Интеллект тестті- интеллект – бұл тұлағаның интегралданған көрінісі, ол барлық психикалық функциялардың активизациясында, процесстерде (ойлау, ес, қиял) көрінеді, бұл қоршаған дүниені тануды қамтамасыз етеді
Топтық тесттер-зерттелушілер тобын бір уақытта зерттеуге арналған әдістер типі
Тесттің валидтілігі бағалауға арналған сапаны (қасиет, қабілет, мінездеме және т.б.) қандай өлшемде өлшейтінін көрсетеді
Тұлға диагностикасы – темперамент, мінез, когнитивті күш, мотивтер, қызығушылық пен басқа да психикалық сапалар туралы мәлімет алуға бағытталған диагностика
Психотерапия – адамның психикасына тигізетін ықпалдар мен іс шаралар жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай-ақ медициналық және практикалық психологияның сәйкес прорблемаларын зерттейтін саласы.
Әдіс – нақты міндетті шешуге бағынышты, ақиқатты тәжірибеде немесе теориялық меңгеру операцияларының, салыстырмалы түрде бір текті тәсілдердің жиынтығы.
Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын таңдамалы бірліктердің (көрсеткіштердің, белгілердің) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні мақсатты, жүйелі қабылдау.
Психоанализ– Клиенттің қарсыласуы мен ассоциациялары арқылы психологиялық зақымдайтын факторды сезіну арқылы жүйке дау-дамайын шешу әдісі.