қайғы-шер — қаһарлы, ызалы, мұңды қасірет. Алайда өнер іздеуден әсте жалықпаған Сұлтанмахмұт қайғы-шердің қапасынан арылып, тағы да тіршілік қамына кіріседі (Ы. Дүйсенбаев). Сен жыласаң — көзден жасым сорғалар, Сен қуансаң — қайғы-шерім ашылар (Б. Майлин);
шерлесу — мұңдасу. Біз емін-жарқын сырластық, мұңдастық, шерлестік(Т. Әлімқұлов);
шерсіз — уайымсыз, мұңсыз, қайғысыз. Әуелі әр түрлі күйдің, сарынның, әуеннің басын бұтып-шатып, шерсіз шертпені ермек етіп отыр (Т. Әлімқұлов).
шерлету — ашуландыру, ызаландыру, қайғыландыру. О, тағдыр, мына тағдыр қатал екен, Қалды артта қазыналы атамекен. Бәрінен өз жеріңнен өгей ұлдай, Шерлетіп шетке қаққан батады екен (Т. Айбергенов);
шерлену — ашулану, қайғыру, уайымдау. «Дүниеде менің апамнан мұңды, менің апамнан қайғылы адам бар ма екен?» — деп кейде бұл да шерленетін(С. Бақбергенов);
شر (шарра)шерлеу — ашулану, ызалану, қайғыру. «Қалай да қапы өтіп кетем бе деп?» Кітабын «Шахнаманың» еттім ермек... Тексеріп, тәртіппенен төрт том етіп, «Қазиздат» баспақ еді оқа, зерлеп... Оларым ойынындай боп балалардың, Отырмын осылайша босқа шерлеп(Тұрмағамбет);
шерлі — 1)ашулы, кекті, қаһарлы, ызалы; 2) ауыс. қайғылы, қасіретті, мұңды. Жартасты талай шерлі баспана ғып, Қаңғырып жылдар бойы мекен еткен (Ж. Саин). Қайғылы, мұңды, өнерлі, шерлі жанға, Ой салар, ойын түртер, жыбыр-шытар. Еліртер, екілентер, елбіретер, Толғантар, толғақ салар, толықсытар (I. Жансүгіров).
شراب (шарабун)шарап— 1) ішу, сусын; 2) шарап. Шараптан қағынсаң, шаттанарсың бес сағат (мақал). Басқаға лайықсыз жанар нұрың Шарапсың мыңнан таңдап бірге тамған (Ақан сері). ...Құшақ алдына алып Тамараны, Мүйізбен шарап ішкен князь қайда? (I. Жансүгіров);
шараб. Алдымызда рекламалар — қызыл, жасыл бояулар Жар салады жарығымен алапқа: Қызықтырып шампандарға, шарабқа(Ә. Тәжібаев). Шараб, шампан ахық кесе ұсынып, «Ақбөкенді» белгі еткенің есімде (С. Бегалин);
шарапшы — шарап жасаушы, шарап сатушы, шарап құюшы. Таң ағартты атқанда аспан астын, Көгілдір көк күмбезін аппақ шыны, Кешегі ой босатпай патша басын, Шақыртты сарайына шарапшыны(Ә. X. Д).
شرافة (шарафатун)шарапат — 1)игілік, адамгершілік; 2) даңқ, атақ, абырой; 3) құрмет, қадір; 4) ауыс. жарылқаушылық, жақсылық. Жақсының шарапаты тиер тар жерде, Жаманның кесапаты тиер әр жерде (мақал). «Некесіз туған ба?» — деп күмән етіп, көңіліңе қараңғылық алма зұлмат. Ата-анам екісі де әлі тірі, Некелі һәм шарапат хұзыры ғадат (Қаңлы Жүсіп);
шарафат. Билерім ғаділ болып тұра алмадың. Он тиын жан қалтаңа пара кірсе, Фақырға һеш шарафат қыла алмадың (Әбубәкір). «Парасаттан — рафат» деген мақалада автор бір мәселені орынды көтереді (Н. Ғабдуллин);
шарапатты — игілікті, қасиетті. Келіпті бір диуана сырттағы елге, Лебізі дана дейді үшкіргенге. Кім білед — шарапатты шайқы адам ғой, Қайтер ед соны алдырып көрсеткенде (И. Байзақов). Шарапатты адамдар атты, - деді, Енді Кенен тұрмайды жатты, - деді (К. Әзірбаев);
шарафатты. Бір күні сені де соларменен кездестіріп, солардың шарафатты етегіне көзіңді сүрттіремін деп едім («М. Б. Т.»);
шарапаттылық — игіліктілік, қасиеттілік. Парасаттылық, шарапаттылық, кеңдік, адалдық ғылымда қызмет істеген әрбір адамға лайық, өйткені, халқымыздың мәпелеп, бетке ұстары — ғылым адамдары (Е. Букетов).
شراق (ширақун)шырақ — 1)бала (қайын), шәкірт; 2) тамызық (тез жанатын ағаш).— Келіп амандасып кетуге де уақыты болмады ма? Шырақ та, әйтеуір, қызық адам,—деді Меңдіқыз (X. Есенжанов). — Ой, шырақ-ау, о не дегенің?.. Біздің үйімізде өзіміз ішерлік азықтың өзі жоқ! (М. Әуезов).
شرب (шурбун)шураб — 1)ішу; 2) сусын. Исфара өзен түсіп талай сынаққа, Түнде үйлерді бөлейді күншуаққа, Жүгіреді құбыраны қуалап, Құйылады шырын болып шурабқа(С. Мәуленов).
шәрбат — 1)тәтті сусын; 2) сироп (түрлі жеміс, бүлдірген сірелеріне қант қосып жасалған тәтті сусын). «Кіргіз» деп құшақтасып қол алысып, Көңілден қашсын қаннас түңілгеннен. Су құйып суһызанның отын сөндір, Татқандай, ішіп шәрбат, бұлбұл көлден (Мансұр). Телегей теңізіне көптің малтып, Халықтың қайнарынан шәрбат іштім. Сондықтан мүдірмейді тіл мен жағым, Кенеттен тез қамданып ой, қиялым (Жамбыл);
шарбат. Шілдеде кепкен терін жібіте алмай, Шарбаттан таңдап ішер бір жұта алмай... (Ә. Тәжібаев). Шарбаттан әби ләззат сілекейің, Ақ меруерт — отыз тісің қырлап жонған (Әріп).
шәрбәт. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шәрбәт судың. Қаққанда төңкерілген қас бітісім, Ашылған айбатындай жібек тудың (Сара). Шіркін-ай, біздің сұлу дала қандай, Қызығып күннің көзі қарағандай. Гүлі — інжу, алтыны — астық, көлі — шәрбәт, Бойынан бар сұлудың тарағандай (Тілеген);
шәрбет. Тілі қатты, демі қара, сөзі жұмсақ, Бояудан шәрбет ішер кейде сусап (Әріп);
шербет. Қыз тұлғасын қарасаң — Айдынды елдің туындай, Айтқан сөздің шербеті — Абылхаям суындай (І. Жансүгіров). Шекер, шербет беремін Ішетұғын асыңа («Қыз Жібек»);
шәрбәтті. Жеңіс көрдік елге шаттық орнаған, Аз қуаныш емес еді ол маған, Тұңғыш жеңіс - бал шәрбәтті махаббат, Бұдан артық еш қуаныш болмаған (К. Салықов).
شرح (шархун)шарх — 1)талдау, түсіндіру, ұғындыру, түсінік беру; 2) ескерту, аңғарту. Сегіз сипаттан қалған алтауы — бұларға шарх(Абай). Барлық ғылымдар саласын тегіс қамтыған Фараби астрономия ғылымына көп көңіл бөлген. Ол «Шарх Китаб әлмажисти әл-Бталамус», яғни «Птоломейдің әлмагестіне түсіндірме» берген. Бұл еңбек — сол кездегі жалпы астрономия ғылымының ең биік шыңы (А. Машанов);
шарқ. «Сөз айтса ойнап біреу, шындап жауап бер», — деген бұрынғыдан бар ғой шорна. Сол үшін мен де, тақсыр, айттым жұмбақ, Шарқын шеш, бола қойса «үлгілі орда» (Тұрмағамбет);
Шархғабдолла — діни. Құдайдың құлы (Ғабдолла) жөнінде түсіндірме. Балалар он-он бес жыл оқыса да, класс-класқа бөлінбейтін. Шәкірттердің білім дәрежесі олардың оқыған кітабы арқылы анықталатын. Бастауыш білім «Иман-шарт», «Эфтиектан» басталып, сосын «Түрки» оқылатын. Осыдан кейін «Қырық хадистен» басталған арабша оқу жүргізілетін. Ең жоғары сатысында «Шарх-Ғабдолла» сияқты кітаптар оқылатын (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). «Мұхтасар», «Қафия», «Мантық», ең ақырында «Шарх-Ғабдолла» сияқты кітаптар болатын («К. Ә. Т.»).
شرط (шартун)шарт — 1)келісу, келісім; 2) жағдай, күй. Бірақ оның екі шарты бар, оны білсе керек (Абай). Жасасқан шартымыз жоқ (Ғ. Мұстафин). Баяғы жас кезім болса, алдыма шарт қойсаңдар да орындап берер едім (Жамбыл);
серт — ант, уәде. Тұрлаусыз серт тұрпайы мүше тәрізді (мақал). Алты қырлы ақ мылтық, Ата алмасам маған серт, Мен атқанда ұсынып, Оталмасаң - саған серт(«Ер Тарғын»). «Құп болады» десті де, серт байласты, Қатты-қатты айтысып уәделесті (Абай). Уа, Бөбек, кеткенің бе сертіңнен тайып? Жарың жүр қанды жасы көл боп ағып (Ғ.Сланов);
серттесу — анттасу, уәделесу. Алексей Дәмештің қолын алып, серттескендей бетіне қарап, біраз тұрды (С. Ерубаев). Абай өз ішінен: — Баталасу сияқты-ау! Бір нәрсеге ел қамдап, серттесу үшін шақырған-ау! — деп ойлап, жаңағы «дос» деген сөзді есіне алды (М. Әуезов);
шарттасу — келісу, уәделесу. Шарттасушылар мойынға алған міндеттерін орындауға кірісті (С. Мұқанов). Алғызды Чжан-Цзон Линді көрісуге, Шарттасып бір-біріне сенісуге (С. Сейфуллин);
сертті — антты, уәделі. Сертті күнді, Қанды түнде Қызыл туға Жанды бірге түйгенмін (С. Сейфуллин);
шартты — шарт қойылған, келіскен, уәделескен. Сондықтан көктемдегі каникулдың шартты мерзімдерін сақтау керек («X. М.»). Әріп өлеңдерін тақырыбына қарай топтағанда, шартты түрде болса да, оларды тақырыптар төңірегіне топтап қарауды жөн көрдік (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);
шарттылық — шарт қойылғандық, келіскендік, уәделілік. Жанрдың бүгінгі талаптарын, техникасын жақсы ескеру, театр шарттылықтарын жіті білу, тіл тазалығы сияқты сипаттар оның қаламгерлік стиліне тән («Қ. Ә.»). Осы шарттылық сценариске өткір, таңғажайып ситуациялар мен құбылыстар іздеткізді (Б. Нөгербеков);
сертсіз — антсыз, уәдесіз. Сонда сертсіз де сөзіне сенемін (Ғ. Мұстафин);
сертшіл — антына, уәдесіне берік адам, антшыл, уәдешіл. Еркін сертшіл жігіт еді (Ғ. Мұстафин). Жан едім мен де сертшіл Далада өскен. Сен дағы жалтармадың, Жолды кестің (К. Салықов).
شرع (шар‘ун)шарғ — 1) діни. заң; 2) шариғат. Шын шариғат бұл емес, Еріксіз айдар құл емес. Ақшаға сатып шарғыны Халықты молда алдаған (Байдырақ). Апиын жеп, қилап шарғы ғамал еткен. Нешікте сар қоштықпен кетті он жетім (Шәңгерей). Малын берсе есімге Шарғыдан артық кесімге. Шарафаты болмаса, Жетім менен жесірге (Әбубәкір);
шарағат — 1)заң (объективтік өмірдің қандай бір болмасын құбылысының белгілі қалыпта көрінетін өзара байланыстылығы, бір-біріне тәуелділігі); 2) хартия (әлеуметтік мәні зор кейбір саяси документтер).— Қарақатын дегенде, Қарақатын, Үзіп-жұлып ала бер қанағатын! Ала жаздай байың кеп бір қонбайды, Қазақтың не ғыласың шарағатын! — деп ол қалжыңдайды (М. Әуезов). Қарақатын дегенде, қара қатын, Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шарағатын(Абай);
шарғи — 1)заңға, шариғатқа тиісті, оған қатынасы бар; 2) заңды, ашық, ресми; 3) заңдылық, шариғаттық. Жаһилдер ғалым сөзін тыңдамаған, Шарғиға мықтап белін байламаған. Хайуандар есебінде көрінеді, Асылына назар салып аңдамаған (Н. Наушабаев). Жаһил (дінсіз), шарғи (дін), фаруаз (наз), махрұм (құр), раббым қадар (құдіреті күшті құдай), ғазал (өлең) деген сөздердің қазақшасын алған қандай оңды болар еді, бірақ жарты ғасыр бұрын өткен Нұржан ақынға мұны айту, әрине, қиын (3. Қабдолов);
шарғы. Өнер өзі де мал, өнерді үйренбек — өзі де ихсан. Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғыға муафик болсын (Абай). Кәсібім — өлең емес, бала оқытқан, «Жыршы» деп сен айтасың бас ауыртып. «Халықтың болды, — дедім,— ұнағаны»,— Шарғыда бар деп пе едім осы бітік? (Нақып Қожа).
شرق(шарқун)шарық — шығыс (әлемнің төрт бөлімінің бірі — күн шығатын жағы). Шарық музыкасының не екенін жаңа ғана аңдадым, — дейді Ғалымжан (С. Сейфуллин). Әбілхайырдың Руссия қол астына кірудің мақсаты һәм де қазақ хандарының халық қасында күшсіз екендігі, саяси істердің қазақ һәм шарық халқының... (С. Торайғыров);
шарықлық — шығыстық. Шарықлық (шығыстық) — Алтын таудан ағатын өзен (С. Мұқанов). Жұпар қыз: «Арық қазып Шарықлықтан, Ұйғырлар шығыстағы «шөл» деп ұққан Ойпатын Лобынордың түрлентіп бер, Жемісті бақша өскен, егін шыққан (С. Мұқанов);
шарки —1)шығыс, шығыстық; 2) шығыс тұрғыны. Мұхаммед Бабур шығармасында араб-парсы тілдерінен енген сөздер бірсыпыра, мысалы: шарки (шығыс) (I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).
شركة (ширкатун) шіркет — 1)қоғам, серіктік, бірлестік; 2) жалпы мүлік, жалпы дәулет.
شروع (шуру‘ун)шұрүғ — 1) бастау, іске асыру, іске кірісу, қамдану, әрекет жасау, талаптану; 2) қастық. Бұл ғибраттан бір үлкені — намаз, ол намаздан әуелі таһарат алмақ, онан соң намазға шұрүғ қылмақ (Абай).
شريعة (шари‘атун)шариғат — 1) заң ережелері; 2) діни. ислам дінінің Құранға негізделген заңы. Молда көп, молда деген атын сатқан, Бас алмай, өтірік соққан шариғаттан(С. Торайғыров). Еңбексіз жиған малың емес адал, Шариғатта тағы жоқ, деген - пара ал. Шапқанда байдың ұлы болып жүрсің. Тоқтағанда болмасын түбі залал (Әріп);
шариғаттық — шариғатқа тиісті, шариғатқа жатушы. Суннизмде шариғаттық төрт ағым (мазхаб) бар. Олар сол ағымдардың негізін салушылардың аттарына байланысты ханифиттер (имам Әбу Ханифа, қазақша — имам Ағзам), маликаттер (имам Малик Ибн-Анас), шафииттер (имам аш-Шафи, қазақша - имам Шапиға), ханбалиттер (имам Ахмед Ибн-Ханбал) деп аталады («Қ. С. Э.»);
шариғатсыз — заңсыз. Алыпты екі жүз сом дегеннен соң, Байланды содан бері көңілге мұз... Іс ету шариғатсыз өз бетімен, Наданның жұмысы ғой құр білімсіз (Назым);
шариғатша — шариғат заңынша. Қажыға келіп, ауырып қалғандарға айтарлықтай медициналық жәрдем көрсетілмейді, шариғатша Меккеге барып өлгендер бақытты жандар болып есептеледі (М. Ысқақов);
шариғатшыл — шариғатты қатты ұстаушы, діншіл. Абай исламның шариғатшыл оқымыстыларындай, тек Алланы сүюмен ғана қанағаттанбай, «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде одан басқа» деп, ең жоғары санайтын Алламен қатар адамды да сүюге шақырады («Қ. С. Э.»).
шариятшыл. Өзі де хорезмдік қожа тұқымынан-тұғын, басы құмырадай боп шариятшыл(Д. Досжанов).
شريف (шарйфун) шәріп — 1) атақты; 2) мейірімді, адал; 3) ауыс. қасиетті, құрметті. Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп, Аштықтан өңі кеткен, беті де арық. Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр. Дегенде: «Құтты болсын айт — Шәріп» (С. Торайғыров). О, дарих, кәләм Шәріптің лебізі бал, көңілден шығарғандай ішкі шемен (Шораяқтың Омары). Жұрттың айтуынша, Ағатан қазірет - «Бұхар Шәріпте отыз жыл оқып, он екі пәнді тәмәм қып келген кісі» (С. Мұқанов);
шарип. «Екен — деп,— заһір мынау, заты шарип» «Төреге» түзу тұрып етті қызмат (Қаңлы Жүсіп). Шапақтың кешке батқан қызылындай Төрт құбылаң тең жаралған дегдар шарип(Ақан сері);
шариф. ...хадис шарифі(Абай). Мазари-шариф — Ауғанстандағы қала, Балх уәлаятының әкімшілік орталығы («Қ. С. Э.»).
шәриф. Неге десеңіз, қан төгусіз, тек тұрғанда бірнеше миллион халықтың өзі тілеп қосылуы Россия үшін үлкен шәриф еді (С. Торайғыров);
шаріф. Қарадан хан туған — өзіңсің... Мәсжідтің кәлам шәріфгері бір исмі Байтолла... (М. Әуезов). Айырған, асыл сәулем, сөздің парқын, Байқаған жаман-жақсы кісі нарқын. Тас та асыл, гауһардайын адам үшін, Нәсілің таза туған шәрфім(Әріп).
شريك (шарйкун)серік — 1)жолдас, серіктес, әріптес, бірге істеуші; 2) сыбайлас. Жақсы ат - жанға серік. Жақсы ит - малға серік(мақал). ...Бұрын жалғыз оқу еді іздегенім, Енді оған өлең жазу болсын серік(С. Торайғыров). Қамқор Ильич қасына ап серіктерін, Антантаның баспақ боп желіктерін, Қалай сақтап қаламыз деп отыр ма, Құтқарылған құлдықтан ерікті елін! (М. Мақатаев);
шерік. Бала-шағаң көбейіп, Көлемді-ақ боп өсерсің. Байқалмас шерік бірігіп, Жалғанның қамын жесерсің (Әріп).— Менің жарнамды сіз сатып алыңыз... Содан соң өзіңіз қалаған мөлшерде сіздің жарнаға мен пайда-шерік болып көрейін...— деді Ушаков (Ғ. Мүсірепов);
серіктес — достас, ортақтас. Маған «бәрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер еді (Абай). Қарағым, мен тоқуға айналдым, сен қалайсың? — деп серіктес баламның бүйірін түрттім (М. Сатыбалдиев);
серіктесу — ортақтасу, бірлесу. Серіктескен коллектив Мәйегі боп шаруаның, Жаңа өмірге рет қып Ел еңбегін сүйіп тұр (І. Жансүгіров). Сөйтіп екеуі шала орысша тілмен жөн сұрасып, жөндері бір болған соң, серіктесіп бірге жүре берді (С. Сейфуллин);
серіктік — жолдастық, ортақтық, бірлестік. Алты қырдан асса да, Сөздеріңді сыйлаймын, Тек қалауым сіздерден: «Серіктікті» милаймын, Сіздерге әкеп шашуға, Ілім, білім жинаймын (С. Торайғыров). 1929 жылы мен... ауылда бірлесіп егін салатын серіктік ұйымдастырдым (С. Көбеев). Егерде бұл кісілер серіктікке жарамаса, бұл куаныштың болмай қалуы да мүмкін еді (Ә. Әбішев);
жолсерік — жолы бір (адам). Жолаушы қанша жол жүрсе, соған орай соншама жолсерік кездеседі (Н. Сарғожаев). Жолсерік қыз оларды көп бөгелтпестен, алаң ортасындағы Шоқан ескерткішіне қарай алып жүрді (Ж. Бейсенбаев).
شط (шаттун)шатт — 1)жаға (өзеннің, теңіздің), жиек, жағалау; 2) үлкен өзен, дария. Бұл сөз шаттол-араб сияқты сөздерде кездеседі.
شطرنج (шатранжун)шатыраш — шахмат. Шатрандж — арабша шахмат (Л. Будагов). Шатыраш сөзі түркі тілдеріне араб тілінен енген. Бертін келе бұл сөздің мағынасы дойбыға айналған (Ж. Болатов). Терезелер алдынан да шатыраш тақтасы көзге түспеді (Ғ. Орманов). Дойбының шатыраш үйіндей бөлек-бөлек қылып, төбесін жауып қойған (С. Шарипов);
шатраш. Бұл еңбекте шатраш ойыны жөнінде де жазылған (Ә. Жиреншин);
шатырашшы — шахматшы. Маңындағы шатырлардан шатырашшылардың бірін шақырайын деп еді, әдеттегіше ойынның қызығына түсіп кетіп, жолдан қалармын деп қауіптенді (Айбек).
شعر (ши‘рун)шиғыр — өлеңдер, поэзия. «Шиғыр» — арабша өлең деген сөз (С. Мұқанов). Бұлардың ішінен тақырыбы, мазмұны, көлемі жағынан айтуға тұрарлықтары... «Мәшһүр шағыр Ақмолданың Мәрсиясы және басқа шиғырлары» (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Шиғыр дұрыс, насихат қабыл болса, Иесі қадіри хал ғылым болса. Естіген адамдарды жылатқандай, Уағыз бен ғибраты шәмил болса (Ақмолда). «Кәлам фи шиғыр уа қауафи» — «Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы кітап» деген Фарабидің бір кітабының аты (А. Машанов).
шұғыласыз — нұрсыз, сәулесіз. Жаныңды жарқын болса, жазғы күндей Жайната, жадырата тербетейін. Шуақсыз, шұғыласыз сұрғылт болса, Жасанта, жалтаңдата жерлетейін (Тілеген);
шұғлалану. Жылтылдайды шалғайда қақ, Шұғлаланып сап күмістей, Көк күмбезде бұлт ыдырап, Желпілдейді ақ бүлістей (Қ. Шаңғытбаев);
шұғылалану — жалындану, сәулелену, нұр шашу, нұрға бөлену. Соғыстан кейін көрдім Қазақстан Тау шыңы шұғылаланып, тұр нұрланып (А. Тоқмағамбетов);
шұғлалы. Ай аймалап жайды құшақ, Шұғлалы нұр ақты күннен, Айнала шат, гүлге оранып, Құндақталдым өлең-жырмен (А. Тоқмағамбетов). Осы сәт асқақ жырменен Күрең перде ашыла, Шұғлалы шығыс іргеден Жарқ етті байтақ сахна (Ә. Сәрсенбаев);
шұғылалы — нұрлы, сәулелі. Самғатып әлемге айқын жер жұлдызын, Жадырап жайнай түсті жарқын жүзім. Еш күш жоқ тоқтататын біздің жолды Алдымда - шұғылалы Коммунизм (Серік). Күле туған шұғылалы таңыңды, Күндегендей есебінен жаңылды. Нұрада өскен батыр қазақ жүрегі Жау үстіне снаряд боп жарылды (Ә. Сәрсенбаев).
شغل (шуғлун) шұғыл – 1)кәсіп, іс, жұмыс, 2) ауыс. кенет, тез, жедел. Абай айтқанына өкінгендей боп, шұғыл айналып бұрылып кетті (М. Әуезов). Партия қойды алдыңа шұғыл міндет, Сыннан өт, сылдырамай, сынбай қырың (М.Хакімжанова);
шұғылдану — бір іспен әрекеттену, жұмыспен айналысу. Институттың кадрлары ғылыми-зерттеу жұмысымен де шұғылданады(С. Мұқанов). Нәсіпті шұғылдандыр, жатпа босқа, Ашуды қой, серік бол ақыл — досқа. Егер де бетіменен қоя берсең, Сені ол шұғылдандырып қылар шошқа (С. Торайғыров);
шұғылданушы – бір іспен әрекеттенуші, бір жұмыспен айналысушы. Расында, соңғы жылдары абайтану ғылымымен шұғылданушы кейбір әдебиетшілеріміз бен зерттеушілеріміз «бір айтқанын қайта-қайта айтудан» аса алмай жүр (А. Сатаев). «Ауыл шаруашылығы экономикасы терминдерінің қысқаша сөздігі» ауыл шаруашылығы экономикасы мәселелерімен шұғылданушыларға жасалған зор көмек болмақ («С. Қ»);