Психологиялық кеңес беру – клиенттің жеке өмірінде кәсіби іс-әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын түсіндірудегі психологиялық көмектің бір түрі.
Іскерлік– қатаң түрде берілген алгоритмдер мен ережелер бойынша орындалатын нақты әрекеттерден тұратын аяқталған әрекет.
Тренинг – іскерлік пен дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ, жаттығу.
Дағды – тұрақты жаттығулар жолымен автоматтандырылған бұлшық ет әрекеттері.
Глоссарий – түсініктер мен терминдердің түсіндірме сөздігі.
Түсінік – қайсыбір зат жайлы (құбылыс, күй) қисынды берілген жалпы ұғым.
Термин – арнайы, ғылыми немесе кәсіби түсінікті белгілеуге қабылданған сөз немесе сөз тіркесі.
Клиент – психологтан психологиялық көмекті алатын адам.
Тезис – қайсыбір идеяны немесе лекцияның, баяндаманың, шығарманың негізгі ойларының бірін қысқаша баяндайтын ереже.
Категория– шынайы өмір құбылыстарының жалпы қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми түсінік.
Иерархия – тұтас нәрсе бөлігінің жоғарыдан төмен ретте орналасуы.
Ұжымдық тренинг – студенттермен социумда жүргізілетін алдын ала құрастырылып, бекітілген сценарий бойынша ұымдастырылған белсенді аудиториялық сабақтар(пікір-талас, рөлдік ойын, дөңгелек стол, іскерлік ойын, сұрақ-жауап т.б.). Ұжымдық тренинг телекоммуникация көмегімен немесе құрастырылған әдіспен байланыстырыла да жүргізіледі.