Бекітемін: Келісемін: Қаралды: №1 хаттама
№77 ЖББ орта мектеп Директордың ғылыми-әдістемелік Бірлестік жетекшісі:
директоры А.Шагирова ісі жөніндегі орынбасары: Н.К.Байдрахманова
_______________ Н.О.Кармысова __________
«___» _________ 2024ж
« » ____________ 2024ж «____» _________ 2024ж
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Пән мұғалімі: Байдрахманова Назгуль Кенжегалиевна
Мектеп: №77 жалпы білім беретін орта мектеп
Пән: Ағылшын тілі /таңдау/
Сынып: 11 «Ә» /қгб/
Ақтөбе қаласы
2024-2025 оқу жылы
Бағдарламаның мазмұны.
Курстың мақсат,міндеттері.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Қосымшалар мен түзетулер.
Түсініктеме хат
Қазіргі таңда мектепте арнайы қолданбалы курстар жүргізу аса маңызды қажеттілік болып табылады. Сонда ғана оқушылар шет тілінен базалық деңгейде игерілуі тиісті білімді алып шығады.Сондықтан 10 сыныпта ағылшын тілі пәні бойынша
« Family traditions in Kazakhstan and Britain» қолданбалы курсы ұйымдастырылды.
Бағдарлама бойынша апталық сағат саны 10 – сыныпта - 1 сағат, барлығы - 34 сағат бөлінген.
Oқушылардың жас ерекшелігі бойынша тақырыптар таңдалды. Сабақтарда негізінен түпнұсқадағы материалдарды пайдалану басты орын алды. Ол материалдар оқушыларды қызықтыратындай, шет елдердегі салт-дәстүрлер,отбасылық дәстүрлер шындық өмірінен алынған.Кейбір материалдар оңайлатып бергеннің өзінде де олар бастапқы түпнұсқалық ерекшелігін, мағынасын жоғалтқан жоқ.
Салт-дәстүрлерге байланысты сөздер,сөз тіркестері,көп мағыналы сөздер,мақал-мәтел,наным сөздер алынды. Басқа елдің мәдениетін көрсететін \музыкасы, театры, әдебиеті,фильмдері,радио,газеттері\ мәтіндер қамтылды.
Бөтен елдегі жастардың мүмкіндіктерін,көзқарасы,нені қадірлеп, қастерлейтінін, өмір сүру , оқу т.б. жайттарды оқушылар өз еліндегі жағдаймен салыстырады,олар туралы тұжырымдар жасап,өз көзқарасын білдіреді.
Курстың басты мақсаты:
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде ағылшын тілінен алған білімдерін тереңдету.
Ұлыбританияның салт – дәстүрлермен және мәдени өмірімен таныстыру.
Курстың негізгі міндеттері:
1) пәнаралық байланыстарды (тарихи оқиғалар, әдебиет, өз елінің мәдениеті т.б.) қолдану арқылы тілдік білімді кеңейту;
2) оқушыларды әлеуметтік, лингво-мәдени, тұлғалық қасиеттерін нығайту, өзге өмір қалыптарын, өзге таным мен сезім жүйесін бағдарлау қабілетін дамыту, тақырыптағы әлем мәдениетін оқушылардың түсінуі, әлеуметтік мәселелерге сыни көзбен қарау;
3) ағылшын тілін танымдық және қарым-қатынас құралы ретінде қолдану, тілдік тәжірибеде жетілдіру (сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, жаңа ақпараттық құралдардың көмегімен);
4) ағылшын тілін меңгеруде оқушылардың белсенділігін ары қарай дамыту, өзін -өзі бақылау мен бағалауға дайындау, сонымен қатар оқып жатқан тілін, білімін жалғастыру мақсатында қолдану.
Курстың ұйымдастыру формасы
Сабақ, сайыс, зерттеу жұмысы, жоба жұмысы,лекция.
10-11сынып
« Family traditions in Kazakhstan and Britain »
\Қазақстан мен Ұлыбританиядағы отбасылық салт-дәстүрлер\
Аптасына -1 сағат,барлығы – 34 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |