кейбір өркөкіректер
тарапынан қоқан-лоқы да естіліп қалады. Алайда М.Горбачевтың
48
арқасында көп нəрсе өзгерген, əрекет өрісі біршама ұлғайған болатын.
Екінші жағынан, жұртшылықтың, əсіресе белсенділердің əрекеттері
менің тарапымнан қолдау тауып отырды. Əрине республикалық басшылық
тарапынан мундай қолдау болмаса, белсенділердің əрекеттері КГБ-інің екі-
үш қарапайым акцияларынан кейін опоңай тыйылар еді. Бұл тұрғыда қажет
технология əбден пысықталған болатын...
Алдымен полигонға барып, жер қойнауындағы соңғы жарылыс
жасалған жердің нақ ортасында тұрып (жер қап-қара болатын, быт-шыт
болған, əлі қызу қайтпағандай қиыршық тас жатты) қайтқан соң, мен
КСРО
басшылығының
келісімін
алмай-ақ,
парламенттің
ядролық
полигонды жабу туралы мəселені талқылауға арналған арнайы сессиясы
ашылатынын жарияладым.
Сессияға əскерилер мен ядрошы ғалымдардың Үлкен бір тобы
қатысуға тырысып бақты. Олардың делутаттарды полигонды жаппауға
үгіттейтіні айқын еді. Уəдені үйіп-төгетіні, ядролық жарылыстың
зиянсыздығы туралы, тағы басқа əңгімені көбейтері анық еді. Бірақ мен
оларды сессияға қатыстыра алмайтын едім. Мəселені қазақстандықтардың
өздері шешуге тиіс болатын.
Таңертең басталған талқылау кешке дейін созыл- ды. Сөз тимей
қалған адам жоқ. “Ядролық лоббидің” депутаттардың бір бөлігімен
жақсылап жұмыс істегені байқалып тұрды. Қорытынды кезеңде кейбір
депутаттар ғана емес, Семей облысының кейбір басшылары да (жарылысқа
жанталаса қарсы шыққандар) аймақ үшін елеулі материалдық өтем алу
мақсатымен, бірнеше жарылыс өткізуге мүмкіндік беруімді сұрай бастады.
Ондай уəделер, орындалмайтын уəделер бұрын да талай берілген болатын.
Қорытынды сөзімде мен жауапкершілікті өз мойныма алатынымды
айтып, өкілеттіктерімді пайдаланып, полигонды Жарлықпен жабатынымды
жарияладым. Ядролық тарихтың бір беті жəне ең оңай емес беті, сөйтіп
жабылды...
Бүкіл халықтың қолдауына ие болып, біз ядролық қарудың
адамзатқа қарсы жарылыстарына бір жақты тыйым салатынымызды,
барлық қазақстандықтардың шын мəнінде бас ауруына айналған Семей
полигонын жабатынымызды жариялап, өзіміздің еліміз бұдан бы- лай
мəңгілікке ядролық қару мен оның сынақтарынан арылған аймақ болады
деп жар салдық.
Осынау тарихи күндерді ұмытуға бола ма? Семейдің жəне ядролық
жарылыстар кіндігіне жапсарлас жерлердің көп тақсірет тартқан халқының
иығынан жүгі түскендей болып жеңілейген, психологиялық жайсыздықтан
49
арылған сезімін үмытуға бола ма? Ядролық монстрға өзінің “жоқ” деген
сөзін бекем айтқан Қазақстан халқы үшін мақтаныш сезімін ұмытуға бола
ма?
Ядролық қаруы бар Қазақстанның қажеттігі мен “болашағы
молдығын” аузы көпіргенше дəлелдеп бағу арқылы халық еркіне кесе-
көлденең тұру үшін шын мəнінде тарихи ессіздікпен, арсыздықпен ауыру
керек. Ядролық əзəзілге төтеп бере алмасақ, Қазақстан халқы бізді ешқашан
кешірмес еді.
Біз халықтың еркін орындап, сол күндері демократияны үйрендік.
Бұл тəуелсіз Қазақстанның ең алғашкы тəуелсіз қадамдарының бірі еді. Біз
тоталитарлық кеңестік өткеннің қателіктерін ұғынып, түзей баста- дық. Біз
жаңа демократиялық жолға түстік жəне бүл жолдың іргетасы ядролық
қарусыз Қазақстан туралы нақ осы тарихи шешіммен қаланды...
Тарихи шешімнің геосаяси факторы
Ішкі жəне сыртқы факторлардың тұтас бір кешенін талдап, ескермей
бейбіт болашакты құрамын деу бос сөз. Өйткені ұлттық қауіпсіздік пен жас
мемлеке- тіміздің аумақтық тұтастығына əлдебір себептермен олардың
барынша теріс эсер етуі мүмкін. Бірақ шешім Кабылдаудың бір парадоксы
мынада екені даусыз: шешімнің көбіне-көп қате болып шығатыны, онда
тым
көп факторлардың ескерілетіндігінен ғана. Былай қарасаң, керісінше,
əлдебір шешімді сыншыл талдау тезінен көбірек өткізіп, ықтимал
нұсқалардың бəрін ескерсең, ол шешім проблеманы жеткілікті дəл
бейнелейтін секілді болып көрінеді. Бірақ іс жүзінде олай емес, іс жүзінде
дұрыс шешім бір ғана алғышартқа негізделеді жəне ол шешім қабылдау
процесінде ескерілетін факторлардың көпшілігіне жиі-жиі кереғар болып
шығады.
Бірақ кінəратсыз прагматизмнің тек бір ғана өріске өз шектеулері
бар. Жаппай қырып-жою қаруына қатысты өрісте қисын да, парасатты
дилемма да жоқ. Мұнда барлығы да тек тарихи жауапкершілік пен əмбе-
бап, перспективалық көре білудің болуына негізделген.
“Екі жақтың да кепілді қүрып кетуі” деген мəселеде немесе сенімге
негізделетін, жанжалды ахуалды бəсеңдететін парасатты мəміле іздестіруде
бұлталак. жоқ, болуы мүмкін емес. Мемлекет қауіпсіздігі, сайып келгенде,
өзінің жаппай қырылып-жойылуы үшін екінші жаппай қырып-жоюмен кек
алуға саяды деген тезисті негіздеу саяси “нақүрыстықтың” бір пошымы-
нан басқа түк те емес. Түптің түбінде, мемлекеттің шын қауіпсіздігі, сайып
50
келгенде, қарым-қатынастың сын- дарсыз емес, тек қана сындарлы
пошымымен қамта- масыз етілуге тиіс, ол есе берудің немесе мəмілеге
жетудің барлық шараларын материалдандыруға негізделеді де, өзара
жаппай қырып-жоюға емес, жол берілген шегіністің орнын толтырудың
жаңа белесін бастап беруге жетелейді. Бұл кепілдік берілген “тұйыққа”
тірейтін бір айналымды даму емес, өзара бейбіт “жеңістер” мен
“жеңілістердің” алмасып отыратын белестеріне негізделген шексіз,
серіппелі даму.
Егер біз кезінде ядролық статусты сақтау туралы шешім қабылдасақ,
Қазақстандағы ядролық қару аймақтық жəне ғаламдық қауіпсіздік
жүйесінде қандай бүлдіргіш рөл атқаратынын елестетудің өзі қиын. Яд-
ролық қарусыз Қазақстан туралы тарихи шешім қабылданған сол бір
күндерде Қазақстанның ядролық əлуетінің бүлдіргіш факторының барынша
əр қилы нұсқалары қаралып, талданған болатын. Олардың тек кейбіреулері
мынадай.
Біріншіден, ядролық статустың болуы Еуразияда, əсіресе оның
орталық бөлігінде жанжал əлуетінің күшейе түсуі үшін жеткілікті шарт
болып табылады. Ядролық қару иелену реттеу ісін тек қана күш
тұрғысынан жүргізуге сөзсіз итермелер еді. Əсіресе Қазақстанмен тікелей
жапсарлас елдермен келіссөз процесінде солай болар еді. Сол арқылы атом
қаруының жəне тиісті жеткізу құралдарының болуының өзі халықаралық
саясат пен өзара қарым-қатынас процесінде Қазақстан тап болатын кез
келген мəселе мен кез келген проблеманы шиеленістіріп жіберер еді.
Орталық Азияның ядролық қару самсап тұрған (4- ядролық əлует)
аймақ ретіндегі статусы дүниенің осы бөлігіндегі саяси жағдайды сөзсіз
едəуір шиеленістіріп жіберер еді, ұдайы қопарылысты шиеленіс ахуалын
жасар еді жəне əлдебір жанжал туа қалса, бейбіт реттеу процесіне тіпті де
көмектеспес еді.
Екіншіден, ядролық қару иелену сыртқы кірігу процесін дамытуға
тіпті де түрткі бола алмайды. Біз оқтын-оқтын ядролық бұлшық етімізді
ойнатып қойып отыруымыз мүмкін жағдайда əлемдік қоғамдастыққа
өркениетті кірігу туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін болмас еді.
Өйткені біздің ядролық кеудемсоқтығымыз Біріккен Ұлттар
Ұйымының жарғысына да, əлемнің бəрі дерлік елдері қол қойған ядролық
қаруды таратпау туралы шартқа да тұп-тура кереғар болып шығар еді.
Жақын көршілерімізбен жəне басқа мемлекеттермен тең емес “кеудемсоқ”
əріптестік қатынастар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен əлемдік
қоғамдастық арасында да күш көрсету тайталасы мен секемшіл қатынастар
51
орнар еді.
Үшіншіден, иелену жаңа сапаға сөзсіз жетелейді. Əлбетте, біздің ел
ықтимал жау жəне тұрақты əскери қатердің көзі ретінде ядролық қаруы бар
жəне
жоқ
державалардың
барлық
стратегиялық
жоспарларының
нысанасына айналар еді. Мұндай жағдайда бізді өзінің ықтимал душпаны
деп
санайтын
державалардың
жауынгерлік
вахтадағы
ядролық
боеголовкалары
бар
зымырандары
біздіңаумағымызға,
біздің
қалаларымызға ылғи да кезеніп тұратынын аңғару тіпті де қиын емес.
Муның өзі ядролық қару иелену ядролық арсеналы бар елге қарсы
жаппай қырып-жою қаруын бірден, жаппай қолдану қатерін тіпті де
азайтпайтын, қайта сан есе күшейте түсетін ахуалға сөзсіз жетелейді.
Ядролық қатер — белгілі бір мемлекеттің тəуелсіздігі мен егемендігінен
гөрі, оның өмір сүруінің өзіне төнген ең ғаламдық та қауіпті қатер екені
даусыз.
Ядролық қаруды иеленіп, біз автоматты түрде əлемнің іс жүзінде
барлық елдеріне ықтимал əскери қатер болар едік. Тым қүрығанда, атом
қаруын жеткізу қүралдары — зымырандық-авиациялық кешеннің қүла- шы
жететін аймақ үшін солай болар едік. Өз еліңнің шартты дүшпан ретінде
қаралуына жол беруге болмайды, сондай-ақ үшінші бір елдердің ықтимал
стратегия- лық нысана ретінде қарастыруына да жол беруге болмайды.
Мемлекеттер қоғамдастығында, əсіресе сыртқы кірігу саясатын
белсенді жүргізе отырып, сонымен бірге үдайы не ядролық шабуылмен
қатер төндіріп, не катер астында болып, қалыпты өмір сүре алмайсың.
Бүгінде біз үдайы төніп түратын Дамокл семсерінен қүтылдық — біздің
елге əлемнің баска мемлекеттерінің бірде-бір ядролық боеголовкасы
көздеулі түрған жоқ! Ал мүны біліп, сезініп отыру, сенсеңіздер, барлық
пікірлер мен пиғылдардан көп артык!
Төртіншіден, негізсіз ядролық статус Ядролық каруды таратпау
жөніндегі шартта жарияланған иеленбеу, таратпау жене орналастырмау
принциптерін анық көзге ілмеу салдарынан əлем журтшылығының қырын
көзқарасы мен халықаралық окшаулауға ұшыратар еді.
Барлық дерлік мемлекеттер бекіткен Таратпау туралы шарт
халықаралық қуқық нормасы болып табылады. Барлық салдарлар мен
міндеттемелер содан туындайды. Оны қалайда бір бұзған кез келген
мемлекет халықаралық өркениетті қоғамдастықтың алапесі болады да
шығады. Көпшілік құқығы əрқашан шексіз де ақиқат бола бермейді, бірақ
халықаралық құқық дегеніміз оны елемеу барынша ақымақтық,
көрсоқырлық болып шығатын нəрсе.
52
Бəлкім, өз сөзімді қайталармын, бірақ шынымды айтсам, біздің
кейбір қазақстандық “қырғиларға” Қазақстан мен қазақстандық халық
болашағы үшін ядролық жолдың барша жамандығын кейде түсіндіру
қажеттігі туындауы таңғаларлық нəрсе еді. Парасат пен оқиға қисынына
кереғар келетін сол жол тар жол, тайғақ кешуден өткен Қазақстан жерінде
адамзаттың барлық үміттерінің күйреуіне жетелейтін тажалды қаруды
қалдырса, Қазақстанға саяси, экономикалық, эко- логиялық жəне азаматтық
қандай алапат қардай борайтынын елестетудің өзі қиын.
“Мың асқанға бір тосқан” дейді ғой. Ал біздің асқымыз емес, жай
ғана бейбіт өмір сүргіміз келеді...
Ақыр аяғында онсыз да радиоактивтілігі көлкөсір Қазақстанның
аймақтық ядролық держава статусына ұмтылуы дегеніміз мемлекеттік ой
жүйесінен де, тарихи жауапкершіліктен де жұрдай болу деген сөз.
Аналарымыз бен аталарымыздың, болашақ үрпақтарымыздың алдындағы
жауапкершіліктен жұрдай болу деген сөз. Еуразияның болашағы мен бүкіл
адамзаттың ал- дындағы жауапкершіліктен жұрдай болу деген сөз.
Осының бəрін түсіне отырып, біз ядролық қару иеленудің сағым
секілді пайдасына бола жас еліміздің болашағын қатерге тіге алар ма едік?
Біздің жауабымыз біреу ғана бола алатындығына ешкім күмəндана қоймас
деп ойлаймын.
* * *
“Адамзат тарихы — соғыстар тарихы” дейтін кең таралған
пайымдауда ақиқаттың ұшқыны бар екені даусыз. Расында да, тіпті
өркениет тарихын да біз мемлекеттер жүргізген толып жатқан соғыстар,
оларды не үстем болуға, не құрып кетуге алып барған со- ғыстар бойынша
парықтаймыз.
Тіпті барлық континенттердегі адамдардың көпшілігі өткеннің ұлы
қайраткерлерін еске түсіруге тырысқанда əдетте атақты қолбасылар мен
əскербасыларды: Дарийді, Александр Македонскийді, Гай Юлий Цезарьды,
Шыңғысханды, Наполеонды жене толып жатқан “ұмытылмас” есімдерді
ауызға алады.
Адамзатқа соғыс əкелген қасіреттің орны толмайды. Қисапсыз
шайқастар мен ұрыстарда опат болған адамдар санын есептеп шығару іс
жүзінде мүмкін емес. Мемлекеттердің шекаралары өзгеріп отырды, орасан
зор империялар пайда болып, құрып кетіп жатты, тұтас бір халықтар
қорлыққа ұшырап, қуып жіберілді.
Адамзат тарихында бір қасиет бар, мен оны “қайта айналып соғар
əлует” деп атар едім.
53
Бұл ұғым нені нобайлайды? Белгілі мысалдармен түсіндіріп беруге
тырысып көрейін. Мысалға, Александр Македонскийдің жаулаушылық
жорықтарын алыңыз. Исса жəне Гавгамел тұсындағы шайқас, содан кейін
Ахеменидтер империясын жаулап алу. Сырдария жиегіне жету жəне
“қайырымды” Пордың үнді кінəздігін бағындыру. Македония анклавы бар
орасан зор грек-парсы империясын сақтап қалу жолындағы ұсақ
қақтығыстар мен жорықтар.
Содан не өнді? Жас “құдайдың” жан тапсыруы ол құрған көп
этносты мемлекеттің ыдырап кетуіне соқ- тырды. Грекия қайтадан
Грекияға айналды, Персия Персия күйінде қалды, Египет қайтадан
перғауындар мемлекетіне айналды. Оның эпигондары жеңістің жемісін
ұстап тұра алмады. Үстап тура алмайтын да еді. Императорлар келіп-кетіп
жатады, ал мемлекеттер қала береді. Басқа ұлы империялардың: Монгол,
Осман, Британ, Австро-Венгрия, Наполеон империялары- ның бастан
кешкен тарихы да сондай. Кеп жагдайда, басқалардың жеріне құштарлар
қаншама мемлекеттерді жаулап алмасын, ерте ме, кеш пе сол мемлекет
көбіне қайта өркендеп, өзінің этностык, əлуеті мен мəдени ерекшелігін
қалпына келтіріп отырды. Əдетте шекаралар өзгеріп жатады, бірақ жалпы
алғанда мемлекет өзгермейтін. Тарих, негізінен, ерте ме, кеш пе бəрін де
орнына келтіретін де, көптеген шапқыншылықтар тиісті нəтиже бере
қоймайтын.
Əрине мен едəуір қарабайырландырып, оның үстіне жаулап
алынған аумақтарға жаулап алушылар еткен ықпалды ескермей отырмын.
Бірақ қайталап айтайын, əдетте көпшілік жағдайда елдер өз мемлекеттігін
жоғалтпай, өзінің этностық құрамының көп бөлігін сақтап қалып отырды.
Мұның мүмкін болғаны - көбінесе тарихи кейіпкерлердің əлдебір
мемлекетті жаулап алуға тырысқанымен, оны жоюды көздемегендігінде.
Бірақ осы заманғы ядролық соғыстарда жаулап алу туралы жақ ашу
мүмкін емес. Ядролық жанжалдың нəтижесі тек қана дұшпанды құртып
жіберу емес. Ең бастысы, іс жүзінде сол мемлекеттің жерінің өзі өмір сүру
мүмкін емес жерге айналады.
Сөйтіп ядролық мемлекеттердің əскери лексиконынан “жаулап алу”
ұғымы шығып қалып, оның синонимі “жаппай қырып-жою” деген ұғым
пайда болады.
Тарихи жауапкершілік шексіз жаппай қырып-жоюды уақытша
қайтып оралатын жеңілістен артық санауға мүмкіндік бере ме? Бекем де
үзілді-кесілді: жоқ! дей аламын. Ешқашан, ешқандай жағдай мен шарттарда.
Достарыңызбен бөлісу: |