Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


сымбаттылық — көркемділік, келбеттілік, мүсінділік. Әйелдің онсыз да өзі әдемі денесін сымбаттылықтың



бет41/42
Дата11.01.2017
өлшемі9,76 Mb.
#7320
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

сымбаттылықкөркемділік, келбеттілік, мүсінділік. Әйелдің онсыз да өзі әдемі денесін сымбаттылықтың мына сияқты шегіне жеткізу үшін... көп еңбек еткендігі көрініп тұр (Ильенков). Шеберлік композицияға, бейнелеу тәсіліне, шығарма сымбаттылығына тіреледі (Т. Әлімқұлов);

сымбатсызкөріксіз. Ол — сымбатсыз, кескінсіз, жирен-шұбар қыз екен (С. Мұқанов);

сый-сипат сый-құрмет. Кедейлерді шетқақпай қалдырды, сый-сипатты тек байлар көріп жатыр (К. Әзірбаев). Жастар арасында атеистік жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда мұсылман дін иелерінің жалған діни үгітінің сый-сипатын терең зерттеуде (Қ. Нұрмағамбетов);

сый-сипатбір нәрсенің қасиетін, ерекшелігін сын көзбен қарастыру. Сіздер оларды көрген жоқсыздар. Олардың сый-сипаты мен кескін-келбетін сырттай шамалап естіп білесіздер, ал, біздер олармен аз-кем аралас-құралас өмір сүріп қалдық (Ә. Нұрпейісов);

сын-сыпат. Біздің жағдайымызда жұмысшы адамның жаңа сын-сыпатын ашуға тырысады . Досымов). Сын-сыпаты қазіргі адай тұқымдас жылқылардан кем түспейді . Байпақов, Б. Нұрмұханбетов).

صفر (сифрун) цифр1) ноль; 2) ешбір; 3) сан таңбалары. Сен жоқ болсаң, қарағым, Дүниежүзі маған көр. Барлық бақыт талабым Цифры жоқ, сенсіз ноль (С. Торайғыров). Цифрын екі ауданның салыстырып, Қанбасаң мәліметтен бар дағы ізде (Тәңірбергенов);

шифрқұпия хат үшін жасалған шартты әліппе. Бір жолы жоғарыдан шифровка келді (Б. Момышұлы). Кітап шифрі — кітапхана каталогында қолданылатын кітапқа қойылатын шартты белгі Қ. С. Э.»);

цифрлаусанмен белгілеу («Қ. Т. О. С.»);

шифрлышифрланған, шартты белгілермен жазылған;

цифрлықсандық («Қ. Т. О. С.»);

صفة (суффатун) сұпа (Қазақстанның оңтүстік жағында қораның ішіндегі көлеңкелі жерде қыштан немесе үйілген топырақтан отыратын, жататын орын жасайды, соны сұпа, сыпа деп атайды — Н. О.) 1) томпақ, шығыңқы жер; 2) сәкі, тақта (отыру, жату үшін); 3) эстрада, биік орын (сахна). Қорқыттың сүйегі қойылған сұпының (дұрысы: сұпаның Н. О.) аяқ жағы мазардан сыртқа шығып жатқан («Қ. С. Э.»).

сыпа. Ол биік жеміс ағаштарының түбіндегі сыпаның шетіне, кішкене жібек кілемнің үстіне келіп отырды (Айбек). Сыпа — үйдің төр жағына салынған сәкі, орын («Қ. Т. Т. Т. З.»).

صفو (сафу) сапу1) тазалық, кірсіздік, мөлдірлік, тұнықтық, анықтық, ашықтық; 2) адалдық. «Жаңқылыс жастан — сапу, қарттан — ғапу» Басшының бағдарын тұт, ол Мұстапа... Сөзіне Сопы әзіреттің арқа сүйеп, Жазылған молла Омардан бұл уазипа (Шораяқтың Омары).

صفى (сафййун) сафи1) қалаулы, сайлаулы; 2) шын, адал дос. Сафи арабша — таңдаулы адал дос (Т. Жанұзақов);

сапи. Пейіштен адам сапи шыққаннан соң, Жылаған баябыңда неше мүддет Адамды Хауанадан айырған соң, Құшуақ болған еді ол пәлекет (Күзен). Күнәлі, күнәсіз бе дәркер емес, Қожалық қашаннан-ақ бізге мирас... Ақырдың бәріміз де адамымыз, Тірі жүр кім сапимен болып құрдас? (Кете Жүсіп). Ишарат — сапи, Білгенге напи, Білмегенге — қапи (Таубайдың Жүсібі).

صقالبة (сақалибатун) сақалибатарих. славяндар (славян тобына жататын халықтар). Бесінші — отыз шаһар Шам мен Рум, Шаһар аз жаратылған мұнан бұрын. Алтыншы — Түрік пенен Сахалиба. Уә Хазар ұлық халық болар дедім (Әбубәкір).

صلابة (салабатун) салауат1) қаттылық, беріктік; 2) табандылық, тұрақтылық; 3) қажырлылық, қажымаушылық, жігерлілік. Өткенге салауат, қалғанға берекет (мақал). Салауатты, сәулетті, Саймандары артыла, Келе жатқан жалғыздың, Қарады ел қалпына (К. Әзірбаев). Иланшы Қадырхан енді ғана қонағына салауат жасады (Д. Досжанов);

салауатты1) қатты, берік; 2) табанды, тұрақты, байсалды; 3) қажырлы, жігерлі. Қолға қолғабыс болды, бірі талмай, Тимеді аяққа аяқ, басым заулай. Сабырлы, салауатты, салқын қанмен, Шмидт аппақ болып тұрды-ау жардай (I. Жансүгіров). Салауатты сарайлар, Келіп кеткен талайлар (С. Бегалин);

салауаттылық1) қаттылық, беріктік; 2) табандылық, тұрақтылық; 3) қажырлылық, қажымаушылық, жігерлілік. Отызында төсіне Еңбек Ерінің алтын жұлдызын тағып, отыздан аса бере СССР Жоғарғы Советінің депутаты болған бұл жігіттің бойындағы қажыр-қайрат пен салауаттылыққа бұрын да қанша қайран қалған (С. Асанов).

صلاحية (салахййатун) салахият1) жарамдылық, пайдалылық; мақсатқа лайықтылық; 2) уәкілділік, өкімет толықтылығы, заң күшінде болушылық, праволық, хабардарлық. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша дәрігерлік, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді (Абай). Мұнша салахият иесі қылғаны хикметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе? (Абай).

صلح (сулхун) сұлых1) келісім, татулық, бейбітшілік; 2) татуласу, жарасу, келісу, бітісу. Исатай, сен ата ұғылы, асыл зат, На мағқұлды тарқ айла, не хажет? Ғафил сөзге сатылма сен, түзік бол, Арамызда болсын сұлых уә сұхбат, — деді Жәңгір (І. Жансүгіров).

صلصال (салсалун) салсал1) шөлмек, құмыра жасауға жарайтын саз балшық; 2) салсал жалқы есім («Салсал» қиссасындағы бас қаһарманның аты). Белгілі, мұнан бес-он жыл бұрын хат біледі-міс деген қазақтардың қолдан-қолға түсірмей, құлқынын құртып, құмартып оқитын кітаптары: «Зарқұм», «Салсал» секілді ұшы-қиыры жоқ түпсіз өтірік, қисынсыз хикаяттар еді (С. Торайғыров). «Салсал» қиссасы («Қ. Ә. Т.»). Қараңғы ауыл үшін «Салсал» да қисса, «Қыз Жібек» те қисса (Ғ. Мүсірепов).

صلوات (салауатун) салауат1) намаздар, бата беру; 2) өтініш, жалбарыну, жалыну, тілек тілеу. Енді намаздың аты — салауат, салауат дұға мағынасында деген (Абай). Оларға әр намазда бір салауат, Сауаптан сағат болғай мың-мың қадақ. Олардың әрбір түрлі қасиеттерін, Болмайды айтып сөзбен жазып адақ (Ерімбет). Әскерге алынған жігіттерге «хан салауатын» айтқызып үйретті, офицер (X. Есенжанов). Батасы — патшаны тілейтін салауат жыр (Боже, царя храни) (С. Сейфуллин);

сәләуәт. Шадиярға Көп сәләуәт (Ә. Тәжібаев).

صلى (салла) салла1) діни. намаз оқу; дұға салу; бес уақыт намаз оқу; 2) бата беру.— Болды!— деді Айғаным, Шыңғысқа жадырап, - мықты болсаң, әрі,— аруағыңнан садаға кетейін, хан атамның, әрі,— екі дүниенің сәруары — пайғамбар салла аллаһу... аруағынан аттап көр! (С. Мұқанов);

саллаллаһу. Иман дегеніміз бір ғана иланбақтық емес... Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу... оның тарапынан елші екендігіне иландық (Абай). Саллаллаһу нәбиге, Асқабалары Ғалиге!... деп әскерге салауат үйретті (X. Есенжанов).

صندل (сандалун) сандалбот. хош иісті, эфир майлы, жылы жақта өсетін ағаш, одан жасалған бояу. Осындай бәйітті оқып, әмір Мұса үлкен күмбезге келді. Оның есігі сандал ағашынан жасалып, шегелерін алтыннан қағыпты («М. Б. Т.»). Баһрам (патша) жеті сарай салдырып, жетеуінде жеті сұлу қыз ұстайды. Жеті сарайдың түсі де жеті түрлі. Әр сарайдағы сұлу әр түрлі қызықты хикая айтады. Бірінде, қоңыр түсті сарайда - үнді сұлуы, енді бірі сары сарайда — Бағдат сұлуы, үшінші жасыл сарайда - Рум сұлуы, төртінші қызыл сарайда — орыс сұлуы, көк сарайда — Мысыр сұлуы, сандал түсті сарайда — көшпелі дала сұлуы. Олар бірінен соң бірі мысалмен, тұспалмен әңгімелер айтып, жауыздықты әшкерелеп, әділдікті ардақтайды (Е.Ысмайылов).

صندوق (сундуқун) сандық1) сандық (ішінде зат сақтау үшін ағаштан я темірден жасалған топсалы және құлыпты қақпағы бар текше бұйым; 2) жәшік; 3) касса. Әр сандықтың өз кілті бар. Әр кәсіптің өз әдісі бар (мақал). Менің кеудем сендерге сандықпен тең, Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең... (Абай). Жұбаттым көңіл айтып екі мұңды, Жұмсадым тәңірі берген қызыл тілді. Кеш түсіп, шам жаққан соң, кемпір байғұс, Алдыма бір сандықты алып қойды (М. Сералин);

сандықтау — сандыққа салу («Қ. Т. 0. С.»);

сандыққапсандық сыртына кигізетін ұлттық жиһаз. Сандыққапты жұқа басылған ақ киізден тігіп, сыртына қызыл, жасыл шұғадан ою бастырады («Қ. С. Э.»);

күйсандықмуз. рояль (металдан ішектері бар клавишті музыкалық құрал). Ғайша отырып, күйсандық ойнады (Көпбаев). Екі қолымен күйсандықты ойнатып, ойнаған күйін өзі ғана түсініп, елітіп отырғандай, өзімен-өзі болып, артына бір бұрылған жоқ (Ғ. Мүсірепов).

صناعة (синаатун) санағат1) өнеркәсіп (қазып шығару және өндіру кәсіпорындарынан құралатын халық шаруашылық саласы). Касибият бар, сауда уа санағат бар, — деді мұғалім (І. Жансүгіров).

صنعة (санатун) сұнғат1) өнер; 2) кәсіп, қолөнер кәсібі; 3) жасандылық. Оның үшін әрбірінің сөйлеуі, айтуы басқаша болса да, ...сұнғатына (арабтың санат деген сөзі Абайдың шығармаларында сұнғат, сұнғати деп қате көшірілген Н. О.) қарап пікірлемекті екеуі де айтты (Абай);

сұнғатишеберлік, өнерлік, кәсіптік. Бұл сұнғати ...ізерлеп, құмар болып ғибратланушыларға тыю жоқ, балқи сұнағатынан себебін білмекке құмарлықтан саниғна ғашықтық шығады (Абай).

صنف (синфун) сыныф 1) тек, түр, сорт; 2) класс (таптық), класс (мектептік), категория, 3) әск. бөлім. Мұсылманша екеуі сабақтас болып оқып, рушді сыныфтарын (Рушді сыныф 5-7 класс шамасындағы оқу Н. О.) бітірді (С. Торайғыров). «Ғалия» медресесінде бір сыныфта оқыған сабақтас серігім — жазушы Бейімбет Майлин (Сәйфи Құдаш).

صنم (санамун) санем1) пұт, пұтқа табынушылардың құдайының аты; 2) ауыс. сүйікті (әйел). Қыздары қасындағы жиылды көп, Шат болып зәңгі қызы қуанды бек. Жиһанда мендей санем көрмегенсін Бұл маған ғашық болып жығылды деп («Ғашық-наме»).

صواب (сауабун) сауап1) дұрыстық; дұрыс ой; саналылық; 2) сана. Кең ойлы кемеңгердің өздерісің, Жарастық жақсы жолды иеленсең... Секілді тағат — атаң, сауап — анаң, Аштық жоқ, қанағатпен сүтін емсең (Кете Жүсіп).

صورة (суратун) сурет1) келбет, бейне; 2) көрініс, портрет, фигура; 3) статуя (сымбат ескерткіші); 4) форма; 5) формула (ант); 6) астр. шоқжұлдыз. Сол түннің кетпес еді суреті естен, Ондай сүйген махаббат болмас өткен (С. Торайғыров). Екі ғашық қосылып, Әңгіме дүкен құрады. Екеуінің суреті Ләйлі-Мәжнүн болады Қыз-Жібек»). Қағазға өрнек жасап, сурет ойған (Абай);

сүгірет. Қоқыштың үйінде Шоқанның сүгірет салған альбомын көруім «Өмір мектебінің» екінші қабатында баяндалуы, оқырмандарға мәлім (С. Мұқанов). Мына бір шамалы сүгіретімді, әдейі, саған берейін деп ала келіп едім,— деп, Татьяна Антоновна оны Айымбетке берді (С. Омаров);

суреттелубейнелену. Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» атты романында өмір шындығы негізінен боямасыз ашық та айқын бейнеленеді, реалистік тұрғыда суреттеледі Қ. Ә.»). «Ұлпандағы» суреттеліп отырған оқиға адам тағдырына деген ынтызарын күшейте түскен, эмоциялық, демек, эстетикалық жүк арқалап тұр (Ә. Кекілбаев). Совет жазушылары шығармаларында Отанымыздың нелер тамаша патриоттары, мүлде жаңа адамдардың сыпаттары суреттеледі (С. Көбеев);

суреттемебір нәрсе туралы жазу, айтып беру, жазып беру, суреттеу. «Арайға» республика жоғары оқу орындарындағы озат студенттер, стипендиаттар жайлы очерк, суреттемелер, сонымен бірге бәрімізге бірдей сабақ боларлық жақсы дәстүрлер жайлы жазып тұрса деймін,— деді Гауһар (К. Сегізбаев);

суреттеубейнелеу. Абай кедейлер тұрмысын жаны ашып суреттейді (М. Ақынжанов);

суреттеушілікбейнелеушілік. Біраз қаламгерлеріміздің тарапынан психологиялық талдау орнына... Селсіз суреттеушілік әлі де етек алып отыр (С. Әшімбаев). Әбу Сәрсенбаевтың Ұлы Отан соғысының дауылды жылдарына, ардагерлер өміріне арналған жинақтарында тәптіштеу, түсіндіріп, бар-жоқты жиып-теріп суреттеушілік жоқ (А. Егеубаев);

суреттейкелбеттей, бейнедей, әдемі. Суреттей сұлу қала салып жатқан, Керегін Кентау кеннен алып жатқан. Дәуірдің дана туған ұрпақтары, Көмбенің көзін ашып жарқыратқан (А. Тоқмағамбетов). Жансыз суреттей (Қ. Мағзомов);

суреттікбейнелілік. Режиссерлік шешімі, актерлердің шеберлігі, оркестрдің «сезімталдығы», сахнаның суреттік-техникалық жабдықталуы — бәрі де осы заманғы талғамның үдесінен шығады (Қ. Байсейітов);

суреттілік — бейнелілік. Қай ақын болғанда да бейнелілік, суреттілік секілді көркемдік тәсілдерді қолданғанда, алдымен, өлеңнің көркемдік қуатын арттыруды мақсат тұтады . Дадебаев). Образдылық — суреттілік, сөздегі сурет (З. Қабдолов);

суретші сурет салушы. Жасымнан жетім едім көңілім сынық — Өнерім артық емес ондай ұлық. Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін, Харекетім — суретші, бояушылық (Абай). Шоқан Уәлиханов — аса ойлы суретші («Қ. К.»). Н. Г. Хлудов (1850-1935) — Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, орыс суретшісі (Д. Чебатов). Мақы көркемөнершілер Академиясын (ХІХ ғасырдың орта шенінде) бітіреді. Білетіндер оны аса суретші еді дейді. Бұл - қазақтан шыққан бірінші суретші (С. Мұқанов);

сүгіретші — Жұрт орысты сүгіретші дейді, шын сүгіретші қазақ екен ғой, — депті (С. Мұқанов);

суретшілік сурет салушылық. Екеуі жетім еді әкесі өлген, Талаптанып жетеміз деп, бос жүрмеген. Тігінші, кестеші еді кіші інісі, Мұстапа суретшілік ғылым білген (Абай). Шоқан Уәлихановтың суретшілік өнері - ұлттық бейнелеу өнеріміздің, ұлттық реалистік графикамыздың алғашқы көрінісі («Қ. К.»);

көркемсуретәсем бейне. СССР Көркемсурет академиясы («С. Қ»). Әлібек Асқаров — Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің студенті («А. Ж.»);

көркемсуреттіәсем бейнелі. Көркем шығарманың, жақсы көркемсуретті фильмнің, сурет галереясының керемет тәрбиелік мәнісі — ондағы оқиғалардың, типтердің шынайы, дара, кесек дүние жасап, шебердің қолы, ой жүйесі арқылы тартымды, тыңғылықты етіліп берілуінде (Д. Кішібеков). «Журналист» атты көркемсуретті екі сериялы фильм көрсетілді («Л. Ж.»).

صوف (суфун) суф1) жүн; 2) қыл, түк. Бұ дүниеден безіп, Құдайдың жолына шын түскендігін сипаттау белгісі ретінде ислам дінінің сопылық ағымындағы тақуа діндарлар қылшық жүннен жасалған киім киетін болған, сол жүн (суф) деген сөзден сопы атауы пайда болған. XI ғасырда араб елдерінде суфылық (суфизм — арабтың суф — жүн, суфий адам деген етістігінен шыққан), мистикалық ілім кең етек жайды (X. Ақназаров).

صوفى (суфййун) сопы1) жүнді, жүндікі; 2) діни. тым құдайшыл, дүниеден безген; 3) суфий (софизм), мистик (мистицизм), сопы ислам дініндегі сопылық ағымды (осы ағымға басшы болғандардың бірі 1166 жылы Түркістанда дүние салған Қожа Ахмед Яссауи Н. О.) жақтаушы, зікір салып, Құдайға сиынушы. Сопы сұмнан шығады (мақал). Тіпті өмірде басы сәждеге тиіп көрмегендердің өзі дәретсіз, бісмілласыз жүрмей, қалтырауық сопы болып қалды (С. Торайғыров). Антұрғандық қылығын «Алла ісі» деп, Нандырар қандай сопы, қандай молда (Абай);

софы. Патша тақта, сарай нөкерлері өздерінің орындарын алған. Ішінде неше түрлі ғылымның білгірлері отыр: ғұлама, софы, би, дәрігер-тәуіп, философ, жұлдызшы, сауықшы, шешен, тағы-тағылар (А. Машанов). Алғаш пәлені бастаған - софы ағасы (Ә. Нұрпейісов);

суфи. Суфилардың намаздары шамандық діндердің салтанаттарын еске түсірді. Чечен-ингуш елінде суфилық (мюридтық) намаздар барабанның дабылы астында бірнеше сағатқа созылған дәстүрлі билер — секірумен өтеді (X. Ақназаров). Қараша өз армиясының басым бөлімімен Суфи қақпасынан сыртқа шығады (К. Байпақов, Б. Нұрмұханбетов);

суфы. Құранда Құдайдың құрметі үшін өмір игіліктерінен безген суфылар жөніндегі әңгімелер бар (X. Ақназаров);

супы. Бұл дүниенің өзге тіршілігінен, өзге қызығынан баз кешкен адам ғана супы болады дегенді естігенім бар («Т. С.»). Ақ супы дүниеден ұлсыз кеткен, Енеден жалшысынан бала біткен (Әріп);

суфизм — арабша суф — жүн, суфи — жүн шекпен киген адам сөздерінен пайда болған. Суфизм — исламдағы (VIII-IX ғасырлар) мистикалық бағыт («Қ. С. Э.»). Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін бықсықтан тазалап, аршып, өз қалпында түсіндіруге тырысқан. Әбу Насырдың көзқарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен, ол бұл міндетті тамаша атқарып шықты (А. Көбесов);

сопысусопысыну. Жігіттік әркімнің де алады еркін, Сонан соң қыз-қырқынға тиер еркің. Сопысып сонша неге шегінесің? Көңіліңнің байқадық қой — босаң, беркін ұрмағамбет);

сопысымақ1) сопы сияқтанған; 2) ауыс. мүләйімсінген. Әншейін-ақ қасына сүре танитын сопысымақ сұмырайларды жиып алған (С. Торайғыров);

сопысынумомақансу. Сопысынсын, хақ десін, хақты ұмытсын, Әділетсіз бір жастың басын жұтсын (Абай). Отыз күн ауыз ашқызбай, Күндіз тағам татқызбай, Батырған кім сорға? — Сопысынған молда (Ш. Смаханұлы);

сопылық1) діни. тақуалық, құдайшылық, діндарлық; 2) ауыс. екіжүзділік. Сопылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек (Абай). Сопы едің дүйсенбіге қол тапсырған, Келтірдің сопылықты кәміл сынға (Ермұрат);

софылық. Ихшид әмір әл-Фарабидің ғалымдығын, софылығын, қасиетті адамдығын мақтаумен қатар, өзінің қандас туыстығы бар екенін ескертіп қояды (А. Машанов). Бақырғанның (Бақырғани) «Хазрет Мариям», «Ақыр заман кітаптарының» мазмұнында дін, софылық, мінажат сарыны басым келеді Қ. С. Э.»);

суфилық. Суфилық бауырластықтың басшылары біздің заманымызда да тұрмыстың жаңа социалистік формаларына, ғылымға, көркемөнерге және халық ағарту ісіне қарсы тұрады, ескілікті, сары уайымшылдықты уағыздайды (X. Ақназаров);

суфылық. XI ғасырда араб елдерінде суфылық, мистикалық ілім кең етек жайды ( Х.Ақназаров).

صولة (саулатун) сәулет1) қуат, күш, айбындылық; 2) салтанат, көрік. Батыр — елдің сәулеті, Балқұрақ — көлдің сәулеті (мақал). Дәулет, сәулет, сән-салтанат - бәрі сай, Күйлі, нұрлы, туған елім — кең сарай, Шалқы, дария, жүрек күйге шомылсын Айдын көлде жүзген ерке аққудай (Қ. Аманжолов). Сәулет өнерінің біздің уақытымызға дейін сақталып келген тамаша шығармаларына Жамбыл түбіндегі Айша-Биби, Бабаджиқатын мазарлары кіреді («Қазақ ССР тарихы»);

сәулеттендірукөрнектендіру, көріктендіру, нұрландыру. Киіз үйді сәулеттендіріп, оған салтанатты сипат беру, оның әрбір бөлшегінің бір-бірімен ұнасым тауып, сәнді жасалуын қадағалау — халық шеберлерінің маманданған ісі Қ. С. Э.»);

сәулеттенукөрнектену, нұрлану. Неше қабат зәулім үй сәулеттенер, электр жарқыраса күн шыққандай (Бекболат). Қыр келбеті құлпырды, Сәулеттенді сары дала (Т. Жароков);

сәулеттісалтанатты, көрікті, сәулелі, нұрлы. Сәулетті қала, зәулім үй, Өсті білім, ой-сана. Көк тіреген көп үйлер, Әспеттелген астана (А. Тоқмағамбетов). Н.Г.Хлудовтың «Таудағы жайылым», «Алматы шыңы», «Ыстық көл» деген картиналарында Қазақстанның сәулетті табиғаты әдемі бейнеленген (Д.Чебатов);

сәулеттіккөріктік, сәулелілік, нұрлылық. Көп қалалардағы сәулеттік бейне, көркемдік сапасы сипат белгілерінің санамызда сәулеленуі арқылы құралады (А. Нысаналин);

сәулеттіліксалтанаттылық, көріктілік. Сәулелілік — сұлулық пен жарастықты, жасампаздық пен сәулеттілікті қорғаған, біздің бүгінгі бақытты өміріміз бен еңбегімізді, біздің қолымыздағы қаламымызды қорғаған Қасым Қайсенов сияқты батыр бауырларымыз, бейбітшілік оты лаулай беру үшін соғысқұмар сұмдарды — фашистерді талқандаған ерлеріміз еске түседі (Ә. Тәжібаев);

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет