Жыртқыш құстармен аңшылық. Аңшылықтың ең таралған және ең ыңғайлы түрі – жыртқыш құстармен аң аулау болды. Орталық Азияда және Қазақстанда аңшылыққа көбінесе бүркіттерді, сұңқарларды /ястреб, сокол/ қолданды. Аңшылыққа әр аңды аулау үшін құстардың арнайы түрлерін алған. Мысалы, қасқырға, түлкіге, қарсақтарға, тау ешкілеріне бүркітпен барса, қаздарға және т.б. құстарға қарақұспен барса, қалған кіші аңдарға сұңқармен барды. Қарақұс, ястреб, сұңқарлармен аңшылық байлардың уақыт алу ермектері болған. Ал кедейлер бүркітті асырап, аң аулап, өздерінің отбасыларын асыраған. Жақсы үйретілген жыртқыш құстар қымбат тұрды: мықты бүркіттер 5-6 түйе, сұңқар – 1-2 түйе, ястреб – оданда арзандау.
Жыртқыш құстарды кішкентай кезінде ұялардан алған немесе аулаған. Ұсталған құстың басына томаға кигізіп, шошынудан сақтаған. Құстарды үйрету 4 кезеңнен тұрды: ұстап, баулу, үйрету және тәжірибелеу. Құстарды үйрету оңай шаруа болған жоқ. Оны арнайы жаттықтыратын құсбегілер болды. Ұсталған құстарды киіз үйлерде ұстаған. Оларды халық екі түрге бөлген: ақпейіл және қыңғы. Ақпейіл құстар жаттығуға тез үйреніп, қолды болып кеткен, ал екінші топтың құстары шыдамды және ұзақ жұмысты қажет етті. Денелеріндегі артық майдан арылту үшін оларды ақ жем мен бөртпемен тамақтандырған. Артынан ұзын және шолақ бауларды пайдалану арқылы үйрете бастаған. Алдымен құсты атын естігенде дыбыс беруге, аңшының шығарған дауысына құлақ салуды және оның қолына келіп қонуға үйретеді. Жаттықтыру кезінде өлген немес қолдан тігілген жануарлар макеті қолданылады.
Қыран құстардың көпшілігі алғаш ұмтылғанда жемін ілмесе, оны қайтып қумайды. Қаршыға деген құс болса, керісінше, қашан ілгенше тепеңдеп қуа береді. Қаршыға да қазақ саятшыларының көп ұстайтын құсы. Кейбіреулер «жігіт сұлу көрінбес қаршыға алмай» деген ақылға сүйеніп, оны сән үшін де ұстайтын болған. Қырғи – тым ұсақ құс. Алатыны да бөдене, торғай сияқты өте кішкентай құстар. Бөдене қалың шөптің арасында бұғып отырады, не жорғалап жүреді. Сондықтан қырғиды көбінесе пішеншілер ұстап, шөбі шабылған жердегі бөденелерге салады. Өйткені күзге қарай бөденелер семіз болады. Оны көбінесе ер балалар ермек етеді.
Бүркіт, әрине, аң атаулының адалына да, арамына да түсе береді. Ал, ұсақ аңдардан қоян, киік, елік сияқты адалдарына, қарсақ, борсық сияқты арамдарға түсе беретіні болады. Мысалы, қаршыға, лашын, ителгі сияқтылар, киік, елік сияқты аңдарға түсу үшін, оларға осы аңдардың мүйіздерінің арасынан жем беріп, үйретеді. Соған үйреніп қалған құстар дала аңдарына да ұмтылып, мүйіздерінің арасына қонады да, жем іздеп шұқылайды. Одан жасқанған аң жүгіре алмай қалады. Сол сәтте аңшы барып қолына түсіреді.
Қарумен аңшылық. Қазақстанда қару аң аулау кең өріс алмады. Өйткені, біріншіден қарудың таралымының аздығынан, екіншіден мұндай қаруларды ұстауға рұқсат берілмегендіктен. Қаруларды ұсталар жасаған және ортаазиялық қолөнершілерден сатып алып отырған.
Қазақстанда кең таралған қара мылтық, мысық құлақ мылтық кең таралды. Бұл мылтықпен ату үшін көп керек болған. Аңшы ат үстінен түсіп, мылтықты иығына мықтап қойып, тұтатып, артынан бірақ көздеген. Атылатын порох Бұхарадан, мырыш Ресейден әкелінген. Аңшының міндетті құралы кісе болған. Оған арнайы дорба тіркелген, онда артық мылтық бөліктері жатқан.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоныстанушылардың келуімен бірге қосауыз және т.б. мылтықтың түрлері келеді. Мергендер аңға көздегенде жақсылап, екінші қабат атпайтындай етіп атады, өйткені оларға бұл құралдар қымбатқа түскен.
Қарумен аңшылық жалғыз да, топпен де жүрді. Топпен аң аулау кең таралмаған және тек тұяқтыларға барғанда қолданылған. Аңдарды көбінесе аран әдісімен, тығырққа тіреу арқылы ұстаған. Арқарлар мен тау ешкілеріне абайлап барған. Оларды 500-600 қадам жерден атпаса, олар қашып кетіп отырған.
Қарудан басқа қақпанмен, аулармен, ілмектермен аң аулау түрлері болған. Қақпанды ірі аңдарға қойса, ау мен ілмекпен ұсақ аңдарды аулаған. Қақпанмен аулау үшін аңдардың көп жүретін орнының, өмір сүретін мекенін білу керек болды. Әр аңға арнайы жасалған қақпандар болды, оларды ұсталар жасады, немесе көпестерден сатып алып отырды. Қақпандарды суалатын орындарға барар жолда, т.б. жерлерде орнатып, бетін жасыл шөппен немесе т.б. заттармен жауып қойып отырған.
Әр түрлі әдістер арқылы жылына көп мөлшерде аңдар ауланып отырды. Аңдардың терілерін сату арқылы қазақтар қызу садаға түсіп отырды. ХҮІІІ ғасырда қазақтар жыл сайын Орынбор мен Троицкке 30-дан 40 мыңға дейін түлкі терілерін, 40-50 мың қарсақтың терілерін сатуға әкеліп отырған. 1890 жылдан 1900 жылға дейін Жетісуда 21 088 қасқырдың, 49 767 түлкінің, 23 426 борсықтың, 810 аюдың терілерін дайындады. Бұл тек жазба деректер, шынында жазылмайтын басқа сауда жұмыстары жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |