Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің



Pdf көрінісі
бет141/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

5.6 Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің
деңгейін бағалау 
Мақсаты

бұл әдістеме тұлғаның шығармашылық әлеуеті-
нің даму деңгейін сипаттайтын, тұлғалық қасиеттердің немесе 
олардың көріну жиілігінің өзіндік бағасын анықтауға көмекте- 
седі. 
Нұсқау
:
Берілген 18 пайымдаудың барлығын 9 баллдық 
шкала бойынша бағалаңыз. Таңдаған бағаны шеңбермен белгі-
леңіз. 
Тест сұрақтары 
Бағалар шкаласы 
1. Бастаған ісіңізді қаншалықты соңына дейін жиі 
жеткізе аласыз? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
2. Егер барлық адамдарды логиктер және эвристик-
тер, яғни жаңа ойлардың генераторлары деп бөлуге 
болатын болса, онда қаншалықты деңгейде сіз жаңа 
ойлардың генераторы боласыз? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
3. Қаншалықты деңгейде сіз өзіңізді батыл адамдар-
дың қатарына жатқызасыз? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
4. Сіздің соңғы алынған нәтижелеріңіз бастапқы 
жобадан, ойдан қаншалықты деңгейде жиі өзгеше бо-
лып шығады? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
5. Сізге уәде берген адамдардың сол уәдені орындауы 
үшін қаншалықты деңгейде табанды бола аласыз? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
6. Сіздің біреуге қаншалықты жиі сын сөздер айтуы-
ңызға тура келеді? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
7. Сізде туындайтын мәселелердің шешілуі сіздің 
күш-қуатыңыз және тегеурініңізге қаншалықты жиі 
тәуелді болып келеді? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
8. Сіздің ұжымыңыздағы адамдардың қанша пайызы 
сізді, сіздің бастамаларыңыз бен ұсыныстарыңызды 
қолдайды? (1 балл – шамамен 10%). 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
9. Сіздің көңіл-күйіңіз қаншалықты жиі оптимистік 
және көтеріңкі болады? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
10. Егер соңғы бір жыл ішінде сіз шешуге міндетті 
болған мәселелердің барлығын шартты түрде теория-
лық және тәжірибелік деп бөлетін болсақ, онда тәжі-
рибелік мәселелердің үлес салмағы қандай бола-
ды? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
11. Сізге өз ұстанымдарыңыз бен көзқарастарыңызды 
қаншалықты жиі қорғауға тура келеді? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 


346 
12. Сіздің үйірлігіңіз, қарым-қатынасқа бейімдігіңіз 
сіз үшін өмірлік мәні бар мәселелерді шешуде қанша-
лықты деңгейде көмектеседі? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
13. Ұжымда ең күрделі мәселелерді және істерді шешу 
кезіндегі басты жауапкершілікті өз мойныңызға алуға 
тура келетін жағдайлар қаншалықты жиі туындайды? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
14. Сіз ойларыңызды, жобаларыңызды қаншалықты 
деңгейде және қаншалықты жиі жүзеге асыра алды-
ңыз? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
15. Тапқырлық немесе іскерлік танытып, өзіңіздің 
жұмыстағы немесе оқудағы қарсыластарыңыздан аз 
болса да, қаншалықты жиі озып кете алдыңыз? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
16. Сіздің достарыңыз бен жақындарыңыздың ара-
сында қаншалықты көп адам сізді тәрбиелі және 
зерделі адам деп санайды? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
17. Сізге өміріңізде, тіпті сіздің достарыңыз үшін күт-
пеген жаңа іс болып көрінген нәрсені қаншалықты 
жиі жасауға тура келді? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
18. Сізге өміріңізді күрт өзгертуге немесе ескі мәсе-
лелерді шешуде принципті түрде жаңа әдістерді қан-
шалықты жиі табуға тура келді? 
1,2,3,4,5,6,7,8,9 
Нәтижелерді
 
талдау
 
және
 
интерпретациясы
.
Жинаған бал-
дардың қосынды санына қарай, өзіңіздің шығармашылық әлеуе-
тіңіздің деңгейін анықтаңыз. 
Балдардың қосындысы 
Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің деңгейі 
18-39 
Өте төмен 
40-54 
Төмен 
55-69 
Орташадан төмен 
70-84 
Орташадан сәл төмен 
85-99 
Орташа 
100-114 
Орташадан сәл жоғары 
115-129 
Орташадан жоғары 
130-142 
Жоғары 
143-162 
Өте жоғары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет