Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі


Суарылған ядролық темірмен



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev


Суарылған ядролық темірмен...
Жарыса  қарулану  əткеншегі  шырқап  кетті.  Полигонда  жасалып
жатқан  сынақ  жарылыстарының  саны  мен  олардың  қуаты  жыл  өткен
сайын  арта  берді.  Алайда  бақталастар  атом  бомбасымен  бірін-бірі
таңғалдыра  алмайтын  еді.  Енді  тек  ядролық  зарядтың  адам  айт-  қысыз
қуатымен ғана таңғалдырып, бірін-бірі үрейлен- діруге болатын.
Дүниені бірінші болып американдар таңғалдырып, Станислав Улам
мен  Эдвард  Теллер  схемасы  бойын-ша  “екі  сатылы”  сутегілік  құрылғы
жасады.  Осы  схема  бойынша  жасалған,  бойы  жеті  метрге,  салмағы  жүз
тоннаға жетеқабыл термоядролық “Майк” құрылғысы бомбадан гөрі, зауыт
корпусына көбірек ұқсайтын. Хиросимаға тасталған “Бөбектен” қуаты бес
жүз  еседен  астам  болған  “Майктың”  1952  жылы  1  қарашада  жасалған
термоядролық жарылысынан Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі маржан
атолы іс жүзінде жойылып кетті.
Кеңестік аса қуатты қаруды жасаушылар басқа жолды таңдап алды.
Андрей Сахаров пен Александр Гинзбург “қатпарлы” сутегі бомбасы деген
нұсқаны  ұсынды,  ол  жеңіл  ядролардың  қосылу  реакциясы  пай-  да  болу
үшін қажет қысым проблемасын өзгеше шешетін еді.
Бұл  бомба  американ  бомбасынан  əлдеқайда  қарапайым  болатын
29

жəне  Хиросимаға  тасталған  атом  бом-  басының  тротилдік  эквивалентінен
“небəрі”  20  есе  ғана  асып  түсетін.  Дегенмен  сутегілік  құрылғы  РДС-6
бүйымы  дегеннің  қуаты  жағынан  соған  дейін  болып  көрмеген  жарылысы
1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тітірентті,
оның  қуаты  480  килотонна  еді.  Жарылыстан  кейін  пайда  болған  нарттай
жанған  радиоактивті  газдардың  саңырауқұлақ  секілді  бұлты  16  километр
биіктікке  көтерілді!  Осы  жарылыстан  кейін  радиусы  ондаған  километр
болатын  жерде  дала  шөптері  бірнеше  күн  бойы  көгілдір  сəуле  шығарып
түрды.  Семейде  (150  километрдей)  жарылыс  толқыны  көптеген  үйлер
терезесінің  шынысын  ұшырып  жіберді,  кейбір  үйлердің  қабырғалары
қирады.  Кейінірек  сынақ  алдында  уақытша  көшірілген  адамдар  полигон
жанындағы  туған  жерлеріне  қайтып  орала  бастағанда,  олардың  көбісі
үйінің  орнын  сипап  қалды,  не  қақырап  кеткен  қабырғаларды  көрді.  Ащы
мысал, бірақ бұл барлық ядролық жарылыстардың ең “бейбіті” еді.
Алайда  кеңестік  ядролық  қаруды  “жетілдіру”  мұнымен  біткен  жоқ.
КСРО-да  адам  айтқысыз  қысқа  мерзім  ішінде  сутегі  бомбасы  жасалды,  ол
құрылымы  жағынан  американдық  “қос  сатылы”  схеманы  айнытпай
қайталайтын, бірақ қуаты əлдеқайда артық болатын.
1955  жылы  22  қарашада  ТУ-16А  əскери  бомбалағышы  Семей
полигонының  үстінен  ұшып  бара  жатып,  жаңадан  жасалған,  қуаты  1,7
мегатонна болатын тер- моядролық РДС-37 зарядын тастады.
Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың
соққы  толқыны  мен  жер  қабатының  дірілі  бүкіл  дерлік  Қазақстан  аумағы
мен  Ресейдің  көршілес  аймақтарында  сезілді.  Полигонмен  көрші  тұрған
адамдардың  бұрынғы  жарылыстардың  бəрінен  асып  түсетін  бұл
термоядролық  жарылыстан  кейінгі  сезімін  айтып  жатудың  қажеті  бола
қоймас деп ойлаймын.
Ядролық  қарумен  жарыса  қарулану  осылай  басталып,  екі  астам
державаның ғаламдық ядролық тайталасы осылай дүниеге келді.
Сутегі  бомбаларының  қуаты  мен  ядролық  қаруды  сынақтан  өткізу
саны  ұдайы  өсе  берді.  Бірақ  Семей  ядролық  полигоны  аса  қуатты
термоядролық  бомбаларды  сынауға  қолайсыз  екенін  түсіну  де  арта  түсті,
сондықтан  да  олар  мəңгі  тоң  белдеуінің  арғы  жағына,  Жаңа  Жер
аралындағы полигонға көшірілді. Айта кетелік, дəл уақытында.
Қуаты  50  мегатонна  болатын  кеңестік  термоядро-  лық  бомбаны
сынау əсерін сынақшылардың бірі бы- лай суреттейді: Күтпеген  жерден
көз қарықтырар
жарқылды  көрдік,  ол  мыңдаған  емес,  тіпті  миллион-  даған
30

күндерден  де  жарық  секілді  болып  көрінді!  Біз  эпицентрден  250  километр
(!)  жерде  болғанымызбен,  көзіміз  түк  көрмей  қалды  да,  алып  пештен
шыққандай қызуды сезіндік... Нарттай қызыл шар ядролық бұлтымен бірге
70 километрдей биікке көтерілді де, жел оны солтүстікке айдап кетті”.
Бұл суреттеудің айқын да əсерлі екені соншалық, мен жеңілейіп бір
күрсіндім:  Құдайға  шүкір,  бұл  сұмдық,  бізде,  Шығыс  Қазақстанда  болған
жоқ,  əйтеуір!  Өйткені  Семей,  осыны  баяндаушы  секілді  емес,  оған  100
километр жақын болар еді ғой!
* * *
Əскери  қарудың:  адам  денесінің  жекелеген  мүшелерін  ғана  майып
ететін  садақтан  континенттердің  бір  бөлігін  жойып  жіберуге  шамасы
жететін термоядролық бомбаға дейінгі эволюциясы осылай аяқталды.
Семей  ядролық  полигонындағы  сынақтардың  жалпы  саны  456
ядролық  жəне  термоядролық  жарылысты  құрады.  Олардың  116-сы  ашық
болды, яғни жер бетінде немесе əуе кеңестігінде жасалды.
Қазақ  ғалымдарының  есебі  бойынша,  Семей  полигонында  əуеде
жəне  жер  бетінде  сынақтан  өткізілген  ядролық  зарядтардың  жалпы  қуаты
1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе
көп  болды.  Осынау  сынақтар  Қазақстанның  тіршілік  өрісі  мен  халық
денсаулығына тигізген сұмдық нұқсанды сипаттау үшін тіл жетпейді.
Жер  бетіндегі  жəне  əуедегі  ядролық  жарылыстардың  зардаптары
сұмдық еді. 1950 жылдардың ортасына қарай жер бетінде ядролық қарудың
тағылық  сынағын  өткізе  беру  мүмкін  еместігі  айқын  болды.  Муны  да
бірінші ұққан АҚШ еді. Американдықтардың 1950 жылдардың аяғында-ақ
ядролық  сынақтарды  жер  астында  жүргізуге  көшкені  белгілі:  жер
астындағы  қуаты  1,7  килотонналық,  “Райнер”  деген  бүркеншік  атпен
белгілі  тұңғыш  ядролық  жарылыс  Невада  полигонында  1957  жылы
қыркүйекте жасалды.
Кеңес Одағы жер асты ядролық сынақтарына тек бес жылдан кейін
ғана,  1963  жылы  кірісті.  Алайда  яд-  ролық  жарылыстарды  жер  астына
“тығып  қою”  тек  тіршілік  өрісіне  зиянды  ықпалды  ғана  жасырды.  Ядро-
лық сынақтардың аса жиілігі сақталып қала берді.
1962-1989  жылдар  арасында  Семей  полигонындағы  Дегелең
тауының  жер  астындағы  шахталарында  340  жарылыс  жасалды.  Бұл  арада
жыл сайын 14-18 ядро- лық сынак өткізіліп тұрды.
Осынау  жарылыстардың  салдарынан  бір  кездері  жартастардан
құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыр- шьік тас үйіндісіне айналды.
Жер  қойнауындағы  ядролық  жарылыстар,  əскери-  лердің  сөздеріне
31

кереғар  айналадағы  ортаға  “тіпті  де  зиянсыз”  емес-тін.  Жер  астындағы
əрбір  үшінші  жарылыстан  соң,  жарылыс  нəтижесінде  пайда  болған  жа-
рықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.
Ондай соңғы оқиғалардың бірі 1980 жылдардың соңында болды. Ол
кеңінен əшкере болып, жұртшылықтың ғаламат ашу-ызасын туғызды.
1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізілді.
Үңгірлердің  бірінде  қуаты  70  килотон-  надан  астам  ядролық  заряд
жарылды.  Соның  салдары-  нан  жер  бетінде  саңылаулар  пайда  болып,
олардан екі тəулік бойы радиоактивті газдар шығып жатты.
Содан  пайда  болған  радиоактивті  бұлт  30  мыңнан  астам  адам
тұратын  аумақты  бүркеді.  Бұл  аймақта  ра-  диациялық  фон  3000-4000
микрорентгенге  жетті.  Бұл  көрсеткіш  қалыпты  жағдайда  сағатына  15-20
микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
Кейінірек анықталғанындай, мұндай жайттар поли- гонда едəуір жиі
болып  тұрады  екен.  1987  жылы  жарылыс  салдарынан  пайда  болған
радиоактивті  газ  тол-  қыны  Семейге  алты  рет  жеткен,  1988  жылы  мұндай
жағдай екі рет болған.
* * *
Бүгінде,  тегі,  Семей  полигонындағы  ядролық  сы-  нақтар  Қазақстан
аумағын  радиоактивті  заттармен  ластау  проблемасы  мүзтауының  шыңы
болғанын  жұрттың  бəрі  біле  де  бермес.  Эр  жылдарда  атом  жа-  рылыстары
республиканың барлық дерлік қиырларын- да болып жатты.
Кеңінен  белгілі  болтан  Семей  полигонынан  өзге  Қазақстан
аумағында  Атырау  жəне  Батыс  Қазақстан  облыстарының  шекарасында
Азғыр полигоны орна- ласты.
1965  жылдан  бастап,  Батыс  Қазақстанда  өнер-  кəсіптік  мақсатта  26
жер асты ядролық жарылыстары жасалды.
Жалпы
алғанда,
жер
астында
кең
қуыстар
жасау
үшін
“шаруашылық”  мақсатта  жер  қойнауында  ядро-  лық  жарылыстар  жасау
практикасы  сол  жылдары  КСРО-да  кеңінен  таралған  болатын.  Айта  кету
керек,  ауыз  толтырып  айтарлықтай  табысқа  қол  жеткен  жоқ.  Атап
айтқанда, Ресейдегі Астрахан газ-конденсат кеніштерінде жер қойнауында
15 ядролық жарылыс жасалды.
Сол  сияқты  жарылыстар  Осинск  жəне  Гричев  кеніштерінде  де
жасалды. Алайда 1986 жылға карай ядролық жарылыстар көмегімен колдан
жасалған  қуыс-  тардың  көпшілігі  су  алып  кетудің,  тау  жыныстарының
табиғи эрозиясының, тектоникалық жылжулардың салдарынан кұлап бітті.
Мамандардың  бағалауы  бойынша,  Батыс  Қазақстанның  тұз
32

күмбездеріндегі
ядролықжарылыстардың
толып
жаткан
қолайсыз
зардаптары  болды:  ласталған  тұздың  суға  еріп,  ерітінді  ретінде  жер  бетіне
шығуы, аумақтың жер асты суларының радиоактивті ластануы орын алды.
Мұның  үстіне,  Азғыр  сынақ  полигоны  ауданында  жер  асты  ядролық
жарылыстары өткізілген жерлерде, бірнеше жыл бойы хлор мен сутегі жер
бетіне  атылып  шығып,  тұз  қышқылын  түзеп  тұрды.  Осының  бəрі  улы  “ақ
тұман” түрінде жер бетін бүркеді.
1992
жылы
Казахстан
Республикасының
санитарлық-
эпидемиологиялық  қызметінің  органдары  Азғыр  полигоны  алаңдарын
тексеріп, радиоактивті заттармен едəуір ласталған жерлерді анықтады.
Ядролық  жарылыстармен  жасалған  бірнеше  қуыстар  радиоактивті
суға  толы  болып  шықты,  ол  су  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  үшін
қолданылатын  сулы  горизонттарға  қосылып  кетуі  əбден  мүмкін  еді.
Полигондажер  бетіндегі  радиация  деңгейі  сағатына  3500  микрорентген
болды,  мұның  өзі  адам  денсаулығы  үшін  қауіпсіз  табиғи  деңгей-  ден  150
есе көп еді.
Сондай-ақ  Азғыр  полигонына  жақын  маңдағы  аудан-  дардың
халқына  радиациялық  қауіптің  бар  екендігі  туралы  ескертілмегені  де
анықталды.  Тіпті  мынадай  жағдайлар  да  болтан:  колхоз  егістіктері  қуатты
радиоактивті  сəулелену  көздерінен  бірнеше  жүз  метр  жерлерге  орналаст
ырылған  екен.  Полигонмен  іргелес  аудандарда  мал  мен  жабайы  аңдардың
жаппай  ауыруы,  қырылуы  оқтын-оқтын  болып  тұрған  жəне  олар  сипаты
жағынан  сəуле  сырқатына  ұқсайтын.  Полигонға  жақын  аумақ-  тың  халқы
арасында рактан қайтыс болғандардың деңгейі жоғарылап кеткен.
Алайда  Қазақстанда  Семей  мен  Азғырдан  басқа  толып  жатқан
полигондар,  шағын  полигондар  мен  сы-  нақ  алаңдары  орналасып
(Тайсойған,  Орда,  Жаңғала  жене  т.б.),  оларда  ядролық  зарядтар
жарылыптұрған.
Эр  түрлі  адамдармен  кездескенімде,  кейбір  қазақ-  стандықтар,
əсіресе  Семей  облысының  тұрғындары  өздерінің  өмірі  мен  тұрмысына
тікелей  қатысты  бір  сұрақты  жиі  қояды.  “Нұрсұлтан  Əбішұлы!
Айтыңызшы,  бұл  қалай  болғаны?  Американдықтар  да  өз  Невада-  сында
сынақ өткізіп жатады ғой, тіпті бізден көп те өт- кізеді емес пе?! Неге олар
сол  сынақтарға  қарсы  шық-  пайды  жəне  олардағы  экологиялық  ахуал,
білуімізше, біздікінен анағұрлым жақсы?”.
Менің  дайын  тұрған  жауабым  жоқ,  сондықтан  əр  кезде  əр  қилы
жауап  беремін.  Бірақ  менің  жауабым-  ның  мағынасы  біреу  ғана.  Иə,
американдықтар Нева- дадағы ядролық полигонында бізден əлдеқайда көп
33

сынақ  өткізді.  Невада  штатының  тұрғындары  да  осы-  ған  байланысты
аттандай  қоймайтын  секілді.  АҚШ-тың  Федералдық  бюджетінен  жыл
сайын  штатқа  орта  есеп-  пен  бір  миллиард  доллардай  өтем  төленеді.
Қайталап  айтайын,  жыл  сайын  бір  миллиард  доллар  жəне  бұл  ақша  басы
бүтін тұп-тура атом жарылыстарынын, сиық- сыз зардаптарын жоюға, атап
айтқанда,  жерді  қалпы-  накелтіруге,  медициналық-санитарлықтексеруге,
биосфера əлуетін қалпына келтіруге жəне т.б. жұмсалады.
Алайда  мен  Невададағы  ядролық  жарылыстарды  тіпті  де  ақтайын
деп  отырған  жоқпын.  Бұл  жағдайда  да  ешқандай  өтем  ұзақ  мерзімді
экологиялық  зардаптар  проблемаларын  шеше  алмайтындығын  жақеы
білемін.
Бірақ  мұны  ең  алдымен,  американдардың  өздері  ойлауға  тиіс.
Қазақстан болса бұл проблеманы бір рет жəне біржолата шешті.
* * *
Амал  қанша,  1949-1991  жылдардағы  бүкіл  сынақ  барысында
одақтық  басшылықта  Семей  ядролық  полигонынан  келген  нұқсанды
өтейтіндей  ерекше  ниет  те,  жеткілікті  қаржы  да  болған  жоқ.  Одақтық
бюджет  -  те  мұндай  шығыс  бабы  болған  жоқ,  бері  салғанда,  американ
өтемінің мөлшерімен салыстыратындай көлемде болған жоқ.
Ядролық сынақтар жүргізілген уақыт жай ғана өзгеше уақыт болып
қойған жоқ. Заман қиын болатын. Жарылыстан жер сілкінгенін сезінгенде
немесе  тіпті  шайдай  ашық  күні  екінші  Күнді  көргенде  де  ешкім  ашуыза
білдіре  қойған  жоқ.  Ереуілдер,  наразылықтар  туралы  əңгіме  болуы  да
мүмкін
емес-тін.
Бас
асауларды
бас
білдірудің
сүйікті
құралы
психиатриялық емхана- лар болды.
Бұрынғы  КСРО-ның  басшылары  сынақтар  өткізгенде  сол  кездегі
Қазақстанның халқы түгілі, бю- рократиялық билік тобымен де ақылдасқан
жоқ.  Өйткені  Қазақстан  КСР-інің  басшылары  жұмысқа  орталықта
тағайындалып, сонда орнынан алынатын.
Мəскеу  бұйрығын  қалт  етпеу  мансаптан  айырылмаудың  бірден-бір
жолы  болатын.  Қойдың  бауыздалар  шағында  да  үн  шығармауы  дегеніңіз
осы ғой.
Ондаған  жылдар  бойғы  үнсіздік  бүгінде  келмеске  кетті.  Адамдар
денсаулығынан  айырылғанын,  үрейлі  экологиялық  соққыны  тілге  тиек
етеді.  Тəуелсіздігін  енді  ғана  алған  жас  мемлекет  осынау  зобалаңмен,
ашынған жұрттың енді ғана ие болған мемлекеттікке талабымен бетпе-бет
қалды.  Мəселеге  кеңінен  карасак,  бұл  тіпті  де  Қазакстанның  кінəсі  емес
кой. Өтемді кімнен талап ету керек? Келмеске кеткен мемлекеттің əскери-
34

өнеркəсіптік  кешенінен  бе,  халықаралық  қоғам-дастықтан  ба?  Ашығын
айтайық,  ілуде  бір  максатты  бағдарламасы  болмаса,  осынау  экологиялық
алапаттың  зардаптарын  жеңілдетуге  көмектесу  жөніндегі  əлемге  жасалған
өтініштің бəрі дерлік аяксыз қалды.
Тəуелсіздікке  ие  болған  бойда  біз  Қазақстандағы  ядролық  сынақ
кұрбандары  мен  Семей  ядролық  поли-  гонының  маңайындағы  жұртқа
көмектесудің  үкіметтік  бағдарламаларын  қабылдадық.  Бірак  біз  колданған
шаралардың  бəріне  қарамастан,  бүкіл  Кеңес  Одағы-  ның  күш-жігерімен
атқарылған  нəрсенің  бəрінің  зар-даптарын  Қазақстанның  жалғыз  өзінің
түзетіп шығуы оңай емес.
Халық, көрген зобалаң...
Қазір  баспасөзде  оқтын-оқтын  ядролық  жəне  сутегі  каруының  жер
бетіндегі,  əуедегі  жəне  жер  қойнауындағы  сынақтарын  жасаған  əскерилер
олардың  тіршілік  өрісі  мен  іргелес  тұрған  бейбіт  халыққа  зардабын  біле
қойған жоқ еді деген қаңқу қылаң беріп қалады.
Олар  ең  асқақ  мүдделер  үшін  бұйрықты  ғана  орын-  дадық  дейді.
Содан  барып,  тасқа  басылған  жолдар-  дан:  “Жаратқан,  жар  бола  гөр,  олар
не істеп жатқаны- нан мақұрым еді” деген ауанды аңғарасың. Бұл жалған!
Сынақтардың тажалды зардаптары мен радиоактивтіліктіңтеріс əсері
белгілі  болатын.  Əсіресе  Хиросима  мен  Нагасакиге  атом  шабуылынан
кейін. Мұны толып жатқан медициналық, экологиялық жəне геофизикалық
деректер  мен  сол  қасірет  куəларының  айғақтары  дəлелдейді.  Ядролық
қарудың  зардаптарын  Нильс  Бордың  шəкірті,  жапон  атомгер-физигі,
атомдық  соққының  ертеңіне-ақ  тып-типыл  Хиросимаға  жетіп  үлгерген
Уошио  Нишина  өз  басынан  өткерді.  Қираған  қалада  бірнеше  күн  жүмыс
істегеннен  кейін-ақ  оның  денесінде  жара  қаптап,  кейін  жанын  қоярға  жер
тап-  тырмады.  Шын  талым  жене  прагматик  ретінде  ол  мүның  бəрі
жарылыстан  кейінгі  қалдықты  радиоактивтіліктің  салдары  деген  байлам
жасады.  Ол  жарылыс  сəтінің  өзі  ғана  емес,  оның  салдарлары  да  қатерлі
екенін  көз  жеткізе  дəлелдеп  бақты.  Мұның  айғағы,  Хиросима  мен
Нагасакидің  үйінділерін  зерттей  отырып,  жапон  дəрігерлері  тапқан
деректер еді.
У.Нишинаның  өзіне  келсек,  мен  оның  атын  текке  атаған  жоқпын.
Ол соғысқа дейін ірі ғалымдардың бірі болды. Осы заманғы физикада атом
мен  ядро  проблемаларымен  айналысатын  ғалымдарға  Клейн-Нишина
формуласы  белгілі.  Бор  шəкірті  бола  жүріп,  Нишина  ядролық  реакциялар,
соның  ішінде,  бөліну  реакциялары  проблемаларымен  де  белсене
айналысты.  Бірақ  дүниежүзілік  соғыс  жапон  ғалымдары  мен  əлемдік
35

ғылыми  қоғамдастықты  “баррикаданың”  қарама-қарсы  жағына  қойды.
Таныс  қаланың  қирандылары  мен  отандастарының  үйітіліп  кеткен
денелеріне  қарай  оты-  рып,  ол  мүмкін  еместің  мүмкін  екендігіне:  осының
бəрі  менің  де  ғылыми  зерттеулеріме  байланысты  болғаны  ма  деген  ойға
шомды.  Осыдан  бірнеше  жыл  бүрын  ғана  біз  қиялдағы  елес  секілді  сөз
еткен  атом  бомбасы  дегеніңіз  осы  болғаны  ма?  Бұл  арада  əлдебір
аллегорияны сезінбеске болмас деп ойлаймын: соны жасағандардың бірі өз
перзентімен бетпе-бет дидарласқан.
Сонау  1957  жылдың  өзінде  Жапонияның  астанасында  өткен  атом
жəне
сутегі
бомбасына
тыйым
салу
жолындағы
халықаралық
конференцияда  сөйлеген  сөзінде  жер  бетіндегі  алғашқы  ядролық
сынақтардың тажалды зардаптары туралы Мұхтар Əуезов айтқан болатын.
Ол  өзінің  кіндік  қаны  тамған  өңірге,  ежелгі  Семей  жеріне  атом
полигонымен  ілесе  келген  қасірет  туралы,  түсініксіз  сырқаттардан  баз
кешкен адамдар мен мутанттар туған жүздеген аналар туралы толғады...
Əсілі,  Қазақстандағы  ядролық  сынақтар  тақыры-  бын  қозғағанда,
бұрынғы  Кеңес  Одағында  бұл  мəселені  қарастыру  əскери-өнеркəсіптік
кешен басшылары мен Қазақстан жұртшылығының өзара қатынасының ең
бір жиіркенішті сəттерінің бірі болғанын айтпай кетуге болмайды. Кеңестік
жүйенің, одақтық қатынастардың шын бейнесі - метрополияның жартылай
отар  республикалардың  -  Кеңес  Одағының  шикізаттық  қосшыларының
мұқтаждары  мен  проблемаларына  үстірт,  кейде  жүрдім-бардым  қарауы
айқын көрінеді.
Ядролық  сынақтардың  тіршілік  өрісіне  қандай  зиян  тигізетіні  қазір
ешкімге де құпия емес.
Бұл  -  Семей  облысы  мен  басқа  да  жерлерде  “бейбіт”  ядролық
бомбалауға  ұшыраған  мыңдаған  “атомды”  солдаттар,  айна-қатесіз  “тірі
өліктер”  мен  жай  азаматтар  жəне  əрине  Семейдің  өзінің  азаматта-  ры,  150
километр  жерде  тұрған  олар  ондаған  бейбіт  жылдардың  барысында  бес
жүзден  сəл-ақ  кем  бомбаланды!  Жүздеген  ядролық  жарылыстар  ірі  елді
мекендерге  таяу  жерде  жасалғанын  естіп,  жұрт  жағасын  устар.  Ал  енді
біреу  иығын  бір  қиқаң  еткізіп,  “мүлдем  зиянсыздық”  жайында  тіл  майын
тамызады: ең таяу елді мекеннен орасан қашық жерде (тұтас 150 кило-метр)
бар-жоғы 456 ғана сынақ өткізілді.
Несі  бар,  сайып  келгенде,  көзқарас  дегеніңіз  əрбір  пенденің
адамзаттық құндылықтарының инсанияттық өлшеміне байланысты.
Бұл  жөнінде  Андрей  Сахаров  күлтелемей  айтты:  “Жер  бетінде
ядролық зарядтың бір мегатоннасы қайда жарылмасын, кейін ол мыңдаған
36

адамның  желкесін  қияды”.  Басқа-басқа,  ең  зор  қауіп  атомдық  немесе
сутегілік жарылыстың орны емес, оның жасалуының өзі екенін ол бəрінен
де  жақсы  түсінетін.  Экологиялық  жүйе  тұтастығын  бұзу  ерте  ме,  кеш  пе,
əйтеуір бір сұмдық зардаптарға душар ететіндігі даусыз.
Қазақстан  аумағында  жарылған  зарядтардың  жиынтық  қуатын,
тегінде, мамандардың өзі айтып бере алмас. Тегінде, ядролық жарылыстар
елдің  био-  сферасына  тигізген  ғаламат  нұқсанға  дəл  баға  беру  де  мүмкін
емес  болар.  Алайда  толып  жатқан  ядролық  жарылыстардың  нəтижесінде
республикадағы  жалпы  экологиялық  жағдай  апат  табалдырығына
жақындап қалған еді.
1989 жылы  наурызда  мен  құрған  ядролық  қару  сы-  налған
жерлердегі  экологиялық  жағдайды  бақылау  жөніндегі  республикалық
комиссия көптеген зерттеу- лер жүргізіп, талдау жасағаннан кейін мынадай
бай-  ламға  келді:  сынақтардың  зардабынан  болатын  орасан  зиян  қазір  күн
кешіп  жүрген  адамдарды  ғана  азапқа  үшыратпай,  болашақ  көптеген
ұрпақтарды да шарпиды...
* * *
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың тажалды əсері туралы
алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген
кең  ауқымды  медициналық-экологиялық  зерттеулердің  нəтижесінде
алынды.  Зерттеулерді,  ғылыми  экспедицияларды  профессор  Б.  Атшабаров
басқарды.
Экспедиция  радиологиялық,  клиникалық  жəне  малдəрігерлік
бағыттарда зерттеу жүргізді. Зерттеу Семей облысының Абай, Бесқарағай,
Шұбартау аудандарын қамтыды.
Бұл  аудандарда,  барлық  бағыттар  бойынша,  адам-  дардың
физиологиялық  жəне  психикалық  саулығына,  айналадағы  орта  ахуалына
ядролық жарылыстардың тигізген дауа жок. зияны туралы егжей-тегжейлі
дерек- тер алынды. Радиациялық патология туралы медицина ғылымы тіпті
“Қайнар  синдромы”,  кейіннен  Атшаба-  ров-Балмұқанов  синдромы  деген
атауға ие болған жаңа терминмен толықты.
Радиацияның  адамға  ықпалының  механизмі  қазіргі  кезде  едəуір
жақсы  парықталған.  Радиацияның  орга-  низмге  əсері  сан-салалы  сипатта
болатыны  əбден  белгілі.  Бұл  орайда  ең  қауіптісі  -  иондалатын  радиа-
цияның  ықпалы  гендік  кодты  дауасыз  өзгерістерге  соқ-  тыруы  мүмкін
екендігі. Бұл ең алдымен, ұрпаққа теріс эсер етуі мүмкін.
Радиациялық сəулелену нəтижесінде бузылған гендік код мұра боп -
балаларға, немерелерге, тіпті зəузатына беріледі.
37

Семей  полигоны  өңірінде  радиациялық  ықпалдың  аумақтық
нышандары  бойынша  мамандар  жоғары  радиоактивтіліктің  үш  аймағын
бөліп көрсетеді.
Біріншісі - сəуле алудың жиынтық дозасы 35-тен 200 сЗв-ға жететін
төтенше  де  барынша  радиациялық  ықпал  аймағы,  ол  Семей  облысының
Абай, Абралы, Бесқарағай жəне Жаңасемей аудандарын қамтиды.
Екінші  шеңбер  -  сəуле  алудың  жиынтық  дозасы  10-  нан  35  сЗв-ға
жететін  көтеріңкі  радиациялық  қатер  аймағы,  ол  Семей  қаласы  мен
облыстың жеті ауданын қамтиды.
Үшінші  шеңбер  -  сəуле  алудың  жиынтық  дозасы  10  сЗв-ға  жете
қоймайтын,  радиациялық  қатері  төмен  аймақ,  ол  Семей  облысының  басқа
қалған аудандарының халқын қамтиды.
Əрине  бұл  -  шартты  белу.  Семей  полигонының  зар-  даптар
ықпалының  радиациялық  картасын  жасағанда  көптеген  геофизикалық
факторларды:  сəуле  алу  аймағының  əр  қилы  бөлінуін,  радиациялық  қатер
аймақтары  басқа  да  облыстарды,  атап  айтқанда,  Павлодар  облысы  мен
Алтай  өлкесінде  бар  екенін  ескеру  қажет.  Сондай-ақ  əрине  радиоактивті
заттар  əр  кез  шыққан  сайын  радиациялық  бұлт  таралған  аудандар
ескерілуге тиіс.
Өкінішке  қарай,  Қазақстан  мен  полигонға  жапсарлас  аудандардың
толық  та  ауқымды  радиациялық  картасы  əлі  түпкілікті  жасалған  жоқ.  Бұл
жұмыспен көптеген қазақстандық мамандар əлі де айналысуда.
Бірақ жоғарыда аталған үш аймақ бойынша мол Деректер жиналды,
ол  Семей  полигонымен  іргелес  аудандардағы  экологиялық  ахуалға  сынақ
жарылыстарының елеулі ықпал еткенін айғақтайды.
1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей жене
Павлодар  облыстарының,  Алтай  өлкесінің,  радиациялық  сəулеленудің
талай
қайталанған
ықпалына
ұшыраған
басқа
аумақтардың
тұрғындарының  арасында  сырқат  санының  ұдайы  өсіп  келе  жатқаны
байқалады.  Бұлар  өкпе  мен  сүт  бездерінің  рагы,  лимфогемобластоз  жəне
басқа  толып  жатқан  қатерлі  ісікті  патологиялар.  Жалпы  алғанда,  рак
сырқаты  сынақтар  басталғалы  бері  үш  есе  өсті.  Тіпті  2000  жыл-  дың
көрсеткіші бойынша полигонмен іргелес аудандарда сырқаттанудың жалпы
деңгейі Қазақстан бойынша орташа алғандағыдан 38% жоғары.
Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі əр түрлі
ауытқулар, тəндік жəне естік кемшіліктер əр қилы сəбилер дүниеге ерекше
көп келеді.
Жалпы осы аудандарда адамның туып, көбеюіне байланысты ахуал
38

тұп-тура апатты күйде.
Бұл  əсіресе  кенет  түсік  тастаудың,  ай-күніне  жетпей  туудың,  іш
тастаудың,  нəрестенің  жетілмеуінің,  қиналып  туудың  толып  жатқан
оқиғаларынан  көрінеді.  Мамандардың  айтуынша,  соның  бəрі  нақ  қысқа
мерзімді  жəне  қалдықты  радиацияның  кесірінен  болатын  генетикалық
мутациямен байланысты.
Полигон  аймағында  ақыл-есі  кем  туылған  балалардың  саны  жалпы
республикалық  деңгейден  3,5  есе  жоғары!  Бұл  əсіресе  ауыр  түрлерге,
мысалы, олигофренияға қатысты.
Түсіндіре  кетейін,  қысқа  мерзімді  радиация  деп  са-  рапшылар
тікелей  жарылыс  сəтіиде  шығатын  сəулені  айтады.  Ал  қалдықты
радиацияның  табиғаты,  ядролық  жарылыс  кезінде  бөліну  процесіне
радиоактивті заттардың барлығы бірдей қатыспайтындығынан туындайды.
Жарылыстан  кейін  радиоактивті  заттардың  кей  бөлігі  өзгермеген  күйінде
қалып, жер бетіне, топыраққа, суға сіңеді. Əрбір жарылыс сайын қалдықты
радиоактивті заттар саны көбейе береді.
Чернобыль  қасіреті  неде?  Атом  станциясындағы  апат  кезінде  күшті
байытылған уран жарылған жоқ, ол ұшып шықты. Яғни уран құрып кеткен
жоқ, бұрынғы төтенше радиоактивті күйінде қалып, реактор ішінен сыртқа
“жылжып” шығып кетті.
Қолдан  жасалған  металл  цилиндр  емес,  табиғи  тіршілік  ортасы
реакторға  айналып  жүре  берді.  Таби-  ғаттың  өзі  реакторға  айналды!  Сол
апаттың тажалды зардаптары сұмдық көп болғаны да сондықтан.
Бірақ мамандар мұқият есептеп шығарғанындай, Семейдегі ядролық
жарылыстар  кезінде  айналадағы  ортаға  жинақталған  радиоактивті
заттардың мөлшері Чернобыль атом реакторынан сыртқа шығып кеткен зат
мөлшерінен  əлдеқайда  көп.  Кейбір  ғалымдар  айтып  жүргеніндей,  бұл
тұрғыдан алғанда, Семей кем деген- де екі Чернобыльге тең.
Чернобыльде де, Семейде де нақ сол қалдықты ра- диацияның қатері
мүлдем  айқын  жəне  теріс  зардаптары  жағынан  не  құқайды  көреріміз
белгісіз. Бұл ықпалдың
тұрақты  жəне  теріс  əсерінің  көбейе  түсу  тенденциясы  бар.  Мəселен,
полигон  жабылғалы  бері  қалдықты  ра-  диацияның  ықпалымен  туа  біткен
патология саны бес есе, яғни 500% көбейді.
Радиацияның
адамдар
денсаулығына
тажалды
əсері
“атом
медалінің” ең маңызды болғанымен, бір жағы ғана емес.
Адамдар  ғана  емес,  жер  де  азап  шегеді.  Жылма-  жыл
радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлылығын азайтады.
39

Жерде орасан мол микроэлементтер: темір, мыс, магний жəне басқа
металдар  болатыны  белгілі.  Бізге  өте  қажет  олар  əр  түрлі  дəнді  дақылдар
арқылы адам организміне сіңеді.
Қанша  қажет  болса,  сонша  сіңеді.  Бірақ  əрбір  жа-  рылыс  сайын
топыраққа  сіңетін  радиоактивті  плутоний  оның  химиялық  құрамын
өзгертеді. Плутонийдің кейбір жерлерде топыраққа шоғырлануы мейлінше
жол  берілетін  нормадан  жүздеген  есе  асып  түседі.  Плутоний  темір
иондарымен  қосылып  кетеді  де,  жаңа  радиоактивті  затты  қурап,  ол  бүкіл
топырақты жайлап алады. Нəтижесінде жердің жоғарғы қабатының құнары
төмендей  береді,  организмге  радиоактивті  молекулалар  барған  сайын  көп,
қажетті  микроэлементтер  барған  сайын  аз  беріледі.  Бірақ  плутонийдің
жартылай  ыдырау  дейтін  кезеңі  болады,  оның  барысында  плутонийдің
саны белгілі бір экспоненттік заң дейтін бойынша бірнеше есе кемиді. Осы
уақыттың  өн  бойында  ол  топырақ  қабаты  мен  жер  қүнарына  үдайы
“жүқтырғыш” теріс ықпал етеді. Мамандардың бағасы бойынша, жер өзінің
өнімділік əлуетін қалпына келтіргенше, ең кемі 300 жыл керек!
Шынымды  айтсам,  мемлекет  басшысы  ретінде,  “за-  казбен”
жазылған  əр  қилы  “ғылыми”  жарияланымдар  мейлінше  ызамды  келтіреді,
олардың  авторлары  зиян-  ды  сəуледен  бүлінген  аудандардың  экологиясы
мен  халқының  денсаулығына  байланысты  апатты  ахуалын  жер  бетіндегі,
əуедегі  жəнежер  қойнауындағы  сынақ-  тардың  ықпалымен  жəне
зардаптарымен байланыс- тырмайды.
Ядролық  қару  сынағының  алғашқы  күндерінен  бас-  тап,
статистикалық,
медициналық
жəне
экологиялық,
əсіресе
радиоэкологиялық  сараптың  орасан  мол  деректері  жиналды.  Бұл  бағытта
профессор  И.Я.Час-  ников  елеулі  жұмыс  атқарып,  қоршаған  ортаға
полигонный, теріс радиациялық ықпалы туралы мол мағлұмат алды.
* * *
Сынақтарды  тоқтату,  Қазақстаннан  ядролық  қару-  Ды  алып  кету
жер  бетіндегі,  əуедегі  жəне  жер  қойна-  уындағы  жарылыстар  арқылы
жергілікті  халықты  қасіретке  ұшыратқаны  үшін  ядролық  державалардың
ұжымдық  жауапкершілігін  доғара  алмайды  дегенді  та-  лай  рет  айтқаным
бар.  1997  жылы  23  маусымда  мен  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Бас
Ассамблеясының  XIX  Арнаулы  сессиясында  сөз  сөйлеп,  ядролық  қару
сынағын  бастан  өткерген  елдің  адамдарының  денсаулығы  мен  тіршілік
өрісін қалпына келтіру үшін Арнайы халықара- лық қор құруды усындым.
Бірақ  мен  ұсынған  “ұжымдық  жауапкершілікті  материалдандыру”
принципі  ядролық  державалардың  мыңдаған  ядролық  жəне  термоядролық
40

соққыдан  қал-  жыраған  планетаның  экологиясын  сақтау  ісіне  өз  үлесін
қосуға біршама дайын еместігін көрсетті. Со- ған қарамастан, БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясы  №52/169  қарарын  қабылдап,  онда  ласталған  аймақтарға
барынша халықаралық көмек көрсетуге шақырды.
Алайда  Қазақстан  өз  аумағының  мураға  қалған  радиоактивті
заттармен былғану проблемасын жапа- дан-жалғыз шешуге мəжбүр болып
отыр.  Осы  кезге  дейін  зардап  шеккен  аймақтарға  қаржылай  көмектің
жалпы  көлемі  небəрі  20  миллион  доллар  ғана  болды.  Мұның  үстіне  ол
көмектің көп бөлігін өзі де атомдық бомбалардың құрбаны болған Жапония
бөлді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет