Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Қазіргі замандағы Қазақстан



бет12/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
1.4 Қазіргі замандағы Қазақстан

ХХ жылдардың 90 - жылдарындағы дағдарыс Қазақстан халқының саны мен демографиялық үрдісінде көрініс тапты. 1995 жылға дейін халықтың табиғи өсімі 1995 жылдың қаңтар – қараша айларында 102,4 мың адамды құраса, бұл көрсеткіш 1994 жылғымен салыстырғанда 24,6 пайызға төмендеді. 1995 жылы 11 ай ішінде Республикада 254,8 мың бала дүниеге келсе, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендегенін көрсетеді. Республика бойынша туудың жалпы коэффиценті 1994 жылмен салыстырғанда 18,1 – ден 15,9- ға дейін төмендеді. Сонымен бірге адамдар өлімінің көрсеткіші өсуде- 145,9 мыңнан (1994 жылы қаңтар- қараша), 152,4 мыңға дейін (1995 жылы қаңтар- қараша). Өлімнің жалпы коэффиценті 1 мың адамға алғанда 9,4 - тен 10,4 дейін өсті. Республика бойынша сәби өлімі бір жасқа толмаған 1 мың нәрестеге алғанда 25,4 – ке дейін жетті.

Қазақстан Республикасындағы орташа өмір сүру жасы 1990 жылдан 1995 жылға дейінгі аралықта 4,7 жылға қысқарды. Осындай көрсеткішке дейін жету Қазақстан тарихында соңғы 35 жыл ішінде болған емес. 1991-1996 жылдар арлығында барлық білім беру мекемелерінде елдегі білім алатын халық саны азайды. Мысалы, 1991 жылы олардың саны 5763 адам болса, 1996 жылы - 3531 адам еді. Яғни 1991жылдан 1996 жылға дейін Қазақстандағы білім алатын адамдар саны 39 пайызға қысқарған. Мұндай көрсеткіштер Республика халқының сауаттылығы мен білім деңгейінің төмендеуінің көрінісі еді.

1995 жылы 1- қаңтарға алғанда Қазақстан халқының саны 15 млн 860 мың адамға жетті.

Халық санының азаюының басты себептері - туудың азаюы мен өлімнің өсуі, сонымен бірге миграциялық ауысымдар шиеленісуі. Бірақ, 1995 жылдың өзінде мемлекетаралық миграциялық үрдіс төмендейді: 1995 жылдың тоғыз айы ішінде халықтың миграциялық шығыны 198,6 мың адамға дейін жетіп, 1994 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 35,5 пайызға дейін төмендеді. Мигранттардың көп саны ТМД елдеріне кеткен: 1995 жылдың бірінші жарты жылдығында Ресейге 106,6 мың адам (91 %), Өзбекстанға 3,7 мың (31%), Украинаға 3,5 мың адам (3 %). Сонымен бірге Республиканың ұлттық құрамы да бірқатар өзгерістерге ұшырады, кейбір облыстар кілең қазақтар мекендеген аймақтарға айналды. Осылайша олар Қызылорда облысы тұрғындарының 93 %, Атырау - 88%, Маңғыстау – 74 %, Ақтөбе - 69%, Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында – 66% құрады; басқа облыстарда да қазақтар саны өсе түсті. Республика халқының ішінде қазақтар саны жыл сайын өсуде, мысалы, 1994 жылы олар 44,3%, 1996 жылы 50,6%, ал 1999 жылы 53,4 %- ға дейін жеткен.

Сонымен бірге қазақтар санының өсуі ұлтаралық қатынастарының шиеленісуіне әкелмеді, осыған себеп болғандардың бірі 1992 жылы желтоқсанда Қазақстан халықтарының келісім мен бірлігі Ассамблеясы құрылды да, 1995 жылы наурыз айында Қазақстан халықтарының Ассамблеясына реорганизацияланды да елде тұрып жатқан халықтардың мүдделерін қорғайтын Президент тұсындағы консультативті - кеңес органы болып табылады. 2003 жылдан бастап ел экономикасы тұрақтанғаннан кейін Қазақстанға жақын орналасқан шет елдерден ғана емес, сонымен бірге Германия, Греция және т.б. елдерден қайта миграция үрдісі жүріп жатыр. Осындай жағдай нәтижесінде 2004 жылы Қазақстандағы жалпы халық саны қайтадан 15 млн адамға дейін жетті.

Қазіргі кезде қазақ этносы Орталық Азияның түрік - монғол халықтары ішінде өзбектерден кейін екінші орында. Осылайша Қ.Р - ның статистика агенттігі бойынша 2003 жылы қазақтардың жалпы саны 11 млн адам, олардың ішінде Қазақстан ішінде 7 млн. 985 мың қазақ тұрып жатыр.

Таяу шет елдерде 1814300 қазақтар өмір сүруде, оның ішінде Өзбекстанда - 960200 адам, Ресейде - 687800, Түркменстанда - 87600, Қырғызстанда - 42600, Украинада - 10500, Тәжікстанда - 10000, Әзербайжанда - 4000, Грузияда - 3000, Молдовада - 2000, Арменияда - 500, Белорусияда - 300, Қиыр шетелде: Қытайда - 1258500, Монғолияда- 83000, Ауғаныстанда - 28 000, Түркияда - 20000, Иранда - 3450 адам, Балтық елдерінде 2500, Германияда - 700, Жапонияда - 40, Австралияда - 40, Бельгияда - 28, Сауд Аравиясында - 28, Норвегияда - 20, Кубада - 2. Барлығы - 1476228 адам. Сонымен қатар Францияда 172 отбасы, Швецияда - 51 отбасы, Пәкістанда - 36 отбасы, АҚШ - 23, Австрия - 18, Швейцария - 4 отбасы, Данияда - 4.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет