Қауіпсіздіктің жаңа ұғымы — сенім доктринасы
54
Жиырмасыншы ғасырдың аяғындағы əлемдік саясаттың жалқы əмірі
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сақтап отырудың əмбебап
формуласын іздестіру болды. Осынау ұзақ та əлі аяғына дейін ба-
жайланбаған процестің негізі — өткен ғасырдың қасіретті шындығы.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кездің өзінен бері əлем
планетаның əр түрлі аймақтарында бірінен кейін бірі үздіксіз лапылдаған
үш жүздей соғыстар мен жанжалдардың куəсі болды жəне де осынау
жанжал- дардың бəрі дерлік өзі бұрқ ете қалған аймақта түпкі- лікті
бейбітшілік орнауына жеткізе алмады.
Халықаралық тайталастың көптеген аймақтары мен нүктелері
планетада қазір де сақталып келеді, олар кез келген сəтте əлдеқайда жоғары
деңгейдегі қарулы тайталасқа айналып кетуі мүмкін. Олардың арасын- да
Ауғанстан, Балқан, Таяу Шығыс бар.
1990 жылдардың басында, Қазақстан өз тарихын- дағы, тегінде ең
басты таңдаулардың бірінің алдында турғанда біз егер өз аумағымызда
ядролық қаруды сақтап қалуды кенет ұйғарған болсақ, аймақ пен əлемдегі
ахуал қалай өзгеретінін ойланбай тұра алмайтын едік.
Қай тұрғыдан алғанда да, ол Қазақстан үшін күрделі уақыт болатын.
КСРО-ның ыдырауы салдары- нан Қазақстан мен басқа бурынғы кеңестік
республи- калардың арасында бірнеше ондаған жылдар бойы қалыптасқан
шаруашылық байланыстар үзіліп қалды. Біздің алдымызда жүйелік
нарықтық реформалар тұрды, олардың жеңіл бола қоймайтыны да белгілі
еді.
Осының бəрін басшылыққа ала отырып, біз елдің экономикасы
елеулі қулдыраудың табалдырығында тұрғанын түсіндік, одан біздің
қандай саяси шығындармен шығатынымызды сол кезде біреуміреудің
айтып бере қоюы да қиын еді. Көптеген саясаттанушы сарапшылар сол
кезде
бізді
елеулі
əлеуметтіксаяси,
ұлтаралық
жанжалдардың
ықтималдығымен қорқытты. Мойындау керек, бұл болжамдар мүлдем
негізсіз де еместі. Бүрынғы Кеңес Одағының көптеген аймақтарын сол
кезде мəнмағынасыз этносаралық қантөгіс қақтығыс- тар шарпып өтті.
Дəл осындай жағдайда біз ядролық қару қауіпсіздігіне кепілдік бере
алар ма едік?
Сол бір күрделі жағдайда елімізде түрақтылық пен үлтаралық
тыныштықты сақтап қалу үшін бізде, қазақстандықтарда кемеңгерлік пен
өзара қүрмет жеткілікті болып шыққанын мақтан етеміз. Бүл - бүкіл
Қазақстан халқының ортақ еңбегі.
Бірак. мен сондай-ақ ядролық қарудан бас тарту туралы шешім
55
қабылданған 1990 жылдардың басында біз тек қана өзіміз не өз мүддеміз
туралы ғана ойлап қоймай, қаншалық лепті естілгенімен, бүкіл адамзат
үшін ортақ пайда туралы да ойладық.
Tipi табиғат секілді, халықаралық қатынастарда да аса қатаң
жаратылыстық іріктеу жүріп жатады. Бүкіл адамзат тарихы бізге осынау
дүниеде аман қалу мүмкіндігі “ең күштілерде” ғана бар екенін дəлелдеп
бақты. Өркендеу мен аман қалудың ең жақсы жағдайына, мүмкіндігіне тек
экономикалық жағынан мықты, демек əскери түрғыдан да ең қуатты елдер
ғана ие болып жатты.
Адамзат мыңдаған жылдар бойы, былай Караганда, қарапайым
алғашқы қауымдық қисынға бейімделіп өмір сүрді. Ғасырдан ғасыр өтіп
жатқанымен, планетаның қилы-қилы тараптарында өмір сүріп жатқан əр
қилы мемлекеттер қарудың мүмкін түрінің бəрін жинап, оны өз
қауіпсіздігінің бірден-бір кепілі деп білді.
Осынау ғаламдық жарыса қарулану тас қүралдар дəуірінде-ақ
басталып, əлі күнге дейін жалғасып келеді. Ағаш шоқпар мен тас пышақ
орнына от қару, онан соң атом бомбасы да келді.
Ажал қүралдары айтарлықтай эволюциялық жолдан өтті, алайда сол
уақыт ішінде оларды жасаушы — адам іс жүзінде өзгере қойған жоқ. Ол
неғүрлым қуатты қаруға ие болған сайын, соғүрлым көп соғысатын бол-
ды жəне əрбір жаңа соғыс соншалық көп қүрбан ша- лып, қирататын
болды. Жиырмасыншы ғасырдың тек екінші жартысында, ядролық
қарудың орасан зор арсеналын, адамзаттың өзін ғана емес, Жер бетіндегі
тірі атаулыны түп-түқиянымен талай рет жойып жіберуге жететін арсенал
жинап алғаннан кейін, адам ақыр аяғында осы жолым жөн бе деп ойлана
бастады.
Тегінде ядрошы-ғалымдардың бірі болса керек, ядролық қаруды
қандай қару алмастырады деген сүраққа: үшінші дүниежүзілік сотые бола
қалса, оның өзі ядролық сотые болады, содан тірі қалған адамдар таспен,
шоқпармен соғысады деп жабыға əзілдепті. Меніңше, осынау сөз бұдан
былайғы жанталаса қарулану адамзатты эволюциялық тығырыққа тірейді,
одан шығар жол да қалмайды деген ойды тамаша өрнек- тейді.
1990 жылдардың басында Қазақстанда біздің аумағымызда қалған
ядролық қаруды ұстап тұру немесе құрту туралы шешім қабылдау қажет
болған тұста, бұл мəселелер туралы мен көп ойландым. Меніңше, сол кезде
біз бірден-бір дұрыс шешім қабылдадық. Ядролық қарудан бас тарту біз
үшін жүгенсіз кеткен жанталаса қарулану менталитетінен бас тарту еді.
Біз мүлдем бейбітшіл мемлекет құра бастап, “ықти- мал дұшпанды”
56
тежепұстау əдісімен өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету пікірінен бас
тарттық. Біз сыртқы саясатымызға көп бағыттылық пен өзара сенімнің
кірігушілік принциптерін негіз етіп алдық.
Халықаралық саясаттың заңдары драма жанрының заңдарына да
ұқсап кетіп жатады: бірінші актіде қа- бырғада мылтық ілулі тұрса, соңғы
актіде ол міндетті түрде атылуғатиіс.
Осы қисынға сəйкес, адамзатты ажыратып тұрған жанталаса
қарулану жəне əскери əлуетті бір сəт бөгелмей ұлғайта беру халықаралық
қатынастардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне жəрдемдеспейді, қайта
болашақ тұрақсыздықтың алғышарттарын жа- сайды.
Осыған байланысты, егер Қазақстан ядролық каруды сақтап қалуды
ұйғарса, біздің аймақта ахуалдың қалай өрбитінін елестетудің өзі қиын.
Жалпы алғанда, 3,5 миллиардтай, яғни бүкіл адамзаттың
жартысынан астамы тұратын Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қашан да
актуалды болып келді. Планетаның ең жиі қоныстанылған, мəдени жəне
этностық əр алуандығымен таңғалдыратын осы аймағы, міне талай ондаған
жылдар бойы мейлінше тұрақсыз күйде қалып келеді.
Азия осы кезге дейін толып жатқан жанжалдардың, өзара күдік пен
күмəнның ауыртпалығын көтеріп келді. Аймақтың халқы мейлінше əр
текті, мунда əр түрлі халықтар, əр қилы саяси, діни жəне мəдени дəстүрлер
араласып жатыр. Мұндай жағдайда, елеулі жанжал бұрқ ете қалуы үшін
шамалы ғана ушқын жеткілікті.
Аймақтың көптеген елдері үшін едəуір өткір проблема іргелес
мемлекеттермен арадағы шекараның реттелмегендігі, əрине муның өзі
сенім мен ынтымақ- тастық ауанын нығайтуға жəрдемдесе алмайды.
Қазіргі кезде Азия континенті аумақтық талаптардың салдарынан
туындаған іс жүзіндегі “ыстық нүктелер- ге” толы.
Егер осынау жағдайда Қазақстан ядролық қаруды сақтап қалуды
уйғарса, аймақтағы содан былайғы оқи- ғалар тек қана қолайсыз сценарий
бойынша өрбір еді.
Азияда реттелмеген жанжалдардың едəуір мөлшерде болуы
қарусыздану
мен
қару-жараққа
бақылау
са-
ласында
бірталай
проблемаларды қоздатар еді. Бұл
орайда мемлекеттер арасындағы сенімнің кемшіндігі қаружарақты, оның
ішінде,
жаппай
қырып-жою
қаруын
жинақтай
түсуге,
ол
тұрақсыздықтыңұлғая түсуіне апарып соқтырар еді.
Жарыса қарулану оған қатысушыларды қарулы тайталасқа
итермелейді — сол арқылы ядролық қару иеле- ну жағдайында əскери
57
қимылдардың зардабын күн ілгері көре білу мүмкін еместіктен, жанжалға
тікелей тартылған елдердің өзі үшін де, бүкіл Азия аймағы үшін де тажалды
тұйық шеңбер пайда болар еді.
Сол кезде біз аймақтағы қауіпсіздікті тек талассыз бірлескен күш-
жігермен ғана қамтамасыз етуге болатынын түсінген едік.
Қазіргі кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, блок- тык тайталас
кезіндегідей, қандай да бір жекелеген “бастаушы” елдердің еншісі бола
алмайды. Көлеміне, халқының санына, сондай-ақ экономикалық əлуетіне
қарамастан, аймақтың барлық мемлекеттерінің бірлескен күш-жігері қажет.
Əлемнің
көп
полярлығы
жаңа
халықаралық
тəртіп
алғышарттарының негізіне айналды. Бұл, еңалдымен, дүние барған сайын
өзара байланысты бола түсетін, даму мен қауіпсіздік проблемаларын тек
меншікті ресурстар есебінен шешу жолы түк бермейтін ғаламдастыру
процесінен туындайды. Қазіргі кезде өзара сенім негізіндегі көп жақты
ынтымақтастық арнасында жүргізілетін ұжымдық күш-жігер ғана
қауіпсіздіктің кепілі бола алады.
Азияда қауіпсіздіктің жаңа үлпсін жасау туралы ұсынысымды мен
тұңғыш рет 1992 жылы Нью-Йоркте БҮҮ Бас Ассамблеясының 47-
сессиясында сөйлеген сөзімде жасадым. Сонда мен Азиядағы ықпалдастық
пен сенім шаралары мəслихатын (АЫСШМ) шақыруды ұсындым. Бұл
бастама Азия континентінде қауіп- сіздікті қамтамасыз етудің пəрменді
əмбебап құрылымын жасау қажеттігінен туындаған болатын, өйткені онда
əлемнің
басқа
аймақтарынан
өзгеше,
мұндай
механизм
əлі
қалыптастырылмаған еді.
Сол кезде, БҰҰ мінберінен сөйлеген тұста, енді бір он жылдан кейін
Орталық Азия қауіпсіздік саласында қандай елеулі проблемаларға тап
болатынын мен болжай да алған жоқ едім. Алайда КСРО ыдырап кеткен-
ненкейінгі геосаяси ахуалдың түбегейлі өзгеруі, тұтас алғанда біздің
аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету- ге жаңа көзқарасты талап еткен-ді.
Қазақстанда біз мұны сол кездің өзінде-ақ түсінгенбіз.
Азиядағы ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі мəслихатты
біз нақ осы тінде, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мақса- тында өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту процесі
ретінде қарастырдық.
АЫСШМ шақыру туралы бастама əу бастан-ақ іс жүзінде барлық
Азия елдерінің, сондай-ақ толып жатқан халықаралық форумдардың,
еңалдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауына ие болды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің Қазақстан ұсынған үлгісінің
58
мəнмағынасы қандай?
Біріншіден, біз халықаралық қатынастарды құрудағы басты мəн
қауіпсіздіктің аймақтық қырларына берілуге тиіс деп топшылаймыз.
Аймақтық проблемаларды шешуге басқа елдерді немесе халықаралық
ұйымдарды тек келісім болған жағдайда жəне аймақ мемлекеттерінің
мүддесіне орай ғана шақыруға болады. Мұның үстіне, мүдделердің
ғаламдық уштасуы жағдайында тек аймақтық ынтымақтастықты күшей- ту
арқылы ғана төл ұлттық міндеттерді шешуге болады. Ғаламдасудың екінші
беті аймақшылдық деуге де болады — егер мемлекеттердің өзара тəуелді
екені рас болса, ол ең алдымен, аймақтық деңгейде көрінеді.
Екіншіден, қауіпсіздіктің мызғымайтын əрі міндетті шарты
халықаралық қатынас субъектілері — барлық мемлекеттердің, олардың
экономикалық, əскери немесе саяси əлуетіне қарамастан, шын мəніндегі
тең заңдық құқығы болуға тиіс. Халықаралық қатынастарда “аға жəне іні
бауырлар”, “астам держава”, “геосаяси полюстер” жəне т.т. жөніндегі
пікірлер түрінде жиі көрінетін отаршылдық психология атавизмі
халықаралық қатынастарды тұрақсыздандыратын ең қауіпті факторлардың
бірі болып табылады жəне ол аласталуға тиіс.
Тарихи тəжірибе мен жай ғана парасат мынаны аңғартады: өзінің
дарабоз немесе басқалардан артық екенін уағыздау идеясы, қандай
пошымда, ашық, жабық пошымда жасалса да, өзінің өзі түбіне жетудің ең
қысқа жолы.
Үшіншіден, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты
принциптерінің бірі егемендікті, аумағы- ның тұтастығын сақтау құқығын
өзара құрметтеу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау болып табы- лады.
Қазіргі кезде көбіне-көп бөліп туратын фактор ретінде қабылданатын
ұлттық ерекшеліктердің, əр түрлі мемлекеттер дəстүрлерінің, мəдениеттері
мен құндылықтарының сан алуандығын өзара байыту мен дамудың құнды
мүмкіндігі ретінде қабылдауды үйрену қажеттігі əбден айқын.
Төртіншіден, мемлекеттер арасындағы əлдебір дауларды тек қана
бейбіт құралдармен шешуге болады. Қарулы күштер тек қана қорғаныс
мақсатында қол- даныла алады. Бұл норманы іске асырудың механизмі
қару-жараққа бірлесіп бақылау орнату болуға тиіс.
Ақыр аяғында бесіншіден, халықаралық қауіпсіз- дікті қамтамасыз
етудің аса маңызды қыры — мемлекеттер арасындағы сенімді кеңейту
принципі. Жанжалды аймақтарда осы күнге дейін дəурені жүріп тұрған
əскери тежеу принципін сенім принципі алмастыруға тиіс.
Нақ Сенім — мемлекеттер арасындағы қатынаста туындауы мүмкін
59
кез келген қарама-қайшылықты сындарлы шешуге мүмкіндік беретін
əмбебап механизм.
Қауіпсіздікті
қамтамасыз
етудің
усынылып
отырған
үлгісі
əскерисаяси
да,
əлеуметтік-экономикалықта
аспектілердің
табиғи
уштастырылуын көздейді. Атап айтқанда, əскери саладағы сенім кейіннен
экономикалық қатынастарға да таралатыны анық. Қауіпсіздік пен
тұрақтылық экономикалық дамудың алғышарты, ал өзара тиімді
экономикалық даму, өз кезегінде, узақ мерзімді аймақтық қауіпсіздіктің
кепілі.
Осынау принциптер АЫСШМ негізіне алынып, осы халықаралық
ұйымның іргелі құжатында, нақтылап айтқанда, Азиядағы ықпалдастық
пен сенім шаралары жөніндегі мəслихатқа мүше мемлекеттердің
арасындағы қатынастарды реттейтін Декларацияда бейнеленген.
1999 жылы қыркүйекте Алматыда, Азиядағы ықпал- дастық пен
сенім
шараларына
қатысушы
мемле-
кеттердің
сыртқы
істер
министрлерінің кездесуінде қол қойылған осы Декларацияның мəтінінде
тұңғыш рет Азиядағы Сенім доктринасының негізінде халықаралық
қауіпсіздікті
қамтамасыз
етудің
базалық
қағидалары:
қатысушы
мемлекеттердің егемендігі мен қуқықтарын сыйлау, аумақтық тұтастықты
сақтау, бірбірінің ішкі істеріне араласпау, дауларды бейбіт реттеу, күш
қолданудан бас тарту, қарусыздану жəне қаружарақты бақылауда ұстау,
əлеуметтік, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық салаларда
ынтымақтастық жасау, БҰҰ мен халықаралық құқық принциптеріне
сəйкес адамның негізгі құқықтарын құрметтеу секілді қағидалар тұңғыш
рет бейнеленді.
Бұл кездесудің тарихи маңызы болды. Себебі, бұл АЫСШМ-ға
қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомстволарының тұңғыш кездесуі
болғандықтан ғана
емес, кездесу барысында Азиядағы ықпалдастық пен сенім шаралары
мəслихатына мүше мемлекеттердің арасындағы өзара қарым-қатынасты
реттейтін принциптер туралы Декларация азиялық қауіпсіздіктің жаңа
жүйесінің негізін қалағаны секілді маңызды жағдай орын алғандығынан да
еді.
Бұл Декларацияға қол қойылудан бұрын ұзақузақ талқылаулар
өткізілді, жанасар нүкте қажымайталмай іздестірілді. Азия елдерінің
сарапшылары шешімгетіпті де салған жерден келе алған жоқ, əсіресе
қарусыздану жəне қаружарақты бақылауда ұстау, ішкі істерге араласпау,
гуманитарлық өлшем секілді проблемалар төңірегінде ұзақ, кейдетіпті
60
шиеленісті пікірталастар болды.
Бірақ осынау күрделі мəселелер бойынша жедел шешім таба қоюға
болады деп ойлау аңғырттық қой.
Алғашқы талқылауларға Азияның жиырмадан астам мемлекетінің
өкілдері қатысты, ол мемлекеттердің көбісі кейін АЫСШМ мүшесі немесе
бақылаушысы болды.
Қазіргі кезде АЫСШМ-ға қатысушы мемлекеттер — Ауғанстан,
Əзірбайжан, Қытай, Египет, Үндістан, Иран, Израиль, Қазақстан,
Қырғызстан,
Пəкстан,
Палестина,
Ресей,
Тəжікстан,
Түркияжəне
Өзбекстан, ал Австралия, Индонезия, Жапония, Корея, Монголия, Украина,
АҚШ, Ливан, Вьетнам, Таиланд, Малайзия ба- қылаушы мемлекеттер
санатында.
Бізді қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың баянды жүйесін бірлескен
күш-жігермен қуруға бекем ұмтылыс жəне қауіпсіз дүниені біріге отырып
қана орнатуға болады деген ортақ пікір біріктіреді.
Қауіпсіздіктің өзара сенімге негізделген жаңа тұжырымдамасы
АЫСШМ-нан басқа, “Шанхай бестігі” дейтіннің шеңберінде нақты жүзеге
асты, оның мүшелері — Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан жəне
Тəжікстан.
1996 жылы сəуірде Шанхай қаласында осы бес мемлекеттің
басшылары Шекара ауданында əскери саладағы сенім шараларын нығайту
туралы келісімге қол қойды. Бул, сірə, Қазақстан жариялаған əскери
саладағы Сенім саясатының іс жүзінде жүзеге асуының бірінші мысалы.
Алайда 1997 жылы-ақ біздің елдер келесі бір елеулі қадам — Шекара
ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісім жасады.
Жалпы алғанда, “Шанхай бестігі” шеңберінде біз əскери қызметтің
транспаренттілігі, шекара тұсында белсенділікті кеміту, шекара мəселелерін
реттеу, соның ішінде, аумақтық мəселелер туралы, əскери қызмет туралы
жүйелі ақпарат алмасып отыру, халықаралық тер- роризммен, есірткілер
жəне қару контрабандасымен, жасырын көші-қонмен жəне т.б. күрес
саласындағы ын- тымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізе алдық.
Мұндай нəрсе бұрын Азияда ешқашан болған емес.
“Шанхай бестігі” шеңберінде қол жеткен уағдалас- тықтар
континентте ғана емес, тұтас алғанда əлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге қарай жасалған қуат- ты қадам болды.
“Шанхай бестігінің” қызметіне Өзбекстанның қосылуы бұл
форумды дамытудың болашағы бар екенінің анық көрсеткіші жəне аймақта
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды. “Бестіктің”
61
қазіргі қатарыӨзбекстанның есебінен ғана емес, басқа елдердің есебінен
толығатыны күмəнсіз. “Шанхай бестігіне” Монголия, Иран, Үндістан жəне
Пəкстан аса ықылас қойып отыр.
Сөйтіп болашақта бұл форум аймақтан жоғары тура- тын уйымға
айнала алады деп сенуге əбден негіз бар.
Халықаралық қауіпсіздікті өзара сенім принциптері негізінде құру
тұжырымдамасы Азияда өзінің тиімділігін көрсетіп берді. “Шанхай бестігі”
мен АЫСШМ шеңберінде қол жеткен келісімдер континент- те принциптік
жаңа болмысты қалыптастырды, ол əскери салада да, саяси салада да
қауіпсіздіктің өзара тиімді ынтымақтастығының неғұрлым жоғары
деңгейімен сипатталады.
Сенім саясатының нақты көрінісі əрі қауіпсіздіктің жаңа үлгісінің
символы — Қазақстанның ядролық карудан бас тартуы жəне Орталық
Азияда ядролық қару- сыз аймақ қуру процесі.
Бұл тұрғыдан алғанда, Египет басшысы М.Х.Мүбарактың да
АЫСШМ шеңберінде Таяу Шығыста ядро- лық карусыз аймақ күру
бастамасын жасағаны көп нəрсені аңғартады.
Мүндай жағдайда Азияда кауіпсіздік жүйесін жасау шеңберінде
жинақталған
тəжірибе
ғаламдық
қауіпсіздік
негіздерін
жасауда
пайдаланыла алады, оларды жаңа мазмұнмен толықтырады.
Қазақстан ғаламдық қауіпсіздіктің жаңа үлгісін Еуропадағы
қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҮ) мен Азиядағы
ықпалдастық пен сенім шаралары мəслихаты (АЫСШМ) секілді аймақтық
кіші жүйелердің ықпалдастығы барысында құруды ұсынады. Бул орайда
осынау механизм БҮҮ жарғысына негізделген қолда бар жүйені тіпті де
алмастырмайды, тек оны толықтыра түседі.
Халықаралық қатынастардың ағымдағы практикасы БҰҰ рөлінің
біршама төмендегенін көрсетеді. Егер бұл процесс жалғаса беретін болса,
ғаламдық қауіпсіздіктің ортақ жүйесін білдіруі үшін оған əрине жол беруге
болмайды. Осыған байланысты, БҰҰ-ның ғаламдық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі рөлі жаң- ғыртылуға тиіс екені айқын бола түседі.
Əлемдегі
турақтылықты
қамтамасыз
ету
жөніндегі
негізгі
жауапкершілікті қазіргі жағдайда өз қызметін БҰҰ қанатының астында
жүзеге асыратын қауіпсіздіктің аймақтық кіші жүйелері мойнына алуға
тиіс.
Осындай жүйені құру ғана өркениеттер арасындағы адамзат бірнеше
мыңжылдықтар бойы ұмтылып келе жатқан қажетті, бейбіт жəне тұрақты
диалогты қамтамасыз ете алады.
62
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ БОЛАШАҚҚА
Батыс адамының тоғышарлық санасының мифологиясы жаппай
бейбітшілік, қауіпсіздік пен жайлылық үмітін КСРО мен коммунистік
блоктың ыдырауымен байланыстырған еді, бірақ ол үміт ақталмады.
Дүние
бір
орнында
тұрмайды:
ондағы
тепе-теңдік
оның
бұзылуымен, кірігу — алшақтаумен, ұласу — қашықтаумен алмасады жəне
эволюцияның осындай құбылып отыруы XX ғасырдың 70-80-жылдарында
қалыптасқан салыстырмалы күш қарайластығынан соң ауытқу фазасы
келетінін аңғартқандай еді. Тұрақтылықтың субъективті кепілдері мен
агенттері де шексіз емес-ті: КСРО Президенті М.С. Горбачевтың мерзімінен
бұрын биліктен кету фактісі арқылы оның ізбасарларының — ең алдымен,
КСРО-ның негізгі қуқықтық мұрагері ретінде Ресейдегі, содан соң кеңестік
дəуірден кейінгі республикалардағы ізбасарларының саяси тағдырының
тұрақсыздығы күн ілгері белгіленіп қойғандай еді. Əлем кеңестік дəуірден
кейінгі кеңістікте оқиғалардың өрбуінің барлық ықтимал нусқаларын
саралап шыға алмады. Осынау олқы-толқыдан жаңа мемлекеттердің бұдан
былайғы тағдыры туралы алуан түрлі топшылаулар толқыны туындап
жатты.
Əлем
қоғамдастығының
Достастық
елдерінің
мемлекеттік
құрылымының барлық қажетті институттары түпкілікті қалыптасқанша
дамудың оңтайлы нұсқалары іске асады, сөйтіп тұрақтылықтың
салыстырмалы кезеңі орнайды деп үміттенуінен басқа ештеңе қалған жоқ.
Қазақстан - əлемдік қоғамдастықтың өзіне артқан үмітін бəрінен көп
ақтаған ел.
Ананың қүлағы перзентінің алғашқы уілі мен сөздерін бірден қағып
алатыны сияқты, туып келе жатқан кезеңдер сипатына тарихтың назары да
аса ілтипатты. Біздің заманымыздың болашақ зерттеушілерінің назарына
жаңа туған Қазақстан Республи- касының тұңғыш жан айқайы
“Полигонды жабу!” болтаны жəне жаңарған Қазақстанның бүкіл
өмірбаяны — бірін-бірі сескендіру мен қорқыту, террор, тұрақсыздық,
бопса мен зорлық-зомбылық қаруының ядролық материалдары мен
технологияларын бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық, тату көршілік
жене диалог құралына айналдырудың бұрын-соңды болмаған үлгісі екені
ілінбей қалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |