Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет31/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Терме және қақпа алаша. Алдымен алашаға арналған жүнді іріктеп алады. Ол үшін түйе жүні немесе қой жүні (жергілікті қандай мал өсетіне қарай) керек. Қойдың жабағы жүні май айында қырқылады. Жүн қырқылып алынғаннан кейін шөп-шаламнан, көң-қооқыстан әбден тазартылып, бірнеше рет кір сабынмен жуылып, ең соңында салқын сумен шайылады. Егер қырқылмас бұрын қой тоғытылған болса, онда жүнді жумаса да болады. Себебі жүн сабаудан өткізіліп, түтіліп, иірілген кезде ұсақ-түйек қиқымдарыан тазарады.

Жүнді алашаға жеткілікті мөлшерде жинап алғаннан кейін, сабаудан өткізбес бұрын ақ жүн өз алдына, қара, қоңыр т.б түсті жүндер өз алдына бөлек-бөлек жиналады. Бұл – жіпті бояу үшін керек. Осылайша дайындалған жүн рет-ретімен сабаудан өткізіліп, түтіліп, шүйкеленеді. Шүйкенің үлкендігі 200-300 грамнан аспауы тиіс, өйткені, шүйкенің көлемі үлкен болса ұршық иіргенде қол тез шаршайды. Ал иірілген жіп 500 г болғанда, ұршықтан суырылып тасталуы керек. Себебі ұршық ауырлап кетсе, жіп үзіліп, қол байлау болады. Бұл әр домалақтағы жіп мөлшерін біліп отыру үшін де қажет.

Жүн түгел иіріліп болған соң екі домалақты бірге тіндеп ширатады. Ширату деп ұршықты иіруге қарама-қарсы бағытта толғай отырып, жіпті пысытуды атайды. Ширатылған әр домалақтың салмағы 1 кг мөлшерінде болу керек. Домалақтың саны тоқылатын алашаның ұзындығына байланысты болады. Мысалы, 12 құлаш алаша тоқу үшін 12-13 домалақ қажет.

Енді осы домалақтарды келептеп, бояуға әзірлейді. Жіпті келептеу үшін арасы 50 см мөлшерінде қағылған екі қазық алынады. Жіптің бірінші ұшын қазықтың біреуіне байлап алып, екі қазықты орай айналдырып отырады. Бір домалақтағы ширатылған жіпті түгел осы екі қазықтың сыртынан орай айналдырып шыққаннан кейін жіптің қазыққа байланған бастапқы ұшын босатып, келепті белінен және соңғы ұшымен екінші жерден буады. Сонда келепті бояп кептіргеннен кейін қайтадан домалақтау оңай болады. Енді келептелген жіптерді түс-түсімен бояуға кірісеміз.

Қазанда қайнап тұрған суға әбден ерітілген бояуды құямыз. 1 кг (1 келеп) жіпті бояу үшін 5 литр суға 15-20 грамм бояу керек. Жүнге арналған бояу ұнтақ күйінде немесе таблетка түрінде болады. Бояуды қазандағы суға міндетті түрде ерітіп құю керек. Өйткені ерімей қалған бояу түйіршігі кетсе, жіп ала-құла болады. Бояуы қанық болып, жіпке жақсы сіңіуі үшін 1 литр суға бір шай қасық мөлшерінде сірке суы құйылады.

Қазандағы бояуы бар су қайнап жатқанда, су көлеміне қарай келептерді бір-бірлеп салып, ағаш қалақпен батыстыра отырып, судың мөлшерден аз болмауын қадағалайды. Себебі су аз болса, жіп қазанның түбіне жабысып қалуы мүмкін. Сонан соң 10-15 минут қайнатқаннан кейін қазанның қақпағын жауып, астындағы отты сөндіріп тастайды. Келептерді осы күйде 10-15 минут бойы бұқтырады. Қалпақ көтеріліп, бу шығып кетпес үшін оны ауыр нәрсемен бастырып қояды. Белгілі уақыт өткеннен кейін келептерді аудастырып, жіптің бояу алғандығы тексеріледі. Ол үшін бір немесе бірнеше тал жіпті қалаппен көтеріп алып шымшып көреді. Бояуды жақсы алған соң жіп солғын тартпайды.

Сөйтіп, боялған келепті бір-бірлеп таяқшамен көтеріп, суын сорғытып бір ыдысқа салып отырады. Боялған жіп әбден суығанша буы шықпайтындай етіліп ыдыстың бетін жауып қояды. Суыған келептерді көлеңке жерге іліп сорғытып кептіреді. Келептің арасына ауа кіріп, біркелкі кебуі үшін келепті буған жіптердің орнын ауыстырып отыру керек. Әбден кепкеннен кейін келептерді әлгі екі қазыққа кигізіп, белін буған жіптерді шешеді де, үстіңгі ұшын алып келепті қайтадан домалаққа төгеді. Домалақталған жіп өрмек құруға ыңғайлы келеді.

Алашаның жууы қиын болғандықтан, ақ жүнді міндетті түрде бояйды. Ақ жүн қандай бояуды болмасын жақсы алатыны белгілі. Ал, боз, көк шулан жүндерді кез-келген бояуға салуға болмайды. Боз жүнді қызыл, сары түске, көкшулан жүнді көк, жасыл түрге бояйды. Жүннің табиғаи түсі қара болған жағдайда оны қызыл, жасыл, сия көкке бояуға болады. Бірақ мұндай жіптен тоқылған алаша бояуы көмескі болады. Көбінесе табиғи түр деп алашаның астыңғы бетіне жасыл түсті жіпті жүргізеді. Алаша тоқылған кезде (әсіресе, гүл теруде) қызғалдақты жайлау көзге елестейді. Ал, жапырақ теруде көзге елестейді. Ал, жапырақ теруде керісінше, астыңғы бетіне жасыл немесе сары, үстіңгі бетіне қызыл немесе көк жіп алынады.

Түрікпен теру, жүз теру тоқылғанды қолда бар бояуларды қалауынша пайдалана беруге болады. Өйткені бұл терулердің негізгі өрнегі шаршыны бойлай жарыспалы ботамойын немесе қарсы қошқармүйіз оюлары, самауырынша, бауырсақ, көзше, құстаңдай деп аталатын өрнектер.

Бұл өрнекті шебер тоқитындар өрнек жүргізген кезде жіп санымен ( күзуде отырып) есептеу арқылы әр өрнекті бір түс жіптен шығаруға тырысады.

Өрмек жүгіртуге 3-4 адам керек. Бос алаңға тең бүйірлі үш бұрыш формасында үш қазық қағылады. Қазықтардың ара қашықтығы өрмек жібінің ұзындығына, яғни тоқылатын алашаның көлеміне қарай есептеледі. Үш бұрыш қабырғаларының ұзындығының қосындысы өрмек ұзындығына тең болады.

Қазықтар жерге мұқият қағылып, жіп төгілген кезде қисайып босап, суырылып кетпеуі қарастырылады. Сондай-ақ қазық бос қағылса, өрмек жібінде селкеу пайда болады. Селкеу деп өрмек тоқылғанда бір немесе бірнеше жіптің әлдеқалай босаң шығуын айтады. Ондай жіп тоқылған кезде өрмекті әрі қарай тоқуға бөгет жасайды. Өрмек жібі тартылып, түп- түзу болу керек.

Өрмекті құрған кезде тең бүйірлі үшбұрыш табанының тең орта тұсына ағаш қазық қағып, осы жерден күзу байланады. Ағаш қазықтың диаметрі 2-3 см, ұзындығы 0,5 м болуы керек. Енді ағаш қазыққа параллель етіп, ішкі жағынан көтеру ағаш немесе ши қазық, оған жапсарлас қылыш қағылады.

Күзу байлайтын адам ағаш қазықтың сыртында отырады. Күзу жіпті ешкінің қылынан жіңішке екі тін иіреді, сосын ширатып, күні бұрын дайындап қояды. Бұл мықтылық жағын қарастырады. Егер ешкінің қылы болмаған жағдайда орнына көңгей жіп (зығырдан жасалатын жіп) пайдаланылады. Жібек жіпті пайдалануға болмайды.

Күзу жіп ағаш қазыққа (күйеу ағашқа) байланады. Одан кейін сол ағаш қазыққа екі айналдырып, қазықбау шалып бекітеді. Өрмекке жүгірілетін жіптің ұшын оң қол жақтағы темір қазыққа байлап, тең бүйірлі үш бұрыш етіп қағылған темір қазықтарды орай сағат тіліне қарсы бағыта жүгіреді. Күзу ағаштың тұсына келгенде, ағаш қазық пен ортаңғы ши қазықтың арасынан өткізіп, сол бағытымен өріс қазықтарынорай жүгіріледі. Екніші жіп (бөлек түс) әлгі бағытпен жүгіртіліп келеді де, қылышпен ши қазықтың арасынан түседі. Осы жерде күйеу ағашқа байланып, екі орап бекітілген күзу жіпті көтеру ағаштың сол жағы арқылы қылыштың оң жағынан өрмек жібінің астынан алып, енді көтеру ағаштың оң жағы мен күйеу ағаштың сол жағынан орай шалынады. Ал үшінші рет жүгіртілген өрмек жібі бірінші жіптің үстінен түседі, яғни күйеу ағаш пен көтеру ағаштың ортасынан өтеді. Төртінші жіп екінші жіптің үстінен түседі. Ал күзу жіп алдыңғы бағытымен, яғни күйеу ағаштың басына шалынып ұрған жіп, ортадағы көтеру ағаштың сол жағымен қылыштың оң жағынан өрмек жібін қосып орай көтеру ағаштың басынан шалынады. Өрмек жүгіруде 1 адам күзу байлап отырады, екі түсті 2 домалақ жіпті 2 адам жүгіртеді. Ал үшінші адам өрмек жіптерін, қазыққа кигізіліп, жүгіртілген жіптерді тексеріп тұрады. Осылай өрмек жібі жүгіртіліп болғаннан кейін, өрмек жібінің ең соңғы ұшын (әр түсті жіпті өз ұшына) қазыққа бекітулі алдыңғы ұшына әкеліп жалғайды. Ал күзу жіпті күйеу ағашқа екі шалып бекітеді. Сонымен өрмек жүгіртіліп бітеді.

Жүгіртілген өрмек жібі шатыспау үшін 5-6 жерден буылады. Күзу байлаған қазықтарды жерден суырып, күйеу ағаш пен көтеру ағаштың екеуін қосып екі басынан көтеру жіп байлайды. Содан кейін қылышты суырып алмай тұрып, серу байланады. Серу ағаштың ұзындығы өрмек еніне байланысты. Өрмектің ерсі және қарсы жіптеріні арасынан (күзуден бір құлаштай ілгеріден) өткізілген серу ағашқа өрмек жіптері таратылып байланады. Серу байлауға көңгей жіп пайдаланылады. Шеткі жіптер 2 жұптан байланады. Серу екі адам – бірі байлап, екіншісі серу ағаштың келесі ұшын тіреп, жіптердің орын тәртібі ауысып кетпеуін қадағалап отырады.

Тоқылатын өрмекті 12 құлаш деп еболсақ, тоқыған кезде екі қабатталып жататынынң ескеріп, ұзындығы 5-7 метр жерге құрылады. Кез-келген үйден 5-7 метрлік бөлме табыла бермеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда өрмектің алдыңғы жағынан керекті қашықтықта жіңішке арқанмен мықтап буып тұйықтайды да,о осы тұйықтан темір қазыққа іліп алашаның тоқылатын бөлігін тартып кереді. өрмектің артына 2 қазық қағып, өрмектің артқы тұйығына жұмыр ағаш кигізіп, осы жұмыр ағаштың өрмекенінен шығып тұрған екі жақ шетінен арқан байланады. Арқан әлгі екі қазыққа тартып бекітіледі. Енді осы құрылған өрмекті тоқуға әзірлейді.

Тоқып отырғанадам өрмектің артқы жағына, көтеру ағаштан 0,5 метрдей шамасында ерге орналасқан адамша, жүресінен отырады. Алашаның тоқу ыңғайлы болуы үшін астын сәл биіктетіп (10-15 см шамасында) отыруына да болады. Тоқу үстінде үнемі, ара-тұра үзіліс жасап отырған абзал.

Күзу мен серудің арасынан адарғы өткізіледі. Ал күзу мен тоқылыстың ортасынан астыңғы, үстіңгі жіп арасынан қылыш қойылады. Қылышты қырынан қойып, бір тал ши өткізеді. Ши салғандағы мақсат – бірінші тоқылыстың тегіс түсуі. Қылышты суырыл алып, адарғыны көтеріп шатыс түсіреді, яғни бұл жағдайда астыңғы жіп пен үстіңгі жіп керісінше түсіп, орын ауыстырады. Яғни астыңғы жіп үстіңгі жіп астына шығады. Көтерілген адарғыны жығып, алынған шатысты қылышпен 3-4 рет ұрады. Яғни жіптің айқасып тұрған жері мен күзу ағаштың ортасынан қылышты өткізіп (астыңғы және үстіңгі жіп аралығынан), жаңағы ши салған жерге дейін қылышпен қағылады. Осылайша бірінші тоқылыс түсті делік. Енді арқау өткізіледі. Арқау салғаннан кейін теру басталады. Арқау өткізгенде де, бастап тергенде де қылыш қырынан тұрады. Арқауды өрмектің шетін сол қолмен шымши ұстап өткізуге дағдылану керек. Бұл өрмектің шеткі жібі тартылып не қайырылып қалмауын қамтамасыз етеді. Егер арқау өткізілген жақтағы шеткі жіп ішке қарай тартылып тұрады. Ал арқау бос болса, тоқылыс сылбыр түседі де, алашаның еті қайырылып қалады.

Терме алаша тоқылғанда басты нәрсе - әр түрдің өрнегін жіп санымен теріп отырып шығарады. Теру ағашты ілгері ысырып қойған соң , арақу өткізіп қағылады. Одан кейін шатыстың айқасу ретіне қарай тартылып тұрады. Ал арқау бос болса, тоқылыс сылбыр үседі де, алашаның шеті қайырылып қалады.

Терме алаша тоқылғанда басты нәрсе - әр түрдің өрнегін жіп санымен теріп отырып шығарады. Теру ағашты ілгері ысырып қойған соң, арқау өткізіп қағылады. Одан кейін шатыстың айқасу ретіне қарай адарғыны көтеріп немесе қылышпен тарап алынған шатыс 3-4 рет қағылады. Қағыс сылбыр болмауы керек. Сондай-ақ шамадан тыс оқыс күшпен де қағуға болмайды. Онда жіптің үзіліп кетуі мүмкін.

Терме алашаны өрнегіне байланысты тереді. Басталысы: ішкі және сыртқы желіні бойлай орналасқан сыңар қошқар мүйіз оюлы, кі үлкен, екі кіші самауырыншалы үлкен және кіші шаршыдан тұратын жүз теру термесі бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет